Дүниежүзінің табиғат ресурстары ресурстарға шаруашылық баға беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 17:08, доклад

Краткое описание

Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оныңпайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

мұнайгаз ресурстары мен қорлары.docx

— 31.97 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауда Арабиясы дүниежүзіндегі мұнай қорына бай мемлекет болып саналады. Оның қоры – 264,1 млрд баррел, бұл көрсеткіш әлемдік қордың 21% құрайды. British Petroleum компаниясының болжамы бойынша 66 жылға жетеді.

Екінші орында Иран – 137,6 млрд баррел, 11 % қордан, 87 жылға; Ирак – 115 млрд баррел, әлемдік қордың 9,1%, 100 жылдан астамға жетеді; ОАЭ – 97,8 млрд баррел, 7,8 % алып жатыр, шамамен 90 жылға жетеді; Кувейт – 101,5 млрд баррел, 8,1 % шамамен 100 жылға жетеді; Венесуэла – 99,4 млрд баррел, 8% , бұл елде мұнай 100 жылға жетеді.

Ресей әлемдік қордың 6,3 % алады, 79 млрд баррел, шамамен 21,8 жылға жетеді. АҚШ 30,5 млрд баррел, 2,4 % әлемдік қорға ие, қордың шектелуі 12,4 жылға жетеді.

Қазақстан дүниежүзінде сұйық көмірсутекті пайдалы қазбалардың қоры бойынша 9 – шы орында. Ал  СНГ мемлекеттері бойынша 2 – ші орында. Дәлелденген қордың  39,8 млрд баррелді, яғни 3,2%- ды құрайды. Республикаға бұл қор шамамен 70 жылға жетеді. Түрікменстан 0,6 млрд баррелге ие; Өзбекстан 0,6 млрд баррелге ие; Әзірбайжан 7 млрд баррел.

2008 жылы дүниежүзілік  мұнай өндірісі 3,9 млрд т - ны  құрады. Орташа мәнмен 2008 жылы күніне 81,8 млн баррел  өндірілді. Таяу Шығыс елдерінен Ирак және Катар елі алды болды, ал Еуропа және Орта Азия елдерінің ішінен Қазақстан (5,1%) бірінші орынға ие болды. Ал Оңтүстік Америка мен Орталық Америка елдерінен Колумбия ( 10,3) лидерлікке шықты. Африка елдерінен Конго Республикасы (12,3) мен Ангола (9,1), Тайланд (5,5), Индонезия (3,2). АҚШ- та мұнай өндірісі 1,8 %ға төмендеді, ал Канадада 2 %.

Қазіргі кезде Қазақстан  мұнайдын өндіру көлемі бойынша 19 – шы орында.

Мұнай өнеркәсібі негізі біздің елімізде XIX ғасырдың 60 – шы жылдарынан бастап қалана бастады. Бұған дейін ресей империясы ауқымында мұнай қорлары едәуір мөлшерде қазіргі Баку және Грозный мұнайлы аудандары аймақтарында өндірілді. Кейінірек мұнай қорлары Кубань мен Таманьда, Ферғана өңірінде, ал қазақ жері ауқымында Жем өңірінде өндірілі бастады. 1901 жылы Ресей мұнай өндірудің көлемі жөнінен дүниежүзінде бірінші орынды иеленді. Алайда Қазан революциясынан кейін Азамат соғысы жылдары Ресейдегі мұнай өнеркәсібі мүлдем құлдырап кетті.

1899 жылы қараша айында Қарашүңгілде бұғыланған 7 ұңғыма 40 метр тереңдігінен  газ аралас мұнай бұрқағы атылды. Бұл ұңғыма алғашында тәулігіне 20 тоннадай мұнай берген болатын, кейіннен атқылап тұрған бұрқақ өздігінен толастады.

Қарашүңгіл алаңшасының  мұнай қорын одан әрі зерттеу  мақсатында кейінірек жүргізілген  жұмыстар оң нәтиже бермеді. Алайда Қарашүңгіл бұрқағы бір мәселені анық дәлелдеді. Қазақстан ауқымындағы Каспий маңы ойысының мұнай мен газға деген  мол мүмкіндіктерінің бар екендігі. Бұл тұжырымның шындыққа сәйкес екендігі көп кешікпей – ақ дәлелденді. Ойыстың  Доссор және Мақат деп аталатын құрылымдарында Қазан революциясына дейін 166 мұнай  іздеу – барлау ұңғымаларды бұрғылап, олардан 1337 мың тонна мұнай өндірілді.

Мұнай көбінесе Батыс Қазақстан  өңірінде шоғырланған. Соның ішінде Атырау облысы,  Республиканың 40 % қоры тиесілі. Екінші орында манғыстау облысы. Оның аумағында 23,4 мұнай және 8  табиғи газ қоры шоғырланған. Үшінші орында Батыс Қазақстан облысы. Оның үлесінде 9% мұнай, 70% табиғи газ және 90% конденсат. Сонымен қатар  Ақтөбе облысында  да мұнай және газ қорлары табылып жатыр. Оңтүстік Қазақстан жерінде Құмкөл кенорындары ашылған болатын. Қарағанды облысында екі мұнай және газ бассейні орналасқан, олар Оңтүстік Торғай және Шу – Сарысу.

Қазақстанның басты мұнай  газ қорын құрайтын кенорындар: Тенгіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жанажол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Бозашы түбегі, Алибекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай және Королевское. Олардың ішінде ең ірілері Тенгіз және Қашаған Республикамыздың 50% мұнай қорын береді, және Қарашығанақ 60 табиғи газ және 80 конденсат. Бұл үш кен орын да Дүниежүзілік гиганттарға категориясына кірігеді.    

Тенгіз мұнай кен орны 1979 жылы ашылды. Өндіру қоры қазіргі таңда 1,1 млрд т- дан 1,41 млрд т-ны құрайды. Болжамды мұнай қоры шамамен 3,3 млрд тоннаны құрайды. 

Жоспар бойынша өндіріс  шыңы 2019- 2021 жылдарға сәйкес келеді. Мұнайдын жылдық өндірісі бұл жылдары 30 млн  тоннаға тең болады деп есептелінеді.

Қарашығанақ  та 1979 жылы ашылған  болатын. Күнделікті кен орыннан 41,1 млн кубометр табиғи газ бен 31,8 мың  тонна сұйық көмірсутекті пайдалы  қазбалар алынады. 2007 жылы 4- ші техникалық құбыры салынып жатыр. Оны жұмысқа кірістіру қазіргі кездегі сұйық көмірсутектерді өндірісін 2,56 млн тоннаға дейін өсіреді, және еліміздің экономикасының өсуіне әсерін тигізеді.

Қашаған кен орны әлемде ашылған кен орындардын ең ірісі, Аляскадағы Прадо-бей кен орнынан кейін. Ашылуы 2000 жылы 30 маусымда болды. Бұл кен орын  Атырау қаласынан 80 км жерде орналасқан. Қазіргі есептемелер бойынша кен орыннын қоры 38 млрд баррел, оның ішінде 9- 13 млрд баррел өндіруге болатын болып саналады. Бастапқыда кен орынды үш этапта барлау жоспарланды. 1 (2002 – 2010 ж) кезең кен орынның  шығыс жағында жүргізілуі керек еді 2011 ж. 2 кезең өндіріс көлемін 42 млн және 56 млн тоннаға өсіру керек жоспарланды. 2007 жылы оператор барлау жұмыстарын 2010 жылға қалдыруды ұсынды. Бірақ Қазақстан энергетика және минералдық ресурстары министрлігі 2013 жылға қалдырды. Соған қарамастан Қашаған кен орны әлі де дүниежүзіндегі инвенстицияға қызықтырарлық проекттердін бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Дүниежүзінің табиғат ресурстары ресурстарға шаруашылық баға беру