Ұлы көлдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2012 в 22:34, курсовая работа

Краткое описание

Ұлы көлдер біздің жер шарымызыдың тағы бір таңғажайыптарының біріне жатады. Шынында да, бұл көлдер өзіндік табиғатымен ерекше. Бұл су алабы басқа көлдерден өзінің жағалық сызық конфигурациясы, ауданымен, су көлемімен ерекшеленетін жеке гидрографиялық қауымдастыққа жатады. Ұлы көлдер Атлант мұхнан 500 км жерде орналасқан. Гудзонов шығанағынан 700 км жер. Сонымен Ұлы көлдер Әулие Лаврентия өзен бассейнінің жоғарғы және төменгі бөлігінде орналасқан Солтүстік Америка континентінің ең үлкен көл жүйесі. Ұлы көлдер Солтүстік Американың шығыс аудандарының кеме жолдарының бірі.
Ұлы көлдер — Сотүстік Американың шығысындағы Әулие Лаврентия өзені алабындағы ірі көлдер тобы. Жоғарғы көлі, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио көлдері кіреді.
Тұщы су — минералдану дәрежесі 1 г/л-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1%-дан кем су. Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2,5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Егер де адам саны (қазірдің өзінде 7 миллиард) жылдан-жылға өсе берсе, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиямет-қайымға айналмақ . Ал дүние жүзі бойынша тұщы су қорының 18 пайызы осы Ұлы көлдер аймағында шоғырланған. Қазіргі таңда бұл көлдің суын 36 миллионға жуық адам пайдалану үстінде (8.5 миллион адам Канада тұрғыны, 27.5 миллион адам Америка тұрғыны). Сонымен қатар адам көп шоғырланғандықтан өндірістік өнеркәсіптің даму қарқыны жоғары. Ал бұл көлдің экологиялық жағдайын төмендетуге үлкен ықпалын тигіздіріп келеді. Қазіргі таңда бұл аймақта полихлорирланған бифенилдер (ПХБ) мен хлорорганикалық пестицидтер, ДДТ(дихлордифенилтрихлорэтан) және тағы басқа улы химиялық заттырдың көптеп таралуы байқалуда.
Бұл курстық жұмыста Ұлы көлдерге жалпы сипаттама беріліп, Ұлы көлдердің экологиясы және мәселелері жайлы сөз қозғалады, сонымен қатар оны шешу жолдары ұсынылған.

Вложенные файлы: 1 файл

великие озера курс фгмо.docx

— 163.68 Кб (Скачать файл)

Жоғарғы көл Ұлы көлдер арасында ең суығы. Жаз айларында  суы тек 5–12°C жылынады.

Табиғи ресурстары біркелкі таралмаған және әртүрлі қолданылады. АҚШ-қа тиесілі жағалаулары батпақты болып келеді.Мұнда табиғи ландшафтары  – ормандар сақталған. Тек қана тар  жағалауы Дулут қаласынан бастапАҚШ  пен Канада шекарасына дейін ауыл шаруашылығы дамыған. Мұнда шөп, көкөніс егіп, мал бағады.

Канада территориясының  жағалау аудандарында өндірістік қалалар  салынған, олардың ең үлкендеріне  Тандервей мен Су-Сент-Мари қалалары жатады. Дамыған өндірісіне ең бірінші  орында машина жасау мен ағаш өңдеу, ал екінші орынға металлургиялық комбинаттары жатады. Қалған территорияны ормандар алып жатыр. Тандервейден алыс емес жерде  темір рудасының орындары шоғырланған. Одан басқа никель орындары мен құрылыста  пайдаланатын пайдалы қазбалар орындары табылған.

Басқа Ұлы көлдер сияқы  Жоғарғы көлі маңызды транспорттық жол торабы ретінде саналады. Одан АҚШ пен Канада арқылы тасымалдары  жүргізіледі. Кеме екі бағытта азық-түлік, өндірістік тауарларды, адамдар мен  одан да басқа жүктерді тасымалдайды. Әдетте шығыс бағытта темір рудалары мен жем тасымалданады. Ал батыс  бағыттағы кемелер тас көмір  мен өндірістік тауарлар тасымалдайды[6].

 

Гурон көлінің сипаттамасы

Географиялық орналасуы. Гурон (ағылшынша Lake Huron) — Солтүстік Америка Ұлы көлдерінің бірі, АҚШ пен Канадада орналасқан. Мичиган көлінің шығысында Макинак бұғазы арқылы қосылған. Гидрографиялық көзқарас бойынша Мичиган мен Гурон бір көл жүйесін құрайды, бірақ географиялық көзқарас бойынша жеке көлдер ретінде санайды.

Гурон ауданы—59600 км² жуық. (Ұлы көлдер арасында ауданы жөнінен  екінші орын алады). Теңіз деңгейінен биіктігі 176м жуық (Мичиган көлімен  бірдей), тереңдігі 229м. Мичиган штаты мен канадтық провинция Онтарио көлге шығатын жолдары бар. Гуронның негізгі порттары — Сагино, Бей-Сити, Алпина (АҚШ) мен Сарния (Канада).

Көл атауын фрацуздықтар енгізген, атау гурон атты үнді тайпасынан шыққан. Гуронда дүние жүзінде тұщы көлдегі  ең үлкен арал — Манитулин орналасқан.

Пайда болуы. Гурон жоғарыда жазылып кеткендей мұздықтардың миллиондаған жыл бұрынғы еруінен  пайда болған.

Ең терең жері 228 метр. Гурон  көлі ағынды болып келеді, себебі бұл  көлден Сент-Клер өзені ағып шығып, Детройт штаты арқылы өтіп өзен атымен тектес көлге құяды.

Жағалау сипаты. Гуронның жағалау  рельефі Ұлы көлдерінің арасында қатты ерекшеленеді.

Оңтүстік-шығыс жағалауын  ауыл шаруашылығы бай аймақтардың  бірімен шектесетін жартаспен қоршалған, ал оңтүстік бөлігі Эри көлімен бірігіп  кету үшін, Уинсор және Сарния сияқты өндірістік орталығымен тар жолақ арқылы шектеседі.

Солтүстікке қарай тар  және ұзын мойнақпен Брус түбегі көлдің жағалық сызықтарын өзгертеді. Оңтүстік жазықтары артта қалып, мұздық жонылған тегiс топырақтары бар Канадалық  қалқанға ұласады. Мұндай жағалық сызық  сипаты Джорджиан-Бей шығанағында  жақсы байқалады[7].

 

Мичиган көліне сипаттама

Атау mishigami сөзінен пайда  болған, Оджибва үнді тайпасынан аударғанда «үлкен су» дегенді білдіреді. Еуропалықтардан ең алғаш1634 ж. француз Жан Николе ашқан болатын.

Географиялық орналасуы. Мичиган (ағылшынша Lake Michigan) — Солтүстік Американың Ұлы көлдеріне жататын АҚШ-тағы көл. Бүкіл территориясы АҚШ-та орналасқан Ұлы көлдер арасындағы жалғыз көл. Мичиган – Америка Құрама Штаттарындағы ең үлкен көл, Әулие Лаврентия өзені арқылы Атлант мұхитына құяды. Мичиган теңіз деңгейінен 175 м биіктікте, доға тәріздес формасы бар. Доғаның ең үлкен ұзындығы - 544 км., ал ені - 140 км., ең терең жері 310 м., ауданы = 61660 кв. км. Аралдары — Бивер, Солтүсті Маниту, Оңтүстік Маниту. Мичиганға Ст. Джозеф, Гранд, Каламазу, Мускегон, Манисти, Меномони мен Фокс секілді өзендер құяды. Көл ақбалық пен форель балығына бай. Қатты толқындарға қарамастан, кеме қатынастары тоқтаусыз жүреді. Мичиган ауданы — 57750 км² жуық (Ұлы көлдер арасындағы 3 көл), ұзындығы 500 км жуық, ені 190 км жуық. Теңіз деңгейінен  — 177 м биіктікте (Гуронмен бірдей).

Ұлы көлдер арасында тек АҚШ-та жатқан жалғыз көл, бірақ Макино бұғазы арқылы Гурон көлімен, Чикаго — Локпорт  каналы арқылы Миссисипи өзен жүйесімен  қосылған. Мичиган шығысында Висконсин  штатымен, батысында Иллинойса түбегі және Индиана штаты арқылы шектеседі. Жағалауында танымал қалалар Чикаго мен Милуоки онымен қоса Расин мен Манитовон қалалары бар.

Пайда болуы. Мичиган көлі басқа Ұлы көлдер сияқты мұздық кезеңінде пайда болды. Ақырғы бес миллион жыл бойы мұздықтар бұл территорияны жамып, қайта ери бастаған. Мұздықтар солтүстіктен еніп, тауларды түзетіп, одан ары кеңді терең аңғарлар қалыптастырған. Мұздықтар бір бірімен соқтығысқан жерлерде (негізінен солтүстікте)  қатпарлықтар пайда болған. Мұздықтар еріген жерлерде құм, қиыршақ тастың үлкен шоғырлары қалып отырған. Бұрын жазық аңғарлар болған аймақ енді үйiндiлерімен шектелгенГидрографиялық көзқарас бойынша Мичиган мен Гурон бір жүйені құрайды, бірақ географиялық көзқарас бойынша жеке көл ретінде саналады.

Ең терең жері 281 м. Көл  ағынды болып келеді, себебі көлден Әулие Лаврентия өзені ағып шығып, Атлант мұхитына құяды.

Жағалау сипаты. Көл ай сайын  тасиды, жағалауы тегіс, жылына 4 ай бойы мұз басады[8].

 

Эри көлінің сипаты

Географиялық орналасуы. Эри көлі – Солтүстік Америкадағы Ұлы көлдер жүйесіндегі көл. Гурон және Онтарио көлдерінің аралығында, теңіз деңгейінен 174 м биіктікте орналасқан. Солт. жағалауы Канадаға, оңтүстігі – АҚШ-қа қарайды. Аумағы 25,7 мың км2. Тереңдігі 64 м. Су деңгейі жазда көтеріліп, қаңтар – ақпан айларында төмендейді. Эриге Детройт өз. құйып, Ниагара өз. ағып шығады. Кеме жүзеді. Сент-Клэр өз. арқылы Гурон көлімен, Ниагара және Уэлленд каналы арқылы Онтарио көлімен жалғасқан; Эри канал жүйесі Гудзон өзенімен жалғастырады. Басты порттары: Толидо, Кливленд, Буффало, Эри (АҚШ), Порт-Колборн (Канада). Солтүстік жағалауында Пойнт-Пили ұлттық саябағы құрылған.

Пайда болуы. Эри басқа Ұлы көлдерге қарағанда қалыптасуы 2.6 жылға созылған ең қысқа болып келеді.

Жағалау сипаты. Төменгі шығыс  жағалауы қатты батпақталған. Оңтүстік жағалауында адамдар тығыз орналасқан, мұнда АҚШ порттары – Толидо, Кливленд, Буффало және т.б салынған, солтүстік Канада жағалауы сирек  қоныстанған, бірақ мұнда қарқынды түрде ауыл шаруашылығы дамып  келеді.

Эри көлінің қысқа мерзімдік  деңгейінің өзгеруі әдетте ауа райына қатысты болып, бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай өзгеріп, сейшилерге ұқсас болып келеді, әсіресе  қатты оңтүстік-шығыс желдерінен кері жаққа суы жиналады. Бұл жағалау  сызығының шығындары мүмкiндiгiне әкелетін үлкен дауылды толқындарды  тудырады [8].

 

Онтарио көлі

Атау Гурон үнді тайпасынан «жарқыраған көл суы» дегенді білдіреді. Одан кейін провинциясы да Онтарио атауымен атала басталды. Ескі карталарда көлдің ескі атауларын көруге болады. 1662—1663жж. картада көл Ондиара (Ondiara) деп аталған. 1912 жылы әскери инженер Жан-Баптистпен (Jean-Baptiste de Couagne) құрылған француз картасында, көл Фронтенак («Lac Frontenac») деген атаумен аталған.

Географиялық орналасуы. Онтарио – Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канада аралығындағы Ұлы көлдер жүйесіне кіретін көл. Онтариоға Эри көлінен Ниагара өзеніне келіп құйып, Атлант мұхитына құятын Әулие Лаврентий өзеніне ағып шығады. Каналдар арқылы Эри және Гудзон көлдерімен жалғасқан. Желтоқсаннан сәуірге дейін қатады. Көл жағалауында Торонто, Гамильтон, Кингстон (Канада), Рочестер (АҚШ), т.б. ірі қалалар мен порттар орналасқан. Ұзындығы 310 км, ені 90 км. Аумағы 19,5 мың км2. Су жинайтын алабы 90 мың км2. Көлге Ниагара өзені құйып, Әулие Лаврентия өзені ағып шығады.Онтарионың кеме қатынастары Эри мен Гудзон өзенімен қатынасады. Дүние жүзі бойынша көлемі жөнінен 14 орында.

Пайда болуы. Онтарио Ұлы  көлдердің басқа түрлері секілді  бұл көл де мұздықтардың  әсерінен қалыптасқан.

Ең терең жері 236 м.  Көл ағынды, өйткені шығыс жағынан Әулие Лаврентия өзені ағып шығады.

Жағалау сипаттамасы. Америкалық жағалауы Рочестер, Нью-Йорк штаттары мен Освего порттарынан басқа барынша ауылдық сипатқа ие. Көлдің жағалық сызығынан 40 милль (65 км) жерде Сиракуза қаласы орналасқан және Нью-Йорк штатының канал жүйесімен байланысады. Оңтүстік жағалауындағы көлдің суық бриздері аяздарды бөгеп тұру тенденциясын ие болғандықтан Рочестер ауданы алмалармен, шиелермен, алмұрттармен, құйылыстармен салынып тасталған. Канадтық оңтүстік бөлігі Ниагар түбегі мен тасты бұлақ арасында шоғырланған[4].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IІ ҰЛЫ КӨЛДЕР ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Көлдердің қазіргі  таңдағы мәселелері

 

Ұлы көлдер бассейні –  Жер  бетіндегі ең ірі су жинау алабы, дүние жүзі тұщы суларының 18 пайызы осында орналасқан. Көлге түсетін  жауынға, хауыздың аумағы және жер асты суларының құйылуына байланысты көлдегі судың қайта бастау жылдамдығы жылына 1 пайыз болып келеді[10].

Ұлы көлдер Канада және АҚШ  территорияларында орналасқан. Канада көл бассейнінің ауданында 8.5 миллион адам, яғни әрбір үшінші канадтық пен әрбір тоғызыншы американдық тұрады (27.5 миллион адам). Ұлы көлдердің бассейні екі мемлекеттің индустриалды орталығы - АҚШ-тың өндірістік базасының бестен бірі және Канада өндірістік базасының жартысы осы жерде орналасқан. Экономикалық әрекет нәтижесінде Ұлы көлдер ауданы жылына 1 биллион доллар кіріс әкеліп отыр.  Халық саны өсуі мен экономикалық белсенділік нәтижесінде түрлі кернеулі ахуалдар туып, өткен ғасырдың екінші жарты жылдығында екі мемлекет Ұлы Көлдер экологиясының қорғау бойынша шаралардың өткiзуін қажетсінді[9].

 

Сурет 2 – Ұлы көлдер су жинау бассейнінде шоғырланған  үлкен қалалар

Ерекше экологиялық жүйесі бар Ұлы көлдердің лас сулары ақырғы кезі АҚШ пен Канаданың  ұлттық мәселесіне айналып отыр. Мысалы,  1969 жылдың маусымында Эри көлі қатты  ластанғандықтан осы аймақта  жүруге өте қиын болды. Мұндай оқиға  Ұлы көлдер аймағында бірінші  рет болмағанымен, ендігі ретте ұлттың көңілі бос қалған жоқ. Дәл осы 1969 жылдың маусымын  лас сулармен күресуге бел буған жыл ретінде санауға  болады. Бұл күрестің нәтижесінде 1970 жылы Ұлы көлдер суының сапасы туралы куәлік (Great Lakes Water Quality Act) пен Таза су куәлігі (Water Act) пайда болды. Көл суының ластануы  химиялық, физикалық және биологиялық қасиетінің өзгеруімен анықталады. Көлдің ластануы адамның  антропогендік әсерінен пайда болды. Ұлы көл акваторияларының ластану  негізгі себептеріне көптеген жүзжылдықдар арасындағы ағын суларының төгілуі, ауыр металдар мен пестецидтердің улы  ластануы, ауыл шаруашылығының дамуы  нәтижесіндегі пайда болған топырақ  эрозиясы, урбанизация – ауаны  ластауын жатқыздыруға болады.

Не себепті көл суы  өте лас болып келеді?

Көлдің экологиялық жүйесі өзіндік рекреацияға ие деген  қате түсінікке сеніп, 18-ші және 19-шы ғасырларда көлді ағынды, қоқысты  шұңқыр ретінде пайдаланған. Мұндай түсінік әсіресе өндірісі тез  дамыған және халқы тез өскен  аудандарда көрінеді. Ластанған ағынды сулары, өлген жануарлардың қалдықтарын  өзен суларына тастау сол кездің ерекшелігіне тән. Осыған қарағанда адамдар ағып жатқан өзеннің төменгі бөлігіндегі судың ластануы мен улануы байқалады деп ойламаған. Ұлы көлдердің ерекше экологиялық жұйесіне деген қарым-қатынас тек 20 ғасырда өзгере бастады. Мұндай өзгерістің пайда болуы адамдардың таза тұщы судың қадірі мен маңыздылығын, адамның денсаулығына әсер ететінін (кері және оң әсері) түсіне бастады. Бірақ өндірістің қарқынды дамуы мен көптеген адамдардың суға деген қатынасының өзгермеуі, тек Ұлы көлдердің ғана ластануы емес, енді оған құятын өзен сулары мен олардың салаларының ластануы байқала бастады.

Басты себептерін атап кетейік:

Екінші Дүние жүзілік  соғыстан кейін АҚШ экономикасы  соғыстық кезеңнен бейбіт экономиканы  ұстай бастады. Өнеркәсiптiң өркендеуi, кіріс, еңбекақы деңгейінің өсуі көріне басталды. Елдегі бас басымдылық заттық өмiр деңгейiнiң жоғарылатуы болды.

Шаруашылық-тұрмыстық науалар  Ұлы Көлдерге тазартусыз лақтырып тасталды. Су және су өсiмдiктерiнiң түстерi қарқынды өзгеріп, балдырлар кесірінен су иiстендi. Кейбiр көл аудандарында оттектiң деңгейі едәуiр төмен  түсіп, балықтардың қырылуына әкелді.

Қалалардың ауасы тек  қана қысқа уақытта бытырайтын смоктармен ластана бастады.

Қалалық қоқыс тастайтын  жерлер кемірушілердің көшеттеріне  айналып кеттi. Жердiң астынан  белгілі бір сұйығы бар жағымсыз иіс пен оғаш түстерімен ерекшеленген жылғалар ағып жатты.

Қалалық қоқыс тастайтын  жерлерде қоқыс өзiнен-өзi жанып, апта бойы жағымсыз иiсi бар түтiн түйдектерi ауада тұрды.

ПХБ (полихлорбифенил), ДДТ (дихлорфенилтрихлорэтан), күрделi синтетикалық тыңайтқыштарды қолданудан, бұлардың қосылыстары азық-түлiк  шынжырларына түсіп, ақыр соңында адамдар  үстеліне тамақпен келуіне соқтырды[11].

 Қазіргі таңда 3 негізгі  ластану көзі бар – бастапқы  ластану, бастапқы бірнеше ластауыш  қайнар көзі бар ластануы мен  атмосфералық ластануы. Төменде  ластанудың әр түріне тоқталайық.

Бастапқы ластанудың сипаты

Суға түсетін ластауыш заттар, мысалы су құбырларынан түссе, мұндай ластану түрін бастапқы немесе бір ластауыш көзі бар ластану  деп атайды. Аталған ластанудың негізгі  ластаушыларына зауыт пен фабрикалардың  қалдық суларын жатқызуға болады. Әдетте, мұндай қалдық сулар тазартылмаған  немесе тазартылу дәрежесі өте төмен  болып келеді. Ағынды суларының химиялық құрамы әртүрлі болып табылады. Оған органикалық пен бейорганикалық заттар, тіпті улы химиялық заттар, оған қоса түрлі металдар, оның қатарына ауыр металдар да жатуы мүмкін. Кейде  ластаушы көзінің қандай түрі ең үлкен  зардап әкелетінін анықтау қиынға соғады. Бүгінгі таңда  «Суммация эффекті» деген түсінік қалыптасқан. Суммация эффекті – ластаушы көзі немесе компоненттер сомма эффектісіне  қарағанда, ластаушы көзі немесе бірнеше  компонентерінің соммарлы кері әрекеті  асып түскен жағдайды айтады. Қазіргі  таңда табиғатты қорғау ұйымымен мемлекеттік немесе мемлекеттік  емес өндірістердің ағынды қалық  сулары бақылауға алынған. Әрине, ерекше бақылауға үлкен кәсіпорындар алынады, себебі олар әдетте Ұлы көлдерге кері экологиялық әсерін тигізеді.

Информация о работе Ұлы көлдер