Қалба жотасының физикалық географиялық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 16:31, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан – жақты дамыған, білімді, сауатты, өмір сүруге бейім, белсенді, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Мұғалім қоршаған ортаның және заман талабына сай, өзінің көзқарас – пікірін өзгертіп жаңартып отыруы тиіс.
Қалба жотасы Алтай тауының оңтүстік батыс жалғасы болып табылады.
ХІХ ғасырдың І жартысында қазіргі Қазақстан аумағын зерттеуші экспедициялардың саны артты. Атақты неміс ғалымы А.Гумбольдт өзінің Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесінде «Центральная Азия» деген көлемді еңбегін шығарды.

Вложенные файлы: 1 файл

ҚАЛБА ЖОТАСЫНЫҢ ТАБИҒИ ЛАНДШАФТАРЫНЫҢ АНАЛИЗІ.doc

— 322.50 Кб (Скачать файл)

Сирек кездесетін металдар белдеуі (құрамында ванадиі, вольфрамы бар) және алтын кен  орны (Бөке, Ақжал, Октябрь) Қалба – Нарымда орналасқан[20].

Қалба - Нарын сирек металды белдеуі Шығыс Қазақстан облысының Алтай металлогения аймағындағы маңызды кен белдеулерінің бірі. Кенді Алтайдың полиметалды және Батыс Қалбаның алтын кенді белдеулері аралығында; оңтүстік-шығыста Қазақстан – Қытай шекарасынан солтүстік-батыста Батыс Сібір ойпатына дейін (Сібір маңы) 450 – 500 км-ге созылып жатыр, ені 50 – 70 км. Геотектоникалық жағынан – герциндік. Зайсан геосинклиналь жүйесінің өзек тұсы, ал геологиялық құрылысы жағынан синклинорий болып саналады. Белдеу негізінен төменгі тас көмірдің күрделі қатпарлы, флиштекті терригендік жыныстарынан және жоғарғы палеозойдың гранит интрузивтерінен құралған. Мұндағы сирек металдар қалайы, вольфрам, ниобий, тантал, цезий, т.б. кендері Қалба кешенді гранит интрузивтерімен тығыз байланысты. Қалайы мен вольфрам кендері сан жағынан өте көп тараған. Шашыранды сирек элементтер (Ta, Nb, Gs, т.б.) кендері негізінен пегматиттерде. Қалба тауларының кварц-желілі қалайы кендері ежелгі қазба орындары көптеп қазылып қола дәуірі мәдениетінің қалыптасуына зор әсер еткен[1].

Семей полигонының  территориясына кіргендіктен қазақтың ұсақ шоқылығының шығыс бөлігі аз зерттелген[20].

 

    1. Климаты

 

Қалба жотасына жылдың суық маусымы, негізінен, Азия антициклонының батыс тармағына байланысты. Аймақта қаңтар айының жылдық орташа температурасы –19 – 21°С, кей жылдары қыста ауа температурасы –49°С-қа дейін төмендейді. Жазда (шілде айында) орташа ауа температурасы оңтүстік-батысында 20 – 23°С, солтүстік-шығысында 18 – 20°С-ты құрайды. Кей жылдары жазда температура 38°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 280 – 350 мм-ден (оңтүстік, оңтүстік-батысында) шығыс, солтүстік-шығыста 350 – 420 мм аралығында. Қалба жотасы ылғалға тапшы аймаққа жатады. Мұндағы гидротермиялық коэффициент (ГТК) мөлшері 0,2 – 0,5-ке тең. 10°С-тан жоғарғы температураның жылдық жылу мөлшері 2400 – 2600°С аралығында. Жауын-шашынның басым бөлігі (65%) сәуір – қазан айларында болады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының 2-онкүндігінде қалыптасады. Оның қалыңдығы батыс, оңтүстік-батысында 15 – 20 см, шығыс, солтүстік-шығыста 30 – 35 см, тау шатқалдарында 40 – 60 см-ді құрайды. Қыста желдің басым бөлігі батыстан соқса, жазда оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады. Желдің жылдық орташа жылдамдығы Қалба жотасының батысында 3 – 4 м/с, шығысында 1 – 2 м/с[1].

Тау сілемдері  желдің өтінде тұрғандықтан біршама  қалқа болады. Тау аңғарларындағы циркуляцияны тудырып, жергілікті жердің желін қалыптастырады. Сондықтан Жоңғар қақпасынан соғатын «Қыбыла», «Сайқан» және солтүстік батыстан соғатын «Ебі» желдері  өз ерекшеліктерімен көрінеді.

Тау аудандарындағы биіктік белдеу зоналарында қаңтар, ақпан ең суық ай болып есептеледі.

Жел климаттың  қалыптасуына белгілі бір мөлшерде өзінің әсерін тигізеді: қыста монғол – сібір антициклоны ауа температурасын төмендетіп (орташа t-4,1°С), аз мөлшерде жауын – шашын әкеледі. Аязсыз мерзімнің ұзақтығы орташа 50-70 күн болады, 162 күн бойы тәуліктік орташа ауа температурасы 0°С-дан жоғары болса, 203күн бойы 0°С-дан төмен болады. Жылдың жиынтық радиацияның шамасы 221 ккал/см².

Жазда монғол –  сібір антициклонының әсері төмендеп, батыстан ылғалды қоңыржай ауа массасы  келеді.

Атмосфералық  жауын – шашынның жыл бойғы  таралуы әркелкі: оның көпшілік бөлігі, 70%-і сәуірден қазанға дейінгі жылы мерзімге сәйкес келеді. Ол өсімдіктердің өсіп өнуіне қолайлы жағдай туғызады. Жыл бойғы жауын – шашынның жартысынан көбі шілде мен тамызда түседі. Көктемге қарағанда күзде жауын шашын мөлшері мол. Әр жылдары түсетін ылғадың мөлшерінде үлкен ауытқушылық болғандықтан, кей жылы құрғақ, кейде ылғалды жаз болады[20].

Алтайдың климаты  тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы  тауаралык ойыстарда 27—30°С, тау  етектері мен жазық жерлерінде - 13-16°С. Ең суық орташа температура Марқакөл көлінін маңында (-27,6°С). Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20°С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14—16°С-тан аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). Жер биіктігі артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлшері 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлш. 200-300 мм (Шуй даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында[20]. Жауын-шашын, көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бүлтты әрі жылы болып, қар жауады[10].

 

1.6   Беткі сулары

 

Өзендерінің барлығы  Ертіс алабына жатады. Ірі өзендері: Көкпекті, Бөкен, Шар, Қызылсу Қанай, Ұлан, Абылайкит, Тайынты. Көлдері: Шалқар, Айыр[1].

Шар өзені – Қалба жотасының оңтүстік – шығыс беткейінен басталып, Ақши ауылы тұсында Ертіске құяды. Ол Сарыарқа мен Алтай тауының шекарасынан басып ағады. Жоғары бөлігінде аңғары кең  болады. Өзен жауын – шашын, ыза суымен толысады. Суы тұщы болғандықтан елді – мекен тұрғындары ауыз суға пайдаланып, шабындық суаратын бөген (Шар бөгені) салған[20].

Абылайкит — Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы өзен. Қалба жотасының Бесшоқы және Талды тауларының солтүстік беткейлерінен басталатын Сібе және Ұранхай (Ұрыңқай) өзендерінің қосылған тұсынан кейінгі бөлігі осылай аталады. Ұзындығы Сібе өзенінің бастауынан есептегенде 78 километр, су жинау алабыныңауданы 1680 км². Өзен түгелдей тау аңғарымен ағады, ағысы қатты. Негізінен еріген қар суымен толығады. Ертіс өзеніне Абылайкит селосының тұсында қосылады. Сағасындағы орташа су ағынының мөлшері 4,87 м3/сек. Өзен 1654 жылы қалмақтың Абылай тайшысы салдырған сарай-бұтханасының (Сібе өзенінің бас жағында) атымен аталған[1].

Айыр көлі –  Айыртау мен Монастырь етегінде орналасқан, ұзындығы 16 км, ені 0,7 км-ге жететін, табиғаты көркем көл[20].

Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені - Ертіс. Оған Кендірлік Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі, т.б. өзендер кұяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр стансалары салынған. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға жәнe республиканың басқа жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішінде Ақ Берел, Тұрғысын, Березовка, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғүты, Үлан, Білезікті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Қайыңды, Бөкен, т.б. өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, Нарын мен Күршімге құяды[11].

Алтай көлге де бай. Бұқтырма, Жайсан, Түранғыкөл, Марқакөл, т.б. көлдердің  ауданы 1 км2-ден асады. Көлдердін  ең үлкені - Жайсан (ауданы 5510 км2), Марқакөл (ауданы 455 км2). Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан.

Қазақстандық Алтайдың тауларында 328 мұздық бар. Олардың жалпы ауданы 89,6 км2. Мұздықтар негізінен 2600 м-ден жоғары тау биіктіктерінде жатады. Олар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты тау жоталарында көбірек сакталған[11].

Шалқар — Солтүстік Қазақстан Есіл алабындағы тұзды көл. Айыртау ауданындағы Шалқар ауылының солтүстік-батысына қарай 7 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 309,7 м биіктікте жатыр. Аумағы 35,5 км², ұзындығы 15,0 км, су айдынының көлемі 267,0 млн. м³, су жинайтын алабы 209 км². Шоқылар арасындағы аңғардағы көл қазаншұңқырында жатыр. Оңтүстік жағалауы көктеректі-қайынды шоқ тоғайлармен көмкерілген, жағаның қалған бөлігі ашық. Су жинайтын алабының 30%-ы жыртылған, кей бөлігіне бетеге-боз өскен. Көлге 5 кішкене өзен құяды. Суы минералданған, мал жаю үшін пайдаланылады.

Көл айдыны ашық, түбі жайпақ, ортасына қарай әлсіз  еңісті, құмды-тасты, жағалауына таман аздап лайлы. Оңтүстік жағасы биіктігі 8 м жарқабақты, қалған бөліктері жайпақ, қабақтарының биіктігі 3 — 4 м. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Су деңгейінің жылдық ауытқуы 0,5 — 0,6 м. 1930 — 60 жылдар аралығында су деңгейі біртіндеп түскен. Суының минералдылығы көктемгі толығуынан кейін 3,5 — 4,0 г/л, жазда 4,5 — 5,0 г/л-ге жетеді. Суы мал суаруға және Айыртау, Шалқар елді мекендерінің шаруашылық қа-жеттіліктеріне пайдаланылады[1].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Қалба жотасының табиғи ландшафтары.

 

2.1 Табиғат  зоналары

Облыс территориясының  шығысын биіктік белдеу алып жатыр. Бұл өлкенің жазық, аласа таулы  бөліктен топырағы, өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесінің таралуында айырмашылықтар бар[8]. Биіктік зонасының топырақ – өсімдік құрамы мен көлемі, оның географиялық орны мен биіктігіне байланысты. Таулы даланың кең алқабы батыстағы шекарадан басталып Шыңғыстау жоталарымен жалғасып, шығыстағы Алтай, Қалба, Тарбағатай тауларына дейін созылған. Тау алды далалары тау өлкелерінің солтүстік батыс, батыс және оңтүстік бөлігінде тұтас алап болып созылып жатыр. Солтүстік пен батыстың дақылды, түрлі шөпті және селеулі, бозды далалары, өсімдіктерінің түр құрамы жағынан солтүстік Қазақстанның жазық далаларына өте жақын. Бұл далаларда селеу, бетеге, қоңыр бас, желайдар, қазтамақ, жылан, қияқ кездеседі.

1000-1100м биіктіктегі  Қалба жотасының оңтүстік беткейінде  де, таулы – далалы топырақ таулы қара топыраққа ауысады. Сор және сортаң топырақтардың бірігіп үйлесуі өңдеуге қиындық туғызады.

Қалба жоталарының беткейлері мен баурайларын бозды, бетегелі, шилі, қара жусанды дала алып жатыр. Сайларда, жота аңғарларында жауын – шашынның көбірек түсуіне байланысты шалғын шөптер, көктерек, қайың ағаштары, үшқаттың, тобылғының, итмұрынның, мойылдың, қарағанның, шәңгіштің қалың бұталары өседі де олар татар ырғайына, тас шөпке, қара жусанға (ермен), шайшөпке ауысады(1-қосымша).

 Қалба –  орманды өлке. Қарағайлар аралас  орманды, шөптесін өсімдіктермен  (қарға көзі, қышқыл шөп, венерин,  бадам, ледебур миндалі) ауыстырады. Одан әрі тау шалғындары астасып кетеді. Табиғат ескерткіштерінің бірі – таудың солтүстік шығыс баурайындағы Синегор май қарағайлы орманы, Қалбаның оңтүстік шығыс жотасын «Қайыңды бор» мекені алып жатыр[20].

Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық орны үлкен әсер етеді. Оңтүстік-батыстағы аласа тау беткейлерінде ылғал аз түседі. Сол себептен оның батыс бөлігіндегі тауларға ылғал молырақ түседі. Солтүстік батыстың биік белдеулері дала зонасынан (1600-1800 м) басталады да, оңтүстік-батыста Жайсан қазаншүңқырына караған жағы шөлейт зонаға (900-1100 м) кіреді. Ол екеуінің шекарасы Бүқтырма өзенімен жүреді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100-2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500-2600 м) және биік шыңдағы мәңгі кар жататын белдеу (2600 м-ден жоғары) өтеді[14].

 

 

 

 

2.2  Топырақ жамылғысы, өсімдігі мен жануарлары

 

Қалба жотасының  топырағы негізінен тауалдының қызғылт  қоңыр, қоңыр (батысында) және таудың қара топырағынан тұрады. Зайсан көлінің батысында (Қызылқұм құмында) құмды-сазды топырақ, орта тұсындағы (Көкпекті ауданында) тауларда альпілік шалғын топырақ қалыптасқан. Онда далаға және құрғақ аласа тауға тән далалық түрлі шөпті өсімдіктер өседі. Шығысы мен солтүстік-шығысында Сібір жазығына тән сирек ағашты және қайыңды-қарағайлы орман қалыптасқан. Бұталар (тобылғы, ешкісабақ, қараған, арша, итмұрын), қайың, терек, көк терек бар. Одан жоғарыда балқарағай, самырсын, қарағайлы орман өседі.

Қалба жотасында  өсімдіктердің үш дәуірлік көне замандық түрлері – табиғат ескерткіштері – Қайыңды қарағай  орманы және Көктау  самырсын шоқтағайы сақталып қалған.

Жануарлардан  мұнда тиін, шұбар тышқан, қоңыр  аю, сілеусін, құдыр, меңіреу құр, шіл, тұйғын, тоқылдақтар, ұлар бар[1].

Тізбекті қарағайлы бор – атмосферадағы шаң – тозаңды ұстайтын, тіршілік үшін маңызы зор табиғи көз. Бұл бор мұз басу дәуірінде, солтүстіктен жылжыған мұздың өзендерді арасынан шығарып жайып жіберіп, оның суы қарағай ұрықтарын территорияның оңтүстігінде жеткізеді. Су скейін қайтып, мұз ериді. Ал қарағай дәні жер – анаға еніп, өсіп – өнеді[3].

Қалба жотасында  жалпақ жапырақты ормандар өскендіктен, бұл жерде аю, сілеусін, сібір  күзені, ала тышқан, тиін секілді  орман жануарлары мекендейді. Жота етегінде көртышқан індері өте көп [20].

Орман алқаптарында май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын өседі. Тау жоталарындағы шалғында мал жайылады, омарта шаруашылығы дамыған. Ең жоғарғы белдеу таулы тундрадан, жалаңаш тау басындағы қар мен мұздықтардан тұрады. Тау етегі мен аласа таулар кұнарлы кара топырақты келеді, онда дала зонасының өсімдіктері (боз, бетеге және т.б.), шөлейт зонада сортаң өсімдіктер өседі. Тоғайларда итмүрын, қарақат, жидек, тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас, т.б. шөп тектес өсімдіктер шығады[13].

Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Тағы аңдардан аю, қабан, бүғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Бүлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан саңырау қүр, шіл, кекілік, тоқылдақ, үлар кездеседі.

Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайлы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған[14].

Батыс Алтай  мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.

Информация о работе Қалба жотасының физикалық географиялық сипаттамасы