Қазақстанның шет елдермн мәдени байлансысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 16:28, реферат

Краткое описание

Қазақстанның Британиямен байлансысы
Қазақстанның Франциямен байлансысы
Қорытынды эссе

Вложенные файлы: 1 файл

Проф.каз.яз.docx

— 22.69 Кб (Скачать файл)

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ

 

 

 

Реферат

тақырыбы:« Қазақстанның шет елдермн мәдени байлансысы»

 

орындаған: Бейбітова М.С. 201 топ

тексерген: Ақыш Б.Ө.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

Мазмұны:

Қазақстанның шет елдермн мәдени байлансысы

  1. Қазақстанның Британиямен байлансысы
  2. Қазақстанның Франциямен байлансысы
  3. Қорытынды эссе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап мәдени өмірде үлкен, сапалы өзгерістер басталды. Біріншіден, тарихи мәдени мұраларымыздың өзіндік орны мен қажеттілігі айқындалды, халықаралық қатынастар дами бастады.  
Бұл саланың күрделі мақсаттарының бірі - мәдениетті ұлттың рухани байлығы ретінде дамыту және жандандыру. 
Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстанның мәдени даму барысында ерекше серпіліс пайда болды. Мәдениет, өнер қайраткерлері өз шабыттары мен ұмтылыстарының тек өз шығармашы лық табыстары ғана емес, сонымен бірге бүкіл мәдениетіміздің даму жағдайы сол табыстармен байланысты екендігін түсінді. Көптеген қайраткерлер өздерінің жеке мектептерін аша бастады. Соның ішінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованың музыкалық колледжі, өнертанушы Евгений Гуцалюктің көркемсурет мектебі, суреткер Бақыт Талқамбаевтың «Арттерапия» мектебі, »Қызғылт жал» атты халықаралық би фестивалінің қарамағындағы осы аттас би мектебі т. б.

Жалпы алғанда Қазақстанның кәсіби өнері еуропалық және жергілікті қазақи қалып пен тақырыптарды біріктіре білді, сондықтан хх ғасырда ол өнердің барлық саласында дамып, ойлау ұстанымында еуразиялық болып табыладыМәдениет саласында мемлекет аралық қатынастар байланысы қайта жандана түсті. Бүгін Қазақстан өнердің әр бағытында жоғары дәрежедегі халықаралық аренаға көтерілді.  
Жақын арада Қазақстанда мәдениетті дамытуға бағытталған «Мәдениет туралы», »Кино туралы» заң жобалары қабылданды. Сонымен бірге осыған байланысты заңды актілер де іске қосылмақ.  
Елімізде білімді, терең ойлайтын мамандар даярлауға көп көңіл бөлінген. Осы мақсатпен Қазақ мәдениет өлкетану ғылыми зерттеу институтында ауылдық жерлердегі мәдени орталық қызметкерлерінің білімін арттыру курстары жұмыс істеуде, курстар мен семинар жұмыстары қайта жандандырылуда. 

  1. Қазақстанның Британиямен байлансысы

Бүгінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы үнқатысу өзгеше сындарлы саясатқа негізделген. Бұған түрлі, оның ішінде жоғары дәрежедегі сапар алмасулар да серпін қосуда. Мәселен, Қазақстан-Ұлыбритания дипломатиялық байланысы орнаған күннен бастап Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тұманды Альбион еліне 7 мәрте мемлекеттік сапармен барған екен. Бұл елден қазақ жеріне жасалған түрлі деңгейдегі сапарлар да үзілген емес. Ал Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның елімізге сапары екі ел арасындағы әріптестік байланыс тетігінің қаншалықты дамығанын тағы бір айқындап берді.

Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынасы, ең алдымен, сауда-экономикалық байланысқа негізделген. Бұған қос мемлекеттің осы салада қол жеткізген жетістіктері дәлел. Егер ресми мәліметтерге сүйенер болсақ, 2012 жылы екі ел арасындағы өзара тауар айналымы 2,3 млрд. долларға жеткен. Оның ішінде экспорт 1,7 млрд. ал импорт 0,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұл 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,5 пайызға артық. Ал биылғы деректерді сөйлетер болсақ, 2013 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіш 610 млн. АҚШ долларын құрап үлгерген. Мәселен, бұл айларда экспорт 428 млн., ал импорт 182 млн. АҚШ долларына жеткен. Бұл да өткен жылдың дәл осы айларындағы көрсеткіштен 15,7 пайызға артық.

Нұрсұлтан Назарбаев, ең алдымен, Астанаға келген Д.Кэмеронға ыстық ықыласын білдіріп, Ұлыбритания Премьер-министрінің алғашқы сапарының мәні мен тарихи маңызын атап өтті. «Мен сіздің және сіз бастап келген делегацияның біздің жаңа елордамыз – Астанаға келгендеріңізге қуаныштымын. Біздің еліміз Ұлыбританиямен тығыз қарым-қатынастар орнатуға мүдделі. Сіздің сапарыңыз Қазақстанның жетекші мұнайлы өңірінен – Атыраудан басталғаны өте жақсы. Қол қоюға дайындалған құжаттар, сондай-ақ, біздің келіссөздеріміз екі ел арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенемін», деді Мемлекет басшысы. Ал Д. Кэмерон өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа британдық делегацияға көрсетілген ықылас үшін алғысын айтты. «Мен Қашаған кен орнын көріп, бүгін Назарбаев Университетінде студенттермен кездесіп, шын мәнінде, қатты таңғалдым. Осының бәрі стратегиялық серіктестік аясында елдеріміз арасындағы қарқынды дамып келе жатқан өзара қарым-қатынастарда кең ауқымдағы өзара мүдделестіктің бар екеніне менің көзімді тағы да жеткізе түсті», – деді Ұлыбритания Премьер-министрі

Сонымен қатар, «Біз жаңартылатын энергетиканы және «жасыл экономиканы» дамыту саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға уағдаластық. Бұл Британия үкіметімен мақсаттарымыз бен міндеттеріміздің сай келетінін де білдіреді. Бұған Қазақстанда «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу жақсы негіз болып саналады. Британдық компанияларды оны ұйымдастыруға атсалысуға шақырамын», деді Мемлекет басшысы бұл орайда.

Нұрсұлтан Назарбаев білім беру саласындағы өзара ықпалдастыққа ерекше көңіл бөлініп отырғанын да атап өтті. «Қазіргі уақытта мыңдаған қазақстандық студент Ұлыбританияның жоғары оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда. Бұл білім беру саласында тәжірибе алмасу тұрғысынан ғана емес, Ұлыбританиямен мәдени байланыстарды нығайту үшін де пайдалы. Бұған қоса, британдық жоғары оқу орындарыАстанадағы жаңа халықаралық университетті дамытуға белсене атсалысуда. Сондай-ақ, олар АлматыдағыҚазақстан-Британия техникалық университеті базасында техникалық кадрлар дайындауды жүзеге асыруда», деді Мемлекет басшысы.

2.Қазақстанның Франциямен  байлансысы

Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастар да соңғы жылдары ойдағыдай дамып келеді. 1993 жылы екі елдің арасында осы саладағы байланыстарын жандандыруға бағытталған үкіметаралық келісім жасалған. Осы қатынастар бүгінде екі ел халқының мәдениет пен өнер салаларындағы байланыстың негізі болып отыр. Содан бергі уақытта Алматыда “Альянс Франсез” мәдени білім агенттігінің өкілдігі ашылды. Бұл агенттіктің 139 елде филиалдары жұмыс істейді. Олар негізінен Франция үкіметінің франкофония және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы басты құралы болып табылады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасында білім беру жөніндегі қатынастар да ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатында атап өткеніндей, “Болашақ” бағдарламасы бойынша Қазақстанның көптеген жастары Францияның беделді жоғары оқу орындарында білім алып, қазіргі кезде ел экономикасының дамуына үлес қосып жатыр.

Қазақстан-Франция қатынастарында алдағы уақытта қаржы-банк ынтымақтастығынан көп үміт күтуге болады. Бұған қазіргі кезде Қазақстанда “Сосьете Женераль”, “Натексис Банк Попюлэр”, “БНП Партба” және “Калион” банктерінің жұмыс істеуі нақты дәлел болады. Мемлекет басшыларының кездесуі мен жүргізген келіссөздерінде нақтыланғанындай, екі мемлекеттің экономикалық байланыстарын дамытуда Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысын оң бағалауға болады. Жалпы, 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аталған комиссия осы аралықта сегіз отырыс өткізген. Оларда Қазақстан мен Франция қарым-қатынастарын дамытуға қатысты көптеген мәселелер талқыланып жүр.

2013 ж. қыркүйекте Францияның  Сыртқы істер министрі жанындағы  франкофония мәселелері жөніндегі  өкілетті Министр Я.Бенгиги ханымның  Алматы және Астана қалаларына  сапары болып өтті. Сапар барысында  Абай атындағы Қазақ ұлттық  педагогикалық университетінде  Қазақстан-Сорбонна француз университетін  ашу туралы меморандумға қол  қойылды.

Францияның Қазақстандағы мәдени маусымы шеңберінде 2013 жылы Қазақстанда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды (концерттер, көрмелер және т.б.). 2014 жылдың күзінде Францияда Қазақстанның Мәдени күндері өтті.

 

3.Қорытынды эссе

Қазақстанның шет елдермен байланысы жайлы сөз қозғағанда, бірден саяси-экномикалық, мәдени қарым-қатынастары еске түседі.Жалпы, бір Қазақстанның өзінде 140-қа жуық ұлт өкілдері тұрады.Осы фактіге байланысты Қазақстан көптеген елдермен мәдени байланыста.Еліміздің басқа елдермен байланыста болуының тағы бір себебі, ол тәуелсіз ел болуы.Еліміз тәуелсіз және осы статусын қолдана отырып әр түрлі мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатуда.Қазақстанның басқа елдермен байланысы тек қана тікелей мемлекет арасында емес,сонымен қатар әртүрлі ұйымдарға мүше болу арқылы да іске асып жатыр. Мысалға,ТМД,ШЫҰ,ЕҚЫҰ. Әр ұйымға мүше болу әр салада өз септігін тигізуде.

Негізі,өз тәжірбиеме сүйене отырып, Британия мен Франция мемлекеттерімен Қазақстанның байланысы жайлы айтсақ.Қазіргі уақытта,еліміз үш тұғырлы саясат жүргізуде,соған байланысты жастар,яғни,біздер 3 тілді жетік меңгеру үстіндеміз.Осы негізгі 3 тілден бөлек француз тілін меңгерудемін.Тіл оқу үрдісінде,елімізде жыл сайын әр мемлекеттің күні аталып өтетіні жайлы хабардар болдым.Соның бірі 2015 жылдың 7-і наурыз күні Алматыда «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты мен «Медеу» мұз айдынында Франция күні аталып өтті. Осы курорттың өзі, Францияның Алматыдағы бас консулдығы ұйымдастырып, Француз альянсы мен Алматыдағы француз мерекелері комитеті қолдау танытқан бұл шара Халықаралық әйелдер күні және Халықаралық франкофония күніне (наурыздың 20-сы атап өтілді) арналды.

Сонымен қатар,білім жүйесіндегі байланыстар.Мысалға,Британиядағы Кэмбридж университеті біздің еліміздегі жоғарғы оқу орындарымен байланыс орнатып,студенттердің сол елдерге ауысып оқуға мүмкіндік береді.

Қортындылай келе,еліміз әртүрлі бағыттарда сан алуан мемемлекеттермен байланыс жасау үстінде.Осындай байланыстар күннен күнге,жылдан жылға дамып жатыр.

 


Информация о работе Қазақстанның шет елдермн мәдени байлансысы