Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2013 в 13:06, реферат

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы – Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы. Бұл тақыоыпты таңдаған себебім – біз, Қазақстан жастары, жоғарғы оқу орнын аяқтағалы отырған түлектер халықаралық деңгейде білімді болуымыз қажет. Ал бұл өз алдына дамыған және дамушы елдердің экономикасы, саясаты, мәдениетімен танысудан басталады. Осы курстық жұмысқа кіріктірілген ізденіс жұмыстарымның, тапқан деректерімнің мақсаты – студенттерге Түркия Республикасының жалпы физикалық және экономикалық географиясы, туризмнің әлемдік даму деңгейі туралы мағлұмат беру.

Содержание

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.
1. Жалпы мәліметтер.
1.1. Географиялық орны мен тарихы.
1.2. Табиғат жағдайлары мен пайдалы қазбалары.
1.3. Климаты мен топырақ-өсімдік жамылғысы.

2. Әлеуметтік-экономикалық географиясы.
2.1. Халқы.
2.2. Өнекәсібі мен ауыл шаруашылығы.
2.3. Транспорты мен ішкі айырмашылықтары.

3. Туризмінің әлемдік экономикадағы орны.
3.1. Әлемдік туризм: түсінігі мен классификациясы.
3.2. Түркияның туристік ресурстары.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая.doc

— 149.50 Кб (Скачать файл)

Шығыс Таврдан  оңтүстікке қарай кең Диярбақыр  қазаншұңқыры жатыр. Ол Түркия шекарасынан  тыс жатқан Месопотамия жазығының  оңтүстігіне қарай төмендеіді.

Шеткі таулар арасында орналасқан Анатолий таулы үстіртін Ішкі Анатлия мен Шығыс Анатолия деп екіге бөледі. Біріншісі таулы  үстірттің төмендеген бөлігі. Ол ағынсыз  қазаншұңқырлар қатарынан тұрады. Биіктік  мұнда батыстан шығысқа қарай 800-1200 м-ден 1500 м-ге дейін жоғарылайды. Осындай төбелердің бірінде, 850 м биіктікте Түркия астанасы Анкара орналасқан. Таулы үстірттің оңтүстік бөлігінде ежлгі вулкандар қатары көтерілген. Ішкі Анатолия орталығындағы мен оңтүстігінде көптеген көлдер мен батпақтар орналасқан. Олар әдетте тұрақсыз және тұзды болып келеді. Таулы үстірт орталығында 100 м биіктікте Түркияның ауданы бойынша екінші Тұз көлі (Ван көлінен кейін) орналасқан. Ол өзінің аса зор тұздылығымен ерекшеленеді. Жазда көл кеуіп, түбі тұз жамылғысымен жабылады.

Шығыс Анатолия солтүстігінде Понтий таулары мен  оңтүстігінде Шығыс Тавр арасында орналасқан. Батысында оны ішкі Анатолиядан  Акдаг жотасы бөліп тұрады. Шығыс  Анатолия орталығында биіктігі 1500-20110 м таулардан тұрады. Мұнда биік таулы қыраттар терең қазаншұңқырлармен қатар келеді. Таулардың өзі жеке массивтер мен ұзын тізбектерден тұрады. Армениямен шекарадан алыс емес жерде үлкен Арарат массиві көтерілген. Оның өзі сөнген вулкан, Түркияның ең биік жері (5165 м). Бұл массивке конус тәрізді формалық ерекшелік тән. Конус шыңы қуатты қар жамылғысымен жабылған. Үлкен Арараттың қасында Кіші Арарат көтерілген (3925 м).

Шығыс Анатолиядан 1720 м биіктікте ағынсыз Ван  өзені орналасқан. Су айнасының жарқылдаған көгілдір бейнесі оны қоршаған қар «малақайларымен» бірге қосылып тамаша көрініс береді.

Түркияның батысында  Батыс Анатолия таулы ауданы көрінеді. Оған Эгей мен Мрамор теңіздерінің жағалаулары кіреді. Батыс Анатолияда таулы кряждер терең, Эгей теңізіне қарай ашылған өзен аңғарларымен алмасып келді. Теңіз жағалауына перпендикуляр орналасқан таулы жоталар әсерінен Эгей мен Мрамор теңізінің жағалаулары қатты тілімденген.

Батыс Анатолия жоталары көбіне орташа биік: олардың  ішінде жекелері, мысалы, Улудаг (Кіші Олимп) 2500 м-ге жетеді. Улудаг жылдың көп  бөлігінде қармен жабылған, солтүстік-батыс  Түркияның табиғи тамаша көрініс  беретін орнының бірі болып табылады.

Батыс Анатолияда шекараларында Мрамор теңізінің оңтүстік жағалауында лагуналы тұщы көлдері бар теңіздіңк жазықтар тізбегі таралған: Апольонт, Изнин, Маньяс, Сапанджа.

Түркияның шеткі  солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс  Франия қазаншұңқыры бар, ол солтүстік-шығыстан биік емес таулармен қоршалған.

 

Пайдалы қазбалары.

 

Түркияның табиғи ресурстары әлі толық зерттелмегенімен, онда түрлі пайдалы қазбалардың  үлкен қорлары табылған. Мемлекет территориясында тас және қоңыр  көмір, мұнай, түрлі рудалы қазбалар: темір, қорғасын, цинк, марганей, сынап, сурьма, молибден бар. Хром рудаларының қоры бойынша Түркия капиталистік әлемде екінші орын алады. Мұнда вольфрамның бай кендері, шамамен 100 мыс кен орны орналасқан. Рудасыз қазбалардан селитра, күкірт, мрамор, теңіз ненкасы, ас тұзы кен орындары кездеседі. Бүкіл Түркияны тұзбен қамтамасыз етіп отырған табиғи тұз жасаушы болып Тұз көлі табылады.

 

    1. Климаты.

 

Түркияның көп  бөлігі таулы. Осыған байланысты ел климаты  таулы сипат пен контитенттік климат белгілеріне ие. Түркия жазы ыстық және құрғақ, қысы қарлы және суық. Эгей мен Жерорта теңізінде климат жерортатеңіздік, оның қысы жұмсағырақ, тұрақты қар жамылғысы түзілмейтін, жылы жаз және суық қыспен ерекшеленеді. Қыста температура (қаңтарда) шамамен 5°С, жазда (шілдеде) 22°С шамасында. Жылына1000-2500 мм жауын-шашын түседі.

Түркия территориясы субтропикалық климаттық белдеу шекарасында орналасқан. Бірақ таулы, қатты тілімделген рельеф пен  өте күрделі ауа массаларының циркуляциясы климаттық аудандардың  көп түрлілігіне басты себеп.

Түркияның Қара теңіз жағалауы қоңыржай жылы климатпен ерекшеленеді. Оған басты кезекте көп ылғалдылық, жылдың маусымдары бойынша жауын-шашынның бір қалыпты түсуі, ыстық жаз бен салқын қыс тән. Жағалаудағы қаңтардың орташа температурасы -1-5°С болса, шілденікі +22+24°С. Биік Понтий таулары қыста Қара теңіз жағалауын елдің ішкі аудандарынан келетін суық ауа массаларынан қорғайды, ал Қара теңіз суық солтүстік желдерінің әсерін бәсеңдетеді. Бұдан басқа Қара теңіз жағалауының шығыс бөлігі салқын желдердің енуінен биік Кавказ тауларымен қорғалған.

Қара теңіз  жағалауы биік Понтий тауларының арқасында  ең көп жауын-шашын түсімін алады. Жағалаудың шығыс бөлігінде жылыны 2500 мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Жағалаудың батыс аудандарында жауын-шашын  түсімі аз – 700-800 мм. Понтий тауларының оңтүстік бөліктері солтүстік желді бөлігіне қарағанда тым құрғақ. солтүстік беткейлердегі мол жауын-шашын жылдың барлық маусымдарында елде басым болып келетін Қара теңізден соғатын солтүстік-батыс желдері мен Жерорта теңіздік циклондарға байланысты.

Эгей теңізінің  кең жағалаулары мен Жерорта  теңізінің керісінше тар жағалауларында оған тән құрғақ жаз және жылы жаңбырлы қыспен ерекшеленетін Жерорта теңіздік климат орнаған. Ең ыстық айдың орташа температурасы (шілде мен тамыз) Адамда +28°С пен ең салқын айдың орташа температурасы (қаңтар мен ақпан) +10°С-қа жетеді. Шығыста таулы аудандарда жаз салқынырақ, қатты қысқы аяздар мен көк тайғақтар болып тұрады. Эгей теңізі жағалауындағы жылыны түсетін жауын-шашын мөлшері 500-800 мм; Таврдың батыс бөлігінде (желді беткейлерде) – 1000-1500 мм; шығыста – 500 мм-ге дейін.

Батыс Анатолияның  солтүстігі жылы Мрамор теңізі әсерәнен (судың жоғарғы қабатының температурасы  жазда +25°С шамасында, қыста +8°С шамасында) аул шаруашылығына қолайлы климаттық жағдайлармен ерекшеленеді. Мрамор теңізінің жағалауы мен аралдары – Стамбул мен оған жақын орналасқан қалалар тұрғындардың ең сүйікті демалыс орындарының бірі. Көктемде, Қар теңіз жағалауында әлі салқын болған кезде, Мрамор теңізінде суға шомылуға болады.

 

Топырақ пен өсімдік жамылғысы.

 

Анатолия топырақтары  негізінен жер өңдеуге жарамсыз. Орталық Антолияның кең далалары қой мен ешкі жайылымдары ретінде  пайдаланылады. Ауыл шаруашылығының егін шаруашылығына Шығыс Анатолияның  қарашірікті топырақтары қолайлы; бұл елдің негізгі «житницасы» болып табылады. Дегенмен көпғасырлық мал бағудан біршама орындарда топырақ-өсімдік жамылғысы бұзылған. Мол жауын-шашын мен қоңыржай жылы климат Қара және Эгей теңізі жағалауында бай өсімдік жамылғысының түзілуіне себеп болды. Таулардың төменгі беткейлері қалың жалпақ жапырақты бук, емен, граб, клен, платан, самшит, кизил, лещин ормандарынан тұрады. Тау етегінде жүзім бақтары, одан жоғары қарағай ормандары, оның үстінде- Альпі шалғындары орналасқан.

Түркия флорасында 6700 өсімдік түрі кіреді, олардың көп бөлігі – күрделі гүлділер, бабовый, крест гүлділер тұқымдастарынан. Өсімдіктердің 1/3 Түркия үшін эндемикалық. Әсіресе ксерофилді өсімдіктер арасында эндемиктер көп: астрагал, акантолимон, кузиний. Сонымен қатар мұнда үштік дәуірдің эндемик реликтілері де кездеседі: мысалы, бальзам ағашы мен т.б.

Түркия өсімдік  дүниесі алуан түрлі. Ол климаттық  жағдайларға, жергілікті жер рельефіне  байланысты өзгеріп отырады. Түркияның табиғи өсімдік дүниесіне күрделі өзгерістерді адам енгізді: соның ішінде кең дала алқаптарын жыртып, ормандарға көп зиян тигізді, әсіресе Батыс Анатолияда – Түркияның ең көп қонысталған бөлігінде.

 

  1. Әлеуметтік-экономикалық географиясы.

 

    1. Халқы.

Негізгі этникалық  топ – түріктер 55 млн адам (80%-дан астам). Лозан бибітшілік келісімі бойынша Түркия 1923 жылы көршілес елдермен халықты алмастыру туралы конвенцияға қол қойды, дегенмен қазір кішігірім түрік топтары өзге елдерде әлі де тұрып жатыр. Түріктер құрамында әлі де кішігірім этникалық топтар – юрюктер мен тахтаджилар сақталған (Анатолияның оңтүстік-шығысы мен батысы). Түріктерден кейінгі ірі халық курдтар (10 млн-нан аса) – олар шығыстағы 10 илда қоныстанған арабтар (1 млн адам) оңтүстік-шығыс илдарда, әсіресе Хатай илында қоныс тепкен. Басым (бірақ мемлекеттік емес) дін – суннит бағытындағы ислам.

Халықтың орташа тығыздығы – 1 км²- орташа 85 адам. Ең көп қоныстанған – Шығыс Фракия мен Анатолияның теңіз маңы аудандары, ең аз қоныстанған – Орталық және Шығыс Анатолия. Елге жоғарғы табиғи өсім - 2% мен жоғары урбандалу қарқыны (қала халқы 70%-дан астам) тән. 5 қалада 1 млн-нан аса адам тұрады: Стамбул, (10 млн адам), Анкара (4 млн адм), Измир, Адана, Бурс. Жоғарғы деңгейдегі жұмыссыздық (белсенді халықтың 20%) еңбек эмиграциясына түрткі болып отыр: 2 млн-нан аса түрік Германия мен басқа Еуропалық Одақ елдерінде және Таяу Шығыс елдерінде жұмыс істеіді.

Елдің негізгі  халқы – түріктер. Түркия 1923 жылы республика болып жарияланғанға  дейін османдар болды. Мұстафа Кемальдың  ұсынысы бойынша «түрік» аты  алынды, себебі бұл түркі тілдес халықтардың бірігуіне негізгі түрткі болар еді. Сөйтіп республиканы Түркия деп атап османдар түріктер болып жарияланды. Түрік республикасы қалыптасқан кезде оның халық саны 12 млн 532 мың адам болды. Елде тек 12 санақ өткізілді. 1927 жылдан бастап Түрік халқы 4,4 есе өсті, соның ішінде – 1950-1985 жж. – 2,5 есе. Халықтың тез өсуі, 2005 жылы 73 млн-нан асқан, елдің басты шиеленіс мәселелерінің бірі болып табылады.

Түркия территориясы бойынша тұрғындардың орналасуы  біртекті емес. Ең тығыз түрде халық  Мрамор мен Қара теңіз жағалауында, Эгей теңізінен жапсарлас жатқан аудандарда орналасқан. Ең тығыз қоныстанған қала – Стамбул, ең сирек қоныстанған аудан – Хакъяри.

Елде ешқашан  халықтың ұлттық құрамы бойыша санақ  жүргізілген жоқ. Бұдан басқа  тұрғындардың өздері шығу тегіне қарамастан алдымен өздерін түріктер деп санайды. Сөйтіп курдтардың көп бөлігі өздерін «догулу» - елдің шығысындағы адамдар деп атайды, бірақ ана тілі курд тілі болып қалады. Сондықтан этностар санын анықтау әркез көптеген қиындықтар туғызады. Бағалаулар әртүрлі, бірақ сеніммен Түркияда 20 млн-нан кем емес курдтар тұрады деуге болады. Олар тек негізгі тұрғын аймағы – бүкіл ел территориясына ғана емес, мемлекеттің шығысында да қоныстанған. Оған қоса елде Солтүстік Кавказдан шыққандар саны да көп, оларды жалпы «черкестер» деп атайды. Олардың жартысы адыгтер, абхаздар, карачаевцтер, оситиндер, шешендер мен абазиндар. Жалпы саны түрлі есептеулер бойынша 1-2 млн адам. Бұдан басқа Түркияның оңтүстік-шығысында жинақты түрде 0,5 млн арабтар тұрады. Ірі қалаларда, әсіресе Стамбулда армяндар (40 мың) мен ассирийліктер көп. Лазалар мен хемшилдер (ислам қабылдаған армяндар) – 0,5 млн,  олар негізінен Қара теңіздің шығыс жағалауында тұрады. Қазіргі кезде юрюк пен тахтаджалармен қатар түрік этнографиялық топтары болып саналады. Түркияның еврейлері (халықтың шамамен 0,1%) ірі қалаларда тұрып, өздерін иудаизмге сенетін түріктер деп саайды. Гректер, албандар, грузиндер мен азербайжандар (Ираннан шыққын) мен көптеген өзге халық өкілдері бүкіл ел бойынша, негізінен Стамбул, Измир, Анкарада таралған. Бұдан басқа болгария, бұрынғы Югославия, Румыния мен бұрынғы КСРО-дан шыққан түрік ұлт өкілдерінің көптеген бөлігі негізінен Анталия мен Измир курортты зоналарында, Бурс пен Стамбулда тұрақтанған.

 

 

Діні.

 

Діни құрамы бойынша түріктер- мұсылмандар (көптеген бөлігі-сунниттер, аздаған бөлігі – шииттер, оларды Түркияда «алевиттер» деп атайды). Мемлекеттік тілі – түрік тілі.

Түкияда дін заң жүзінде  мемлекеттен бөлек бөлінген және дін бостандығы мемлекеттің тұрғынының әрбәреуәне кепілдендірілген. Халықтың көп бөлігі ислам дінінде. 78 мың мешіт жұмыс істейді. Бұдан басқа түрлі христиан ағымдарының 321 ұйымы, 36 иудей синагогасы Стамбул, Адан, Анкара, Измир, Чанаккал, Хатай, Бурс, Крыкларели қалаларында тіркелген.

Православ шіркеуі  басқа діндер сияқты тең дәрежеге ие. Түркияда православ шіркеуін рухани және әкімшілік орталығы – Константинополь  патриархаты орналасқан. Ал оның меңгерушісі  Вселенский Патриарх резиденциясы Стамбул  қаласыда орналасқан. Патриархқа көптеген Түркия православ келушілері мен кейбір көршілес елдер бағынады.

 

    1. Өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы.

 

Артықшылықтары: 90-жж. либерализациядан кейін экономика  тез қарқынмен дами бастады. Ауыл шаруашылығы елді түгелдей дерлік азық-түлік  өнімдерімен қамтамасыз етеді. Бәсекелестікке қабілетті текстиль, өңдеу және құрылыс салалары, туризм. Жеке экономика динамикалық түрде дамуда. Мамандар жеткілікті. Еуропалық Одақпен кедендік одақ құрылған.

Әлсіз жақтары: тұрақты жоғарғы инфляция (2004 жылы 54,4%). Сенімсіз қоғамдық қаржылық сектор. Мемлекеттік бюрократия. Бірқалыпсыз жекешелендіру. Әлсіз банктік сектор. Әсерлі ұйымдасқан қылмыскерлік. Кудтарға қарсы қымбат әскери операциялар.

Шаруашылықтың даму ерекшеліктері мен жалпы  сипаттамасы.

Ұлы Түрік мемлекеті 19 ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа державаларының біріне айналуға жақын. 1920-1923 жж. Кемаль Ататүрік бастаған буржуазиялық-ұлттық революциядан кейін ел капитализмінің (этаизмінің) қалыптасуына бағытталған реформалар жасалды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ пен өзге НАТО елдерінің әсері күшейді. 70-80 жж. жүргізілген индустриализация саясаты мемлекеттік секторға (ЖІӨ-нің 50 % шамасы) сүйеніп, елде базалық индустриалды салалардың – энергияның, тау өндірісінің, қара және түсті металлургияның, химия, мұнай өңдеу өндірісінің, автомобиль жасау мен т.б. қалыптасуына әсер етті.

80-ж. Түркия  ауыр экономикалық дағдарыстан шығу жолын іздестіру және өз несиелерінің қысым көрсету әсерінен дамудың жаңа стратегиясына көшті: мемлекеттік басқару мен біртіндеп мемлекеттің экономикалық сфераға тікелей араласуынан бас тарту; экономикалық түгелдей бәсекелестік заңдарға бағынатын нарықтық негізге көшу; сыртқы факторлар мен ресурстарды экономикалық өсу модернизациясын жеделдету үшін қолдану; шетелдік тауарлар мен капиталдың еркін қозғалысы үшін елдің дамуы; индустриалдық импорт тауарларының орнына экспортқа бағытталған моделмен алмастыру. Дегенмен Түркияның жаңа экономикалық моделі әлі де мемлекеттік жобалау, нарықтық күштер мен мемлекеттік оптималды басқару үйлесімділігінің, ашық экономика жолдарын іздестіруде.

Информация о работе Түркия Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы