Техногендік ландшафтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2014 в 08:51, реферат

Краткое описание

Ландшафтарға әсер етуші техногендік процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу геотехникалық жүйелер концепциясы пайда болғаннан кейін қарқынды бағыт алды. Дегенмен, жақын араға дейін табиғи ортаның ластануын зерттеу салалық бағытта болды: бір немесе бірнеше компонентке әсер етуші факторларды, мысалы, жер беті ағын суларына, ауа қабатына өсімдіктің физиологиялық және биохимиялық өзгеруіне т.б әсер ететін факторларды анықтау.

Вложенные файлы: 1 файл

ТЕХНОГЕНДІК ЛАНДШАфТАР.doc

— 155.50 Кб (Скачать файл)

Тік беткейден тау жыныстары төменге қарай сырылып, желмен көшелер мен айналаны шаңдатып үлкен аймаққа таралады.

3. Карьерлі-үйінділі тақыршалар. Көптеген үйінділер, көбінесе, ұзақ  уақыттан соң рельефі өзгеріп  толқынды пішінге ие болады. Алғашында даланың арам шөптері, кейіннен шалғынды-далалы және орманды түрлер пайда бола бастайды.

4. Тасты бедленд – бұл  тас өндіретін жерлерде пайда  болатын рельеф типі. Рельефінің  өте күрделігімен ерекшеленеді  – жазықты жерлерде – карьерлердің түпкі бөлігі, ойыстар мен төбешіктер, бұзылған үйінділер, ішінара көлшіктер мен дамуы нашар шөптесінді өсімдіктер. Жергілікті жердің үйінді түрлерінен айырмашылығы – түбі жазықты болғанымен тасты, беткейлері тік жарлы. Бұндай жерлерде ұзақ уақыт бойы өсімдік өспейді, әк тасты шөл немесе эрозиялы жазық сақталады.

Техногенді рельефтің пайда болған жаңа түрлерінің ерекшелігі кен орнының орналасу жағдайымен анықталады. Жаңа рельеф пайда болу зонасында денудация және ағынды үрдістер күшейеді. Ойысты рельеф түрлері аккумуляция орталығы болғандықтан, ылғалдануы артық. Шайылу мен жайылу үрдісінің қарқындылығы жаңа неорельеф жағдайында су қоймаларының лайлануына ұшыратады.

Тау-кен өндірісі территорияның гидрологиялық режимін өзгертеді. Өз кезегімен карьерлердегі жұмыстарда көп көлемдесу пайдалынады. Мысалы, солтүстік Чех көмір бассейнінде жылына 3,2 млн. м3 су пайдаланылады (1 тонна көмір өндіру үшін 0,7 м3 су қажет екен). Сондықтан, өндірісте қолданылатын карьерлердің маңайында оның енінен 25 есе үлкен аймақта топырақтың, грунттың және жер беті су көздерінің нашарлауы байқалады. Жазықты аймақтарда саздану үрдісі пайда болады.

Қазбаларды шахталық жолмен өндіретін территорияларда пайдаланылған сулар жақын маңдағы қазан-шұңқырларға, көлдер мен көлшіктерге ағызылады. Ірі өнеркәсіп орындары шоғырланған аймақтардың қоршаған ортаға тигізер әсерінің антропогендік салдарын Шығыс Қазақстан мысалында қарастыруға болады.

Шығыс Қазаұстанның экономикасында түрлі-түсті металлургия алғашқы орын алады. Мұнда ірі полиметалл кен орындары шоғырланған: Белоусовск, Лениногорск, Тишинск, Зыряновск, Малеевек және тағы басқалары. Оларды өңдеу арқылы: мыс, қорғасын, мырыш, алтын, күміс алынады. Бұл кен орындарының базаларында тау-кен байыту және тау-кен металлургиялық кәсіпорындары мен комбинаттары келесі салаларға: Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногорск поллиметал, Зыряновскіде қорғасын, Ертіс полиметалл комбинаттары; мыс: Ертіс мыс балқыту зауыты; титан-магний – Өскемен титан магний комбинаты және т.б. бөлінеді. Олар қоршаған ортаның ластануына себепші болып отыр. Ең көп ірі ластаушы кәсіпорындар 5 өндірістік-аймақтық тараптарда: Ертіс маңы, Лениногорск, Зыряновск, Шемонаиха және Серебринск-Белогорскіде шоғырланған. Бұлкәсіпорындар мен комбинаттардың жұмысының нәтижесінде тау-кен геологиялықкешендерде ауданы 20 шаршы шақырымға жуық ірі техногендік биохимиялық провинция пайда болған. 1991-1992 жылдарда Өскемен қаласында өткізілген тәуелсіз экология экспертизасының мәліметі бойынша, тұрғындардың ауруға шалдығуы қоршаған ортаның экологиялық жағдайына тікелей байланысты екенін анықтады.

Кенді Алтайдағы көптеген сульфидті-полиметалдық кен орындары түсті металлургияның дамуындағы шикізат базасы бола отырып, оған тығыз байланысты энергетика, машина жасау, құрылыс индустриясының да базасы болып отыр.

Түрлі-түсті металлургиялық кен орындарындағы кеннің құрамындағы шашыранды сульфидті минералдарда: темір (Fe), мырыш (Zn), мыс (Cu), магний (Mn), күміс (Ag), барий (Ba), алтын (Au), айтарлықтай топталған: сонымен қатар кадмий (Cd), тантал (Tl), сынап (Hg), селен (Se), және т.б минералдар кездеседі. Гумидтік климаттық жағдайда сульфидті кен орындарының тотығу зоналарында сульфидтердің тотығуы жүріп, кен қалдықтары жер асты суларымен қоршаған ортаға тасымалданады.

Рудалар мен аралас жыныстарды сілтісіздендіру кезінде жер асты суларының минералдануы литріне 1-3 грамға және де одан жоғары көтеріледі, судың тұздануы 15-20 мг экв./литрге өседі, рудаларды құрайтын металлдар мен олардың спутниктері фондық шамадан ондаған, жүздеген есе асып түседі. Өндіріс кезінде пайда болған техногендік факторлардың әсерінен элементтердің қышқылдану процесі мен сілтілену айтарлықтай жоғарылайды. Кен орындарындағы өндіріс тәсілдері – ашық, карьерлінемесе жер асты, шахталық; өте қолайсызы – ашық тәсіл, рудалар мен минералданған жыныстар көп мөлшерде жер бетіне шөгін ондаған, жүздеген жылдар бойы топырақ пен судың ластануының қуатты көзіне айналды. Денелерде жинақталған қалдықтар атмосфераның ылғалданумен, шашыранды металлдармен қоса күкірт қышқылына айналады да топырақта, жер асты сулары, бұлақтар мен өзендерге шөгін қалады. Гидрографиялық тораптар Ертіс өзені бассейніне жатады: Бұқтырма, Үлбі, Кендірлік, Үйдене, Жеменей, Қандысу т.б. Бұл өзендердің бай ресурстары Қазақстан Алтайының әр түрлі табиғи ресурстарын игеруге мүмкіндік береді: түсті металлургия, химия өнеркәсібі және басқа салалардың дамуына ықпал етеді. Бұл экономика салалары суды көп қажет етумен қатар, су объектілерін ластандырушы орта. Пайдалану процесінде су әр түрлі ингредиенттермен ластанады.

Шығыс Қазақстанның экология және биоресурстар басқармасы мәліметтері бойынша, 1996 жылы 148 су пайдаланушы болған, оның 103-і өнеркәсіп орындары екен. 1981-1996 жылдар аралығында өндіріс кәсіпорындарында орташа есеппен 388 млн м3 пайдаланған немесе су жинаудың 40 пайызын құраған.

Пайдалану нәтижесінде ластанған су аған су ретінде табиғи су обьектілерінде, жер бетінің төмендеген жер бедерінде, коллекторлы-дренаждық торапқа ағызылады. Су объектілеріне айтарлықтай зиян келтірген кәсіпорындар: «Казцинк» Лениногорск тау-кен металлургиялық комбинатының акционерлік қоғамы, Белеусов, Ертіс рудниктері. Осылайша Шығыс Қазақстанның өндіріс кәсіпорындары өздерінің шаруашылық әрекетінің экологиялықзардабын ойламай өзендерге өндіріс қалдықтарын тастайды. Өндірістік әрекет бойынша ағын сумен ластанған Ертіс өзені бассейнінің өзендері: Үлбі, Бұқтырма, Глубачанка, Красноярка, Тихая, Филлиновка, Березовка.

Ұзақ уақыт бойы түсірілген антропогендік күштің әсері топырақ құнарлығының төмендеуі, агроландшафтардағы қайта тұздану, жер беті суларының гидродинамикалық жағдайының бұзылуы, суды тиімсіз пайдалану, табиғат компоненттерінің техногендік ластануы сияқты жағымсыз жағдайлардың дамуына себеп болып отыр. Өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардың қазіргі технологиясы атмосферадағы ауаның, жер беті және жер асты суларының, топырақтың, биотаның, ең бірінші кезекте ауыр металлдармен және зиянды қосындылармен ластануына әкеп соғып отыр. Сарапшылардың бағалауы бойынша, зиянды қалдықтардың меншікті салмағы шамамен 65-70 пайызды құраса, қалған 30-35%-ы құрылыс салу кәсіпорындары, жылу энергетикалық кешені, көлік, көп салалы шаруашылық, машина және құрал-жабдық жасау, ауыл шаруашылығы және тағы басқаларының үлесіне тиеді.

Дегенмен, ортаның негізгі ластаушы көзі тау-кен өнеркәсібі мен минералды шикізіт кешендік кәсіпорындары болып табылады.

Қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне байланысты кәсіпорындарды төмендегідей орналастыруға болады:

1) металлургия өндірісі; 2) тау-кен байыту фабрикалары; 3) ашық  карьерлер.

 

2.4. Бұзылған ландшафтарды  қайтадан орнына келтіру - рекультивация 

Тау-кен барлау жұмыстары мен кендерді өңдей ауданының жыл сайын артуы, әсіресе ауылшаруашылық, ормен мен табиғи ландшафтардың табиғи қасиеттерін сақтау немесе нашарланған кешендірді қайтып орнына келу мәселелері – рекультивация проблемесын алдымызға қояды.

Шет елдік географиялық ғылыми әдебиеттерде «үйлесімді ландшафт» түсінігі рекультивацияның соңғы мақсаты деп көрсетілген. Мұны – жер қорының тек ең жоғарғы өнімділігін қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ, табиғи ортаға деген қоғамның қоятын талабын (рекреациялық, эстетикалық, санитарлық-гигиеналық) шешу, аймақтық ұйымдастыру деп түсінуге болады).

Кейбір мемлекеттер, тау-кен өндірісінің ашық түрде кен өндіру бағыты саласында өзіндік қағидалармен жұмыс істейді. Олардың ең негізгісі – кен орнын өндірмей тұрып алдын ала рекультивация жоспарын ұйымдастыру және қолайсыз үрдістердің көршілес табиғи кешендерге: биотаға, жер асты, жер беті суларына, топырақ қабатына әсер етпеуін қамтамасыз ету.

Біздің елімізде рекультивацияны ортада табиғи ахуалы нашарлаған ландшафтардың табиғи ахуалын толығымен, тез арада және нәтижелі түрде қайта орнына келтіру шаралар кешені ретінде қарастырады.

Рекультивация түрлері. Рекультивация әдетте екі кезеңнен тұрады – техникалық және биолгиялық рекультивация.

Техникалық рекультивация – тау-кен өндіру кезінде нашарлаған территорияны кейін жүргізілетін биологиялық рекультивацияға даярлау. Олар: үйінділерді тегістеу, террасалар жасау, жарамсыз грунттарды құнарлы топырақ қабатымен жабу, уланған жыныстарға химиялық мелиорацияны пайдалану, техника жүретін жолдар жасау т.б.

Биологиялық рекультивация – бұзылған ауылшаруашылық және орманды жерлердің құнарлығын қайта орнына келтіру және тіршілік үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Биологиялық рекультивация екі түрге бөлінеді: ауылшаруашылық және орманды.

Ауылшаруашылық рекультивация – топырағы мен климаттық жағдайы қолайлы, шаруашылыққа игеруге тиімді, кең көлемді қамтитын территорияларда жүргізіледі. Оның негізгі міндеті – топырақ қабатының құнарлы болуына жағдай жасау. Бұл шара үш түрлі жолмен іске асады:

1) топырақтың құнарлы  қабатын орнына келтіру;

2) дәнді дақылдан жоғары өнім алу мақсатында улы емес химиялық тынайтқыштарды тиімді пайдалана білу;

3) ауылшарушылық өнімдерді  өсіру.

Орман рекультивация өткізуге шығын аз жұмсалады. Орман рекультивациясы рельефтің қолайсыз жерлерінде өткізілуі мүмкін болғандықтан, кеңінен таралған. Орман рекультивациясы келесідей мақсаттарды көздейді:

1) қорғау жұмыстары –  су көздерін қорғау жэәне эрозияға  қарсы орман массивтерін отырғызу;

2) рекреациялық мақсатты көздеу, яғни адамдардың дем алуына жағдай жасау;

3) ірі қалалар маңында  жасыл орман мен парктерді  ұйымдастыру, мақсаты – ортаның  тазаруы мен жақсартуын іске  асыру.

 

 

 


Информация о работе Техногендік ландшафтар