Сұр-құба топырақтардың құрамы мен қасиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 21:03, реферат

Краткое описание

Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі.
Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатыр. Олардың ең ірілеріне Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік-Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдарын (Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т.б.) жатқызуға болады. Мұндағы құмдар ондаған мың жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орнында пайда болған. Кейін желдің әсерінен бұл құмдардан шағылдар, қырқалар, төбелер түзілген. Көшпелі құмдарда топырақ жамылғысы жоқ дерлік.

Содержание

Кіріспе
3
1
Шөл зонасы топырағының құрылуының алғышарттары. Климат
4
1.1
Жер бедері және топырақ құрушы пародалар
4
1.2
Өсімдік жамылғысы
5
2
Шөлді аймақтардың сұр-құба топырақтары
6
2.1
Шөлді аймақтардың сұр-құба топырақтарының генезисі
6
2.2
Сұр-құба топырақтардың классификациясы
7
3
Сұр-құба топырақтардың құрамы мен қасиеттері
9
3.1
Сұр-құба топырақтардың химиялық құрамы
9
3.2
Сұр-құба топырақтардың физикалық қасиеттері
10

Қорытынды
11

Әдебиеттер тізімі
12

Вложенные файлы: 1 файл

Топырақтану.doc

— 115.00 Кб (Скачать файл)

Құмайт топырақтың жұқа қабаты мен шаңды фракцияның басым  болуы, сонымен қатар жоғарғы  горизонттың құмдалуы – сұр-құба топырақтың механиалық құрамының сипаты. Сұр-құба сортаң топырақтарда коллоидты фракциялардың үлкеюі байқалады. Бұл құбылыс тығыздалған В горизонтында  жүреді. Пародаларда желдету процесінің баяу жүруіне байланысты, топырақтың минералдық құрамында біріншілік минералдардың көп болуымен ерекшеленеді. Ірі фракцияларда  дала шпаты, слюда,  кварц және карбонаттар басым болады. Лайлы фракцияларда гидрослюдалар және  монтморилонитты минералдар тобы көп болады. Кейде гетит пен гиббситтің қоспасы да кездеседі. Серік минералдар негізінде аморфты заттар, кварц, каолинит өте сирек кездеседі.

 

    1. Сұр-құба топырақтардың химиялық құрамы

 

Сұр-құба топырақтардың  жалпы химиялық анализі жартылай тотықтардың профильде біркелкі таралатынын көрсетеді. Біраз ауысуларды тек топырақтың сортаң түрлерінде көреміз. Осы топырақтарда лайлы фракциялардың орын ауыстыруын байқауға болады. Профиль бойынша жарты тотықтардың бірдей таралуы және лайлы фракцияның бірден өсуі балшықтануды тудырады. Сонымен бірге, сұр-құба топырақтар, құрамында гумустың (1% дейін), азоттың және фосфордың (0,04—0,07%) өте аз мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Бұл топырақтардың өзіндік сипаты – көміртектің азотқа аз ғана қатынасы (С:  N=4—5).  Гумустық заттарда фульвоқышқылдар басым болып келеді. Сіңіріп алу сыйымдылығы 100 г топыраққа 5-10 м келеді. Жұтылған негіздердің құрамында кальций мен магний болады. Сортаң топырақтарда натрий болады. Топырақтардың реакциясы - сілтілік. Карбонаттардың кең көлемде жинақталуы горизонттардың жоғарғы қабаттарында байқалады. Аз ғана тереңдікте гипс болады. Әсіресе ол, гипсті пародаларда дамыған сұр-құба топырақтың профилінде көп кездеседі.

Сұр-құба топырақтар 30—40  см  тереңдікте, тұздалудың тұрақты сипатына ие. Олар алғашқы жарты метрде айқын көрінеді. Тұздар арасында кальций сульфаты басым келеді. Сұр-құба топырақтар хлоридті-сульфатты тұздалу типіне жатады.

 

 

 

 

Сұр-құба сортаң топырақтың жалпы химиялық құрамы ( % есептегенде). Қызылқұм шөлі (Е.В. Лобованың мәліметтері).

 

Алынған үлгінің тереңдігі  (сантиметрмен)

Гигроскопиялық су

Қыздырғандағы шығым

SiO2

R2O3

  Fe2O3

A12O3

TiO2

0—4

4—10

12—20

25—35

0,78

0,90

1,42

1,66

7,64

8,35

8,62

9,19

75,21

73,10

72,94

73,51

16,38

17,17

19,14

19,15

5,06

6,21

7,03

7,61

10,64

10,27

11,42

10,85

0,58

0,58

0,57

0,59


 

жалғасы

Алынған үлгінің тереңдігі  (сантиметрмен)

P2O5

CaO

MgO

MnO

Na2O

K2O

SO3

0—4

4—10

12—20

25—35

0,10

0,15

0,12

0,10

2,50

2,64

0,88

0,09

2,26

2,44

2,66

2,40

0,07

0,07

0,07

0,07

1,57

1,33

1,31

1,28

1,97

2,70

2,69

2,66

0,47

0,64

0,82

0,86


 

 

3.2 Сұр-құба  топырақтардың физикалық қасиеттері

 

Сұр-құба топырақтар үшін әлсіз құрылым, профиль бірігуінің қолайсыздығы тән. Неғұрлым тығыз бірігу қабыршықты қабатта және сортаң горизонтта байқалады. Бұл горизонттар су өткізгіштігінің төмендігімен де ерекшеленеді.

Сұр-құба топырақта ылғалдың өте аз болуы тағы бір физикалық  қасиетті анықтайды. Тіпті көктем мезгілінде ылғал қоры мардымсыз.

Зонаның аймақтық сипаты сұр-құба топырақтардың негізгі  қасиеттерін анықтайды. Арал-Каспий маңының топырақ жамылғысы кешенді  болып келеді. Кешен құрамына, жусан астында дамитын сұр-құба топырақтар мен сұр-құба сортаң топырақтар кіреді. Арал-Балхаш аймағында сұр-құба және сұр-құба тақыр тектес топырақтар және ұланғайыр массивті алатын  дөңесті-тізбекті карбонат құмдар  басым келеді. Бетпақдаланың батысына сұр-құба сор топырақтар тән. Тұран жазығының солтүстігі мен оңтүстігіндегі сұр-құба топырақтары үшін жоғары карбонаттылық, анағұрлым қатты сортаңдық тән. Себебі мұнда субтропикалық климаттың шамалы ыстығы бар.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Табиғи өнімділіктің төмен болуына байланысты шөл зонасының айтарлықтай аумағын жайылым ретінде ғана пайдаланады. Шөл зонасының жайылымдық өнімі мен өрісінің салыстырмалы салмағы шөлейт зонасымен бірге есептегенде шамамен ТМД жайылымының жалпы аумағының 50% алады. Жыртылған жерлер, бақтар мен бақшалардың үлесі 0,4% ғана. Сұр-құба топырақтар мен тақырларды игеру, тек суару жұмыстарын жүргізсе ғана мүмкін. Бұл жұмыстар іске асқан жағдайда бұл маңайда мәдениетті-оазисті, өнімділігі жоғары топырақ құрауға, одан мақта, күріш, жүгері, жүзім, көкөністер алуға болады. Жұмыстарға жаңа гидротехнологиялық жабдықтардың енуі, жақын арада суармалы аудандардың аумағын үлкейтуге мүмкіндік береді. Осылай бола тұра шөл зонасының тұрақты сипатын агротехникалық және  гидромелиоративті жүйелерді қолдана отырып өзгертуге, топырақтардың тұздалуының алдын алуға болады. Мұндағы топырақ жамылғысы өте күрделі болғандықтан барлық аумақты  ауылшаруашылығы мәдениетіне игеру мүмкін емес. Сұр-құба қуаттылығы аз гипсті топырақтар мен тұзды топырақтар игеруге мүлдем жарамайды. Сұр-құба топырақтардың арасында, сортаң емес немесе аз сортаңдалған топырақтар ең жақсысы болып табылады. Олар жеңіл пародаларда дамиды. Аз да болса құнарлылығы бар топырақтар қатарына сор, сортаң топырақтар кіреді. Олардың қалпына келгеннен кейін қайта тұздалуы әбден мүмкін.

Сұр-құба топырақтарды игеретін негізгі аудандарда жер бедерінің біркелкі болмауы себебінен қиыншылықтар  тууда. Бұл жағдайда аймақты зерттеу, планға түсіру өте қажет. Сонымен қатар тек қана суарып қою аздық етеді, сондықтан органикалық және минералдық заттарды енгізу туралы ұмытпауымыз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

1 «Почвоведение» И. С.  Кауричев, Н. П. Панов, Н. Н. Розов 4-е изд.,

персраб.  и  доп.  —  М.:  Колос,  1982.  — 496  с.,  ил.— (Учебники  и  учеб.  пособия  для  высших  с.-х.  учеб.  заведений).

2 «Почвоведение» И.  С.  Кауричев,  Л. Н.  Александрова,

 Н.  П.  Панов    Под ред.  И.  С.  Кауричева.  — 3-е изд.,

персраб.  и  доп.  —  М.:  Колос,  1982.  — 496  с.,  ил.— (Учебники  и  учеб.  пособия  для  высших  с.-х.  учеб.  заведений).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Сұр-құба топырақтардың құрамы мен қасиеттері