Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2012 в 15:57, курсовая работа

Краткое описание

Солтүстік және Оңтүстік Американың жақын жатқан аралдарымен косып негізінен бір дүние бөлігіне біріктіреді. Дегенмен де екі құрлықтың табиғат жағдайлары бір-біріне ұқсамайды, ол олардың географиялық орны мен табиғатының даму тарихына байланысты.
Солтүстік Америка жер көлемі жөнінсн жер шарындағы үшінщі құрлық, аумағы түгелдей дерлік солтүстік шарда поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты алып жатыр. Құрлықтың жалпы көлемі аралдарын қоса есептегенде 24 250 км2.

Содержание

1. Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
1.1 АҚШ – на жалпы сипаттама
1.2 Жер бедері мен пайдалы қазбалары
1.3 Солтүстік Американың климаты және ішкі сулары
2. АҚШ − тың географиялық орны және экономикалық географиялық жағдайы
2.1 АҚШ − тың табиғат жағдайлары мен ресурстары
2.2 Канаданың географялық орны, жер бедері және табиғат зоналары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовой Америка.DOC

— 164.50 Кб (Скачать файл)

Ауыл шаруашылығының географиясы табиғи алғышарттары, басты салалары мен аудандары. Ауыл шаруашылығын дамытуға қажетті табиғат қорларын өте қолайлы орналастыра отырып, табиғат АҚШ территориясына асқан жомарттық жасаған.

Елдің жер байлығы зор және жер қорының құрылымы да тиімді; АҚШ-тың негізгі территориясының жартысына жуығын өңделетін жерлер, шалғындар мен жайылымдар алып жатыр. Шамалы төбелі Орталық құнарлы жазықтарда жыртылған жер кейде 80—90%-ке жетеді. Аляскада, Кордильер белдеуінің биік таулы және шөлді аудандарында ғана ауыл шаруашылығына қолайсыз жерлер басым.

АҚШ-тың агроклиматтық қорлары да айтарлықтай. Сендер АҚШ-тың географиялық жағдайын Еуропаның жағдайымен салыстырсаңдар, мұны жақсы түсіне аласыңдар. Температура жағдайлары мұнда қоңыржай және субтропиктік белдеулердің барлық ауылшаруашылық дақылдарын, ал Флориданың оңтүстігі мен Гавайда — тропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Елдің шығыс жартысында ылғал жеткілікті. Бірақ өзінше климаттық шекара болып есептелетін 100° меридианнан батысқа қарай қолдан суарған жағдайда ғана орнықты егіншілікті дамытуға болады. Барлық суарылатын жердің 34-і батыстағы штаттарға келетіні, міне, сондықтан.

Бүкіл жер көлемінің 23-сін алып жатқан дәнді дақылдар АҚШ-тағы өсімдік шаруашылығының басты бағыты болып табылады. Басты азық-түліктік дақылы — бидай, бірақ мал азықтық дақылдардан (жүгері, сорго) әлдеқайда мол түсім жинайды. Майлы дақылдардың ішінде соя бұршағы жетекші орын алады, одан жиналатын түсім соңғы онжылдықтарда барынша өсіп отыр. Ол тамаққа (өте кең таралған соя майы түрінде) да, мал азығына да пайдаланылады. XIX ғасырда экспорттың басты саласы болған мақта талшықты дақылдардың ішінде айрықша орын алады. Қант қызылшасы мен қант құрағы қатты дақылдардың ішінде шамамен бірдей орын алады. Американдардың көпшілігінің күнделікті тамақ құрамына кіретін жемістер мен көкөністер де өте маңызды рөл атқарады.

АҚШ-тағы мал шаруашылығының басты бағыты — сүтті және етті ірі қара өсіру. Шошқа мен үй құстары да көп өсіріледі. Етті балапандар (бройлер) өсіру — АҚШ ауыл шаруашылығының барынша индустрияландырылған саласы, оны бәрінен бүрын өнеркәсіптің ауылдық жерлерде орналасқан саласы ретінде қарастыруға болады. Жыл сайын 4 млрд.-қа дейін бройлер шығарылады. Оларды кез келген асханадан, дәмханадан сатып алуға болады.

Ауылшаруашылық аудандары. АҚШ-та ауыл шаруашылығының экономикасы дамыған елдерде кездесетін барлық негізгі түрлері бар деуге болады; ғалымдар елден ауыл шаруашылығының осындай 13 түрін бөліп көрсетеді. Оның үстіне, табиғат жағдайларының өте алуан түрлілігі, жоғары тауарлылық, ауылшаруашылық жүктерін жаппай тасымалдауға мүмкіндік беретін көліктің дамуы, жеке фермалардың ғана емес, сондай-ақ АҚШ-та белдеулер деп аталатын тұтас аудандардың айтарлықтай бір жақты мамандануы үшін алғышарттар жасады. Бұл Ұлы жазықтарда қалыптасқан бидай белдеуі, мұндағы әлденеше мың гектар территорияға орналасқан нағыз астық фабрикалары— фермалардың механикаландырылу деңгейі өте жоғары. Бұл Орталық жазықтардың солтүстігінде пайда болған жүгері белдеуі, мұндағы топырақ-климат жағдайлары жүгері өсіруге өте қолайлы. Бұл Көл маңы мен Солтүстік-Шығыс штаттардың сүт белдеуі. Бұл Миссисипидің төменгі ағысында қалыптасқан мақта белдеуі. Бұл Ұлы жазықтардың оңтүстік бөлігі мен Таулы штаттардағы ранчода дамыған мал шаруашылығы белдеуі. Жер жаңғағын, темекіні, күрішті, жемістер мен көкөністерді өсіруге маманданған аудандар жөнінде де айтуға болады. [8].

Көлік географиясы басты магистральдары мен тораптары. Сыртқы сауда. Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейін және Канада шекарасынан Мексика шекарасына дейін ендік және меридиандық бағытта созылып жатқан континентаралық магистральдар АҚШ-тың көлік желісінің қаңқасын құрайды. Бұл қаңқаның үстіне ішкі су жолдарының желісі қоса салынғандаъ Ендік бағытта алғанда бұл ең алдымен 50-жылдардың соңында терең су жолына айналған Қасиетті Лаврентий өзені мен Ұлы көлдердің жүйесі. Меридиандық бағытта алғанда бұл американдық Еділ— Миссисипи. Құрлық жән су магистральдарының және әуе жолдарының қиылысқан жерлерінде ірі көлі жол тораптары пайда болған.

Чикаго — АҚШ-тың ең ірі көлік жол торабы. Мұнда ондаған темір жолдар мен автомобиль жолдары түйіседі, көп мөлшердегі алуан түрл жүктер тиеп-түсіріледі. Дүние жүзіндегі ең үлкен 0'Хэйр аэропорты осында орналасқан. [9 ].

Елдің Атлант және Тынық мұхиты жағалауында, сондай-ақ АҚШ-тыңүшінші теңіз жағалауы— Ұлы көлдерде орналасқан көптеген теңіз порттарында ірі көлік жол тораптары қалыптасқан. Елде барлығы жүзге жуық ірі порт бар. Порт-өнеркәсіп кешенінің ең бастылары Атлант мұхиты жағалауының солтүстік бөлігіне және Мексика шығанағы жағалауына орналасқан, Атлант мұхиты жағалауында қолайлы айлақтар жеткілікті.

Шетелдік Еуропаға қарағанда АҚШ экономикасының сыртқы саудаға тәуелділігі шамалы, бірақ ол да өсіп келеді. Мұндай сауданың шамамен 23-сі экономикасы дамыған елдерге келеді. Ғылымды көп қажет ететін салалардың өнімдері АҚШ экспортында негізгі орын алады. Осыған қарамастан, елдің сауда балансы пассив болып табылады.

Демалыс және туризм географиясы басты аудандары. Халықаралық туризмнің дамуы жөнінен АҚШ Еуропадан әлдеқайда артта қалады, бірақ осыған қарамастан, жыл сайын елге 30—40 млн. адам келеді. Мұнда Канадамен көршілік туризм дамыған. Ішкі туризм, автомобильге қызмет көрсетуді қоса алғанда, қонақжайлылық индустриясы өте күшті дамыған.

АҚШ-тың өте көп және алуан түрлі табиғи-тынығу қорлары бар, осылардың негізінде ірі табиғи-тынығу аудандары қалыптасқан. Теңіз маңындағы туризмнің басты аудандары — Флорида, Калифорния және Гавай аралдары, тау туризмінің аудандары — Батыстағы, әсіресе Сеңгір таулар шегіндегі штаттар, көл маңындағы туризмнің басты аудандары — Көл маңайындағы штаттар.

АҚШ-та 50 ұлттық парк бар, оларды жыл сайын 50 миллионнан астам туристер келіп көреді. Олардың ең атақтылары — Йеллоустон, Йосемит, Секвойя, Глейшер, Үлкен шатқал, Батыстағы Колорадо және Аппалачтағы Грейт-Смоки-Маунтинс парктері. Ұлттық парктермен, қорықтармен және табиғи резерваттармен қатар, АҚШ-тағы туристік-тынығу территорияларының жүйесі ұлттық ескерткіш, ұлттық мемориал, ұлттық тарихи парк, ұлттық шайқас алаңы секілді категорияларды да қамтиды.

Айналадағы ортаны қорғау жаманы артта қалды. 60—70-жылдары АҚШ-тың кейбір барынша индустрияландырылған және урбандалған аудандары экологиялық дағдарыс шегінде тұрды.

Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіруді ұлғайту жарамсыз жерлер — бедлендтер көлемінің өсуіне, жылу энергетикасын арттыру — қышқыл жаңбырлардың таралуына, қауырт автомобильдендіру — бірқатар қалалардың нағыз түтінполистеріне айналуына әкеп соқтырды. [10]. Ұлы көлдердегі, әсіресе Эри көліндегі тіршілік семе бастады. Американ әдебиетінде өнеркәсіпті қала Кливленд орналасқан өзеннің өртенген бірегей жағдайы сипатталған, өйткені оның суы осыншама дәрежеде мұнайға қаныққан еді.

Осындай жағдайда АҚШ-та айналадағы ортаға қатысты ұлттық саясат жөнінде заң қабылданды. Табиғат қорғау шараларына жүмсалатын қаржы мөлшері арттырылды. Жаңа технология енгізіле бастады. Жұртшылық та едәуір бастама көтерді. Жастарға экологиялық білім және тәрбие беру жақсарды. Осының нәтижесінде айналадағы ортаның күйі біртіндеп жақсара бастады. Ұлы көлдер мен оларға құятын өзендер тазарып, олардан қайтадан бахтах аулана бастады, Нью-Иорк, Чикаго және басқа қалалардың ауасы тазара түсті. Бірақ кейбір қалаларда экологиялық жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр.

 

1.2 Жер    бедері  мен  пайдалы  қазбалары.

 

       Солтүстік   Американың    жер   бедерінде  жазықтар  басым. Таулар  материктің   үштен  бір  бөлігін   алып   жатыр. Материктің   жазық    жерлері   ежелгі   Солтүстік    Америка  платформасында  орналасқан. Платформаның  солтүстік   бөлігі  жаппай   мұз   басудың   нәтижесінде  майысып, төмен   түскен. Кейіннен  мұхит  деңгейі   көтерілген   кезде   бұл   бөлікте   Канаданың   арктикалық  архипелагы, Гудзон  шығанағы   мен   бұғаздар  жүйесі   қалыптасты. Әсіресе   Гудзон  шығанағының   жағалауы   қатты   майысқан,

мұнда   ойпаттар  тараған. Платформаның  негізін  құрайтын  кристалды   жыныстар   Гренландия   аралы  мен  Лабрадор  түбегінде  жер  бетіне   шығып   жатыр. Ежелгі  платформаның   осы   бөлігі   Канада   қалқаны  деп  аталады. Бұл  бөлікке  көтеріңкі  жазықтар  мен  таулы  үстірттер  тән. Оңтүстікке   қарай   жер  бедері  аласарып, қалың  шөгінді  жыныстармен  жабылған  орталық  жазыққа, одан   Миссисипи  ойпаты  мен  Мексика−   шығанағының   жағалау  жазықтарына   ұласады. Платформаның   батыс  бөлігінде  Кордильераға  қарай   баспалдақ   тәрізді  бітріндеп   биіетейтін, кең  алқапты  Ұлы  жазық  жатыр. Ұлы  жазық    таудан  басталатын  өзен   аңғарлары  мен   күшті  тілімденген. Материктің  40° с.е.   дейінгі  солтүстік  бөлігін  бірнеше  ретт жаппай  мұз  басқандықтан, жер  бедерінде   мұздықтардың   әрекетінен   пайда  болған  үлкен   жартастар, « қой  маңдай »  тастар, мұзжықтар  қазған  қазаншұңқырлар  көптеп  кездеседі.

     Ірі   қазаншұңқырларды  алып  жатқан  мұздық  − тектоникалық  көддер  жүйесі   бір − бірімен  қысқа  өзендер  жүйесімен   жалғасып   жатыр. Орталық  жазық   түгелімен  мұздықтар   өңдеп  тасымалдаған   жыныстар − мореналармен  жабылған. Миссисипи  ойпатын  өзен  тасымалдап  әкелген  жыныстар  жауып  жатыр. Материк  жағалауындағы  жазықтар  теңіздік   шөгінділеден  түзілген.

       Платформаның  солтүстігі  мен  шығысында   палеозойлық   аласа   және  орташа    биіктегі    таулар    орналасқан, оларға    Канаданың    арктикалық   

архипелагының  солтүстігі   мен    Гренландия   аралының  шығысындағы  және  Аппалач    таулары   жатады.

       Солтүстіктегі  таулар  мұздықтардың   әсерінен  өте  күшті  тілімденген, ал  Аппалач  тауларын  көптеген  өзен  аңғары   ұзына   бойы  да, көлденеңінен   де   кесіп  өтеді. Аппалач   тауы  жер  бедерінің   сипаты, биіктігі  жөнінен  Еуразиядағы  Орал   тауына  өте  ұқсас: тау  беткейлері   көлбеу, шыңдары  күмбез  тәрізді  жұмыр   болып   келеді.

       Материктің  батыс  бөлігін  бойлай   жер  шарындағы   ұзын   тау  жүйелері   болып   есептелетін  Кордильера   тау  жүйесі  созылып  жатыр. Кордильера  испан  тілінен  аударғанда  « тау  жотасы, тау  тізбегі »   деген   мағынаны  білдіреді. Себебі  Кордильера  бір − бірімен  жалғасқан  тау  жоталарының  бірнеше  қатар  тізбектерінен   тұрады. Мұндағы   үшкір  шыңдар    тізбегенен  тұратын  тау  жоталары  сьерралар  деп  аталады. « Сьерралар »  испан  тілінен  аударғанда  « ара »  деген  мағынаны  білдіреді. Шындығында  да  Сьерра − Невада, Сьерра − Мадре  жоталарындағы   қатар  тізіле  орнласқан   шыңдар   ара  тістеріне  ұқсайды. Кейбір   тау  тізбектерінің   барлығын   өте  көлемді, кең  алапты  қамтитын  көтеріңкі  жазықтар  мен   үстірттер  алып  жатыр.

       Бұл  таулар  асқақтығымен, шетсіз − шексіз  алаптығымен, табиғатының  көз  жауын    алатын  әдемілігімен  таңғалдырады. Өте  терең  тау  аралық  ойыстар  мен  каньондар   асқар   шыңдар, алып  жанартаулармен   қатар  кездеседі. Кордильераның  ішкі  бөліктерінде  жанартаулар   атқылауынан  

Йеллоустоун    үстірті  орналасқан. Мұнда   3000 − нан  астам   гейзерлер  мен  ыстық   бұлақтар  бар.

       Кордильераның  биік  бөлігі   оның  солтүстігінде  орналасқан, мұнда  тауларды  қалың   мұз   басып   жатыр. Мұздықтардың  кейбіреулері   тау  етектеріне  дейін   төмендеп,  теңіз   жағалауына  тіреледі.

       Кордильера   екі  литосфералық  тақтаның  түйіскен  жеріне  түзілген  тау  жүйесі  болғандықтан  жер  қвртысында  көптеген   жарықтар   пайда  болған. Олардың  бойында  сөнбеген  жанартаулар  тізбегі  орналасып, күшті  жер  сілкінулер  байқалады. Бұл  апатты   оқиғалар  адамдар  өміріне  қауіп   төндіріп   көп  қайғы − қасірет   әкелед. Мысалы, 1985  жылы  Мехико  қаласында  болған  жер  сілкінудің  нәтижесінде   төрт  мың  адам  қаза  тауып  он  үш  мыңнан  астам  адам  баспанасыз   қалды.

Пайдалы  қазбалары. Солтүстік   Америка  пайдалы  қазбаларға  бай. Материктің   солтүстігіндегі   жазықтарда  металдардың  кен  орындары   кең  таралған. Орталық   жазық  пен  Ұлы  жазықтың  шөгінді  жыныстарында  және 

Миссисипи  ойпатында  мұнай  мен  газ, тас  көмір  көп. Аппалач   пен   оның  тау  бөктерінде   темір  мен   таскөмірдің   бай  кен  орындары  бар. Кордильера   тау  жүйесінің  қойнауы   шөгінді  жолмен  қалыптасқан  мұнай, газ, таскөмңрмен  қатар, магмалық  жолмен  түзілген  түсті  метелдарға, алтын  мен  уранға  бай  болып  келеді. ХІХ  ғасырда   Кордильера  қойнауынын   өзендер  ағызып  әкелген  шөгінді  жыныстардан  алтынды   шайып   алу  кең  етек  алды. Мол  алтынға  кенеліп, тезірек  баюды  ойлаған   мыңдаған  адамдар  материктің  батысына  қарай  ағылды. 1849 жылы  алтын  іздеушілердің   осындай   бір  тобы  аптап   ыстық  пен  шөлге  шыдамай  қаза  болған. Кейіннен  « Өлім   аңғары »  деген  атаққа  ие  болды. Тарихта   бұл    кезең  

« алтын  безгек »   деп  аталды.

 

 

1.3 Солтүстік  Американың    климаты  және    ішкі  сулары.

 

       Солтүстік   Америка   солтүстік  жарты  шарда   Еуразиямен  қатар  орналасқандықтан, климаттық    жағдайлары  құсас   болып  келеді. Материк  солтүстік  жарты  шардағы   экваторлық  белдеуден  басқа  барлық  климаттық  белдеулерді   кесіп  өтеді.

       Материк   ауданының   Еуразияға  қарағанда    шағын  болуы; солтүстік  полюске  неғұрлым  жақын  орналасуы; оңтүстігіне  қарай  сүйірленуі; батысы  биік  таулы, ал  шығысының   аласа  болуы; ендік  бағыттағы  таулардың  болмауы − міне  осының   бәрі  климаттың  өзіндік   ерекшеліетерін  қалыптастырады.

       Материктің  солтүстігіндегі   мәңгі  мұз  құрсап, қар   жамылғысы  қалың  жататын  аудандарда   күн   сәулесінің  кері   шағылысуы   күшейеді. Сондықтан  ауа   температурасы  төмен  болады, осында   қалыптасқан  суық  ауа  массалары  еш  кедергісіз   ңтүстігіндегі  Мексика  шығанағына  дейін  өтіп  кетеді. Осының  нәтижесінде   субтропиктік  белдеуде  де  қар  жауады. Солтүстік   Американың  шығысындағы  Атлант  мұхитынан  келетін   жылы, ылғалды  ауа  массалары   Арктикадан   келетін    суық    ауа     массаларының  

әсерін  шектеп   отырады. Материктің батысында  орналасқан  Кордильераның   биік  жоталары  Тынық  мұхиттан   келетін    ауа  массаларының   құрлыққа  тереңдеп  енуіне  кедергі  келтіреді. Сондықтан  оңтүстікте   Мексика  шығанағы   үстінде  қалыптасатын   тропиктік  ауа  массалары   солтүстікке  қарай  емін − еркін  өте   алады.

Информация о работе Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы