Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқаруда кездесетін мәселелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 21:00, реферат

Краткое описание

Мақсатпен байланысты осы жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін көрсетуге болады:
мемлекеттік бюджетке түсінік беру;
мемлекеттік бюджеттің құрылысын, құрамын және құрылымын анықтау;
соңғы екі жылдағы ҚР-ның мемлекеттік бюджет кірістеріне талдау жасау;
салықтық, салықтық емес түсімдерді ажырату және ресми трансферттер, негізгі капиталдан түсетін түсімдерге анықтама беру;
мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастырудың қазіргі кездегі процесіне баға беріп, оны жетілдіру жолдарын көрсету.

Содержание

Кіріспе

I. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
1.2 Бюджет жүйесі және құрылымы
1.3 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Бюджеттегi салық түсiмдерiн талдау
2.2 Экономиканы мемлекеттiк реттеудегi бюджет жүйесінің алатын орны
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқаруда кездесетін мәселелер
3.2 Бюджет жүйесін басқаруды жетiлдiру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

бюджет реферат.doc

— 98.50 Кб (Скачать файл)

 

1.3 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы

 

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін  бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері  мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Кірістер мен шығыстардың  құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет пен салық  саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Дағдыдағыдай, кірістердің  көзі салықтар немесе оларға бара-бар  төлемдер болап табылады. Қазақстан  Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипатағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімн айқындалады.

Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден  тұрады:

  1. кірістер:
  • салықтық түсімдер;
  • салықтық емес түсімдер;
  • негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
  • ресми трансферттер түсімдері;
  1. шығындар;
  1. операциялық сальдо;
  2. таза бюджеттік несие беру:
  • бюджеттік несиелер;
  • бюджеттік несиелерді өтеу;
  1. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
  • қаржы активтерін сатып алу;
  • қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер;
  1. бюджет тапшылығы (профициті);
  1. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
  • қарыздар түсімі;
  • қарыздарды өтеу;
  • бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы /1/.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.

Бюджеттің кірістері  салықтық және басқа міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз  негізде берілетін, қайтарылатын сипатта  болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуі тиіс ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген  мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскілерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері .

Мақсатты трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты  болмайды.

Бюджеттің шығындары  – қайтарылмайтын негізде бөлінетін  бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң  мақсатты арналымы болады.

Бюджет шығындары мынадай  түрлерге бөлінеді:

  1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
  2. тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
  3. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру меқсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
  4. жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
  5. заңды тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтан негізде қаржыландыру;
  6. ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу.

Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.

Таза бюджеттік несие  беру бюджеттік несиелердің және бюджеттік несиелерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қаржы активтерімен жасалатын  операциялар:

  1. қаржы активтерін сатып алуды;
  2. мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.

Қаржы активтерін сатып  алу – заңды тұлғалардың, соның  ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер – мемлекеттік  меншіктегі заңды тұлғалардың, соның  ішінде халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ олардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік меншікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер.

 

Бюджет тапшылығы (профициті) таза бюджеттік несие беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар  бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы сальдоға тең. Теріс белгімен алынған  шама бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған  шама бюджет профициті болып табылады.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру – қарыз алу және бюджт қаражатының  бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі алынған  қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді. Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.

Бюджет профицитін падалану – қарыздар бойынша негізгі борышты  өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сай келеді . 

 

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен  және пайдаланумен байланысты болып  келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің  түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады.

 Түсімдер мен шығыстардың  құрамы мен құрылымы накты  әлеуметтік- экономикалық және тарихи  жағдайларда жүзеге асырылатын  мемлекеттің бюджеттік және салықтық  саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың колайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

 Бюджеттің құрылымы  бюджеттік сыныптама негізінде  құрылады және мынадай бөлімдерден тұрады:

кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды  сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері;

шығындар;

таза бюджеттік кредиттеу; бюджеттік кредиттер; бюджеттік  кредиттерді өтеу;

қаржылық активтермен  операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;

бюджет тапшылығы (профициті);

бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу; бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді  түзу осы көрсетілген құрылым  бойынша жүзеге асырылады. Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендігі республикалық  бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздық түсімдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры трансферттерінің түсімдерін есептемегенде, республикалық бюджеттік түсімдердің сомасына тең. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық максаттарда пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайлық емес түсімдерден тәуелділігін төмендету үшін экономиканың мұнайлық емес секторын нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері ұзақ мерзімді кезеңде кеміті- луге тиіс.

Кірістер, бюджеттік кредиттерді  өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсшдер болып табылады. Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.

Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.

Негізгі капиталды сатудан  түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге  бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік  материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін  жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.

Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалсіры - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.

Қарыздар - мемлекеттік  эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін  ақшалай түсімдер.

Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік  меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік  мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың  қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.

Бюджеттің шығындары  қайтарылмайтын негізде бөлінетін  бюджеттік қаражаттар. Шығындардың  катаң максатты арналымы болады.

Бюджеттік кредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде  бюджеттен бөлінетін ақшалар.

Қаржылық активтерді сатып алу - заңи тұлғалардың, соның  ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын мемлекеттік  меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар.

Қарыздарды өтеу - қазақстан  Республикасы ратификациялаған мемлекеттік  сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған  бюджеттік қаражаттар.

Таза бюджеттік кредиттеу  бюджеттік кредиттердің және бюджеттік  кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік  кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім  қабылдау рэсімдерін кіріктіретін үдеріс. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді - 1 жылға дейін, орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін, ұзак мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін.

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін басқаруда кездесетін мәселелер