Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 18:39, дипломная работа

Краткое описание

Осы қойған мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:
1.Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама беру;
2. Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;
3. «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатын қарастыру;
4. «Байсерке Агро» ЖШС-нің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталу;
5. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталына талдау жасау;
6. Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыруды зерттеу.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................-3
I тарау. Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері
1.1 Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама..-5
1.2 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру.....................................................-7
II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі
2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама............................-24
2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру ..........-26
III тарау. Меншікті капиталдың талдауы мен аудиті
3.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталын талдау..............................-53
3.2 Меншікті капиталдың аудитін ұйымдастыру.................................................-69

Қорытынды......................................................................................................-76

Вложенные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 508.50 Кб (Скачать файл)

        Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2410 шоты дебеттеліп, 5420 шоты кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалануына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда 5420 шоты дебеттеліп, 2420 шо- ты кредиттеледі.

        Негізгі құралдардың құнының өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізеді.

         Қайта бағаланған (дооценка) сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сай- ын көшірілуі қажет және осы есептің дұрыстығын тексеру үшін мынадай есеп- теулер жасалынады:

Кесте 1. Негізгі құралдарды қайта бағалау сомасын бөлінбеген табыстар шотына көшірілу есебінің дұрыстығын тексеру

                       Жазбалар мазмұны

Сомасы,тг.

1.

Кәсіпорын 1994 жылы жол тегістегіш машинасын сатып алды делік.Пайдалану  мерзімі 8жыл.

Амортизация нормасы 12,5%:

-машинаның бірінші қайта бағалануына дейінгі құны

-1-ші қайта бағалануына дейінгі  есептелінген тозу сомасы 

                     

 

 

    12000

   2000

2.

Қайта бағалау нәтижесінде (01,10,94ж.,01,07,97ж.) машинаның құны мен тозу сомасы төмендегідей болады:

-жол тегістегіш машинаның құны

-машинаның тозуына байланысты  есептелген сомасы

-машинаның қайта бағаланған  сомасы (236390-12000)

-машинаның қайта бағаланғаннан  кейін,қалыптасқан тозу сомасы (103539-2000=101539), енді осыдан машинаны пайдалану  кезінде есептелген тозу сомасын  шегереміз (64339)

-машинаның индексацияланған сомасы (224390-37200)

 

 

   236390

   103539

  224390

 

 

    37200

   187190

3.

Машинаны одан әрі қарай пайдалану  барысында,яғни 1997 жылдың 1 қаңтарынан 2002 жылдың маусымына дейінгі кезеңде  жыл сайын бөлінбеген табыстарға көшірілетін соманың деңгейі мынаған тең (187190теңге/4,5жыл)

 

 

  41597,78


 

        Сонымен, кестеде көрсетілген есептеулердің қайта бағаланған негізгі құралдың сомасы мына төмендегі шоттарда көрініс табады, яғни 3466,48 мың теңгесі 5420 шотының дебетінде және 5510 шотының кредитінде көрсетіледі.

        Қайта бағалаудың сомасы тек негізгі құралдардың объектісі есептен шыққан кезде ғана себебіне байланыссыз бөлінбеген табыстың сомасына көшіріледі.

        Инвестицияны қайта бағалаудың операциялары бойынша. Инвести- цияларды қайта бағалау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Инвестицияларды қосымша есептеу сомалары 5430-ші «Инвестицияларды қайта есептеуден алын- ған қосымша төленбеген капитал» шотының кредиті бойынша көрініс табады:

Кесте 2. 5430-ші «Инвестицияларды қайта есептеуден алынған қосымша төленбеген капитал» шотының кредиті бойынша жасалатын өткізбелер

Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын, және басқа да шаруашылық серіктестіктердің  жарлық капиталын қайта бағалаудан түскен инвестицияның сомасына

 

  2210

 

5430

Қаржылық инвестицияларын қайта  бағалаудан түскен сомаларына

  1150

5430

Есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бойынша қайта бағаланған сомасы:

  5430

5510

6210


       5430 шотының дебеті ұзақ мерзімді инвестицияның құнынның төмен- дегенін және олардың баланстық құнының азайғанын көрсетеді, ол кезде қайта баға- ланған сомасының чегінде мына шоттар корреспонденцияланады:

- ұзақ мерзімді инвестицияның төмендеген құнына 1150 шоты кредит- теліп, 5430 шоты дебеттеледі;

- инвестицияның баланстық  құнының азайған сомасына 2210 шоты кре- диттеліп, 5430 шоты дебеттеледі.

        Басқа да активтердің қайта бағалануымен байланысты операциялары. Активтердің басқа түрлерін (шикізаттарды,материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды,отынды,дайын өнімді,тауарларды және басқаларын) қайта бағалау операциялары үшін 5460–ші «Басқа да қосымша төленбеген капитал» шоты пайдаланылады. Шын мәнінде бұл шот инвестиция-неттосы бойынша бағамның есептен шығарылатын кезеңіне дейінгі айырмасын есепке алу үшін пайдаланылады. Егер де инвестиция-неттосы шет елдегі бөлім- шелерге берілсе, бағамдық айырманың жиынтық сомасы табыс ретінде 6250 шоттының кредиті бойынша көрініс табады, ал егер де ол шығыс ретінде танылса, онда ол 7430-шоттың дебеті бойынша көрініс табады.

        Егер де доллар бағамы теңгеге шаққанда азайса, онда оның бағамдық айырмасы қаржылық инвестицияның қысқарғаны ретінде бағаланады және ол 5460 «Басқа да қосымша төленбеген капитал» шотының дебеті бойынша көрі- ніс табады,ал егер де керісінше болса, онда 5460 шотының кредитінде көрсе- тіледі.

          Резервтік капиталдың есебі. Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді жабуға пайдаланылады. Резервтік капиталды құру және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

        Резервтік капиталдың есебі 5400-ші «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5410-шы «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 5460-шы «Басқа да резервтік капитал».

        Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктердің (ЖШС,АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шартта- рында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тір- кеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капи- талдың 15%-нен кем болмауы керек.

        Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кезде 5510 шоты де-беттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.

        Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410–ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:

        3030 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қар- жысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивиденттердің есебінен төленген кезде; 5510-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы(жабылмаған зиян)», 5520-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

       Басқа да резервтік капитал есебі, 5460-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөл- шерден тыс жасалған капиталдар есептелінеді.

       5460-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 5410-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Мұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.

Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі. Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» болып табылады. Ұйымдарда «бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян)» есебі бухгалтерлік есептің  Бас есеп-жоспарындағы 5500 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі.

       5510-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы»

       5520-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы»

       Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарас- тырып көрейік.

       Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға ар- налған 5510-шоты пайдаланады.

      Есеп берілетін жылдың соңында 5510-шотқа жыл ішінде есептелген та- быстың немесе зиянның сомасы жазылады. Бұл ретте шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалынады:

  • жыл ішінде алынған табыс сомасына

        5610-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты дебеттеліп, 5510-шы «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян сомасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады.

        Сонымен қоса, 5510-шоттың кредиті және 5410 шотының дебеті – есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын көрсетеді; 5510-шоттың кредиті және 5420, 5430, 5460 шоттарының дебеті – есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудың сомасын, қызмет ету барысында бұрындары таратылмаған табыстың сомасын және ұзақ мерзімді инвестицияның сомасын көрсетеді; 5510-шоттың кредиті және «Қайтарып алынған капитал» шотының дебеті - өз акцияларын қайтып сатып алған кезде, номиналдық құнынан төмен болған соманың айырмасы көрсе- тіледі.

        5510-шоттың дебеті бойынша мынандай шаруашылық операциялары көрініс табады: 

       5410-ші «Заңмен белгіленген резервтік капитал», 5460-ші «Басқа да резервтік капитал» шотының кредиті қолданылып жүрген заңдарға сәйкес құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік капиталға аударыл- ған сомасы; 3030-шы «Жай акциялар бойынша есеп айырысулар», 3030-шы «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысулар», 3390-шы «Басқа да кредиторлық қарыз және есептесулер» шоттарының кредиті – жай және артық- шылығы бар акциялар бойынша дивиденттерге, сондай-ақ шаруашылық серік- тестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге, есепті жылда жұмсалатын бөлін- беген табыстың сомасы; «Қайтарылып алынған капитал» шотының кредиті – акционерлерден өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) құнынан жоғары бағаға сатып алғаннан түскен айырма сомасы.

       Есепті жылдың бөлінбей қалған табысы (зияны) есептен былайша шығарылады:

  • бөлінбеген табыс сомасына: 5510-шот дебеттеледі, 5520-шот кредитте- леді;
  • бөлінбеген зиян сомасына: 5520-шот дебеттеледі, 5510-шот кредитте- леді. 

       Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін 5510-шы шот бойынша қалдық қалмауы керек, сондықтан ол міндетті түрде 5610 шотымен жабылады.

       Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) есеп берілетін жылдан бұрынғы жылдары пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян сомаларының қолда бары және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған, ол 5520-шотта жүргізіледі.

        5520-шоттың кредиті бойынша келесідей шаруашылық операциялары жүргізіледі:

     - өткен  жылдардың белгіленген тәртібінде  таратылмаған табыстың сомасы 5510-шоттың дебетінде; өткен жылдардағы өтелмеген зиянды өтеу үшін бағыт- талған резервтік капиталдың сомасы 5410, 5460-шоттарының дебетінде көрініс табады.

       5520-шоттың дебеті бойынша төмендегідей шаруашылық операциялары жүргізіледі:

      - өткен жылдардың  белгіленген тәртібінде жабылмаған (өтелмеген) зиян- ның сомасы 5510-шоттың кредитінде; шаруашылық серіктестіктерінің қатысу- шыларының табыстары мен жай және айрықша акциялар бойынша төленетін дивиденттердің есепті жылдағы алынған табыстың есебінен өтеуі 3030, 3390-шоттарының кредитінде; жарғылық капиталды толықтыру үшін өткен жылдар- да алынған табыстан аталған мақсатқа бағытталған сомасы 5020, 5010, 5030-шоттарының кредитінде көрініс табады.

        Жиынтық табыстың (зиянның) есебі. Есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын есепке алу үшін 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шотын пайдаланады. Егер де кәсіпорын табысты болса, онда шот пассивті, ал кәсіп- орынның келтірілген пайдасынан гөрі залалы көп болса, онда шот активті бо- луы мүмкін.

       Жыл ішіндегі әртүрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 6000-шы «Не- гізгі қызметтен түскен табыстар» бөлімшесінің 6010 шотында, 6200-шы «Негізгі емес қызметтен түскен табыс» бөлімшесінің 6210-6280 шоттарында, 7000-шы «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың,қызметтердің) өзіндік құны» бөлімшесінің шоттарында, оған 7010 шоты кіреді, сондай-ақ 7110, 7210, 7410, 7470, 7710, 7510, 7610 шоттарында жыл бойы жалпы алынған табыстан алына- тын шығыстар жинақталады.

        Жыл аяғында алынған табыстар сомасына шоттардың мынадай коррес- понденциясы жасалады:

        6000-шы «Негізгі қызметтен түскен табыстар» бөлімшесінің және 6200-шы «Негізгі емес қызметтен түскен табыстар» бөлімшесінің шоттары дебет- теледі, 5610-шы «Жиынтық табыс(зиян)» шоты кредиттеледі.

        Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан алынған та- быстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденциясы анықталады:

        7500-шы «Төтенше жағдайлардан түскен табыстар (зияндар)» бөлімшесі- нің 7510 шоты және 7600-шы «Басқа ұйымдарға үлестік қатынастан түскен табыстар(зиян)» шоттары дебеттеліп, 5610 «Жиынтық табыс(зиян)» шоты кре- диттеледі.

        Жыл аяғында 7000-бөлімшенің 7010-шы, 7110, 7310, 7410-7470-ші шоттарының кредитінен есептелінген шығыстар 5610-шы «Жиынтық табыс (зиян)» шотының дебетіне көшіріледі.

        6020-шы «Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сату кезінде бері- летін жеңілдік, сондай-ақ бағаны кеміту» бөлімшесінің шоттары бойынша та- быстар мен зияндар болулары мүмкін. Табыс сомаларын 6020-бөлімшенің 6020, 6030-шоттарының дебеті бойынша және 5610 шотының кредиті бойынша көрсетіледі; зиянды 6020-бөлімшенің 6020, 6030-шоттарының кредитінен 5610-шоттың дебетіне көшіріледі.

Информация о работе Ұйымның меншікті капиталының есебі, талдауы және аудиті