Аудиттің жекелеген қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 11:19, курсовая работа

Краткое описание

Рыноктық экономика экономикалық кадрларды даярлау жүйесіне жаңа талаптар қояды, талаптарды жоғарылатады. Мамандарды даярлау процесі рыноктың заңдары мен талаптарына сай келетін пәндер бойынша білімдерді игеруді талап етеді.
Әрбір ілімнің өзіне сәйкес пәні болады. Ол сол ілімнің басқа қалалардағы ілімнен айырмашылығын, оның өздеріне тән қасиеттерін, шектелуін анықтау үшін қажет.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І бөлім. Аудит және оның функциялары .........................................................5
1.1 Аудиттің пайда болуы ......................................................................................5
1.2 Аудиттің мәні, мақсаты және функциялары...................................................6
1.3 Аудиторлық қызмет құқықтық базасы............................................................9
1.4 Аудиттің стандарттары...................................................................................11
ІІ бөлім. Аудиттің жекелеген қызметтеріне сипаттама...............................15
2.1 Еңбекақыны есептеудегі аудиттің мақсаты мен міндеттері........................15
2.2 Аудиторлық тәуекелділік ..............................................................................18
2.3 Аудиторлық дәлелдеулер .............................................................................19
2.4 Есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері.......................22
2.5 Өндіріс кезеңінің аудиті..................................................................................23
2.6 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті..................................................................25
2.7 Міндеттемелер мен капиталдардың аудиті...................................................26
Қорытынды..........................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

аудит курсовая.doc

— 823.50 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

Кіріспе......................................................................................................................3

І бөлім. Аудит  және оның функциялары .........................................................5

1.1 Аудиттің пайда болуы  ......................................................................................5

1.2 Аудиттің мәні, мақсаты  және функциялары...................................................6

1.3 Аудиторлық қызмет құқықтық  базасы............................................................9

1.4 Аудиттің стандарттары...................................................................................11

ІІ бөлім. Аудиттің жекелеген қызметтеріне сипаттама...............................15

2.1 Еңбекақыны есептеудегі  аудиттің мақсаты мен міндеттері........................15

2.2 Аудиторлық тәуекелділік  ..............................................................................18

2.3 Аудиторлық дәлелдеулер   .............................................................................19

2.4 Есеп аудитінің ақпараттық  жүйесі, мақсаты және тәсілдері.......................22

2.5 Өндіріс кезеңінің аудиті..................................................................................23

2.6 Ұзақ мерзімді активтердің  аудиті..................................................................25

2.7 Міндеттемелер мен капиталдардың  аудиті...................................................26

Қорытынды..........................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................30

 

Кіріспе

 

Рыноктық экономика экономикалық кадрларды даярлау жүйесіне жаңа талаптар қояды, талаптарды жоғарылатады. Мамандарды даярлау процесі рыноктың заңдары мен талаптарына сай келетін пәндер бойынша білімдерді игеруді талап етеді.

Әрбір ілімнің  өзіне сәйкес пәні болады. Ол сол  ілімнің басқа қалалардағы ілімнен  айырмашылығын, оның өздеріне тән қасиеттерін, шектелуін анықтау үшін қажет.

Тану теориясына байланысты қандайда ілім болмасын, обьективті шындыққа негізделген. Егер, экономикалық теорияның пәні өндірістік қатнасқа, экономикалық заңдарға байланысты болса, аудит те, барлық экономикалық ілімдер  сйяқты, шаруашылық жүргізуші субьектілердің өндірістік қатнастарын дамыту процестеріне негізделген. Бірақта, олар сол процестердің белгілі жұмыстарының бір бөлімін ғана қарастырады.

Сонымен, аудиттің пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім  арқылы тәуелсіз эксперттік негізде  және бухгалтерлік (қаржылық) отчетты талдау т.б. шаруашылық жүргізуші субьектілердің орындаған жұмыстарының дұрыстығын анықтығын анықтай отырып , оған толық түрде обьективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған есеп саясатына, нормативтік актілеріне сәйестік беру.

Осы келтірген  аудит пәнінің анықтамасы бідің  ойымызша барлық талаптарға сай келеді деп ойлаймыз.

Арнайы әдебеттерде  т.б. ілімнің пәні мен обьектілері  бірдей деп немесе бір-біріне ұйқас  деп айтылады, бірақта бұл түсініктемелер бір-бірімен ұйқас болғанымен, олардың мағналарыәр түрлі болады. Сол себепті бұл мағналарды ажырата білген жөн. Обьекті дегеніміз, сол оқитын пәннің шындығы.

Мысалы, дәрігерлік ілімнің обьектісі-адам болып есептелінсе, экономикалық ілімнің обьектісі-мемлекет экономикасы, олардың салалары. Ал аудитің обьектісі белгілі бір шаруашылық жүргізуші субьектілер (кәсіпорындар, фирмалар, акционерлік қоғамдар,жеке кәсіпорындар, бірлескен кәсіпорындар, т.б.)

Аудит обьектілеріне  мыналар жарады. Шаруашылық жүргізуші  субьектілердің қарды жағдайлары, олардың өндірістік жұмыстары, шаруашылық жұмыстарының экомикасын дамыру жөнінде және тиімділігі жөнінде үсыныс беру.

Егер, аудит  обьектісі болып жоғарыда айтылғандар  болса, онда олардың міндеті болып  мыналар есептелінеді. Сенімділігі, нақтылығы, отчет көрсеткіштерінің ұқыпты түрде тексерілуі, олардың толықтығы, дұрыстығы. Осыған орай аудиттің міндеті –қаржы нәтижесі бойынша жасалынған отчетқа (есептілікке) аудиторлық қортынды беру, олардың бухгалтерлік есебі мен қаржы нәтижелері бойынша жасалынған көрсеткіштердің заңдарға, стандартқа, нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз экспертиза бойынша дәлелдеп көрсету және оның дұрыстығын анықтау.

Тақырыптың  өзектілігі. Бухгалтерлік есеп және аудит – жоғары оқу орындарындағы экономикалық мамандықтардағы студенттерге арналған негізгі курс болып табылады  және бұл жалпылама қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттары мен қаржылық есеп берудің негізінде экономикалық мамандықтағы студенттерге бухгалтерлік есеп негізінде білімін тереңдету үшін қажет.

Жоғары оқу орындарында білім ала отырып бухгалтерлік есеп және аудит негіздерін толық түсіну үшін студенттер жеке кәсіпорындардың және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының тәжірибелерін үйреніп, мемлекеттік тексеру, салықтық және аудиторлық ұйымдармен тығыз байланыста болуы қажет.

Курсты игеру  барысында бухгалтерлік есеп және аудиттегі  негізгі ұғымдар, жіктемелер, топтастырулар, объектілері, әдістері мен міндеттері қарастырылады.

Лекциялық курс бухгалтерлік есеп және аудиттің   машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Компьютер арқылы тапсырылатын тестілеу студенттерге өз білімдерін тексеруге  мүмкіншілік  береді және қосымша тренинг та болады.

Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі  және компьютерлік тестілер қазіргі экрономикалық білім беру талаптарына сай келеді.

Семинарды белсенді түрде өткізу тәжірибесі  теориялық  және практикалық материалдарды  тексеруге  үлкен мүмкіндіктер береді.

«Бухгалтерлік есеп және аудит»  пәні кәсіпорындарды  басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп пен аудиторлық тексерудің маңызы мен орнын оқып үйретуді қамтамасыз етеді.

Курстық жұмыстың пәні – есеп және аудит пәндері.

Курстық жұмыстың міндеті: аудиттің пәні мен міндеттемелеріне кешенді шолу жасау.

Курстық жұмыстың мақсаттары:

    • аудиторлық тексерудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын дұрыс анықтауды үйрету;
    • аудиттің мәні мен мазмұнын;
    • аудиторлық қызмет және оның объектілерін;
    • аудиторлық бақылаудың түрлері, әдістері мен тәсілдерін;
    • аудиторлар мен клиенттердің өзара жауапкершілігін ашып көрсету.

 Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

І бөлім. Аудит және оның функциялары

1.1 Аудиттің пайда болуы

 

Аудит термин осыдан екі мың жыл бұрын «аудио» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге  болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының  бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.

Бұл арада клинттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән  беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз растауы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет.

Бухгалтерлер  ассоциациясының зерттеуіне сәйкес аудитке қажеттілік мына негізгі  шарттарды тудырды:

- ақпарат жасаушылардың  және пайдаланушылардың мүдделерінің  қабыспауы, яғни сәйкеспеуі ақпараттың  объективті болмауына әкеп соқтыруы  мүмкін;

- объективті  емес ақпараттарға негізделген  шаруашылық шешімдерді қабылдау  жағымсыз экономикалық салдарды тудыруы ықтимал;

- алынған ақпараттың  шындыққа жанасымдылығын бағалау  немесе тексеру үшін фирманың  пайдаланушыларында жоқ арнайы  білім болуы қажет;

- компаниялардың  операциясы көп әрі күрделі  болуы мүмкін, пайдаланушылар ол  туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж.

Экономикалық  әдебиеттерде аудиттің түрлері мен  нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері  бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша  аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда  орнықты болады:

    • аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;
    • құқықтық негізінде: міндетті, бастамашыл инициативтік;
    • қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;
    • толықтығы: кешенді, тақырыптық, функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;
    • жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын;
    • аудит жүргізілетін субъектілермен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік;
    • тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық, қаржылық есептеме аудиті және талапқа сәйкестік аудиті.

 

 

1.2 Аудиттің мәні, мақсаты және функциялары

 

Негізгі есеп тұжырымдамасы  бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер  мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».

ҚР Аудиторлық қызмет туралы Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».

Классикалық ұғымда аудит- кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Аудит – бұл  біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілірдің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – белгіленген  талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

Бұл негізгі  мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды, салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық  жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерімен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міндеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісімшартпен толықтырылуы мүмкін.

Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.

Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат – осы  қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал  жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру  барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.

Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу  үшін нақты міндеттерді шешіп  алу қажет. Олардың ішінен ерекшклеп  мыналарды бөліп көрсету керек:

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оң-тайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Информация о работе Аудиттің жекелеген қызметтері