Аудиторлық тәуеклділік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 13:32, курсовая работа

Краткое описание

Қызмет жүзеге асыру барсында өзінің ресурстарының белгілі бір бөлігін жоғалтуын табысты толық көлемде алмауын және қосымша шығындарын көбейюін тәуекел дегенді түсініктемесін береді.
Курстық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім, тәуекелділік түсінігі және түрлері деп аталады. Бұл бөлімде тәуекелділіктің түсініктемесі мен мағынасын түсіндіреді. Сонымен қоса кәсіпорында пайда болатын тәуекелділіктерді анықтайды және түрлерін атап өтеді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3
І. Тәуекелділік түсінігі және оның түрлері...............................................4
1.1.Тәуекелділіктің түсінігі........................................................................4
1.2.Кәсіпкерлік тәуекелділік және оның түрлері....................................6
ІІ. Аудиторлық тәуекелдік және оның компанеттері............................9
2.1. Аудитортың мәні мен маңызы ...........................................................9
2.2. Бөлінбейтін және бақылау тәуекелдігі.............................................11
2.3. Айқындамау тәуекелділігі.................................................................14
ІІІ. Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділігі.......................17
3.1 Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділіктің өзара байланысы..................................................................................................17
3.2.Тәуекелділікті талдау және бағалау..................................................21
Қортынды...................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

Аудиторлық тәуекелділік.doc

— 198.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

Кіріспе

Қызмет жүзеге асыру барсында өзінің ресурстарының  белгілі бір бөлігін жоғалтуын  табысты толық көлемде алмауын  және қосымша шығындарын көбейюін тәуекел  дегенді түсініктемесін береді.

Курстық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім, тәуекелділік түсінігі және түрлері деп аталады. Бұл бөлімде тәуекелділіктің түсініктемесі мен мағынасын түсіндіреді. Сонымен қоса кәсіпорында пайда болатын тәуекелділіктерді анықтайды және түрлерін атап өтеді.

Екінші бөлім, аудитторлық тәуекелділік және оның компаненттері деп аталады. Бұл бөлімде аудиторлық тәуекел дегеніміз не, оның үш компаненттері (бөлімбейтін, бақылау және айқындамау тәуекелділіктері) туралы айтылады және оларды толық ашып түсіндіріледі.

Үшінші бөлім,  маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік және тәуекелділікті талдау мен бағалау деп аталады. Бұл бөлімде маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділіктің қаншалықты тығыз байланысы барын айтады және аудиторлық бағалаудың негізгі екі әдісін қолдануын, формуласын көрсетеді. Тәуекелділікті талдау жасалу әдістерін аталып бөлек талдаулары мен фомуласы көрсетіледі.

Ең соңында  қортынды жасалады.

Курстық жұмысының мақсаты – ұйымның қаржылық тұрақтылығын ескере отырып мүмкін болатын тәуекел аймағын анықтау және әдістерін қоланумен байланысты   барынша оны төмендету көздерін анықтау.

Тақырыптың  өзектілігі. Нарықтық қатынастар экономикасы жағдайында аудиторлық фирмалардағы аудиторлық тәуекелділік үлкен роль атқарады.

Курстық жұмысының міндетті. Бұл курстық жұмыс ХАС – 400 «Тәуекелділікті бағалау және ішкі бақылау» негізінде жүргізілуі тиіс.

І. Тәуекелділік түсінігі және оның түрлері

1.1. Тәуекелділіктің түсінігі

Тәуекел деп  белгілі бір тиімсіз жағдайдың  орын алу мүмкіндігін қарастырылады.

Қызметін жүзеге асыру барсында өзінің ресурстарының белгілі бір бөлігін жоғалтуын табысты толық көлемде алмауын және қосымша шығындарын көбейюін тәуекел деп түсінуге болады.

Тәуекел ықтималдылық категориялық болғандықтан белгілі  бір жоғалтулар деңгейінің мүмкіндігі ретінде анықталады.

Қажы есептемелердің аудитімен бірқатар тәуекелділік аспектілері  тікелей байланысты. Тәуекелділіктің  негізгі екі түрі болады:

  • Аудиторлық тәуекелділік
  • Кәсіпкерлік (бизнес) тәуекелділігі. 

Аудиторлық  тәуекелділіктің мағынасын былай түсінуге болады: аудитор қаржылық есептілік дұрыс жасалған деген қортындыға келеді, осының негізінде аудиторлық қортындыға пікір – ескертпе айналмайды, яғни пікірдің шынайлығына күмән келтірмейді, ал шындығына келгенде қаржылық есептіліктің елеулі ақаулы болады.

Кәсіпкерлік тәуекелділігінің мағынасы саяси: клиентке ұсынылған  аудиторлық қортынды әділ жасалса да, аудитор немесе аудиторлық фирма  клиентпен арадағы өзара қарымқатынасында сәтсіздікке ұрынады. Кәсіпкерлік  тәуекелділігін бағалаудағы басты  фактор аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін мұқият анықтау болып табылады.

Егер аудитор  өзі үшін аудиторлық тәуекелділіктің  кіші деңгейін анықтаса бұл оның қаржылық есеп беруде елеулі қателіктер жоқ  деген үлкен сенімділікке ұмтылатындығын көрсетеді. Нольдык тәуекелдік жүз пайыздық тәуекел абсолютті сенімсіздік обсолюттік сенімділікті білдірер еді. Тәуекелділік дәрежесі нолмен бірлік (0-ден 100-ға дейін) арасындағы дипазонда ауытқуы мүмкін, бірақ осы мәндер не жоғары не төмен болмайды. Қаржылық есеп беру дәлелділігінің толық кепілділігі (нольдік тәуекел) экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сонедықтан аудитор қателер мен қателіктер обсолютті түрде жоқ деген кепілдеме бере алмайды.

Аудитор клиент бизнесін зерттеп, қаржылық есеп беруді сыртқы пайдаланушылар сенімінің деңгейіне әсер ететін факторлардың әр қайсысының мәнін бағалап, аудит аяқталғаннан кейін клиенттің, бизнестегі қаржылық жеңісінің ықтималдылығын анықтауы керек. Осы факторлар негізінде, аудитор «қаржылық» есеп беруде аудитор аяқталғаннан кейін де елулі қателіктер сақталады деп отырып, тәуекелдік деңгейін субъективті түрде қоя алады. Тексеру порцесінде аудитор клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық тәуекелдік деңгейін бағалау жөніндегі ойын өзгерте алады.

Аудиттің мақсаты  кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы бақылау жүргізу. Сондай – ақ ұйымның қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:

  • Қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті мәлімет.
  • Ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет
  • Ұйымға берілген ресурстарымен байланысты міндеттерін бағалауға қажетті мәлімет
  • Басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет.

1.2. Кәсіпкерлік тәуекел және оның түрлері

Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік  істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік  болжамдылық жетістікке жетуге кедергі  болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы»  заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше  әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға  істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

Тәуекелдің  жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін.

Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

Өндірістік  тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.

Коммерциялық  тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық  тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.

Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық  тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды  серіктестіктерді неғұрлым көп тарту  үшін тәуекел талдау жасайды.

Тәуекелді талдаудың  схемасы:

  1. Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.
  2. Айқындалған факторларды талдау.
  3. Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:

а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.

  1. Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
  2. Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
  3. Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.

Екінші басты  мәселе тәуекелден келетін зияндар  түрлерін анықтау.

  1. Материалдық зиян – бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.
  2. Еңбек зияны – жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.
  3. Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т.б.
  4. Уақытты жою – бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.
  5. Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.
  6. Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы т.б.

ІІ. Аудиторлық тәуекел және оның компаненттері

2.1. Аудиттің мәні мен маңызы

Аудит туралы шыққан басылымдарда «аудит» - деген түсінікті  әр түрлі анықтамалар берілген. Әр бір автор өзінің анықтамасын  өз тарабынан анықтаған. К.Ш. Дүйсенбаев «Теория аудита» деген кітабында әр автордың 13 түрлі анықтамасын келтірілген. Біз соның төртеуін қарастырып талдайық.

Аудит дегеніміз  ол – кәсіпорынның табыстылық есебін тексеріп, онда көрсетілген шаруашылық табыстылық көрсеткіштерінің дұрыстығын анықтап, сонымен қатар бухгалтерлік есебін, қаржысын, салық заңдарын банк және әлуметтік есеп процесін келсім – шарт бойынша кәсіпкер ретінде тексеріп, арнайы төлем арқылы қызмет көрсету.

Аудит дегеніміз  ол – табыстылық есебін немесе соған  қатысты объектілер туралы мәліметтерді арнайы қортынды жасау үшін дербес тексеру жүргізу.

Аудит дегеніміз  ол – шаруашылық – табыстылық операцияларының  заңдылығын тексеріп, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің дұрыстығын анықтап, арнайы төлем арқылы бақылау, тексеру, түсініктеме беру, сараптау қызметін көрсету.

Аудит дегеніміз  ол – кәсіпорындардағы, мекемелердегі  бухгалтерлік есептің дұрыстығын анықтау  мақсатымен жүргізілетін тексеру.

Осы келтірілкен  анықтамалардың мазмұнын талдап қарастыратын болсақ әр түрлі мазмұнда құралғанын көрсетеміз. Бір автор қысқаша анықтама берсе, кейбіреуі өте күрделі анықтама береді. Соған қарамастан осы анықтамаларға бір ғана мақсат қойылады, ол аудиттің мағынасын, негізін анықтау. Солай бола тұрса да ешбір анықтамада аудиттің негізгі мақсаты ашылмай қалып отыр. Ол аудиторлық қортынды туралы. Себебі, қандай да бір аудиторлық тексеру болмасын оның негізгі мақсаты аудиторлық қортынды жасау.

Аудитор латынның «аудио» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық жұмыс барсында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылаушы – басқарушы тыңдаушы болған.

Аудиттің мақсаты  кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы бақылау жүргізу. Сондай – ақ ұйымның  қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:

  • Қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті мәлімет.
  • Ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет
  • Ұйымға берілген ресурстарымен байланысты міндеттерін бағалауға қажетті мәлімет
  • Басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет.

Информация о работе Аудиторлық тәуеклділік