Семей орманы Мемлекеттік орман табиғи резерваты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 13:59, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республика ауданы 2717,3 мың кв км2 алады. Оның ішінде, орманды жерлер 27 мың га алды. Оның 70% ШҚО-да орналасқан. Қазіргі уақытта Қ.Р флорасында ағаштың 68 түрі, бұталардың 266 түрі, жартылай бұталардың 433 түрі, бұталардың және жартылай шөптердің, шөптердің 2598 түрі бар. Республика ландшафтының басым бөлігін шөл, жартылай шөл, далалық аймақ алып жатыр. Орман алқабының % үлесін 7,9% қарағай, 5,7% самырсын, 2,3% балқарағай, 1,8%шырша, 52,2% сексеуіл, 8,7% қайың, 3,4% көк терек, 1,3% теректің барлық түрлері, 12,2% бұталы ағаштар, 2,3% шоқталдар, аз аудандарында алма, арша, ильма, шегіршін, балқарағай, шабдалы, бадам, миндаль, фисташка және т.б.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................2
Негізгі бөлім .........................................................................................................5
Қазақстанда кездесетін ағаш түрлері...............................................................5
Орман шаруашылығын басқару.......................................................................6
Шығыс Қазақстанда кездесетін ағаш түрлері..............................................10
2.4 Қазақстан орман қорының қысқарылуы.......................................................17
3 «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты.......................19
3.1 Орман қорының құрылымы.....................................................................19
3.2 Территорияда орманды өсіру және экологиялық шарттары................20
3.3 МОТР «Семей орманы» филиалдары жайлы мәліметтер....................21
4 Қортынды...................................................................................................27
5 Тұжырымдама және ұсыныс.....................................................................28
6 Қолданылған әдебиеттер...........................................................................29
7 Қосымша.....................................................................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

Шығыс Қазақстанда кездесетін ағаш түрлері.doc

— 306.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар

Кіріспе....................................................................................................................2

Негізгі бөлім .........................................................................................................5  

 Қазақстанда кездесетін ағаш түрлері...............................................................5

 Орман шаруашылығын басқару.......................................................................6

  Шығыс Қазақстанда кездесетін ағаш түрлері..............................................10

2.4  Қазақстан орман қорының қысқарылуы.......................................................17

  3     «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты.......................19                                    

  3.1  Орман қорының құрылымы.....................................................................19

  3.2  Территорияда орманды өсіру және экологиялық шарттары................20

  3.3  МОТР «Семей орманы» филиалдары жайлы мәліметтер....................21

  4    Қортынды...................................................................................................27

  5    Тұжырымдама және ұсыныс.....................................................................28

  6   Қолданылған әдебиеттер...........................................................................29

  7    Қосымша.....................................................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              1 Кіріспе

Қазақстан Республика ауданы 2717,3 мың кв км2  алады. Оның ішінде, орманды жерлер 27 мың га алды. Оның 70% ШҚО-да орналасқан. Қазіргі уақытта Қ.Р флорасында ағаштың 68 түрі, бұталардың 266 түрі, жартылай бұталардың 433 түрі, бұталардың және жартылай шөптердің,  шөптердің 2598 түрі бар. Республика  ландшафтының басым бөлігін шөл, жартылай шөл, далалық аймақ алып жатыр. Орман алқабының % үлесін 7,9% қарағай, 5,7% самырсын, 2,3% балқарағай, 1,8%шырша, 52,2% сексеуіл, 8,7% қайың, 3,4% көк терек, 1,3% теректің барлық түрлері, 12,2% бұталы ағаштар, 2,3% шоқталдар, аз аудандарында алма, арша, ильма, шегіршін, балқарағай, шабдалы, бадам, миндаль, фисташка және т.б.

Тек  Қ.Р территориясында ғаламшардың басқа жерлерінде кездеспейтін ағаштардың және бұталар 115 түрі, М: астрагань (35 түрі), джузгунь (28 түрі), қырғыз қайыңы, түркістан және шренк раушан гүлі, вилова алмасы және т.б.

Қ.Р. орман шаруашылығының иелігінде ағаш қоры 292,42 млн м3 құрайды. Оның ішінде пісіп жетілген 141,94 млн м3 немесе 48,5% құрайды.орман сексеуілдер мен бұталардың есептеген аумағы 3,35%, ал оларсыз 1,2%. Қ.Р. орман бөлінуі солтүстік обл. Қайыңды, теректі, солтүстік батыс қарағайлы орман; Ертіс жағалауының бойы. Алтай, Жоңғар Алатауында, Тянь-Шань етегіндегі таулы ормандар, Сексеуілді ормандар Тугайные, Аңғарлы, Республиканың негізгі орман қоры солтүстік шығыста, оңтүстік – шығыста, Алтай, Тянь-шань тауында шоғырланған.

1. «Семей орманы», 2003 жылы ұйымдастырылған, жер көлемі 662,167 га, орналасқан жері: ШҚО-ың  Бесқарағай, Жарма, Бородулиха, Үржар, Аягөз, Тарбағатай ауданы, Семей қаласы.

2. «Ертіс орманы», 2003 жылы ұйымдастырылған, жер көлемі 277,961 га, орналасқан жері: Павлодар облысының Аққу, Шарбақты ауданы.

3.  «Ырғыз торғай», 2007  жылы ұйымдастырылған, жер көлемі 763549 га, орналасқан жері: Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы.

Орманның қалыпты жағдайын бұзатын себептер

Орманның қалыпты жағдайын бұзатын себептерді 3 топтық факторға бөлуге болады: 1. Абиотикалық, 2. Биотикалық, 3. Антропогендік                            1.Абиотикалық факторға климаттық және топырақ факторлар жатады. Олар экосистеманың бірнеше потологиялық құбылыстарын тудыру мүмкін. Жел – жел опырықты тутырады, қатты дауыл ағаштарды құлатады, қар – қар дауыл тудырып ағашты сындырады, құрғақ және жоғары темпиратура өртті тудырады, ол ағаш жәндіктер қантап, алқап жаппай қурап кетуі мүмкін. Топырақтың түрлі өзгерістері, батпақтану, грунттық судың лезде төменделуі орман экосистеманың қалыпты жағдайын бұзады.

2. Қылқан және жапырақ кеміргіш жәндіктер жапырақтың деформациясына әкеледі. Діңгек зиянкестері әлсіреген ағаштың және барлық алқаптың тіршілік жоюын жылдамдатады. Қабыққа орналасқан олар сүректі, шелқабықты зақымдайды және ағаш тіршілігінде терең өзгертулер туады.               Орман экосистемасын паразитті саңырауқұлақтар көп зиян келтіреді. Тамыр зиянкестері алқапты құртып, өсімділікті төмендетеді.

3. Антропогендік факторлар орманда көптеген потологиялық құбылыстар туғызады. Техниканың және халықтың өсуі, урбанизация – осының барлығы табиғат кешендерінде, оның ішінде орман экосистемасында жаңа кездейсоқ әрекеттерді туғызады.

Орман экосистемасына өндірістік қалдықтар, рекреациялық жүктеме, ағаш дайындаудың жаңа технологиялары, таудағы топырақ эрозиясы, ағаш кесетін шаралар зор әсерін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Курстық жобаны орындау мақсатым Республика деңгейінде орманмен қамтылған аймақтарға қысқаша сипаттама беру.Оның ішінде ММ МОТР «Семей орманын» қамтитын орман жерлері.

 

Тапсырма:

1 Қзақстанның орманында кездесетін ағаш түрлері.

2 ШҚО кездесетін ағаш түрлері.

3 Қарағайға сипаттама беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Негізгі бөлім

Қазақстанның ормандарында кездесетін ағаш түрлері.

2.1Кестеден көріп отырғанымыздай, 1995-2007 жылдар аралығында орташа жастағы екпелер ауданы 112.5 мың га (3.7%), толыса бастаған екпелер ауданы 50.7 мың га (2.8%), толысқан жэне қураған екпелер ауданы 835.1мың га (39.9%), екінші сыныптағы жас екпелер ауданы 249.9 мың га (34.0%) үлғайған, ал бірінші сыныптағы жас екпелердің ауданы, керісінше, 45.7 мың га (11.4%) қысқарған.

Қылқанды және жұмсақ жапырақтылар аудандарында орташа жастағы (сәйкесінше 16.6% және 14.8%), толысқан жэне қураған (сэйкесіише 17.4% және 13.6%>), қатты жапырақтыларда орташа жастағы (1.7%) жэне екінші сыныптағы жас екпелер (2.6%), сексеуілдерде орташа жастағы (66.7%), толыса бастаған (71.6%), толысқан және қураған (68.7%) екпелердің үлестері басым келеді және 1993 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер байқалмаған

1- кесте. 

Республика деңгейінде жас топтары бойынша орманмен қамтылған ауданды бөлу (қала және аудан әкімшілігінің ормандарын қоспағанда)

(алымы - аудан, мың га, бөлімі - %)

Ағаш түрлері

 

 

Жас топтары

Барлығы

 

 

Жас екпелер

Орташа жастағы екпелер

 

Толыса бастаған екпелер

 

Толысқан

және қураған екпелер

 

1 сынып

2 сынып

1993 жыл

Қылқанды жапырақтылар

160.0

271.4

493.5

311.2

506.4

1742.5

Жүмсақ жапырақтылар

128.2

104.9

582.2

271.9

236.8

1324.0

Қатты жапырақтылар

12.4

24.3

51.5

3.9

3.1

95.2

Сексеуілдер

95.3

335.0

1786.3

1366.4

1411.7

4994.7

Барлығы

395.9 4.8

735.6 9.0

2913.5

35.7

1953.4 23.9

2158.0 26.4

8156.4 100

2007 жыл

 

Қылқанды жапырақтылар

128.1

229.3

504.7

284.8

503.9

1650.8

Жұмсақ жапырақтылар

96.3

151.1

448.6

282.2

394.4

1372.7

Қатты

жапырақтылар

13.5

25.9

53.3

4.0

3.6

100.3

Сексеуілдер

107.7

579.2

2022.7

1443.1

1984.2

6136.9

Барлығы

345.6

3.7

985.5 10.6

3029.3

32.7

2014.1 21.7

2886.2 31.2

9260.7 100

2003 жылды 1993 жылға пайызбен шаққанда, %

87.3

134.0

104.0

103.1

133.7

113.5


 

Республика деңгейінде жас топтары бойынша орманмен қамтылған ауданды бөлу қала және аудан әкімшілігінің ормандарын қоспағанда. Ағаш түрлеріне байланыты топтарға  бөліп жас екпелер 1 - 2 сыныпқа бөлді. Орташа жастағы екпелер Толыса бастаған екпелер Толысқан және қураған екпелер болып  бөлінген соларды соңғы   2007 жылғы көрсеткіштері мыналар: қылқанды жапырақтылар 1650.8, Жұмсақ жапырақтылар1372.7, Қатты жапырақтылар100.3 , Барлығы 9260.7 100, Сексеуілдер 6136.9 аудан, мың га алып жатыр.

2.2 Қазіргі кездегі орман шаруашылығы мекемелерін басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері.

Орман шаруашылығы – орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды ұдайы өндіру және орман өсіру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шаралармен қатар, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы. Оның басты міндеті – сирек өндіру. Ол көптеген орман шаруашылықтарын және басқа да орман шаруашылығы мекемелерін біріктіреді. Бұл мекемелердің табысты іс-әрекет етуі орман шаруашылығын басқарудың ұйымдастырушылық деңгейімен анықталады.

Қазақстанның ормандары ел экономикасын дамытуда, қоршаған ортаны қорғауда, халықтың әл-ауқатын жақсартуда үлкен рөл атқарады. Сондықтан орман байлығын ұтымды пайдалану, сақтау және көбейту мемлекеттің негізгі орман саясаты, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық стратегиясының басымды міндеті болып табылады.

Басқару – бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету және еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің және қызметтің сапасын жоғарылату мақсатында өндіріс процесін сапалы түрде реттеу. Орман шаруашылығын басқару ғылымының мазмұны 1-суретте келтірілген. Орман шаруашылығын басқарудың мақсаты халық шаруашылығының және халықтың ағаш және орманның басқа да өнімдіріне қажеттілігін қамтамасыз ету, орман ресурстарын ұтымды пайдалану және ұдайы өндіру, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әралуандығын сақтау негізінде ормандардың пайдалы табиғи функцияларын сақтау және күшейту.

Басқару жүйесінің тиімділігі ұйымдастыру деңгейімен анықталады және ол келесідей негізгі элементтерді үйлестіруді қажет етеді: басқару техникасын, ақпарат пен кадрларды элемент бойынша бөлу; басқару шешімдерін негіздеу мен жүзеге асыруды процестік бөлу; функционалдық иерархиялық еңбек бөлінісін құрылымдық бөлу. Ормандарды мемлекеттік басқарудың функциялары: барлық орман иеленушілері үшін міндетті ережелерді жасау; ережелердің орындалуын қадағалау; ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін процедураларды жасау. Орман қорына мемлекеттік меншік кезінде орман шаруашылығын жүргізу бойынша органдар құрылады. Мұндай ұйымдастыру орман иесіне көптеген құқықтар береді

 

 

 

 

 

 

 

Орман шаруашылығын басқару ғылымының мазмұны

Басқару механизмі дегеніміз басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарының, функцияларының, қағидалары мен әдістерінің, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және құқықтық нормаларының жиынтығы, бұлар кешенді түрде саланың тұрақты қызмет етуін және дамуын қамтамасыз етеді. Басқару механизмін анықтауда басқарушылық әсердің мақсаттарын көрсету маңызды. Себебі, басқару механизмі мекеменің нақты мақсаттарына қол жеткізуді білдіреді. Өндірісті жоспарлау және экономикалық ынталандыру әдістерінің жиынтығын басқарудың экономикалық механизмі деп те атайды, ол шаруашылық жүргізу процесінде басқару инструментариі ретінде қолданылады. Өндірісті жоспарлау, оны экономикалық ынталандыру және басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы – бұл шаруашылық механизмнің элементтері. Олар мазмұны мен міндеттері жағынан ерекшеленеді.

«Орман басқару», «Орман шаруашылығын басқару» және «Ормандарды басқару» түсініктерін анықтауда теориялық-әдістемелік көзқарастарды талдау орман басқару жүйесінің тұжырымдық үлгісін құруға мүмкіндік береді (1-сурет). Орман басқару жүйесінің құрылымы ормандарды мемлекеттік басқарудан, орман қоры меншігін басқарудан және экономикалық қызмет түрі ретінде орман шаруашылығын басқарудан тұрады. Орман басқару жүйесінде байланыстар ретінде қарастырылған орман қатынастары келесілермен анықталады: орман қорына меншік нысандары; орман қорын пайдалану, күзету, қорғау және ормандарды ұдайы өндіру саласындағы өкілеттіктерді басқару деңгейі бойынша бөлу; орман ресурстарын пайдалану құқықтары; орман ресурстарының ұдайы өндірісін экономикалық ұйымдастыру; қаржыларды ұйымдастыру (орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер, қаржылық ағымдар).

Ормандарды мемлекеттік басқарудың функциялары: барлық орман иеленушілері үшін міндетті ережелерді жасау; ережелердің орындалуын қадағалау; ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін процедураларды жасау. Орман қорына мемлекеттік меншік кезінде орман шаруашылығын жүргізу бойынша органдар құрылады. Мұндай ұйымдастыру орман иесіне көптеген құқықтар береді. Орман шаруашылығын жүргізу: орманды пайдалану және ұдайы өндіру саласында отандық және шетел тәжірибелері көрсеткендей, мемлекеттік емес (жеке) ұйымдарға жалға беру, мердігерлік құқықтарында берілуі мүмкін. Мұндай ұйымның құқықтары мен міндеттері шартпен анықталады, ал билік-бағыну қатынастары көлденең шарттық қатынастарымен алмастырылады.

Орман қорын пайдалану, күзету, сақтау және орман ресурстарын ұдайы өндіру саласындағы мемлекеттік басқару деп жеке адамдардың, ұйымдардың қоршаған табиғи ортаны сақтаумен тығыз байланыста жүретін мүдделері мен қажеттіліктері жүзеге асырылатын орман қорын пайдалану, сақтау, күзетумен және ормандарды ұдайы өндірумен байланысты қызметіне мемлекеттік институттардың мақсатты бағытталған әсерін түсінеміз. Мемлекеттік орман басқаруды жүйе ретінде зерттеу қызметі ортақ мақсаттарға жетуге бағытталған оның құрылымдық элементтерін біртұтас жүйеге біріктіретін мақсатты анықтап, жүйені ресурстық қамтамасыз етуді жорамалдайды

Информация о работе Семей орманы Мемлекеттік орман табиғи резерваты