Салауатты өмір салты. Әлеуметтік факторлардың ауруларға әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2014 в 06:25, лекция

Краткое описание

Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.

Вложенные файлы: 1 файл

айка.docx

— 34.76 Кб (Скачать файл)

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Салауатты өмір салты. Әлеуметтік факторлардың ауруларға әсері

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Абилова А.И

3003-топ

Тексерген:  Абжан Е.А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2014

      Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.

     Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметгік биологиялык мәні арасындағы қарама — қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты — салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және ны-ғайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.

      Салауаттанудың рөлі — адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.

      Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден — дені сау адам, екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.

Салауаттанудың зерттеу пәні — адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, корғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті  —  денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді.

      Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлык кұрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды.

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.

      Денсаулық қатерінің негізгі  факторлары — қозғалыс күшінің кему саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз  тамақтану,   қоршаған  орта нысандарының барлығының көптеген уытты   заттармен   ластануы,    өндірісте және тұрмыста   күйзеліс   туғызатын   жағдайлар, зиянды   әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық,   нашақорлық, т.б.) кең   таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың  негізгі  бағытгары мыналар:

-  жеке және қоғамдық гигиена;

-  дене шынықтыру, гиподинамиямен  күрес;

-  организмді жаратылыс-табиғи  факторлармен — су, ауа, күн жарығымен  және т.б. шыңдау;

-  күн тәртібін тиімді  пайдалану;

-  дұрыс және уақтылы  тамақтану;

-  жұкпа аурулардың  алдын алу;

-  тән ауруларынан сақтандыру;

-  жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;

-  зиянды әдеттерден (темекі  тарту, алкоголь, есірткілік улы  заттарды)   сақтандыру;

-  жыныс гигиенасы;

-  психопрофилактика және психогигиена;

-  кикілжің және денсаулық;

-  экология және денсаулық.

Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты -балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.Бұдан мынандай міндеттер туындайды:

-    салауатты өмір  салтының әдістерін үйрету;

-  өз   денсаулығына   қоғамдық    игілік, қоғамның    рухани    құндылығы    ретінде жауапкершілікпен   қарауға  тәрбиелеу;

-    негізгі   гигиеналық  дағдыларға  төселдіру;

-  осы   заманғы   ауру   түрлерімен және оларды   алдын алу шараларымен таныстыру.

       Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлтгық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады.

Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды.

Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қалыптастыру

      Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және Т.С.С. бағытталған» делінген .

«Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз. Ата бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік –жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын .

    Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек, бір көрсеткіш - әскер қатарына шақырылған жастардың 50 % дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз. (5)

Бұл қауыпты жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтарды, дәрігерлерді, ғылымдарды шындап толғандыруда.

      Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің негізгі жолы салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау болып отыр. Бұл тұрғыда елбасы « Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында «Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда, ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз –азаматтарымызды салауатты өмір салтын әзірлеуден басталады» - деп атап көрсетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қуалаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты –салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді.

Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз салды.

      Салауатты өмір тіршілігі –денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.

     Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: аурып жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау ( оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс көптігі); көңіл күйдің жылдам ауытқуы, еңбек пен ретсіз демалыстың бұзылуы, ауаның, судың бұзылуы; дәрі-дәрмекті және тұрмыс

химиялық заттарын орынсыз пайдалану. Осы факторлардың ішінде бірінші қатарда қимыл-қозғалыстың аздығы.

      Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі – қимыл-қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа,су, тамақ қандай керек болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша, оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептейді. Табиғаттың өзі адамның қолында физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, ол – қимыл – қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, ықыласына, жігеріне, әркімнің өз басына, жауапкершілігіне тікелей байланысты. Адам ағзасы атадан атаға, бір адамның даму кезеңдеріне қимыл қозғалыстың әсерінен қалыптасады. Қимыл –қозғалыстың аздығы (гипокенезия) денсаулықты бұзатын себептердің бірі.

      Біздің зерттеуіміздің мақсаты: 1. Оқушы жастардың дене тәрбиесі сабағы мен салауатты өмір тіршілігіне әртүрлі көзқарастардың себебін; 2. Оқушы жастардың дене шынықтырумен шұғылдануына кедергі келтіретін факторларды нықтау.Арнайы сұрақтар тізіміне берілген жауаптар нәтижелері:

1. «Денсаулық дегеніміз  не?» - деген сұраққа дұрыс жауапты 65 % білімгерлер берді.

2. «Ішімдік пен есірткенің  денсаулыққа әсері» - деген сұраққа -70 % білімгерлер –ол «Денсаулықты  бұзады» - деп жауап берді. Ал, «Ішімдікке  қалай қарайсыз? –деген сұраққа»  «Аз мөлшерде ішемін» - деп 50%, «Ішпеймін» - деп 50% жауап берді. «Ішемін» деп  жауап бергендер оны оқта-текте, тиіп қашып ішетіндер. Салынып  ішетіндер қатарына жатпайды.

3.Гигиена және санитария  ережелерін сақтайсыз ба? - деген  сұраққа 70 % білімгерлер «сақтаймыз», 30 % -«анда санда, әр қалай»- деп  жауап берді.

4.«Салауатты өмір тіршілігі  туралы не айтасыз?» - деген сұраққа -75 % білімгерлер дұрыс жауап берді.

Екінші міндет –оқушы –жастардың дене тәрбиесі сабағына және салауатты өмір

салтына әртүрлі көзқарастардың себебі. Сұрақтар тізіміне жауап берген оқушыларды дене шынықтыру сабағына көзқарастарына байланысты үш топқа бөлдік: 1 топқа дене шынықтыру сабағына көзқарастары төмен, онымен шұғылдануды қаламайтындар жатты. Бұл топқа барлық сұраққа жауап бергендердің -36-41 % ; 2-топқа –бейтарап, жақсы да емес, жаман да емес, сабаққа көзқарастары әлі толық қалыптаспаған -45-57 % ; 3-топқа –көзқарастары дұрыс, сабаққа ынта қойып қатысатындар жатты, тек олардың саны 2,8-7 % дейін ғана болды.Сонымен, жіктеу нәтижесінде оқушылардың көпшілігінің дене тәрбиесі сабағына көзқарастары төмен, қалыптаспаған. Оның себептері:

1. Дене тәрбиесіне қызығушылықтың  жоқтығы -38 %;

2. Нашар материалды техникалық база -35 %;

3. Денсаулықтың төмен  деңгейі -28 %;

4.Сабақтың, сауықтыру іс-шаралардың  төмен деңгейде өтуі -47 %;

5. Әдістемелік, спорттық  әдебиеттердің жеткіліксіздігі -40 %;

6. Дене тәрбиесі жөніндегі теориялық білімінің жеткіліксіздігі -45 %.

Бұл деректерден оқушылардың дене тәрбиесі сабағына көзқарастары әлі төмен деңгейде екенін, оның себептері: оған қызығушылықтың жоқтығы, спорт жабдықтарының материалды –техникалық базаларының нашарлығы, сабақтың төмен деңгейде өтуі т.б. жатады. Сол себептен, біздің ойымызша, қоғамдық сауықтандыру бағдарламасында салауатты өмір салтын жасөспірімдердің арасында қалыптастыру мақсатында осы жайларға баса көңіл бөлу қажет.

« Дене тәрбиесімен шұғылдану сіздің денсаулығыңыздың, жалпы жағдайыңыздың, көңіл-күйіңіздің, жұмыс істеу қабілетіңіздің жақсаруына әсер ете ме?» - деген сұраққа жауап берген бітімгерлердің:

- 44 % - денсаулығымызды жақсартады;

- 50-54 % - жалпы жағдайымызды, көңіл күйімізді көтереді;

- 28 % - жұмыс істеу қабілетімізді жоғарлатады;

- 7 % - жауап бермеді.

«Дене жаттығуларымен аптасына неше рет шұғылданғыңыз келеді» - деген сұраққа

берілген жауаптар:

- 35 %- 1 рет

- 40 %- 2 рет

- 11 %- 3 рет

- 4,8 %- 4 рет

Бұл жауаптардың 40 % бітімгерлердің аптасына 2 рет міндетті түрде дене тәрбиесі

сабағымен шұғылдануды қалайды. Соған байланысты біз жалпы бітімгерлерге аптасына 4 сағат дене тәрбиесіне бөлу жөнінде ұсыныс жасаймыз.

Дене тәрбиесі мен шұғылдануға қай сағаттар ыңғайлы? –деген сұраққа, жауаптар:

- 26 % -8-10

- 11 % -10-12

- 12 % -12-14

- 31 % -14-16

- 9 % -16-18

- 12 % -18-20

- 8 % -20-22

Оқу ісін ұйымдастырушылардың пікірінше дене тәрбиесі сабағынан кейін

бітімгерлердің назарын келесі пәнге жұмылдыру өте ауыр, сұрақтар тізімінде дене тәрбиесі саған –бірінші сағаттарға (8-10) -26 %, ал ақырғы сағатқа (14-16) қоюды -31 % қалады.

Білімгерлер сұраққа берген жазбаша жауаптарында дене тәрбиесінің керектігін мойындайды: 49 % -ол денсаулыққа жақсы әсер етеді, 53 % - жалпы жағдайының жақсарғанын, 38 % - жұмыс істеу қабілеті жоғарлағанын, 51 % - оның денсаулыққа, жұмыс істеу қабілетіне, көңіл –күйіне жақсы әсер ететінін атап өтті.

Біздің зерттеуіміздің нәтижелері Тараз мемлекеттік педагогикалық институтінің бітімгерлерінің қимыл –қозғалыс деңгейі (қажетті физиологиялық деңгеймен салыстырғанда) -56-65 %, ал емтихан, демалыс кездерінде -39-46 % екенін көрсетті. Бұл деректер бітімгерлердің жыл бойы гипокинезия жағдайында болатындығын көрсетеді. Ол бітімгерлердің арасында ауру санын көбейтуге әсер ететін факторлардың бірі.

Салауатты өмір салтының білімгерлер арасында қалыптасуы, оларға дәрігерлік гигиеналық білім берудің деңгейіне байланысты, біздің институтта бұл мәселе әлі шешім тапқан жоқ. Гигиеналық тәрбие үзбей жүру керек, әсіресе биология циклінің пәндерінде және арнайы «валеология» пәнінің оқу бағдарламасына енуі керек.

      Денсаулық деген не? Денсаулық үғымына берілген анықтамалар өте көп. Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретіндс сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақ-тау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық дегеніміз — бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі».

    Академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардьщ барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды .

     И.И. Брехман денсаулықты «сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық үш бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті» ретінде анықтайды .  Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы — бұл «денсаулық дегеніміз — физиологиялық қасиеттерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық әлеуметтік әлуеттер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі».

Информация о работе Салауатты өмір салты. Әлеуметтік факторлардың ауруларға әсері