Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 18:23, реферат

Краткое описание

Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев (09.04.1953 ж., Бесарық ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы) — мемлекет және қоғам қайраткері, Шығыс Қазақстан облысының әкімі (2009 жылдан бастап).
Әкесі - Нәлібаев Мәшбек Сапарбайұлы, бригадир. Анасы - Нәлібаева Бибіш.
Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау экономикалық факультетін бітірген (1977), экономист.

Вложенные файлы: 1 файл

Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев.docx

— 28.43 Кб (Скачать файл)

Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев

Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев (09.04.1953 ж., Бесарық ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы) — мемлекет және қоғам қайраткері, Шығыс Қазақстан облысының әкімі (2009 жылдан бастап).

Әкесі - Нәлібаев Мәшбек Сапарбайұлы, бригадир. Анасы - Нәлібаева Бибіш.

Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау экономикалық факультетін бітірген (1977), экономист.

Экономика ғылымдарының докторы (1999). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Өндірістік-шаруашылық жүйедегі инвестициялық үдерістерді басқару». ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі (1996).

«Аймақтың өтпелі кезеңдегі экономикасы» (1995), «Арнаулы экономикалық аймақтар. Құру тәжірибесі» (1996), «ҚР Кеден кодексі» (2003) кітаптарының, ҚР Кеден кодексіне түсініктеменің (2005) авторы.

Қазақ, орыс, түрік және ағылшын (сөздіктің көмегімен) тілдерін біледі.

1969 жылдың тамыз айынан - Қызылорда  облысының Жаңақорған ауданындағы  «Задария» кеңшарынының №3 бөлімшесінде  жұмысшы, әрқилы қарапайым жүмыстарды атқарушы. 1971 жылдың мамырынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1977 жылдың тамыз-қыркүйек айларында - Мемеңбекжинақкассасының Қазақ республикалық басқармасында тексеруші. 1977 жылдың қазан айынан - ҚазКСР Қаржы министрлігінің Мәдениетті және денсаулық сақтауды қаржыландыру басқармасында экономист, 1978 жылдың қазан айынан - аға экономист, 1983 жылдың мамыр айынан -жетекші экономист, 1985 жылдың шілде айынан - бас экономист, 1986 жылдың наурыз айынан - бөлім бастығының орынбасары. 1988 жылдан - ҚазКСР Халыққа білім беру министрлігі жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы. 1990 жылдан - ҚР Білім министрінің орынбасары. 1994 жылдан - ҚР Президенті және ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Министрлер кабинетінің Істер басқармасы қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1995 жылдың наурыз айынан - ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының жетекшісі. 1995 жылдың қыркүйек айынан - Қызылорда облысының әкімі. 1999жылдан - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 2002 жылдан - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы. 2004 жылдан - қаржы вице-министрі - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы. 2006 жылдан - ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі. 2007 жылдан - ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2009 жылдан бері - Шығыс Қазақстан  облысының әкімі.

«Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен; «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы полковник.

Діни көзқарасы - ислам.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Б. Клинтон.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстандағы тұрақтылық және гүлденіп даму».

Хоббиі - үлкен теннис, футбол.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи жанр, шытырман оқиғалы әдебиет, детективтер.

Үйленген. Жұбайы - Сапарбаева Қалдығайша Зейноллақызы (1955 ж.т.). Қызы - Сапарбаева Ақбота Бердібекқызы (1978 ж.т.); ұлдары - Сапарбаев Бауыржан Бердібекұлы (1983-2002), Сапарбаев Жансұлтан Бердібекұлы (1991 ж.т.)

Лауазымдық міндеттері:

Облысқа жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдармен, ұйымдар және азаматтармен өзара қарым-қатынаста облыс мүддесін білдіреді.

Орталық атқарушы органдардың басшыларына орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін орындау бөлігіндегі қызметі жөнінде ұсыныс береді. Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін орындау бөлігіндегі жұмысында кемшіліктерді жоймаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметіне тиісті қорытынды ұсынады.

Қазақстан Республикасы Президентіне тиісті тұлғаларды мемлекеттік наградалармен наградтау, оларға құрметті және өзге де атақтарды беру туралы ұсыныстар енгізеді.

Облыстық мәслихатқа «Облыстың Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс енгізеді.

Мынадай лауазымды тұлғаларды: уәкілетті жоғары тұрған мемлекеттік органдардың келісімі бойынша облыс әкімінің орынбасарларын, қалалар мен аудандар әкімдерін, аппарат басшысы мен оның орынбасарларын және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, облыс бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Облыс әкімінің орынбасарларына, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне, аппарат басшысына, оның орынбасарларына және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді.

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктер мен әкімдер жұмысын үйлестіреді.

Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-әрекеттеседі.

Облыстық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сұлбасын енгізеді.

Ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамын облыстық мәслихатқа ұсынады.

Жұртшылық кеңесімен өзара іс-әрекеттестікте болады және оның қызметін үйлестіреді.

Төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады.

Облыстық прокуратурамен, облыстық сотпен, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ішкі істер, әділет, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) облыстық департаменттерімен, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық басқармасымен, облыс аумағында шоғырланған Қазақстан Республикасы Қарулы күштері құрамалары және бөлімшелерінің әскери басқару, ішкі әскер және шекара қызметі органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Мыналардың: облыстық бюджет комиссиясының, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның, мемлекеттік символдар жөніндегі комиссияның, Шығыс Қазақстан облысында Мемлекеттік және басқа да тілдерді одан әрі дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің, Шығыс Қазақстан облысын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады.

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлары кеңесіне басшылық етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Өскемен қаласы әкімдіктерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.

Өткен жылы облыстың өнеркәсіп саласында көптеген кәсіпорындардың сенімді әрі тұрақты жұмысы байқалады. Бес ай ішіндегі өндіріс көлемі 237 миллиард теңгеге дейін жетті, ал тауарлы өнім өндіру өсімінің қарқыны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 152 пайызға артқан. Табиғи көлем индексі болса 110,5 пайызды құрады.

 

Бердібек Сапарбаевтың  Өскеменді  көркейтуге  жасаған іс-шаралары:

Кеше өткен облыстық мәслихаттың кезекті жиырма екінші сессиясындағы есебінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бұл бізге кең тыныстауға мүмкіндік береді, бірақ... қол жеткен қарқынды жоғалтып алмас үшін арқаны кеңге жаюға болмайды.

 

Бердібек Сапарбаевтың депутаттар алдында жасаған өз баяндамасында облыстың бірінші жартыжылдықтағы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайында жан-жақты ақпарат берді.

Осы жылдың бірінші жартысында облыстың экономикасы біршама нығайып, өнеркәсіпте өсу үрдісі байқалды. Ал аймақтың жалпы ішкі өнім көлемі алты айда 519 миллиард теңгені құраған, бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 37 пайызға артық. Облыс Әкімінің айтуынша, ендігі басты мақсат – қазіргі қарқынды жоғалтпай, келешекте өндіріс көлемін 1 триллион теңгеге дейін ұлғайту.

Биыл өңірде индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберіндегі 28 жоба қолға алынды. Осы жобаларды жүзеге асыруға салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 360 миллиард теңгені құрап, қосымша алты мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Қаржыландыру көздері – даму институттары, несиелік ресурстар және кәсіпорындардың өз қаражаты. Аймақ басшысы өз сөзінде аталған бағыттағы 12 жобаның биылғы жылдың соңына дейін толық аяқталатынын жеткізді. Олардың ішінде Өскемен мыс балқыту зауыты, Өскемен титан-магний комбинатындағы титан құймаларын шығаратын зауыт, Жарма ауданындағы жаңа цемент зауыты және тағы да басқа бірқатар өндіріс орындары бар.

Мұнан бөлек, Елбасының «Жоғары технологиялар аймағын» құру жөніндегі тапсырмасы іске аса бастады. Инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатын көздейтін бұл жобаның аясында тау-кен және металлургия саласының қажеттілігі үшін тәжірибелік үлгілер мен технологияларды әзірлейтін металлургия орталығы және аймақтық конструкторлық бюро салынбақ.

«Десек те, қазір экономикадағы оң көрсеткіштерге тоқмейілсіп, арқаны кеңге жаятын кез емес», – деді облыс Әкімі. Аймақ басшылығын негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің жылдың алғашқы бес айында 34,6 миллиард теңгені құрап, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,4 пайызға төмен болуы алаңдатады. Бұл орайда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік әдісін қолдану жоспарлануда, мұндай қадамдар өңірге жаңа инвесторларды әкелуі тиіс. Қазірдің өзінде облысымыз ұсынып отырған бірқатар табысты жобаларға Ресей, Беларусь, Корея, Қытай және Италия елдерінің кәсіпкерлері қызығушылық танытып отыр.

 

Ал мемлекеттік бюджет қоржынын толтыру бойынша бүгінде еш кідіріс жоқ. Алты айдың қорытындысы бойынша облыс бюджеті өз кірістері бойынша 102,4 пайызға орындалды. Алдағы уақытта бюджетке қосымша тағы да 400 миллион теңге түседі деп күтілуде.

Бердібек Сапарбаевтың пікірі бойынша, қазіргі уақытта кәсіпорындар жұмысындағы, тауарлары мен қызметіндегі қазақстандық үлесті ұлғайту жұмыстарына жіті назар аудару қажет. Облыста шығарылатын өнімдердегі отындық үлестің көлемі 73 пайызды құрайды, міндет – жыл аяғына дейін қарқынды арттыра түсіп, бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін жеткізу.

– Бізге ең алдымен өз күшімізге арқа сүйеп, өз материалдарымызды қолдану қажет, сонымен қатар аймақ ішіндегі ынтымақтастықты да нығайтқан жөн, – деп атап өтті облыс Әкімі осы мәселе жөнінде.

Өзінің жартыжылдық есебі барысында Бердібек Сапарбаев өндірістік кәсіпорындардың, ауыл шаруашылық және қайта өңдеу кешендерінің, шағын және орта бизнес нысандарының тиімді жұмысы арқасында облысымыз тұрғындар алдындағы әлеуметтік міндеттерін толық орындап отырғанын атап өтті. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларына бөлінетін қаржы жылдан жылға өсіп келеді. Айталық, облыстық бюджет қаржысының жартысынан астамы, яғни, алпыс пайызы білім саласына бөлінеді. Нәтиже де жоқ емес, мәселен биыл облыстың мектеп бітірушілері Ұлттық бірыңғай тестілеуден республика бойынша үздік үштіктің қатарына еніп отыр, өткен жылы түлектеріміз 7-орыннан көрінген болатын.

Жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейтін «Жол картасы – 2010» бағдарламасы аясындағы жұмыстар қарқын алып келеді. Былтыр бұл бағдарламаға 19 миллиард теңге бөлініп, 990 жоба іске асырылса, биыл 10 миллиард 700 миллион теңге қарастырылып отыр. Осы қомақты қаржыға 579 нысанда жұмыс жүріп жатыр.

Бұдан кейін аймақ басшысы депутаттар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап қайтарды. Сұрақтар жол жөндеу, жолаушы көлігі қызметінің тарифі, облыс орталығының экологиясы, бюджет қаржысын тиімді игеру, спорттық ғимараттарды салу сияқты тақырыптарға қатысты болды.

Сессия барысында семейлік «Спартак» футбол командасын қаржыландыру мәселесі қызу талқыға түсті. Депутаттар облыстағы қос футбол команданың біріне, яғни «Восток» командасына бюджеттен тиісті қаражат бөлінетінін, ал «Спартак» болса «көк тиынсыз» отырғанын алға тартты. Алайда, бірінші лигада ойнайтын бұл екі команданың да көрсетіп отырған нәтижелері шамалас, ел чемпионатында «Восток» бірінші, «Спартак» төртінші орында келеді. 

Облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев бұл сауалға нақты жауап берді.

– Бұл командалар облыстық бюджеттен емес, қалалық бюджеттен қаржыландырылады. Сонымен қатар оларға демеушілер тарапынан да түрлі көмек көрсетіледі. Бірақ «Восток» та, «Спартак» та Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін ортақ, біз қос команданы да бөле-жарып қарамаймыз. Сондықтан облыстық бюджетті нақтылау барысында «Спартакқа» қажет қаражатты қарастырып көреміз, ол 50 миллион теңге шамасында болады, – деді аймақ басшысы.

Сессия жұмысында ішкі саясат басқармасының бастығы Әлмира Бақтиярованың ақпараттық қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру, өңір дамуының басым бағыттарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау жөніндегі жұмыс тәжірибелері туралы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Виталий Чернецкийдің орман шаруашылығы мекемелерінің биылғы өрт қауіптілігі маусымына дайындығы туралы баяндамасы, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Нұржан Түсіпованың атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. 2010 – 2012 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Елена Ясинская ақпарат берді.

Бердібек Сапарбаев туралы айтарымыз – ол жолын ашқан, жүзеге асырған Шығыс Қазақстан өңірінде ғана емес, еліміз көлемінде елең еткізген елеулі істер, ұлы, ұлан оқиғалар.

Мәселен, 2009 жылдың тамызында Өскемен төрінде – бұрынғы күн көсем орнында ұлы Абайдың биік зәулім, дара ескерткішінің тұғырға көтерілуі. Данышпан Абай – адамзаттың алыбы, алаштың жыр көсемі ғана емес, Күн көсемі. Ақыл­ман алыптың сол күні өз ұстазы, орыстың ұлттық ақыны Александр Пушкинді қағажу қалдырмай, ертіп әкеліп, қасына тұрғызуы да халықаралық деңгейдегі дара құбылысқа айналды.

Мәселен, «Туған жерге тағзым» атты тамаша шара. Мұның аясында түлектер, айталық, Жарма кентінің тумасы, Алматы қаласындағы «СМП – Алматы» ЖШС бас директоры Владимир Ахмадиевтің атамекенде шаруа қожалығын ашып, асыл тұқымды «Байыс» қойы мен жылқы түлігін өсіре бастауы, тағы екі ірі жобаны іске асырып, инвестиция көлемі 550 миллион теңгеге жеткізуі туған жерге тағзымның сүйсінерлік іс – жемісі емес пе? Бүгінде осы бір іс мың бір іске ұласып отыр.

Информация о работе Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев