Қорғаныс ғимараттары-панаханалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 20:20, реферат

Краткое описание

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат,әр түрлі төтенше жағдайлардан, сондай – ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі – адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар жүйесінде пайдалынылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Содержание

І.Кіріспе: Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қорғаныс ғимараттары-панаханалар
2. Қорғаныс ғимараттарының тұрғызылуының негізгі талаптары
3.Радиациядан қорғайтын орын
4. Жылдам тұрғызылатын панаханалар
5. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен құралдары
6. Жеке қорғаныс құралдары
ІІІ. Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Панахана — гулим.docx

— 95.16 Кб (Скачать файл)

5-ші ұяда – түссіз төрт қырлы 2 пеналда, әр қайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат тетракциклин гидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және қауіп төнгенде, жарақат және күйік алғанда пайдаланады. Алдымен 5 таблетканы су ішумен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5 таблетка қабылдайды. 
6-шы ұяда – ақ түсті төрт қырлы пеналда N2 радтоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді 10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді. 
7-ші ұяда – көгілдір түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын зат этаперазин 5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды.

Жеке химиялық пакет дененің ашық бөліктеріне және киімге түскен тамшы – сұйық улы заттарды залалсыздандыру үшін қолданады. 

Комплектегі бұранды қақпаға жеке дегазды ертіндісі бар флакон және 4 мақталы-дәкелі тампондар кіреді.

Тамшы сұйық улы заттар дененің ашық бөліктеріне және киімге түскенде тампондарды флакондағы сұйыққа малып, ластанған дене бөліктерін және киімді сүртеді. Егер жеке химиялық пакет болмаса, тампон ретінде кәдімгі мақта мендәкені қолдануға, ал дегазды ертіндіні қолдан дайындауға болады. Бірдей мөлшердегі 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 3% сілтіті натрий ертіндісінің қоспасын немесе 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 150 г. конторлық силикатты желімнің қоспасын қолдануға болады.

Жеке таңба пакетінің  ұзындығы 7 м., ені 10 см. дәке-бинттен  және ұзындығы 17,5 см, ені 32 см мақта-дәкелі жастықшалардан тұрады. Жастықшаның  біреуі дәке-бинттің басына қозғалмайтындай  етіп бекітілген, екіншісі қозғалмалы, оны бинттің бойымен қозғалтуға болады.

Зардап шеккендерге берілетін  көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде. 

Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:

1)көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;

2)жолдағы немесе апат  орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;

3)апат болған жердегі  баспаналардағы адамдарға көмекке  бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;

4)құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;

5)оларды шығару;

6)зардап шеккендерге дәрігерлік  көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;

7)халықты химиялық және  радиацияланған аудандардан, су  басқан аудандардан көшіру; 
8)адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;

9)территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы  химиялық улы заттардан, радиациядан  тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.

Қалпына келтіру жұмыстарына  төмендегі іс-әрекеттер жатады:

1)ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;

2)апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;

3)бұзылған газ, су құбырларын  және басқа да жүйелерді уақытында  іске қосу;

4)қираған үйлерді қалпына  келтіру немесе оларды жою жұмыстары;

5)көше бойында қауіпсіз  қозғалысты және құтқару жұмыстарын  қамтамасыз ету; 
6)құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Белгіленген жұмыстарға сәйкес зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық  жағдайды, қорғану құрылыстары мен  орындарының мән-жәйін, апат орнына барар жолдарды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Зақымданған орынға АҚ күштерін жіберіп, іс-шаралар жүргізіледі.

Адамдарды құтқару жұмыстарына  АҚ жүйесінің қызметкерлерімен бірге  кәсіпорындарда біріктірілген топтарды жұмылдырады. Сонымен қатар құтқару  және қалпына келтіру жұмысына арнайы техникаларды да пайдаланады. 

Жұмыс жүріп жатқан жерде  арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс.

Апаттың зардабын жою бағытында  жүргізілетін негізгі жұмыс –  ол адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болған жағдайда ол жерден көшіру болып табылады. Көшірілетін  адамдар қайда апаратылатындығы алдын ала белгілі болуы тиіс. 

 

Радиациялық барлау құралдарына  ДП-5В, ИМД-21 және т.б. жатады. 
Химиялық барлау құралдарына ВПХР, ПХР, ХУЗ, мөлшерін анықтау мүмкіншілігі бар индикаторлық түтікшелер, аспалы газталдағыштар (АГП-1), дозиметрлік бақылау құралдар ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24 және т.б. жатады. 
Сонымен қатар, жердегі, ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ, азық-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлері пайдаланады.

Құтқару жұмыстарын жүргізу  тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан  және нысанның радиация алу мен химикалық зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді. 
Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс. 

Қираған құрылыстар астынан  адам құтқару шараларымен әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл жұмысқа  басқа да барлық тұрғыңдарды қатыстыру  керек.

Жеке құрама панаханаларды  іздестіріп, қорғаныс құрылыстарында қамалып қалған адамдарымен байланыс құралдарымен тұрақты байланыс жасауға  тырысады, ол үшін желдеткіш саңылауларын, есік, ірге, су-жылу құбырларын тықылдатып пайдаланады. Ең алдымен желдеткіш  арналары немесе қабырғаларда тесік  жасап таза ауа жібереді. Панахананы ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар  пайдаланады: негізгі кіре-берісте  бұзылғанды тазалау, одан кейін есікті ашу немесе бұзып ашу, үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу, көршілес жатқан белмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу, бұзылыс үстіндегі  бегетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.

Армениядағы Ленинакан, Спитак қалаларындағы жер сілкініс зардабын жою кезінде адамдарды қирау  астынан шығару бойынша алынған  тәжрибесінен бұзылыстарды аршуға 16 тоннадан кем көтермейтін қуатты көтергіш крандар, үлкен экскаваторлар, жылжымалы  электрстанциялары мен прожекторлар түнгі жұмыстарында талап етіледі.  
Коммуналды-энергетикалық пен технологиялық жүйелерінде авария мен бұзылу зардабын жоюдағы негізгі амалы — қираған бөлімшелерді және ғимараттардағы электр мен газ және су жүйелерін ажырату болып табылады.


Информация о работе Қорғаныс ғимараттары-панаханалар