Тұрғындарды қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 19:02, реферат

Краткое описание

Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.

Вложенные файлы: 1 файл

тотенше жагдай.docx

— 35.91 Кб (Скачать файл)

    Тұрғындар қопарылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда үй-жайдан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз орынға барған жөн. Үйден шығарда пешті өшіріп, су мен газ бұрандаларын жауып, жарық пен басқа да электр қондырғыларын ажырату қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қар басу.

 

   Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.

    Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.

   Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері: жоғалған адам мен малды іздеу; запрдап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; жол бойындағы, үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау; жолда тұрып қалған көлікке көмектесу; коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды жою.

    Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.

    Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, ол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, двигательді радиатор жағынан қымтау керек. Машина капотын желге қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаған жөн. Машинаны қар басып қалу қаупі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бүлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.

    Машинадан шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (Бір ұшын автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптеп кездеседі.

    Жолдағы көкайғақ аса қауіпті, ал қилысы көп жерлерде автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын, әр түрлі заттардың құлауы және ұшуы өте қауіпті. Бұл жағдайларда ескі құрылыстардың маңынан, электр желілерінің және олардың діңгектерінің жанынан аулақ кеткен жөн. Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы қоршаулар, жолдағы ғимарат шетінен 15-20 метр қашықтықта жел соғатын жақтан қалқандар орнатылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сырғыма.

 

   Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстар және т.б.) болып табылады.

    Сырғанау кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылымдарының, магистральді құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап және құлауына, сондай-ақ адамдардың зақымданып және мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.

    Сырғымаға қалай дайындалу керек

    Сырғымалардың мүмкін болу жерлері мен мөлшермен шекарасы туралы ақпаратты зерделеңіз, сырғыманың пайда болу қаупі туралы хабарлау дабылын, сонымен қатар осы дабыл берілген кездегі іс-әрекет тәртібін есте сақтаңыз. Ғимараттардың есіктері мен терезелерінің ашылмай қалуы, сырғымақауіпті жартастар судың шығуы — бұл келе жатқан сырғыманың белгілері болып табылады. Жақындап келе жатқан сырғыма белгілері пайда болған кезде жақын маңдағы сырғыма станциясы бекетіне хабарлап, олардан ақпарат күтіңіз, ал өзіңіз ахуалға байланысты әрекет жасаңыз.

 Сырғыма кезінде қандай  әрекет жасау керек

 Сырғыманың пайда болу  қаупі туралы дабыл алған кезде  электрқұралдарын, газ аспаптары  мен су құбырлары желісін ажыратып, алдын ала әзірленген жоспар  бойынша дереу көшуге дайындалыңыз. Сырғыма станциясының анықтаған  сырғыманың ығысу жылдамдығына  байланысты, қауіпті есепке ала  отырып, әрекет етіңіз. Ығысудың  әлсіз жылдамдығында (айына метр) өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге қарай  әрекет етіңіз (құрылысты алдын  ала дайындаған орынға көшіріңіз,  жиһазды, заттарды тасыңыз және  т.б.). Сырғыма ығысуының жылдамдығы  тәулігіне 0,5 – 1,0 метрден көп  болса алдын ала өтелген жоспарға сәйкес көшіңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тау тастарының құлауы.

 

   Тау жыныстарының кристалдық торларының температуралык, өзгерістер әсерінен кеңеюі мен сырылуының түрліше болуы физикалық үгілуге негіз болады. Бұл өзгерістер жыл маусымдары айқын ажыратылатын аудандар мен климат континенттілігі жоғары болатын, әсіресе тәуліктік температура үлкен айырма- шылық жасайтын жерлерде каркынды жүреді. Мұндай аудандарда үгілу әсерінен киыртасты қорымдар түзіледі. Тау жыныстарындағы ұсақ. жарықшақтарға су кіріп, ол кеңейеді, түнге қарай мұз қатып, жарықтар одан әрі ұлғаяды. Мұндай құбылыс поляр маңы мен биік таулы жерлерге, сондай-ақ Сахара сияқты табиғаты «қатал» шөлдерге тән.

   Үгілген тау жыныстары салмағына қарай төмен сырғуы немесе тік беткейлерден етекке құлауы мүмкін. Олар кейде өздерімен бірге басқа да тау жыныстарын сырғытып, ілестіре кетеді. Етекке құлап түскенде тау жыныстары көбінесе өзара соқтығысып, сынып, ұсақталады. Неғүрлым майда бәлшектер желмен ұшырылып, шаң-тозаңға айналады. Түптеп келгенде, үгілудің барлың түрлері биік таулардың аласаруына, керісінше неғұрлым ойыс жатқан жерлерді толтыру арқылы жер бедерінің тегістелуіне себепші болады.

   Үгілу енімдері мен борпылдақ жыныстарды тасымалдау арқылы жер бедерін өзгертуде желдің маңызы зор. Жел әрекетінен қалыптасатын жер бедері пішіндерін золдық деп атайды. Әсіресе шөлдердегі құрғақ климат жағдайында жел әрекеті айқын көрінеді, мұнда құмды тебелер мен жалдар, толқын тәрізді эолдық пішіндер таралған. Теңіздер мен көлдердің жағалауларында да жел әрекетінен түзілген мұндай пішіндер жиі кездеседі.

    Үгілген тау жыныстарын тасымалдауда ағын су әрекетінің алатын орны ерекше. Жаңбыр кезінде су беткейлер аркылы ағып, бір арнаға тоғысады. Ол әрі карай жер бетін тілімдеп, жыралар, сайлар жасайды. Тіпті жазық жердегі өзендер де еңкіштігі төмен, ағыны баяу болғанына қарамастан, өзімен бірғе көптеген жыныстарды тасымалдайды. Ал тау өзендері ағыны қатты болғандықтан қүм, саз сияқты майда жыныстармен қатар, өте ірі тастарды да ағызып әкетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дауыл.

 

   Дауыл — жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.

    Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан бұзылуы әсер етеді.

    Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келітреді.

    Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тыйым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланылатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс. Дауыл өзінің алапат күшімен инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем әсер етпейді.

 Шаңдақ дауыл —  бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және  көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің  ауаға көтерілуі.Қазақстан аумағында шаңдақ дауыл — сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады.

Дауылдың жақындағаны  туралы хабар алған соң, мына іс-әрекетті жүзеге асыру қажет:

    Панахананы, жертөлені әзірлеу; есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу; саңылауларды бекіту; төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар заттарды шығару; даладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу; газды, электр жүйесін ажырату, суды жабу; пешті сөндіріп, қажет болса қорғаныс панаханаларына барып орналасу керек.

    Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну, ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын даярлау, панаханада радиоқабылдағышты тұрақты қосып қою керек. Ғимарат ішінде болған әйнек, шыны сынықтарынан және жарықшақтардан сақтанған жөн. Далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, жел өтінен сақтайтын жерлерді іздеу керек немесе жерге етпетінен жатады. Орманда қалғанда ең жақсысы ашық алаңға шыққан жөн, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электр беру желілерінің діңгектеріне жақындамаңыз. Дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығады. Шаңдақ дауыл жақындағанда үйде есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаған жөн. Үй хайуанаттарын қорға немесе ғимарат ішіне қамау керек.

   Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз, малды тасаға жасыру қажет. Жақын жерде сексеуіл, шеңгел тәрізді бұталы жерде малды ұстай тұрған жақсы.

    Егер дауыл кезінде елді мекеннен қашықта болсаңыз, көру қашықтығы азайып, адасып кету қауіпі туса, онда қозғалысты тоқтату қажет. Егер адассаңыз, жарақат алсаңыз, онда өз орныңызды білдіру мақсатында түтіні қатты шығатын матаны, бұтаны, көк шөпті жағып, дыбыс беріп, алыстан көрінетін ашық затты жерге іліп, қам жасағаныңыз жөн.

   

 

Қорытынды.

 

   Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Зілзала - бұл кенеттен пайда  болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды  үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.

   Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда  өтеді. Жер сілкінісі — бұл  жер қыртысында немесе мантияның  үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде  пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер  асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

   Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.

    Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.

   Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

   Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық — ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады.

   Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.

    Опырмалар Қазақстан барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады.

    Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.

   Дауыл — жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер.

 

1. Ж.Жатқанбаев. Экология  негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.

2. Оспанова. Экология негіздері.  Алматы: 2002ж.

3. «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» (оқулық) С. Арпабеков, Алматы, 2004ж 256 бет

4. «Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған» I-том.

5. «Табиғат қорғау», Е. Мамбетқазиев, Қ. Сибанбеков, Алматы, 1990ж 412 бет

 


Информация о работе Тұрғындарды қорғау