Жұқпалы аурулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 20:18, реферат

Краткое описание

Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).

Вложенные файлы: 1 файл

жұқпалы аурулар.docx

— 54.69 Кб (Скачать файл)

4.2. Мерез(сифилис)

Мерез(сифилис)- жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. Сифилисті микроорганизм – бозарған спирохета тудырады. 
Жұқтыру көзі – кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін. 
Ауру 4 кезеңге бөлінеді: 
1.Инкубациялық кезеңде белгісі болмайды. Бұл 20-40 күнге созылып және жыныс мүшелерінің кілегей қабығында қатты шанкрдың болуымен сипатталады. 
2.Сифилистің біріншілік кезеңі. Бұл 6-7 аптаға созылады, қатты шанкрдың шығуынан бастап, дененің барлық жері бөрткенге дейін. Қатты шанкр- инфекцияның енген жерінде пайда болған кішірек жара. Еркектерде қатты шанкр кейде жыныс мүшесінің басында байқалады.Ал,әйелдерде- жыныс еріндерінде, жатырдың мойнында 
Шанкр біреу болады, оның размері үлкен емес,ұсақ монета сияқты, дөңгелек, қатты-созылмалы,жалпақ табақша тәрізді және сұйық бөлініп тұрады. Әдетте ол аурусыз. Қатты шанкраның пайда болуынан бастап лимфатикалық түйіндері үлкейеді. 
3.Сифилистің екіншілік кезеңі. Бұл 3-4 жылға созылуы мүмкін. Дененің бар жерінің бөртуімен басталады. Бөртпесі кіші көлемді қызғылт дақ тәрізді болады. Бөртпе біраз апта болып,сосын белгілі бір уақытта жоқ болады. Бұл кезеңде ішкі мүшелер де зақымдала бастайды. Аурулардың бәрі инфекцияның көзі ретінде қауіпті. 
4.Сифилистің үшінші кезеңі. Бұл ішкі мүшелердің қатты бұзылуымен белгіленеді. Бұл жұққаннан кейінгі 3-4 жылдан кейін емделмесе, ұзаққа созылатын және өлімнің себебі болатын кезең. Сифилистің бұл кезеңінде адамның сырт пішіні бұзылып, мүгедек болады. Жүйке жүйесіазап шегіп,миында ісік тәрізді құрылымдар(гумма) пайда болып,лезде психикасы бұзылады. 
Сифилис-қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді.

4.3. ЖИТС (СПИД) 
Ешқандай жағдайда бұл ауруды асқындыруға болмайды, бұл өлімдей қауіпті. 
Жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы- ЖИТС- жыныстық жолмен контакт арқылы берілетін, адамның иммунды тапшылық вирусы тудыратын қауіпті инфекциялық ауру. Бұл ауру кезінде иммунологиялық реакцияларға жауапты моноциттер мен лимфоциттер вирусқа шабуыл жасап, азғаның иммунды жүйесін бұзады. Ауру нәтижесінде ағзаның әр бір инфекцияға және микроорганизмдерге қарсыласу қасиеті лезде төмендеп, ал мұндай қауіптілік қалыпты жағдайда кездеспейді. Ауру әдеттегі пайда болған инфекциядан немесе қатерлі ісіктен, әсіресе жиі қанның қатерлі ісіктерінен және лимфоидты тіндерде болатын-Капоши саркомасынан өледі. 
Жыныстық жолмен жұғудың басқа да жолдары бар: 
1. Адам иммунитет тапшылығын тудыратын вирусы бар аналардан құрсақтағы балаға жұғуы. 
2. АИТВ (ВИЧ)-пен зақымдалушының қанын біреуге қайта құю кезінде оның жұғу мүмкіншілігі өте жоғары болуы. 
3. Стерилизацияланбаған медициналық шприц инелерін наркомандар компаниясында қолдану арқылы. 
4. Гомосексуальді( бір жынысты) жыныстық қатынас арқылы. 
Теориялық жағынан сүйісу арқылы жұғуы мүмкін, бірақ бүкіл әлемде бірде-бір осындай жағдай тіркелмеген. АИТВ қол алысқанда, бір бөлмеде тұрғанда жөтелу және түшкіру арқылы, ыдыс-аяқ, киімдер, ішкі киімдер, бассеин суынан, моншадан, қолжуғыштан, дәретханадан, шаштараздан, маникюрден, массаждан, сондай-ақ шіркейлердің шағуынан берілмейді. Қазіргі кезде «қатерлі топтар» деген маңызды ұғым бар, олар қатерлі аурулардың жұғуына жағдайы бар адамдар. 
ВИЧ-пен (АИТС) зақымдалу үшін қауіпті топтар мыналар: 
1. Жыныс серіктерін жиі ауыстыратын еркектер. 
2. Еркектер мен гомосексуальисті еркектердің қатынаста болуы. 
3. Нашақорлардың топ ішінде вена арқылы қолданылуы. 
4. Жыныстық серіктері көп әйелдер немесе жезөкшелікпен айналысатындар. 
5. СПИД тараған жергілікті тұрғындармен жыныстық байланыста болатын адамдар. 
6. СПИД-қа қарсы зерттелмеген донорлардан көп қан құйылған гемофилиямен ауысатындар. 
7. ВИЧ-ті жұқтырған немесе СПИД-пен ауыратындармен жыныстық қатынастағы адамдар. 
8. ВИЧ немесе СПИД-пен ауыратын анадан туған балалар.

СПИД-тің байқалу әртүрлі  болуы мүмкін, сондықтан оның анықталуы  ерекше жауапкершілікті керек етеді. Сондай-ақ мынадай адамдарға көңіл  аудару керек: 
1. Ешқандай себепсіз температурасының ұзақ көтерілуі. 
2. Лимфатикалық түйіндердің үлкеюі. 
3. Жиі тұмау, бронхит және өкпе қабыну ауруларымен ауыратындар. 
4. Теріде түйінді өсінділер, терінің қалыңдауы. 
Қандай жағдайда да қатерлі топтардағы адамдарды ВИЧ- инфекциясының бар-жоғын және келісім арқылы анонимді тексеру керек. 
Осы уақытқа дейін СПИД-пен ВИЧ-қа қарсы дәрілер де, егуде жоқ. Барлық қолайлы құралдарды және әдістерді қолдану арқылы оның жұқпауына өзіңіз жағдай жасаңыз. 
Қазақстан Республикасында ВИЧ-пен 15-29 жастағы адамдар арасында ауру қаупі бар. Ауру жұқтырған адамдардың ішінен 68 %-ын осы аралықтағы жастар құрайды. Жас адамдар тәртіп ерекшелігі және оларда жыныс жолмен жұғатын СПИД туралы ақпараттың аздығынан, яғни бұл проблема толық шешілуден әлі алыс жатыр.

 

5. Жұқпалы аурулардың алдын алу (қырым қанды безгегі, сары ауру, туберкулез, қышыма)

Халық арасында «қырым қанды  безгегі» аталып кеткен конго-қырым  геморрагиялық қызбасы дерті  бойынша елімізде эпидемиологиялық ахуал алаң тудырып отырғаны белгілі. Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында Оңтүстік-Қазақстан облысында аталған  ауруға 8 адам шалдығып, екеуі көз  жұмды. Осыған орай, еліміздің өзге өңірлері аурудың алдын алуға шұғыл кірісті. Қанды безгек — екі толқынды қызбамен, жалпы уыттанумен және айқын білінетін тромбогемморрагиялық белгісімен, өлім-жітімінің жоғарылығымен сипатталатын жіті вирусты ауру. Ол ауру жұқтырған кенелер шаққанда, құрамында вирус бар материал теріге және сілемейлі мүшеге түскенде жұғады. Мал қырқу және оларды қолмен кенелерден тазарту кезінде кенелердегі жұқпаның терінің ашық бөліктеріне түсуі, сырқаттың қаны мен қанды шығындылары арқылы да жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, адам бұл ауруды сырқаттарды күту және оларға медициналық көмек көрсету немесе аталған вируспен зертханалық жағдайда жұмыс істеу барысында да жұқтырады. Қанды безгектің жұғу жолдары әртүрлі жүретін, кенет көтерілген қызу мен интоксикацияның үстіне барлық денеге тараған капилляротоксиноз бен геморрагиялық синдромның дамуымен сипатталады. 
Негізгі қоздырғыш тасымалдаушы — вирусты сақтайтын және вирустың көзі болып табылатын кенелердің белгілі бір түрлері. Ал, вирустың негізгі тіршілік ететін ортасы — биологиялық организм — кенелер, бүргелер және олардың табиғи демдеушілері, жабайы не үй жануарлары. Сондықтан да кенеге қарсы дезинсекциялық жұмыстардың көлемін анықтау және оны ұйымдастыру үшін тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдары кенелердің түрлік құрамын, таралуын, олардың санының мау-сымдық өсімін және вирустың табиғи резервуарларын зерделеуі керек. Табиғи ошақ аумағында шөл, шөлейт және жылы климатты далалық жерлерде зоологиялық-паразитотоло-гиялық тексеру жүргізілуі тиіс. 
ры ауру немесе вирусты гепатит –бауырдың кең тараған ауруларының бірі. Оcы сыртқы ортада тұрақты өмірге бейімділігі жоғары кішкентай (майда) тірі организм вирус тудырады. Ол аурудың қаны мен зәрінде болады. Вирус тұрмыстағы ластанған заттар, қол, су, тағам өнімдері арқылы айналадағыларға беріледі.

5.1. Сары ауру 
Санитариялық ережелерді сақтамай дайындаған тағам өнімдері, сондай-ақ вирусты гепатит ауру адамдар дайындап, таратқан тағамдар да осы ауруға ұшыратады. Сары ауру адам организмін бүтіндей зақымдайды. Бірақ өзгерістер бауырда өтеді. Алғашқы үш аптада аурудың ещқандай белгілері білінбейді. Мұны жасырын инкубациялық кезең деп атайды. Зақымданған адамның асқа тәбеті нашарлайды, ішінің оң жағы және төс етегі тұсы ауырады, ішектің бұзылғандығы байқалады. Дәл осы кезеңде дәрігерге қаралу өте маңызды, дәрігер зерттеу тәсілдерінің көмегімен диагнозды дұрыс қойып, ем береді және режим диета белгілейді, асқынудың алдын алады. Инкубациялық кезеңнен соң дененің сарғаюы басталады. Алайда аурудың сарғаймайтын формасы да кездеседі, аурудың мұндай түрі айналадағы адамдарға қауіпті. Егер ауырған адам дер кезінде емделмесе, үш аптадан соң дене сарғаюлары кетіп, денсаулығы қалыптасып кетеді. Құдықтарды таза ұстау қажет. Оларға жақын жерде кәріз жүйелері, қоқыс үйінділері, мал суаттары жақын болмауы қажет. Ауыз су құдығының түбі мен қабырғасын лайдан қоқыстардан тазалап, оқтын-оқтын хлорды әк тәрісімен зарарсыздандыру керек. Әрбір нысандарда дәретханалары мен қоқыс жәшіктері болуға тиісті. Вирусты гепатит тағам өнімдері арқылы да берілетін болғандықтан асқана, кафе, азық-түлік дүкендерінде санитария ережелері ұқыпты түрде орындалуы тиіс. Жеміс пен көкөністерді қайнаған су мен жуу керек. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде балалар санының артық болмауын және одарда тазалықтың сақталуын қадағалап отырған абзал. Балалар әрдайым медициналық тексеруден өтуі тиісті. Сапалы сумен, тамақпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етулері қажет. Ауру шыққан үйлерде, мектептерде, балабақшаларда, т.б. нысандарда қорытынды дизенфекция 3% хлорлы дәрімен міндетті түрде өткізілуі қажет. 35 күн бойына ауру мен қарым-қатынаста болған адамдарға медициналық бақылау орнатылады күдікті адамдар оқшаулануға тиісті. Оқушылар күн сайын өздерімен бірге қайнаған су құйылған құты алып жүрулері керек.

5.2. Туберкулез 
Туберкулез ауруы — асқынған кезде соңы адам өліміне дейін соқтыруы мүмкін күрделі жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның саласын фтизиатрия деп атайды. XIX ғасырдың соңында неміс дәрігері Г.Кох туберкулёзді тудыратын миробактерияны (туберкулёз таяқшасын) тапты. Осы кезге дейін инфекциялардың арасында адам өлімі туберкулезден асып түскені жоқ. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары болады. Бұл індетпен ауыратын адамдардың басым бөлігін абақтыны мекен етушілер, нашақорлар, үйсіз жүрген қаңғыбастар, жезөкшелер мен шеттен келген келімсектер құрайды. Алайда, соңғы кездері әлеуметтік жағдайы жақсы адамдардың арасында да туберкулезге шалдығушылар саны артуда. Жоғарыда аталған адамдардан кейін олармен жақын қатынаста болған адамдар — абақты қызметкерлері, дәрігерлер, әлеуметтік сауықтыру орталығындағы қызметкерлер және науқас адаммен бірге тұратын туған-туыстары.

Туберкулез таяқшалары бала кезден немесе жасөспірім кездерде пайда болады. Бірақ барлық адам ауыра қоймайды. Егер жақсы тамақтанып, жақсы күтініп және салауатты өмір салтын (ішімдік ішпей, темекі шекпей, спортпен айналысып) ұстанатын болса, онда адамның иммундық жүйесі туберкулездің тууына жол бермейді.

5.3. Қышыма

Қышыма — жұқпалы қышыма ауруы. Ол адамның денесіне қотыр жұқтыратын кененің түсуінен пайда болады. Жұқтыру көзі болып табылатын — адам. Кене басқа сау адамға «ауысу» үшін және ауру туғызу үшін міндетті түрде «тері теріге» байланыс болу қажет. Сондықтан басты қышыманың таралу ошағы тар жанұялық ортада, ерлі-зайыптылардың жақындасуларында, сонымен қатар жыныстық серіктес арасында қалыптасады.

Басқа қышыманың мүмкіншілік  жолының таралуы: төсек- орын арқылы, киім-кешек, сүлгі, жөкелер, қолғап бұл заттармен науқас қолданғасын, белгілі уақыттардан кейін өзінде өмір сүретін кенелерді сақтайды. Қайталама қолдануда, егер кәдімгі жуылуда өтпесе, таралу көзіне айналады.

Ұйымдастырылған балабақшаларда таралу көзі болып табылатын жазу құралдары, ойыншықтары, спорт бұйымдары  және т.б. Санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтамаған жағдайда ауруды қоғамдық моншалардан, душ қабылдайтын орындардан, жатақханалардан, қонақ үйлерден, жүргінші поездардан жұқтырып алуға болады.

Мұқият душ астында  жылы сумен сабынмен жуыну емделудің  басы болып табылады (міндетті түрде  қайнатылған жөкемен және жуылған сүлгіден кейін) және оның аяқталуынан кейін.

Ішкі киімді және төсек  орынды ауыстыру препаратты қолданғаннан кейін бірінші күні мен ем аяқталғаннан кейін жүргізілуі керек. Қышымаға қарсы препаратты барлық дене түбіне, беттің терісіне, бастың шашты бөлігіне жағылады және сүртіледі, ал 3 жасқа дейінгі балаларға жай ғана сүртіледі және бастың шашты бөлігіне және бетке жағылады, бірақ препарат көзге түспеуі керек.

Қышымаға қарсы препаратты жағу және сүрту кешкі мезгілде тампонды қолданбастан немесе сүртіндіні қолданбастан жағылады, кешкі қышыма кенесінің белсенділігіне байланысты.

Емделуден кейін терідегі қышуды сақтау қосымша спецификалық емді талап етеді және өлі кенелердің ағзадағы реакциясы және өмір сүру тағамдары болып табылады. Қышыма антигистаминдық препаратын тағайындауда және глкжокортикоидами майымен кетіріледі. 
Қышыманы жұқтырмауды қалай ескертуге болады?

Бөтен адамның киімдерін, қолғабын, аяқ-киімін, төсек-орындарын, сүлгілерін, жөкелерін қолданбаңыз, 
Кездейсоқ жыныстық байланысқа түспеңіз. 
Қоғамдық орындардан үйге оралғанда, көлікте жол жүргесін және т.б жағдайда міндетті түрде қолыңызды сабынмен жуыңыз. 
Жалаң аяқ душта, қонақүйде және басқа да жерлерде жүрмеңіз.

 

 

 

 

 

Қорытынды

Жер шарының барлық тұрғындарына ең қауіпті тілсіз жауларының бірі жұқпалы аурулар алғанына біраз  уақыт өтті. Жұқпалы аурулардың алдын алу басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Ядролық жарылыстардан қалыспайтын бұл індетке көз жұма қарауымызға болмайды. Көз жұмған болсақ салдары өте қиынға алып келіп соғуы мүмкін. XIX ғасырда тұмау ауруынан Еуропа халқы «Бірінші дүние жүзілік соғыстан» қаза тапқандардан да өлім саны көп болды. Ең алдымен әр адам өзінің жеке гигиенасын сақтап, кездейсоқ жыныстық қатынастарға бармай,  уақытылы егулер жасатуы қажет. Осының өзі жан амандығын сақтаудың кепілі болып саналады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

  1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. –Алматы, Ана тілі, 1993. ISBN 5-630-0283-X
  2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. 
  3. Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М,

 


Информация о работе Жұқпалы аурулар