Жер сілкінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 18:17, курсовая работа

Краткое описание

Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады.

Содержание

1. Жер сілкіну (анықтама)
2. Жер сілкіну түрлері
3. Жерсілкіну ұзақтығы
4. Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер
Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін жасалатын іс-әрекеттер
5. Қауіпсіз жерлер және қауіпті жерлер

Вложенные файлы: 1 файл

жер силкиниси.pptx

— 945.47 Кб (Скачать файл)

Талдықорған. І .Жансүгіров  атындағы  Жетісу мемлекеттік  университеті . 
Бастауыш оқытудың педагогикасы  мен әдістемесі.

 

Тақырыбы: Жер сілкінісі.

 

 

 

 

 

                                                                         Орындаған: Қарағай.А                                      

                                                

Тексерген :Кангалаков.М

 

 

Талдықорған 2013

Жоспар:

 

    • 1. Жер сілкіну (анықтама)
    • 2. Жер сілкіну түрлері
    • 3. Жерсілкіну ұзақтығы
    • 4. Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер
    • Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін жасалатын іс-әрекеттер
    • 5. Қауіпсіз жерлер және қауіпті жерлер

 

Жер сілкінісі

 

    • Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады.

 

Анықтама 

 

    • Жер сілкіну, жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала араб.: زلزال‎, ағылш. earthquake) — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

Жер сілкіну түрлері.

Жер сілкінудің пайда болу тегіне қарай  

 

    • Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.
    • Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.
    • Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
    • Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.

 

Сейсмикалық толқындар таралуына қарай  

 

    • Сейсмикалық толқындар қума, көлденең және беттік толқындар болып үшке бөлінеді.
    • Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады.
    • Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 – 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 – 4 км/с.
    • Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде – 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді.
    • Ал 1957 жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған.
    • Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнынгипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.

 

Жерсілкіну ұзақтығы  

 

    • Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 – 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген.

Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер  

 

    • Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңізбен  іс-қимылыңызға 5-10 сек. ғана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып- сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де , өзгелерді де  үрейлендірмеңіз.
    • Үйдің ішінде:  
      Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.

Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі іс-әрекеттер жасалынады:  

 

    • сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісінің болжамын республикалық денгейде дамыту;
    • сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу;
    • халықтың сейсмикалық білімін арттыру;
    • хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;
    • жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.

 

     
 
 
 
Қауіпсіз жерлер ж/е қауіпті жерлер  
 
 

 

    • Қауіпсіз жерлер
    • Үйде (ғимараттың ішінде)
    • 1)Босаға есік жақтауы
    • 2)Ішкі бұрыш
    • 3)Мықты қабырға
    • 4)Бел ағаш
    • 5) Парта,стол,кереует

 

    • қауіпті жерлер
    • 1)Терезе жақтағы бұрыш
    • 1)Биік ғимараттар
    • 2)Биік ағаштар
    • 3)Баспалдақ
    • 4)Лифт
    • 5)Жиһаздар
    • 6)Шам жағу қауіпті
    • 7) Соңғы қатардағы шеткі бөлмелер
    • Далада
    • 1)Биік ғимараттар
    • 2)Биік ағаштар
    • 3)Электр жүйелері
    • 4)Жер асты өткелі

 

 

 

  
 
 
 
 
 
 
Назар аударғандарыңызға рахмет.                                                                 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Информация о работе Жер сілкінісі