Жаппай зақымдау құралыдарының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 18:40, реферат

Краткое описание

1) Жаппай зақымдау құралдары туралы жалпы түсінік.
2) Биологиялық қару
3) Ядролық қару
4) Химиялық қару
5) Қолданылған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

СРС - Жаппай зақымдау құралыдарының түрлері.docx

— 18.49 Кб (Скачать файл)

                                        Жаппай зақымдау құралыдарының  түрлері                       

 

Жоспар:

1) Жаппай зақымдау құралдары туралы  жалпы түсінік.

2) Биологиялық қару

3) Ядролық қару

4) Химиялық қару

5) Қолданылған әдебиет

Адам баласы дүниеге келгеннен  бастап-ақ бірін-бірі немесе басқалай айтқанда өзін-өзі қырып жоюға ұмтылды, бәсекелсті, бірін-бірі аңдыды, соғысты. Бірақ соғыс қарсылас жақтардын күштері бірдей кезде тым ұзаққа созылып өте үлкен шығындарға әкеп соға бастады. Осындай жағдайдын көп болғандықтан - соғыс мәселесін аз уақыт ішінде (бір қолданыста) шешетін қаруды ойлап табуыға әкеп соқты. Бұл қару дами келе өзіне ие  болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында бұл қару түрлері міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп  Хиросима  мен  Нагасаки  жапон  қалаларын  жермен жексен қылған АҚШ-тың атом бомбасына жауап ретінде КСРО 1961-ші жылы біздін Семей қаламыздың полигонында сынақ өткізді. Оның соққыш ауа толқыны жер шарын 4 рет айналған, жарылыс мықтылығы тратил эквиволентінде 57 мегатонна  болған "ИВАН" атты атом бомбасы болды.

Адамдардың басым көпшілігі  ядролық (атом) бомбаларының барын   біледі,  олардың   жарылыс   салдары   туралы   да   естіген болатын.   Алайда,    ракеталық-ядролық   соғысынан    көтерілетін экологиялық   проблемаларды,   шығындардың  мөлшерін,  жалпы қирау көрінісін  нақтылы  мәнінде көз  алдына  елестете  алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек.

 

 

 

 

2) Биологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

1-дүниежүзілік  соғыста Германия жылқыға маңқа (сап) жұқтыратын биологиялық қару қолдануға тырысты. 1925 ж. Женева хаттамасында биологиялық қаруға тыйым салынғанына қарамастан, 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Жапония оны қолдануға дайындықтар жасағаны Нюрнберг (1946) және Хабаровск (1949) сот процестерінде анықталды. БҰҰ биологиялық қаруға тыйым салу жөнінде 1972 ж. Конвенция қабылдап, ол 1975 жылдан күшіне енді. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстандағы Ақмола облысы, Степногорск қаласысында биологиялық қару шығаратын “Биокомбинат” жұмыс істеді. Ал Арал теңізіндегі Возрождение аралында биологиялық қарулардың сынақ алаңы орналастырылды. Қазақстанның дербес мемлекетке айналуына байланысты 1992 ж. комбинат пен полигон жұмысы тоқтатылды. Бұрынғы “Биокомбинат” медициналық дәрі-дәрмектер шығаратын орталық (Биотехнологиялық ұлттық орталық) болып қайта құрылды.

Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен  жарақталған, жеткізу құралдары  бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау  материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.

Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді  биологиялық соғыс деп атайды

3) Ядролық қару - Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.

Ядролық қарудың өзінен, оны  жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық, атыс) сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

4) Химиялық  қару  — уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында тек ағылшын, француз және АҚШ армияларында ғана Химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын болды. 1925 жылы Женева хаттамасы бойынша Химиялық қаруды қолдануға тыйым салынып, оған бірнеше мемлекеттер қосылды. Бірақ кейбір мемлекеттер бұл хаттаманы бұзып (мыс, Италия Эфиопияға қарсы соғыста (1935 — 36), Химиялық қаруды қолданды. Тыйым салынғанына қарамастан 1- және 2-дүниежүзілік соғыс аралығында Химиялық қару көптеп шығарылды. 1943 жылға қарай фашістік Германия уландырғыш заттар әзірлейтін химиялық өнеркәсібінің қуатын жылына 180 мың тонна өнім шығаратындай дәрежеге жеткізді. Дегенмен, көп ұзамай Германия қарсыластарының да Химиялық қаруды қолданатынын ескеріп, бұдан бас тартты. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның трофейлік Химиялық қаруы (300 мың тоннаға жуық) теңізге батырылу арқылы жойылды. Соғыстан кейін көптеген елдер Химиялық қарудың жаңа неғұрлым апатты түрлерін шығарды. Химиялық қару, әсіресе, артиллерия, авиация саласында одан әрі өрістеді. Артиллерия Химиялық қаруға жаудың жердегі күштерін атқылауға арналған химиялық снарядтар, миналар; авиациялық Химиялық қаруға әр түрлі улы заттармен толтырылған бомбалар, т.б. құрал-жабдықтар жатады. Белгілі бір аймақты улау үшін арнаулы химиялық машиналар қолданылады. Химиялық қарудан қорғану үшін әскерлер мен тұрғын халық арнаулы дайындықтан өтуі тиіс. Париж конвенциясына (1993) сәйкес, Химиялық қару табиғат пен адамзатқа тигізетін аса ауыр зардабына байланысты жойылуға жатқызылған. Химиялық қаруды жою арнайы нысандарда жүзеге асырылады. 1993 жылы Ресейдің Химиялық қару қоры 40 мың тоннаны, ал АҚШ 29 мың тоннаны құрады.

 

Қолданылған әдебиет: Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі, Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001


Информация о работе Жаппай зақымдау құралыдарының түрлері