Дағдарысқа қарсы басқарудың мағынасы және міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2014 в 21:22, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген дағдарыс төнуі мүмкін. Бұл дағдарыс бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз
Қаржылық-экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіп кәсіпорындарға кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.

Содержание

Кіріспе
I. Дағдарысқа қарсы басқарудың қажеттілігі және мүмкіндігі
IІ. Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы менеджмент
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Банкрот 6.docx

— 85.97 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

СОӨЖ

Тақырыбы: Дағдарысқа қарсы басқарудың мағынасы және міндеттері

 

 

Орындағандар: Тойбазар Ж. Т.

Маймаш  С. Т.

Тексерген: Амирханов Р. А.

Мамандығы: «Қаржы»

Тобы: 442

 

 

Алматы 2014

Жоспары:

Кіріспе

I. Дағдарысқа қарсы басқарудың қажеттілігі және мүмкіндігі

IІ. Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы  менеджмент

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген дағдарыс төнуі мүмкін. Бұл дағдарыс бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз

Қаржылық-экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіп  кәсіпорындарға кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.

Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды, өзекті мәселе туады.

Әрбір кәсіпорын үшін өзінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қамтамасыз ету сұрақтары, тек қана дағдарыс жағдайында ғана емес, тұрақты экономикалық ортада да экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың міндеттері өз көкейкестілігін жоймайды.

 

 

Дағдарысқа қарсы басқарудың қажеттілігі және мүмкіндігі

Ұйымда кез келген жағдайда дағдарыс қауіптілігі болады, дағдарыс байқалмаса да. Бұл басқаруда тәуекел бар болумен, әлеуметтік -экономикалық жүйе циклымен дамитындығымен, басқарылатын және басқарылмайтын процестер арақатынасының өзгеруімен, адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының өзгеруімен анықталады. Дағдарысқа қарсы басқару бұл дағдарыс қауіптілігін алдын ала болжау, олардың симптомаларын талдау, дағдарыстың кері әсерін төмендету бойынша шараларды басқару және олардың факторларын ары қарай дамытуға қолдану. Дағдарысқа қарсы басқару мүмкіндігі бірінші адам факторымен анықталады. Адамның саналы түрдегі қызметі дағдарыстық жағдайдан шығу  жолдарын іздеп табуға, күрделі проблемаларды шешуге  мүмкіндік береді. Сонымен қатар дағдарысқа қарсы  басқару мүмкіндігі әлеуметтік экономикалық дамудың циклдық сипатын білумен анықталады. Ол дағдарыстық жағдайды болжауға мүмкіндік береді. Дағдарысқа қарсы басқарудың  қажеттілігі даму мақсаттарымен анықталады. Мысалы: адам өміріне, денсаулығына зиян келтіретін экологияда дағдарыстық жағдай туындаса, онда дағдарысқа қарсы басқарудың жаңа құралдарын іздеп табуға мәжбүр етеді. Мұнда дағдарысқа қарсы басқару техникалық персоналдың профессионалдылығын арттыру қажеттілігімен, тәртіпті күшейтумен, жаңа технологияны енгізумен сипатталады.

Дағдарысқа қарсы басқарудың технологиялық кестесі  8 блоктан тұрады.

1 блок. Дағдарысқа қарсы басқарудың бұл кезеңінде мамандандырылған жұмысшы тобы құрылады. Мамандар дағдарыс теориясын, болжау, басқару шешімін өңдеу, басқару жүйесін зерттеу, макроэкономика, микроэкономика т.б. білімді игеру қажет, мамандар сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқару процесінде мәселелерді шеше білу және басқаруға байланысты арнайы дайындығы болуы, аймақтық және салалық инфрақұрылымдық өнеркәсіп жұмысының ерекшелігін, қаржы, жеке тұлғаларды, технолоргияларды басқару ерекшелігін түсінуі қажет. Бұлар басқару аппаратында жеке құрылымдық бірлік және консультанттық статусы болады.

2 блок. Дағдарысқа қарсы басқаруға байланысты шаралардың мақсатқа лайықтылығы және уақытысымен өткізуі тексеріледі. Мақсатқа лайықтылық кезеңінде бастапқы жағдайға оралу қажет-жаңа мақсат іздеу, соған  байланысты жаңа шараларды жоспарлау.

3 блок. Бұл кезеңде дағдарысқа қарсы басқару шешімін жетілдіру, бірнеше кезеңнен тұрады. Оның негізгілері: мекеме жағдайы туралы бастапқы мәлімет жинау, жағдайды құрылымды-марфологиялық талдау, қажетті ресурстарды анықтау, қойылған мақсатқа жетудің мүмкіндігін тексеру.

4 блок. Бұл кезеңде мекемені дағдарыстық жағдайдан шығарудың басқару шешімдерін жүзеге асыру құрылады. Осы кезде осы шешімді қабылдаған мамандар тобынан нақты орындаушы анықталады. Атқарушы дағдарысқа қарсы басқару шешімін орындау үшін қажетті және жеткілікті ресурстарды орналастыру қажет.

5 блок. Дағдарысқа қарсы басқарудың бұл кезеңінде басқару шешімдерін орындауды ұйымдастыру жүзеге асады. Бұл нақты тәжірибелік шаралар, мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

6 блок. Ұйымның қызметіне қарай басқару шешімінің орындалуын бағалау және сапасын талдау қажет. Егер шешімді орындау ешқандай өзгеріс көрсетпесе, шешімнің орындалмаған  себептерін қарайды. Себебін анықтағаннан кейін басқару шешімін орындау қанағаттанарлықсыз болса, онда дағдарысқа қарсы басқаруға байланысты өткізген шаралардың есебі дайындалады. Басқару шешімін орындау дұрыс нәтиже берсе, онда фирмада шаруашылық саласында жоғары тенденция, бірақ қажетті көлемде болмаса онда басқару шешімін жүзеге асыру жүйесіне өзгеріс енгізеді.

7 блок. Мекемені дағдарыстан шығару жұмысын жалғастырудың пайдалылығы тексеріледі.

8 блок. Дағдарысқа қарсы басқарудың бұл кезеңінде болашақ дағдарыстық жағдайды болжау шаралары жүзеге асады.

Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігіне әсер ететін факторлар:

  1. Дағдарысқа қарсы басқару профессионалдылығы және арнайы дайындық. Мұнда басқару профессионалдылығымен қатар профессионалды білім қажет.
  2. Табиғаттан берілген және арнайы дайындық процесінде жинақталған басқару өнері. Көптеген дағдарыстық жағдайда жекелеген басқару өнері дағдарыстан шығудың шешуші факторы болып табылады.
  3. Тәуекелдік шешімдерді өңдеу әдістемесі.
  4. Жағдайды ғылыми талдау, тенденцияларды болжау. 
  5. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігінің маңызды факторы болып корпаративтілік табылады. Корпаративтілік бұл ішкі потриотизм және энтуазизм.
  6. Лидерлік бұл тек менеджердің жеке қасиеті емес, ол бүкіл басқару жүйесінің  сипаты.
  7. Оперативтілік және басқару икемділігі.
  8. Дағдарысқа қарсы  бағдарлама сапасы  және  стратегия.
  9. Адам факторы. Мониторинг жүйесі. Ол дағдарыс төнуінің ықтималдылығын анықтау бойынша арнайы ұйымдасқан қызметті білдіреді.

 

 

Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы  менеджмент

Дағдарыс қоғамдық - экономикалық жүйедегі қарама-қайшылықтардың шиеленісуі болып табылады. Бұл кәсіпорынның даңқы үшін, оның қаржылық тұрақтылығы, жеке меншігі үшін нағыз сынақ. Дағдарысқа қарсы басқару процесі - дағдарыстың алдын алуында, дағдарыс жағдайында жұмыс істеуінде және одан шығуында. Мақсаты - кәсіпорынның қаржы жағынан тұрақтылықпен қамту болып есептеледі, ал ерекшелігі-мекеменің қаржылық сауықтыру шараларын ұйымдастыру. Кәсіпорын мен дағдарыс жағдайының мәселелері дағдарыстың пайда болу себебіне және мән-жайына байланысты. Дағдарыстың белгілері (жеке көрсеткіштердің төмендеуінің алғашқы көріністері) мен факторларына (көпшілік немесе барлық көрсеткіштердің төмендеуі) себепші болушы құбылыстар мен оқиғалар дағдарыстың пайда болуына әкеп соғады. Осы белгілерді дер кезінде табу оны жеңіп шығудағы бірінші қадам. Ал мүмкіндігінше алдын алудың бірден-бір жолы. Дағдарыстың пайда болуының белгілері көп, дегенмен кейбіреулерін ерекшелеп көрсетуімізге болады:

1)     Маңызды ақпараттың жетіспеушілігі

2)     Стратегиялық маңызды серіктесті жоғалту

3)     Кәсіпорынның дербестігін жоғалту (немесе оның қаупі)

4)     Кәсіпорынның беделінің түсуі

5)     Өнімнің тұтынушылардың  талаптарына сай келмеуі

6)     Заңнаманың немесе жоғары басқарманың қолайсыз өзгеруі

Дағдарыстың кейбір белгілерінің алдын алу мүмкін емес. Алайда, дағдарыстың толғағы жеткен сәтте тек констацияға болады. Дағдарыс нарықта жұмыс істеу уақытына, сатылым көлеміне, қызметкерлер санына байланысты пайда болады деген пікірлер бар. Олардың әрқайсысына жеке фактор ретінде қарастырымыз. Статистика бойынша бизнесті басқарудағы қиындықтар кәсіпорынның нарықта жұмыс істеу ұзақтығы болып есептеледі екенін көрсетеді: бірінші уақытша дағдарыс-компанияның қаржылық тұрақтылығы мен оның қаржылық басқаруына байланысты; ал екіншісі-көп жағдайда менеджментпен байланысты. Бұл жердегі негізгі түсініктер-мақсат, миссия, құндылықтар және т.б.; регламенттенген бизнес процестер; басқарушылық және ұйымдастырушылық құрылымдар; менеджерлердің жұмысы. Келесі фактор сатылым көлеміне байланысты: біріншіден-компанияның сатылым көлемі жылына 100 мың доллардан асатын жағдайда. Ол компанияның бизнес типіне және тауар мен қызметтеріне еш байланысы жоқ екенін айта кеткен жөн. Екіншіден-дағдарыс сатылым көлемінің екі есеге жоғарылауына байланысты қайталанады. Бизнесті әрлендіру барысында, мәселен, жаңа жабдықтамалармен қамтылуынан, жаңа бизнес-процестердің пайда болуынан және т.б. қиыншылықтарға тап болуы мүмкін. Бұл кезде ескі шешімдер компанияны қанағаттандырмайды, ал жаңасы әлі табылмаған болмақ. Дағдарыстың пайда болуына ықпалын тигізетін қызметкерлер санына келетін болсақ, ол менеджмент тәжірибесінде қолданылатын «басқарушылық нормасы» деген түсінігімен сабақтас. Басқарушылық тиімділігіне және қойылған мақсаттарға жетуге байланысты қызметкерлер тобының белгілі бір оптималды саны болады. Яғни, қызметкерлер санының екі есеге өсуіне байланысты компаниядағы дағдарыс өзгеше жаңартылады деген сөз. Компания және менеджмент көп қиындықтарға ұшырайды.  Дағдарыстың белгілерін тапқаннан кейін оған байланысты барлық факторларды анализ сарасынан өткізу керек және бар мүмкін мәселелерді анықтаған жөн. Осы жұмыстардың барлығын шешіп, ой сарасынан өткізгенне кейін дағдарыстан шығудағы кезең-кезеңімен жоспар құрылады. Жоспарды талқылап, біткеннен соң оны іске асырылуына кіріседі. Әрекетсіздік немесе, керісінше, шектен тыс әбігерлік, шешім қабылдаудағы асығыс істің шырқын бұзуы мүмкін. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы саясаты ұйымдастырушылық тәртіптегі принциптердің, әдістердің, формаларының сабақтастығына ие және оның қаржылық және техникалық-экономикалық жағдайын сақтауға, нығайтуға, жақсартуға, басқару механизмін құруға бағытталған. Қазақстан дағдарысқа қарсы іс-әрекеттерді оперативті жүзеге асыруды алғашқы бастаған елдердің бірі. Жаhандық сипатқа ие болған әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан сыртқы инвестиция мен несие көздері қысқарып қалды, мұнай мен метал бағалары күрт төмендеуінен шикізат экспортынан түсетін пайда да азайды. Өндірістік саладағы көлем былтырғыдан бірнеше пайызға кеміп кетті. Шағын бизнес саласы шығаратын өнім де 100–ден төмен түсіп, 96-97 пайыздың шамасында болып тұр. Мемлекет кезінде жинаған қорының арқасында түйткілді проблемаларды шешуге кірісті. Ұлттық қордан 10 миллиард доллар қаржы бөлінді. Мемлекеттен бөлінген қаржы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үй нарығындағы проблемаларды шешуге, халыққа несие беруге жұмсалды. Ал, сол қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардағы дағдарысқа қарсы басқару процесі бүгінгі күнде үлкен өзектілікке ие.  Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде бөлінген мемлекеттік қаржы ипотекалық бағдарламаға, орта және шағын бизнесті қайта қаржыландыруға, үлестік қатысушыларға және жаңа инвестициялық жобаларға, сондай-ақ, агроөндірістік секторға бөлініп отыр. Осы саладағы дағдарысқа қарсы бағдарламаның дұрыс орындалуы да өте маңызды және мемлекет арнайы бақылау органдарын құрды.  Дағдарыс кезеңінде басқару мен сапа мәселелері өндірісті сақтап қалу үшін шешуші фактор болып табылады, әлемдік қаржылық жағдайында өнімнің немесе қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы өте маңызды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай отандық кәсіпорындардың күйреуінің басты себебі: кәсіпорынды басқару қағидалары мен әдістерінің нарықтық экономикаға сай келмеуі. Нарықтық экономика тәжірибесі көрсетіп отырғандай дағдарысқа қарсы үрдістер-ол, басқарылатын процестер, сондықтан елімізде дағдарысқа қарсы тиімді жүйесін қалыптастыру да өз көмегін тигізетіні сөзсіз. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып төмендегі жағдайларды жетілдіру жолдары ретінде ұсынамыз: кәсіпорынның алдын ала дайындалған дағдарысқа қарсы бағдарламасының болуы; нарықта талдау жүргізе алатын, алдын ала көріп, болжам жасай білетін менеджерлерді дайындау; ақпарат ағымының үздіксіздігі; кәсіпорынның тәуекел шешімдерді қабылдауға дайын болуы; басқарудың заманға сай жаңа үлгісін қолдану; жұмысшылардың кәсіпорындағы өзгерістерге дайын болуы; кәсіпорынды әлеуметтік-психологиялық ахуалды бір қалыпты ұстау.  

 

 

Қорытынды

Ешкім және ешқашан дағдарыстан қорғап қалуға кепілдік бермейді. Әдетте, дағдарыстық жағдай аяқ астынан болады. Дағдарыс кәсіпорындарды қызмет саласына, қызметкерлер санына, өнім сапасына және басқа жағдайларға қарамай-ақ таңдайды. Дағдарыстық жағдайда менеджменттің әдеттегі, бәрімізге белгілі шеңберінен тыс тұратын әдістері қолданылуы тиіс. Олардың кейбірі арнайы, тек дағдарыс жағдайларында қолданылатын болса, кейбір әдеттегі әдістері бизнестегі тиімді шараларға қол жеткізу құралдары сапасында қолданылады. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер тәжірибесінде макро - микродеңгейлерге дағдарысқа қарсы шаралардың бай тәжірибесі бар.

Қазақстан кәсіпорындарында дағдарыс мүлде күтпеген, "көктен түскендей" тосын жай ретінде қабылданады да, оған көп жағдайда кәсіпорын персоналы дайын еместігін байқатады. Нарықтық экономикада жекелеген компаниялардың дағдарысы үйреншікті іс, сондай-ақ  қазір жекелеген елдерді ғана емес, тұтастай континенттерді қамтитын жүйелік дағдарыстарға да етіміз үйреніп келеді. Дағдарыстық құбылыстарға, мүмкіндігінше, әдеттегі табиғи құбылыс ретінде қарап, алдын-ала мұқият түрде дайындалу керек. Сол кезде кәсіпорын үшін зиян аз, ал дағдарыстан шығу жеңілірек болады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Дүйсенбаев К. Ш. және т.б.  Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы . - Алматы: Экономика, 2001 ж.
  2. Попова М. Как вывести предприятие из финансового кризиса. // Финансовый директор.- 2005 ж.- №3.
  3. Базаров Г.З. и др. Антикризисное управление. – М.: Закон и право, ЮНИТИ, 2009. –  384 с.

Информация о работе Дағдарысқа қарсы басқарудың мағынасы және міндеттері