Адвокаттық қызмет туралы заң

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 21:24, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 40.57 Кб (Скачать файл)

                                                     Адвокаттық қызмет туралы заң

                                                                   1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Адвокатураның  мақсаты

1. Қазақстан Республикасындағы  адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша  қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық  және басқа да iстер бойынша  өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың  құқықтарын, бостандықтары мен заңды  мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың  құқықтары мен заңды мүдделерiн  қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу  мақсатында заң көмегiнiң өзге  де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.

 Адвокаттық қызмет шеңберiнде  адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.

     2-бап. Адвокаттық қызмет туралы заңдар

      1. Адвокаттық қызмет  туралы заңдар осы Заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады.

      2. Жеке және заңды тұлғалардың iстерi бойынша қорғау мен өкiлдiк етудi жүзеге асырған кездегi адвокаттардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленедi.

      3-бап. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметiнiң  принциптерi

      Адвокатураның ұйымдастырылуы  мен қызметi:

      1) адвокаттардың  өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;

      2) адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстерiн және құралдармен жүзеге асыру;

      3) заң актiлерiнде  тiкелей көзделген жағдайларды  қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау  және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;

      4) кәсiби мiнез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау принциптерiне негiзделедi.

      4-бап. Адвокаттар  көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi

      1. Заң көмегiн көрсете отырып, адвокаттар:

      1) шешiлуi кәсiби заң бiлiмдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар бередi;

      2) талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы  басқа құжаттарды жасайды;

      3) анықтау, алдын  ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттiк және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен  қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiгi мен оларды қорғауды жүзеге асырады.

      2. Адвокаттар заңдарда  тыйым салынбаған өзге де заң  көмегiн көрсетедi.

      3. Көмек сұрап  келген адам адвокатты таңдап  алуға ерiктi, бұған адвокат оған  тегiн заң көмегiн көрсету үшiн /осы Заңның 6-бабы/ сондай-ақ, егер қорғалушы өзiне адвокат таңдап алмаса немесе таңдай алмаса, оның қатысуы мiндеттi болатын қылмыстық iстер бойынша қорғаушы ретiнде тағайындалатын жағдайлар қосылмайды.

      4. Қылмыстық iстер жөнiндегi кәсiби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.

      5-бап. Адвокаттар  көрсеткен көмекке ақы төлеу, қорғау және өкiлдiк етумен байланысты шығындарды өтеу

      1. Адвокаттар көрсеткен  заң көмегiне ақы төлеу мөлшерi, қорғаумен және өкiлдiк етумен байланысты шығындарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын жазбаша келiсiмде белгiленедi. <*>

      Келiсiм жасасу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. <*>

      2. Заңдарда көзделген  жағдайларда, адвокат көрсеткен  заң көмегiне ақы төлеу, iссапар, көлiк және оның басқа да шығындарын төлеу, анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және сот ұйғарымдары бойынша бюджет қаражатынан жүргiзiледi.

      3. Адвокат көрсететiн  заң көмегiне ақы төлеудiң және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң мөлшерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. <*>

      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңдарымен.

      6-бап. Заң  көмегiне ақы төлеуден босату

      1. Адвокаттар сенiм бiлдiрушiлердiң өтiнiштерi бойынша:

      1) алимент өндiрiп алу туралы, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертiгуiне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтiрiлген зиянды өтеу туралы iстердi жүргiзу кезiнде бiрiншi сатыдағы соттарда талап қоюшыларға;

      2) Отан соғысына  қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдарға, мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, I және II топтағы мүгедектерге, жасы жөнiнен зейнеткерлерге, егер бұл кәсiпкерлiк қызмет мәселелерiне байланысты болмаса, консультациялар беру кезiнде;

      3) зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау туралы өтiнiштердi дайындау кезiнде азаматтарға;

      4) ақтау мәселелерi жөнiнде кеңестер беру кезiнде  адамдарға заң көмегiн тегiн көрсетедi.

      2. Адвокаттардың  тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбi адвокаттар алқасының жарғысында белгiленедi.

      3. Азаматтарды олардың  материалдық жағдайы ескерiле  отырып, адвокаттар алқасының төралқасы, заң консультациясының меңгерушiсi, адвокат кеңсесiнiң иесi (иелерi) және  өз қызметiн заңды тұлғаны тiркемей жеке дара жүзеге асыратын адвокат заң көмегiне ақы төлеуден босата алады.

      4. Осы бапта көзделген  жағдайларда адвокаттың көрсеткен  заң көмегiне ақы төлеу тиiсiнше адвокаттар алқасының, адвокат кеңсесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

2-тарау. АДВОКАТТЫҢ МӘРТЕБЕСI

      7-бап. Қазақстан  Республикасындағы адвокат

      1. Адвокат - жоғары  заң бiлiмi бар, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия  алған, мiндеттi түрде адвокаттар  алқасының мүшесi болып табылатын  және осы Заңмен регламенттелетiн адвокаттық қызмет шеңберiнде кәсiптiк негiзде заң көмегiн көрсететiн Қазақстан Республикасының азаматы. <*>

      2. Қасақана қылмыс  жасағаны үшiн сотталған, белгiленген  тәртiппен әрекетке қабiлетсiз  немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан  шығарылған, тәртiптiк жағымсыз әрекет  жасағаны үшiн құқық қорғау  органдарынан босатылған адам - босатылған  күнiнен бастап бiр жыл бойы, сондай-ақ лицензиясының қолданылуы  осы Заңда белгiленген тәртiппен тоқтатылған адам адвокат бола алмайды.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен.

      8-бап. Адвокаттың  көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi

      1. Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi болуы мүмкiн.

      2. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында жұмыс iстей алады.

      Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары бойынша  және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың  тапсырмаларын орындауға құқылы.

      3. Жоғары заң бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары ғана адвокаттың тағылымдамадан өтушiлерi бола алады.

      Тағылымдамадан өтушiлер  адвокаттар алқасы төралқасы  қаулысының негiзiнде кемiнде бес  жыл адвокаттық қызмет стажы  бар адвокаттарда үш айдан  бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағылымдамадан өтедi. Тағылымдамадан өту адвокаттар алқасы мен тағылымдамадан өтушi арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

      Тағылымдамадан өтушi ретiндегi жұмыс кезеңi заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледi.     

      4. Тағлымдаманың  тәртiбiн, мерзiмi мен шарттарын адвокаттар  алқасы белгiлейдi.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен, 2007.05.15. N 253 Заңдарымен.

      9-бап. Адвокаттың  лицензиясы

      1. Әдiлет аттестаттау  комиссиясының шешiмi негiзiнде Қазақстан  Республикасының Әдiлет министрлiгi берген адвокат лицензиясы лицензияда  көрсетiлген адамның адвокаттық  қызметпен айналысуына рұқсат беру болып табылады.

      2. Лицензия адвокаттар  алқасында үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмде тағылымдамадан өткен адамдарға олар аттестаттаудан өткен жағдайда берiледi. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      Қазақстан Республикасының  Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Адвокаттық  қызметпен айналысу құқығына  лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ережеге сәйкес Қазақстан  Республикасының Әдiлет министрлiгi осы тiзiлiмдi  жүргiзедi және Қазақстан  Республикасының бүкiл аумағына  тарайтын мерзiмдi баспа басылымдарында  адвокаттар лицензияларын беру, лицензияларының қолданылуын тоқтата  тұру, лицензияларынан айыру және қолданылуын тоқтату туралы мәлiметтердi жариялайды.

      3. Аттестаттаудан  өтпестен адвокаттық қызметпен  айналысуға лицензия алуға:

      1) Қазақстан Республикасы  Әдiлет бiлiктiлiк алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесi жанындағы Бiлiктiлiк комиссиясында бiлiктiлiк емтиханын тапсырған адамдардың

      2) тұрақты судьялардың  және өз мiндеттерiн орындау  кезiнде атына кiр келтiретiн  терiс қылықтары және заңды бұзғаны үшiн судья қызметiнен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдардың құқығы бар.

      Прокуратура, тергеу  және анықтау органдарында кемiнде он жыл жұмыс iстеген прокурорлар, тергеушiлер мен анықтаушылар, жағымсыз себептер бойынша босатылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткеннен кейiн емтихан тапсырудан босатылады.

      4. Адвокаттық қызметпен  айналысу құқығына лицензия беру  туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi қабылдайды.

      5. Лицензия негiзгi, тұрақты болып табылады және оның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.    

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425, өзгерту енгiзiлдi - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2009.04.29. N 154-IV Заңдарымен.

      10-бап. Лицензия  беруден бас тарту

      Лицензиялау туралы  заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.

      11-бап. Лицензияның  күшiн тоқтата тұру

      Лицензияның күшi адвокаттың мемлекеттiк қызметке  тұруы, оның Парламент депутаты  болып сайлануы (тағайындалуы), мерзiмдi әскери қызметте болуы, осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 4), 7) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ лицензиялау туралы заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша адвокаттар алқасының мүшелiгiнен шығарылуы кезеңiнде тоқтатыла тұрады.

      Лицензияның қолданылуын  тоқтата тұру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi қабылдайды, ол бұйрық түрiнде ресiмделедi.

      Лицензиясының күшi тоқтатылған адам, тиiстi сот, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы қабылданған шешiм туралы хабардар етiледi.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425, 2007.05.22. N 255 Заңдарымен.

      12-бап. Лицензиядан  айыру және оның қолданылуын тоқтату

      1. Қазақстан Республикасының  лицензиялау туралы заң актiлерiнде көзделген жалпы негiздерден басқа, адвокатты лицензиясынан айыру Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң талап-арызы бойынша:

      1) адвокат өз кәсiби мiндеттерiн орындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары мен нормаларын, адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметi принциптерiн өрескел не бiрнеше рет бұзған;

      2) адвокаттың қасақана  қылмыс жасағаны үшiн ақтамайтын негiздемелер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған;

      3) адвокат қасақана  қылмыс жасағаны үшiн сотталған;

      4) адвокатқа медициналық  сипаттағы мәжбүрлеу шараларын  қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген;

      5) адвокат әрекет  қабiлетi жоқ немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;

      6) адвокат хабар-ошарсыз  кеттi деп танылған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған;

      7) адвокат Қазақстан  Республикасының азаматтығынан  айрылған;

      8) бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан адвокаттың өз кәсiби мiндеттерiн орындауы мүмкiн болмаған жағдайларда сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.

      2. Аумақтық әдiлет органының ұсынымы осы баптың 1-тармағының 1)-7) тармақшаларында көзделген жағдайларда адвокатты лицензиясынан айыру туралы талап-арыз дайындау үшiн негiз болып табылады.

      Тиiстi адвокаттар  алқасы төралқасының өтiнiшi осы баптың 1-тармағының 1), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда адвокатты лицензиясынан айыру туралы талап-арыз дайындау үшiн негiз болып табылады.

      Лицензияны керi қайтарып  алу лицензияның қолданылуын  тоқтатуға әкеп соғады. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi тиiстi сот шешiмiнiң негiзiнде лицензияның қолданылуын тоқтату туралы бұйрық шығарады.

      Лицензиясының қолданылуы  тоқтатылған адам, тиiстi сот, құқық қорғау органдары және адвокаттар алқасы қабылданған шешiм туралы хабардар етiледi.

      Лицензияның қолданылуын  тоқтату туралы шешiмге сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - 2007.01.12. N  222(ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      13-бап. Адвокаттың  өкiлеттiктерiн куәландыру

      1. Адвокаттың нақты iстi жүргiзуге өкiлеттiгi ордермен куәландырылады. Ордердiң нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi  бекiтедi. Ордерлердiң берiлуiн бақылау мен есепке алуды адвокаттар алқасының төралқасы жүзеге асырады.

      Өзiнiң қызметiн  Қазақстан Республикасы бекiткен  тиiстi халықаралық шарт негiзiнде  жүзеге асыратын шетелдiк адвокаттың  өкiлеттiгi жеке басын, адвокат мәртебесiн  және заң көмегiн көрсету өкiлеттiгiн белгiлейтiн құжатпен расталады.

Информация о работе Адвокаттық қызмет туралы заң