Н.Ә. Назарбаев – үздіксіз көшбасшы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 08:28, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................3
Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы…4
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық–құқықтық мәртебесі.............................................................................................................5
Қазақстан Республикасындағы Президентінің құзыреті...............................7
Қазақстан Республикасындағы Президентінің актілері..............................10
Пайданланылған әдебиеттер...........................................................................12

Вложенные файлы: 1 файл

кр президенти уееееееах).doc

— 74.50 Кб (Скачать файл)

 

Н.Ә. Назарбаев – үздіксіз көшбасшы

  1. Кіріспе.................................................................................................................3
  2. Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы…4
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық–құқықтық мәртебесі.............................................................................................................5
  4. Қазақстан Республикасындағы Президентінің құзыреті...............................7
  5. Қазақстан Республикасындағы Президентінің  актілері..............................10
  6. Пайданланылған әдебиеттер...........................................................................12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

1940 жылғы 6 шілдеде  Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.

Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1991 жылдың 1 желтоқсанында  тұңғыш рет Қазақстан Президентінің  жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті.

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында  өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде  Н. Назарбаев 79,78 процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында  сайлаушылардың 91,5 процент дауысын  алып, Қазақстан Республикасының  Президенті болып қайта сайланды.

2010 жылдың 14 маусымында  «Қазақстан Республикасының кейбір  конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы.

Мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы өкілетті мемлекеттік-биліктік құрылымдардың қалыптасуынсыз мүмкін емес. Құқықтық мемлекет құру жағдайында мемлекеттік биліктің үш тармағы бірдей күшті болуға және өз функциясын қалыпты орындайтындай жағдайда болуға тиіс. Дегенмен, заң шығарушы және атқарушы билікті байланыстырушы звено тек Президент болуы мүмкін.

Мемлекет басшысы институты тұңғыш рет Қазақ ССР-інің Президенті ретінде 1990 жылдың 24 сәуірінде 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына толықтыру түрінде енгізілді.

Президенттік институт 1991 жылы 25 тамыздағы «Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заң)» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңымен одан әрі дамытылды. Онда өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын қызметтен босату рәсімі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белігіленді.

Сөйтіп, президентік басшылықидеясын жүзеге асыру үшін құқықтық негіздер қалана бастады. Алғашында Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңнын 10-бабында «Қазақстан Республикасының басшысы және оның атқарушы өкіметі Президент болып табылады» деген ережені бекітті. 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпы халықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Респубикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Одан әріде Президенттік институттың да, Президенттің жеке басының да көзқарасы қоғамдағы рөлі мен маңызы бірден бірге арта түсті. Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап Президент қызметінің құқықтық негіздері қаланып, оның мемлекетік билік органдары құрылымындағы жағдайы сараланды. Президенттік институтқа қатысты заңдылықтардың даму барысына қысқаша қайырым жасасақ, мынандай ой түюге болады: Президенттің барынша байыпты тұлғасы пайда болды, ол нақтылап айтқанда биліктің барлық үш тармағының қалыптасуында шешуші рөл атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық–құқықтық мәртебесі.

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 1995 жылдың 25 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңмен, 1996 жылдың 06 мамырында енгізілген өзгертулерімен толықтыруларымен, «Қазақстан Республикасының Президентінің қызметін қамтамасыз ету туралы» жарлығымен реттеледі.

Республика Конституциясының ІІІ бөлімі Президенттің құқықтық мәртебесін бекітеді. Президент ең алдымен мемлекет басшысы және оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Мемлекет басшысы ретінде Президент ішкі және сыртқы саясаттың негізігі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымыд тұлға болып табылады. Конституцияға сәйкес Президеттің абыройы мен ар-намысына қол сұғылмайды.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің нышаны, халық пен мемлекеттің бірлігінің Конституциялық мызғымастығының, адам және азамат құқықтарымен бостандықтарының кепілі.

Қазақстан Республикасы Президентінің міндетіне Конституция мемлекеттік биліктің барлық үш тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жуапкершілігін қамтамасыз етуді енгізеді (40-б, 3-т).

Конституциялық заңдылықтармен Президент билігін шектеуші кепілдіктер жүйесі елгіленеді. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмілетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды (41-б, 1-т). Екіншіден, бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Прзиденті болып сайлана алмайды (42-б, 5-т). Үшіншіден, мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда Президентті қызметінен кетірудің конституциялық механизмі қарастырылған (47-б, 2-т). Төртіншіден, Президенттің нормативтік құқықтық актілерін Конституцияға сәйкес келмейді деп танудың конституциялық механизмі қарастырылған.

Президенттікке кандидатқа Конституция белгілі бір талаптар қояды. Ең алдымен тумысынан Республика азаматы болып табылатын әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл тұратын Республика азаматы ғана Президент болып сайлана алады.  Президен үшін жас шамасы цензасы белгіленген – ол қырық жасқа толған болуы керек. Сонымен қатар ол мемлекеттік тілді еркін меңгерген болуға тиіс (41-б, 2-т).

Президенттің кезекті сайлауы заңға сәйкес желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің тұрғылықты орны, оның резиденциясы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы болып табылады. Сонымен бірге Президенттің Алматы қаласында да резиденциясы бар. Президент ресми тұратын ғимараттың үстін Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтеріледі. Президенттік биліктің рәміздеріне, айырым белгілеріне – Қазақстан Республикасы Президентінің омырауға тағатын белгісі мен байрағы болып табылады. Сонымен бірге Республика Президенті лауазымы бойынша «Алтын қыран» орденінің иесі болады.

Конституцияда Президенттің қызмет өкілдігі мерзіміне байланысты бірқатар шектеулер көзделген. 43-бапқа сәйкес Президенттің өкілді органның депутаты блуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады.

Президенттің өкілеттігі мынадай жағдайларда тоқтатылады

а) Жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен сәттен бастап;

ә) Президентті қызметінен мерзімінен бұрын босатқан жағдайда;

б) Қызметінен кетірген жағдайда;

в) Президн қайтыс болған жағдайда.

Президент өз міндеттерін атқара алмайтын барлық жағдайларда оны уақытша Парламент Сенатының Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы не Республиканың Премьер-Министрі ауыстырады. Президент міндеттерін атқару кезінде жоғарыда аталған лауазымды тұлғалар:

  • Республика Парламентінтаратып жіберуге;
  • Республика Үкіметінің өкілеттігін тоқтатуға;

Пезиденттің Конституциялық құқықтық мәртебесі 2000 жылдың 20 маусымындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заңы одан әрі дамытыды. Аталмыш заң Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің өз қызметін тоқтатқаннан кейінгі алатын құзыреттері мен кепілдіктерін анықтайды. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заңның қабылдануы Тұңғыш Президенттің Қазақстан ме млекеттілігін қалыптастыру мен дамытудағы айрықша тарихи рөлімен негізделеді. Аталмыш заңда еліміздің дамуындағы республикаының ішкі және сыртқы саясатын анықтаудағы сабақтастық мәселелері қамтамасыз етілген.

Конституциялық заңның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өмір бойы Қазақстан халқына мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша бастамалар жасауға хақылы. Тұңғыш Президенттің Қазақстан Республикасының Парламенті мен палаталарының алдында, Республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін аса маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу құқығы бар. Сонымен қатар оған Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқару, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.

Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық заңның 3-бабы бойынша елімізідің Тұіғыш Президентіне ешкімнің тиіспеушілігіне кепілдік берілген.

 

Қазақстан Республикасындағы Президентінің құзыреті

Қазақстан Республикасы Конституциясында Президентке оның мемлекет басшысы ретіндегі жағдайымен байланысты кең ауқымды өкілеттіктер шеңбері белгіленген.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы ретінде Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Осыған байланысты Президент жыл сайын Қазақстан халқына жолдау арнайды, онда елдегі жағжай сипатталып, ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық бағыттары тұжырымдалады. Мұндай жолдау бағдарламалық сипатқа ие және Парламенттің, Үкіметтің, мемлекеттік биліктің және басқа орталық органдардың қызметінде көрініс табады. Мемлекет басшысы ретінде Президент Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді.

а) Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттіктері.

Президент атқаркшы билікті құру бойынша өте ауқымды өкілеттіктерге ие. Бұл ең алдымен Ұкімет мүшелерін қызметке тағайындау және босатудан көрінеді.

Президент Парламенттің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды және оның ұсынысы бойынша Үкіметтің құрылымын белгілейді. Өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату, Премьер-Министрі мен Үкіметтің кез келген мүшесін қызметтен босату туралы мәселені шеше алады.

Президент аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді. Президент үкімет актілерінің күшін жоюға не толық немесе ішінара тоқтата тұруға хақылы («Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық Заңның 10-бабына сәйкес»).

ә) Заң шығарушылық саласындағы өкілеттіктері. 

Президенттің заң шығарушылық саласындағы өкілеттіктері де өте ауқымды. Жалпы Президентті заң шығарушы органдарға жатқызуға болатынын айта кету қажет. Құқықтық жүйе құруға Президен барынша ықпал ете алады. Конституция мен көзделген жағдайларда Республика Президенті заңдар шығаруға хақылы. Парламент Президенттің бастамасы бойынша бір жыл мерзімге дейін заң шығарушылық өкілеттігін беруі мүмкін (53-бап, 3-тармақ). Конституцияның 61-бабының 2-тармағына сәйкес заң жобасының шұғылдығы туралы Президент талабын орындамаған жағдайда Президенттің заң күші бар жарлық шығаруға құқығы бар. Президент заңдарды пайдалануға тікелей де, оған заң жобасын Парламент мәжілісінетенгізу туралы тапсыра отырып Үкімет арқылы да ықпал ете алады.

Президент ең алдымен Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге бастамашы болады (53-бап 1- тармақ), заң жобасының шұғылдығын жария етеді, сондай-ақ заң жобаларын ҚР Парламентінде қараудың басымдығын белгілейді.

Информация о работе Н.Ә. Назарбаев – үздіксіз көшбасшы