Билік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:55, реферат

Краткое описание

Билік құрылымын зерттеушілер бұл ұғымды анықтауда әртүрлі тәсілдерді қолданып, түрлі көзқарастарды ұстанады.
Билік – билік құру объектісін басқарудағы ерекше іс-әрекеттерді жүзеге асыратын субъект. Себебі биліктің әсері қоғамның барлық құрылымдық элементтерінде бойлай отырып, соларда жүзеге асатындықтан, билік қоғамдық өмірдегі өз көрінісінің көптүрлілігімен сипатталынады.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1)Билік.Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымына анықтама.
2)Легитимділік.
3) Саяси биліктің түрлері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

referat.docx

— 32.26 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар.

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1)Билік.Саяси білімдер  жүйесінде билік ұғымына анықтама.

2)Легитимділік.

3) Саяси   биліктің  түрлері

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Билік құрылымын зерттеушілер бұл ұғымды анықтауда әртүрлі тәсілдерді қолданып, түрлі көзқарастарды ұстанады. 
Билік – билік құру объектісін басқарудағы ерекше іс-әрекеттерді жүзеге асыратын субъект. Себебі биліктің әсері қоғамның барлық құрылымдық элементтерінде бойлай отырып, соларда жүзеге асатындықтан, билік қоғамдық өмірдегі өз көрінісінің көптүрлілігімен сипатталынады.  
Бұқаралық санада қалыптасқан жалпы түсінік бойынша билік тәртіп үшін керек, ол – қоғамдағы тәртіпті сақтаудың қаруы, құралы. Бұл формуланың көзге көрініп тұрған қарабайырлығына қарамастан мұнда билік қажеттілігін мойындау мен билік құрудың мақсаты көрсетілген. 
Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымын анықтаудың төмендегідей әртүрлі тәсілдері бар: 
1. Телеологиялық ( гр.сөзі teleos – мақсат + logos - түсінік,ілім). Телеологиялық тәсіл кез-келген құбылыс, процесс өзінің негізі, қозғалтқыш күші ретінде алдын-ала белгіленген мақсатты ұстанатынын мойындауды білдіреді.  
2. Инструменталдық. Ол билікті түпкілікті әлеуметтік проблемаларды шешетін құрал, аспап ретінде қарастырады. Бұл тәсіл билік құралдарын қолдану қажеттілігін аша отырып, олардың әлеуметтік процестегі мәнін анықтайды.  
3. Функционалдық. Әлеуметтік құбылыстарды, оның ішінде билікті де зерттеудің де бірден-бір іргелі тәсілі, өйткені, тек функцияларда ғана мейлінше толық формада биліктің мәні, әлеуметтік ықпалы мен маңыздылығы, оның іс-әрекетінің өзгешелігі көрініс табады. 
4. Құрылымдық-функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы тәсіл билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді. 
Аталған тәсілдердің барлығы билік, билік құру ұғымдарымен белгіленетін қоғамдық қатынастардың шынайы мазмұнын жете түсінуге, биліктің көпөлшемділігін, оның мәндік аспектілерін жете түсінудің қиындығын ашуға, билік мәнінің сарапшылар анықтаған тәсілге, позицияға және мүддеге тәуелділігін түсіндіруге мүмкіндік береді. 
Сонымен, билікті адамдар қауымдастығына тұтастықты сақтау үшін оның құрылымдық элементтеріне мақсатты әсерін тигізетін белсенді, жігерлі бастама ретінде, осы қауымдастықтың ішкі және сыртқы өзекті проблемаларын шешуге бағытталған ұйымдастырушы әрекет ретінде де сипаттауға болады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

Биліктік іс-әрекеттің  өзінің мойындалуын сипаттайтын  маңызды тұстарының бірі легитимділік туралы мәселе. «Легитимділік» термині (лат. сөзіlegitimus – заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің заңды деп тануын анықтайды. «Легитимділік» терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады. Олар 1789-1794 жж. революциялар нәтижесінде биліктен аластатылған Франциядағы Бурбондар династиясының идеяларын заңды және қажетті деп танып, оны заңды билік ретінде қайта жаңғыртуды ұсынған еді. 
Аталмыш ұғым саяси дағдарыстар, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында және осы жағдайлардағы билік өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі пайда болғанда, олардың заңдылық дәрежесі күмән тудырғанда ерекше өткір саяси мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, оны заңсыз жаулап алу және басып алушының өз еркін таңу тенденциясы пайда болады. 
Қандай билік болмасын өзінің заңды екендігін қорғайды. «Билік легитимділігі» ұғымын француз революциясы мен оның салдары ерекше өзекті мәселе ретінде қалыптастырғанымен, бұл ұғым қарапайым формада саяси ойлардың бастапқы кезеңдерінде-ақ пайда болған. Адамзат биліктік қатынастардың, билік құру мен бағынудың пайда болу кезеңінен бастап неге біреулері билік құрып, үстемдік етеді, ал басқалары – оларға бағынып, қол астында болуы тиіс және билік, оның акциялары бағынушылар үшін қаншалықты қажетті деген сауалдарға жауап іздеумен келеді. Легитимділік туралы мәселе билік үшін бәсекелестік күресте өте күшті қару болды. Өйткені, биліктің ауысуы, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер өздерімен бірге белгілі бір аласапыран мен тәртіпсіздікті ала келді, осының салдары – ұзаққа созылған қанды соғыстарға апарып соқтырғандықтан, қоғамның саяси элитасы биліктің алмастырылуын, билік құрушы субъектілерді заңдастырудың әртүрлі әдістерін, осы процестердің астарында белгілі бір қағидалық негіздердің бар екенін келтіре отырып жасақтады. Бұл монархиялық режим жағдайында – биліктің мұраға қалатындығы туралы, республикаларда – биліктің сайлануы туралы заң. 
Орта ғасырларда Еуропада зайырлы элита мен діндарлар арасында билік үшін бәсекелестік күрес орын алды. Бұл күресте шіркеу ұзақ уақыт бойы зайырлы биліктің легитимділігін тану құқығын сақтап қалды, яғни шіркеудің беделі мемлекеттік биліктің заңды екендігін тануда шешуші мәнге ие болды. 
Легитимация – ең алдымен, осы биліктің қажеттілігін, оның бағыныштылар үшін игілікті екендігін идеологиялық және құқықтық тұрғыдан негіздеу. Легитимация тек биліктік құрылымдарға, билік субъектісіне ғана емес, сондай-ақ олардың акцияларына, шешімдеріне, қағидаларына да таралады. Билік легитимациясы биліктік ықпал ету кеңістігіне, оның шегіне, шекарасына байланысты. Осы ассоциативты кеңістіктің ішінде билік қажетті деп танылып, ал оның шешімдері орындалуға міндетті деп саналады. 
Биліктік ықпал ету кеңістігін игеру үшін билік биліктік ықпал ету күшіне ие болуы керек. Бұл күш билік құрушы субъектінің билік ресурстарын: адамдарды басқару өнері ретіндегі саясатты; саясаттың нақтылық дәрежесін; күш пен құралдардың қажетті арсеналдарын пайдалана білу қабілеттілігін; әдістердің ыңғайлығы мен тиімділігін және т.б. қаншалықты игергендігіне тәуелді. 
Биліктің ықпал ету кеңістігі жеке адам, бағынышты ассоциацияның соңғы, ажырамас құрылымдық элементі, оның атомы болатын құрылымданған және ассоциативты кеңістік. Демократиялық қоғамда – бұл азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие жеке тұлға. Сондықтан да демократиялық қоғамда билік легитимациясы оның құқығын қорғайтын заң шеңберінде жүруі қажет. Билік легитимациясы – азаматтарға тікелей ықпал ету актісі емес, ол – осы билікті мойындайтын қоғамдық келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси ортаны қалыптастыру процесі. Легитимацияның актілері биліктің, оның шешімдері мен іс-әрекетінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыратын идеологиялық, саяси, құқықтық іс-әрекет болып табылады. 
Билік легитимділігін тану – бұқаралық сананың феномені, сондықтан билікті заңдастыру үшін пайдаланылатын бірқатар идеологиялық қағидалар бар: 
1. Биліктің киелілігі. Биліктің, билік құрушы субъектінің қасиетті, киелі екендігі мен оларды мифологияландыру. Билік құрушыларға харизматикалық қасиеттерді таңу. 
2. Биліктің халықтық сипаты: (билеуші бізге туыс, ол – біздің арамыздан шыққан, ол біздің қажетіліктеріміз бен мұңымызды жақсы біледі). Легитимация – биліктің тұрақты, үздіксіз іс-әрекеті, оның өзіне деген қамқорлығы. 
Оппозициялық күштер билікті, оның шешімдері мен акцияларын заңсыз деп тану жолында әрекет етеді. Оппозиция билік қабылдаған заңдардың легитимділігін, билік өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізетін биліктік құрылымдардағы өзгерістерді, олардың Конституцияға сәйкестігін, олардың қажеттілігі мен дер уақыттық шара екендігін жоққа шығарады, билік пен оны қолдаушылар ұсынған аргументтердің дұрыстығын сынға алады. Легитимация да, делегитимация да – билік пен оппозиция арасындағы бәсекелестікте пайдаланылатын күрестің әлеуметтік формасы. Бірақ мұндай күрестің қандайы болмасын Конституция шеңберінде жүзеге асуы керек. 
Билікке келгеннен кейін билік құрушы субъект өз әрекетін легитимдендіру үшін әртүрлі формалар мен тәсілдерді іздестіреді. Ол референдумдар өткізіп, өзінің іс-әрекетінде олардың шешіміне сүйенеді, Конституцияға өзгерістер енгізеді, өз өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізуге тырысады, билік құрылымдарын жетілдіреді, заңдар шығарады, өзінің әлеуметтік базасын кеңейту және оппозицияны оқшауландыру, оның әлеуметтік ықпалын әлсірету мақсатында әрқилы әлеуметтік шаралар өткізеді. 
Оппозиция биліктің әрекетін мұқият бақылап, олардың легитимділігін жоққа шығарады, конституциялық нормалардың, қабылданған заңдардың қатаң сақталуын талап етеді. Мұның барлығы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің дамуына септігін тигізеді, нарықтық қатынастар жүйесіне сай келетін қоғамның саяси құрылымын қалыптастырады. 
Легитимділік туралы мәселенің сыртқы аспектілері де бар. Билік біріктірген ассоциативтік қауымдастық субъект-субъектілік қатынастардың мейлінше кең жүйесінде субъект ретінде көрінуі мүмкін. Оның бұл «сыртқы саяси іс-әрекеті» осы кең жүйеде қабылданған нормаларға сай келуі, басқа субъектілердің мүдделеріне, құқықтарына нұқсан келтірмеуі қажет. Басқа ассоциативтік қауымдастықтардың мүдделерін бұзатын билік құрушы субъект, оның әрекеттері, акциялары заңды деп танылмауы да мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Саяси   биліктің  түрлері.  Қоғам өзінің саяси жүйесінде  әлеуметтік міндеттерді билік арқылы,  құқықтық заң-жобалар, нанымдар және басқа шартты  қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады.  Бұл ретте  саяси  жүйенің  өз ішінде  саяси  рөлдердің  өз бөлініп  отырады.  Мемлекет саяси билікті жүргізудегі  ең негізгі буын болып табылады. Мемлекет  мынандай сипаттармен  айқындалады:

1) Бұқаралық  билікті жүзеге асыратын  адамдардың ұйымы,  ол үшін  нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды   қалыптастырып  отырады.

2) Елдің барлық территориясын  қамтитын жағдайда салықтарды  алып отыратын ұйым. Мемлекет  саяси билікті  жүргізетін құрылым  екендігі белгілі. Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады,  қызметінің  түрлері де  көбейіп отырады. Соңғы уақытта  мемлекет үстем таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың  мүддесіне  орай езілуші таптардың қарсылығын басып отыратын  аппарат деп келеді.  Бұл дұрыс та.  Тек  бұл қырынан  келіп қарау  маркстік теорияны жете бағаламаумен бірдей. «Анти-Дюринг», «Л.Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры», «Семьяның,  жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбектерді талдай келіп, біз мынандай  қорытындыларға келеміз:

1) Мемлекет адамзат қауымының  немесе азаматтық қоғамның  дамуына  және еңбек бөлісіне қарай дамып жетілді.

2)  Бұл процесс өз мүдделеріне  сәйкес жаңа әлеуметтік топтардың  шығуына әкелді.

3)  Бұл бөлінудің өзі ортақ мүдделерді жүзеге асыру үшін қажетті  функцияларды талап  етеді.

4)  Қарама-қайшы топтар арасындағы шиеленісті туғызып, олардың кейбіреуін басу қажеттігі туады.

5)  Ортақ мүдделер мен функцияларды атқару қажеттігі шығады.

Осы аталғандардан келіп  биліктің  төмендгідей  маңызды функциялары шығады:

1) Мемлекеттің жалпыға бірдей  мүддесін қорғау және  белгілі бір тәртіпті сақтап отыру. Бұл алдымен ортақ мүддеге қарсы немесе  экономикалық  үстем таптардың  мүддесіне қарсы шығушы жеке адамдар  мен жіктердің мүддесін басуға бағытталады, одан кейін  ел тұрғыныдарының  мүдделерін үйдестіру және келістіру, үшіншіден,  сыртқы шабуылдан  қорғау.

2) Басқару арқылы  ортақ  мүддені қанағаттандыру – бүкіл қоғамның міндеттерін  әкімшілік жолымен  орындау.

Бірінші міндет  қоғамның  ыдырауына жол бермейтін  қажеттіліктен  туады. Бірақ кей жағдайда қарсыласушы топтардың  мүдделеріне тағы басқа топтардың  қосылуы мүмкін. Онда олардың  ортақ мүдделерін таба білу қажет. Мемлекеттегі таптар мен жіктердің ымыраға келу жағдайын қарастыру болып табылады.

Мемлекеттің сыртқы дұшпандардан қорғалуындағы  биліктің рөлі ерекше.

Елдің халқын басқару саласында  мәселе күрделі болып келеді.

Бұл мәселеде әртүрлі бағыттар бар. Бірінші бағыт мемлекеттің  барлық функциялары елдің  қоғамын тұтасымен басқару деп қарастырылады. Екінші бағыт атқарушы өкіметтің мемлекеттік басқару қызметі деп  қарастырылады, заң шығару мен соттық билікті ескермейді. Мұны «әкімшілік» деп атайды. АҚШ-та оны бұқаралық «әкімшілік» дейді.

Жалпы теория мен практикада биліктің  функцияларын: заң шығарушы, соттық және  атқарушы деп бөледі. Мемлекет басшысының функциясы  тағы бар. Билікті жүзеге асыратын подфункциялар да бар. Америкалық  саясаттанушы Л.Уайт мемлекеттік  басқару органдарын  үш топқа бөледі:

1)  штабтар — өзі орындай алатын шешімдерді қабылдайтындар;

2)  жедел қызметтер – штабтардың шешімдерін жүзеге асырушылар;

3) көмекші қызметтер – штабтар  мен жедел қызметтердің  қажеттегідей жұмысына жағдай туғызатындарды атайды.

Барлық мемлекеттік ұйымдар  екі түрге бөлінеді: үкіметтің  мемлекеттік органдары – жалпы мемлекеттік шешімдер қабылдайды; мемлекеттік басқару органдарының аппараты, олар  мемлекеттік  ұйымдар,  мемлекеттік  басқару,  мемлекеттік аппарат деп аталады. Мемлекеттік  ұйымдардың  барлығын  орталық және жергілікті деп  екіге  бөледі.

Бір сөзбен айтқанда,  басқарушы, егеменді мемлекеттік органдар  — саяси билік болып табылады. Ең бастысы  «билікті бөлу»  болып  табылады. Социалистік мемлекетте  билікті бөлісу жоқ,  тек әртүрлі  компетенциясы  бар деген ұғым қалыптасқан. Ал компетенцияның өзі  билікті бөлісу емес пе, марксизм-ленинизм  классиктерінің  өзі оны  мойындайды.  Қазіргі билікті бөлу мәселесінде  Монтескьенің идеясы  жатыр: заң шығару, орындаушы, сот билігі, оларға қоса мемлекет  басшысының  билігі бар. Билікті бөлу тұрғысынан  саяси биліктің  жұмыс  істеуі: аралас  билікте,  билікті бөлісуде, биліктердің  ынтымақтасып жұмыс  істеу жағдайларында мүмкін болады. Аралас билікте мемлекет басшысы заң шығару, орындау, сот биліктерін аралас  жүргізе алады.

Саясат ғылымында атқарушы билікке  ерекше мән бріледі. Әкімшілік қызметтің барысы тұтасымен  алғанда елдің жағдайын тікелей  байланысты. Мемлекеттік  басқару қашан болмасын саяси басқару болып келеді. Атқарушы биліктің функциялары:

1) Егемендікті жүзеге асыру функциялары:  а) мемлекеттің  сыртқы жағдайдағы егемендігі мен тұтастығын қорғау; б) ішкі қарым-қатынасты сақтау,  тәртіпті, ішкі тұтастықты сақтау; в) мемлекеттік –саяси жүйенің қызметін ұйымдастыру – сайлау науқаны, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және  басқалары.

2) Экономикалық функциялары.  Қазіргі уақытта бір де бір мемлекет  елдің экономикасын мемлекет тарапынан  реттеуге қарсы емес.

Мұнда туатын  проблеманың  ең бастысы саясаттың  экономикаға ықпал ету шегі мен оның  берер нәтижелері. Экономикалық  заңдылықтарды ескермей кету қатері бар. Сондықтан  мемлекеттік  билік экономиканың дамуына өте тиімді ыпал жасауы қажет. Социалистік мемлекеттердің тәжірибесі  көрсеткендей саяси басшылық экономикалық басшылықты ауыстырмауы керек. Мемлекеттің функциясын бақылап отыру, дағдарысты жағдайларға жол бермеу. Экономикамен айналысқан мемлекеттік билік тұтыну,  қажеттілік өндірісінің қуаты мен ақиқатты көлемін бақылап отыруы қажет.

Саясаттанушы Д.Кейнстің  идеясы бойынша нарықтық экономикадағы елдерде жұмыс қолы түгел қамтылуы керек,  тұтынушылардың  тұтыну қабілеті  өндіріс құралдарын өндіруге сәйкес дамуы тиіс.  Ол үшін мемлекет  салық, бюджет, инвестициялық және несие  саясатын қолдануы қажет. АҚШ сияқты  елдерде экономиканы реттеу сауда, мемлекеттік  кәсіпорындар, транспорт, ғылыми-техникалық  жұмыстар арқылы жүргізіледі.

1)  Байланыс және коммуникациялық  функциялары.

2)  Әлеуметтік функциялары.

3)  Мәдени-тәрбиелік функциялары.

Мемлекеттік аппараттың әкімшілік функциялары:

1)  Жағдайды,  терең әлеуметтік құрылымдардың  жағдайын талдау.

2)  Бағдарламалық шешімдерді жасау.

3)  Заңдық қызмет – бағдарламаларды заңдарға сәйкестендіру арқылы талдау.

4) Финанстық қызмет – жеке  бағдарламалардың бюджетін анықтау, мемлекеттің бюджетін әкімшілік жағынан  дайындау.

Жеделдік (оперативтік) функцияларына:

1) Кадрлық қызмет.

2) Ұйымдастыру қызметі.

3) Ақпараттық-психологиялық жұмыс.

4) Бақылаушылық  қызметі.

Ендігі бір маңызды мәселе мемлекеттік  аппараттың жетекші  партиямен  байланысына қатысты. Бірпартиялық жүйеде ол белгілі.  Ал көппартиялық жүйеде  жетекші партия,  үкіметтік  партия басшы рөл атқарады.

Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін түсінуде азаматтық қоғам мен жергілікті мемлекеттік биліктің қарым-қатынасын  талдап білу керек. Қазіргі кезеңде кейбір саясаткерлер жергілікті өзін-өзі басқаруды ұлтаралық шиеленісті өршіту үшін пайдалануды көздеуде.

Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік  қызметкерлердің мәртебесі туралы  мәселе де маңызды орын алады.  Қанша мемлекеттік  қызметкерлер қажет?

Парламентаризм  және  көппартиялық  жағдайда  билікке қабылеті жеткіліксіз адамдар келуі мүмкін. Сондықтан  қазіргі жағдайда  бұл барлық  елдерді толғаныдырады. Оның өзі билік мәселесі бойынша технократиялық  теорияларды туғызуда. Оның мәні:  үкіметтің билігінде ғалымдар, мамандар отыруы қажет деген сөз.  Басқаша айтқанда, техниктер, инженерлер және  ғалымдар  басқаруы  қажет. Бұл технократ-мамандардың билігі  деген сөз.

Қоғам дамуында әлеуметтік процестердің техникалық,  экологиялық, экономикалық, саяси, құқықтық, рухани күрделене түсуіне  байланысты аталмыш проблеманы мамандарды қатыстыру арқылы  шешудің қажеттігі шығады.  Кейбір нақты мемлекеттік басқару органдарына маманларды енгізу өзін-өзі ақтайтын практика: мәселен, консультанттар, кеңесшілер, сарапшылар, т.б. Практика  көрсетіп  отырғандай, маман мен саясаткерді үйлестіру мемлекеттік  қызметке өте пайдалы адамды тартуға болатындығын дәлелдеп отыр. Батыс елдерінде мемлекеттік  қызметкерлерді  кеңінен дайындау  және мамандандыру қолға алынған.  Ол үшін социогуманитарлық университеттік білім үстем болуда. Сонымен қатар лауазым – шені, класность тобы,  рейтингісі іскерлік қасиетіне берілген ұпайы ескеріледі.

Информация о работе Билік