Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 19:40, реферат

Краткое описание

Ғылыми және оқулық құқықтық әдебиеттерде мемлекеттік қызметті кең және қысаң мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорында, мекемелерде,өзге де ұйымдарда орындауға саяды; қысаң мағынада – бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындалулары.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қ.Р.Мемелекеттік қызметтің түсінігі және принциптері
1.1 Қ.Р.Мемлекеттік лауазымдық жүйесі.
1.2 Қ.Р.Мемлекеттік қызметшілерді жүйелеу
1.3 Қ.Р.Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің мақсаты мен міндеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Қ.Р.мемлекеттік қызметі.doc

— 148.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды орындауға:

Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметкер антын беруге;

азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін карауға;

олар жөнінде кажетті шаралар қабылдауға;

өзіне берілген құқық шегінде өкілеттігін жүзеге асыруға және қызметтік міндеттеріне сәйкес мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;

өзіне заңмен белгіленген шектеулер кабылдауға; қызмет әдептілігінің нормаларын сақтауға;

басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазым иелерінің шешімдері мен нұскауларын орындауға;

мемлекеттік құпияларды сақтауға;

мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.[4]

 

 

    1. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің мақсаты мен міндеттері

 

 

«Қазақстан – 2030» стратегиясында айқындалған мемлекеттік қызметті дамытудың басымдықтары: «кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйесін жақсарту»; «мемлекеттік қызмет – ұлтқа қызмет ету»; «мемлекеттік қызметтің жоғары абыройын қалыптастыру және қолдау» осы тұжырымдамамен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастыру негізіне алынған.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі бірінші кезекте «мемлекеттік қызмет» ұғымын жаңғыртуды көздейді. Мемлекеттік қызмет «ұлтқа (қоғамға) қызмет ету» ұғымының синонимі болуға және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталуға тиіс.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі оны кәсібилендірудің басты факторы болып табылатын адами фактордың маңыздылығын тануға және тиімді кадр жұмысын жүргізуге бағдарланған.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тиімді кадр тетіктерін – мемлекеттік қызметке кірудің тиімді әрі айқын тәртібін, үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігін, жұмыс нәтижелері мен ынталандыру жүйесінің өзара байланысын қалыптастыруға бағытталған.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуын кәсіби тұрғыдан қамтамасыз ететін жоғары мемлекеттік әкімшілік қызметшілер корпусы қалыптастырылып, мемлекеттік қызметке кіру және оны атқару тетіктері түбегейлі жетілдірілетін болады.

Осылайша, «Қазақстан – 2030» Стратегиясының ережелері негізге алына отырып:

1) мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді кадр саясаты және адами капиталды басқару жүйесі;

2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің жоғары сапасы және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі;

3) мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі және мінез-құлық этикасы мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырудың үш тұғырлы мақсаты болып табылады.

Үш тұғырлы мақсатқа сәйкес:

1) мемлекеттік қызмет жүйесінде жаңа кадр тетіктерін қалыптастыру және қолданыстағыларын жетілдіру;

2) мемлекеттік қызметшілердің жұмысын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің жұмысын мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халыққа бағдарлау;

3) мемлекеттік қызметтің жоғары мәртебесі мен беделін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының этикалық нормаларын қалыптастыру мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырудың міндеттері болып айқындалады.

Мемлекеттік қызметті сапалы кадрлық жаңарту мен кәсібилендіруді жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін оның ұйымдастырушылық құрылымы және нормативтік құқықтық базасы жаңғыртылатын болады.

Жаңа модельді қалыптастырудың нәтижесі нақты нәтижеге және мемлекеттік қызметтерді сапалы түрде көрсетуге бағдарланған, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті қажеттіктеріне сай келетін кәсіби мемлекеттік қызмет болмақ.[5] 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

[1]- ↑“ Құқық негіздері/Оқулық, 2-ші басылым.С.Баққұлов. -Алматы, 2004. "ISBN 9965-9374-0-0

[2]- ↑Источник: http://bigox.kz/memlekettik-kyzmettin-tusinigi-men-ereksheligi/

© bigox.kz

[3]- ↑“ Мемлекет ж/е құқық негіздері/Оқулық.Е.Баянов.-Алматы: Жеті жарғы, 2001."ISBN 5-7667-5065-X

[4]- ↑ “ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ЫСБН 9965-33-638-5

[5]- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа

Моделінің тұжырымдамасы туралы- Н.Назарбаев.Қазақстан Республикасы Президентіннің 2011 жылғы 21 шілдедегі

№ 119 Жарлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы қысаң мағынада берілген. Онда мемлекеттік қызмет, делінген, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттік лауазым – оны атқаратын адамның  өкілеттілігінің  мазмұны мен көлемін қамтып көрсетеді.

Лауазым мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерінің, құқықтарының көлемін және жауапкершілігінің шеңберін, оның кәсіби-мамандық даярлығына қойылатын талаптарды белгілейді. Ол қызметшінің атқаратын жұмысының мазмұнын көрсетеді, оның құқықтық жағдайын анықтайды. Жаңа модельді қалыптастырудың нәтижесі нақты нәтижеге және мемлекеттік қызметтерді сапалы түрде көрсетуге бағдарланған, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті қажеттіктеріне сай келетін кәсіби мемлекеттік қызмет болмақ.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі.