Құқық және экономика негіздерінің сабақтарында оқытудың интерактивті және проблемалық әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 18:20, курсовая работа

Краткое описание

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Казақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — білім беру бағдарламаларын менгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ...........................................................................................4
1 Құқық және экономика негіздерінің сабақтарын оқыту үрдісінде интерактивті экранды қолдану әдістемесі.................................4
2 "Экономикалық білім негіздері" курсының ерекшеліктері.......10
3 Құқық негіздерінің сабақтарында қазіргі замандағы құқықтың мазмұның анықтау.............................................................................19
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................22

Вложенные файлы: 1 файл

құқық және экономика.doc

— 308.00 Кб (Скачать файл)


 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ  ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: 

 

Құқық және экономика негіздерінің сабақтарында оқытудың интерактивті және проблемалық  әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

НЕГІЗГІ  БӨЛІМ...........................................................................................4

1  Құқық және экономика  негіздерінің сабақтарын оқыту үрдісінде интерактивті экранды қолдану әдістемесі.................................4

2  "Экономикалық білім негіздері" курсының ерекшеліктері.......10

3  Құқық негіздерінің  сабақтарында қазіргі замандағы  құқықтың мазмұның анықтау.............................................................................19

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................21

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  мақсаты мен қарастырылатын мәселелері:

  • Құқық және экономика сабақтарында интерактивті жаттығулары мен түрлері;
  • Интерактивті оқытудың негізі;
  • Интерактивті сабақ;
  • Құқық және экономика сабақтарында мұғалімнің интерактивті сабақтағы мәселесі;
  • Интерактивті сабақтардың әдістері;

Гипотеза: интерактивті әдістер құқық және экономика сабақтарындағы өте маңызды мәселеге айналып келе жатыр деп ойладық делік.

Тақырыптың  жаңашылдығы: интерактивті әдістердің мүмкіндіктерін ашу.

Зерттеу объектісі: білім саласы.

Зерттеу заты: білім саласындағы білім алып жүрген оқушылар.

Білім саласындағы барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қалыптасты. Мектептегі сабақ класс-сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар:     1)  оқу топтарының құрамы;

2)  әр кластағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау;

3)  оқу сабақтарының  нақты белгіленген кестесі;

4) оқушылар жұмыстарының  жекелей және бірлескен түрлерін ұйымдастыру;

5) мұғалімнің жетекші ролі;

6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

 

1  Құқық және экономика негіздерінің сабақтарын оқыту үрдісінде интерактивті экранды қолдану әдістемесі

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Казақстан Республикасының  Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — білім беру бағдарламаларын менгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны окыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдын бірі — бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады.

Бұл кешен  білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады. Кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт арқылы қосылатын, кабырғаға ілінетін 1,88 м тақта, басқаруға керекті, бір, екі қалам және жазуға арналған блокнот кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 – Интерактивті тақтаның сыртқы түрі


 

 

 

 

 

 

 

 

Компьютердің VGA-портына проектор аркылы қосылатын тақтада көрсетілетін ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады. Сонымен қатар тақтаның, проектордың драйвері және орнатылатын арнайы бағдарламалық жабдықтамасы бар. Кешенмен жұмыс істегенде екі режим: тышқан және аннотация режимі қолданылады. Бірінші жағдайда тақта тышқан орнында қолданылып қолданушының іс әрекетін операциялық жүйеге трансляциялайды (жеткізеді), екінші жағдайда маркер тікелей қалам ретінде, яғни жазу немесе сурет салу үшін қолданылады. Мұндай жағдайда графикалық редакторды қажет етпей, экран бетінде сурет салуға болады. Мысалы жұмыс үстелінде, PowerPoint слайдтарында және кез келген қолданбалы бағдарламалар терезелерінде және т.б. Көптеген интерактивтік тақталар монтаждан соң калибрлеуді, яғни маркердің тақта бетіндегі орнын анықтауды қажет етеді. Калибрлеу экранның әр бұрыштарын және ортасын көрсетілген нүктелерді арнайы утилит көмегімен белгілеу арқылы жасалады. Егер тақтамен проектордың орналасу орны өзгермесе, калибрлеуді қайтара жасау қажет емес.

Проектордың орналасуына  қарай интерактивтік такталар тікелей (тура) және кері проекциялаушы деп  екі класқа бөлінеді. Бірінші класқа жататындар — қолданушы кей уакытта  экранды көленкелеп жауып қалу кемшілігіне  қарамастан өте кең тараған. Сондықтан объективті төменге еңкейтіп, проекторды тақтаға мүмкіншілігінше жақындатып төбеге іледі.

Екінші класқа жататындар біршама қымбат тұрады, онда проектор тақтанын артында орналасады да өте  көп орын алып тұрады.

Қазір интерактивтік  тактаны жасаушылар көбіне дайын кешендерді, яғни тақтамен жұмыс істейтін құралдардың барлығын бірге ұсынады.

Интерактивтік тақталарда қолданылатын   технологиялар   төрт типке бөлінеді:

І.Сенсорлы аналогтық-резистивтік  технология;

2.Электромагниттік технология;

З.Лазерлік технология;

4.Ультрадыбыстық/инфрақызыл  технология.

Бірінші типтегі интерактивтік  такталарда өлшеу жүйесі аналогтық  болғанымен қабылданған ақпарат  цифрлық түрде өнделеді. Ақпаратты  көрсету тігінен және көлдененінен мындаған нүктелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, SMART Technologies компаниясының SMARTboard тақталары 4000x4000, Poly Vision фирмасының Webster 8000x8000 нүктеден тұрады. Проектордан шығатын бейне (1024x768) нүктелерден құралады да, оның басқа тақталардан артықшылығы — қолдану барысында арнайы маркерлердін болуы міндетті емес. Жұмсақ көпқабатты құрылымына қарамастан мұндай тақталар жақсы сапаларын сақтап, көп жыл жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Осы технологияны қолданатын интерактивтік тақталарды Egan TeamBoard, Interactive Technologies, PolyVision, SMART Technologies компаниялары шығарады. Электромагниттік технологияларда қолданылатын тақталардың беті өте калын болады. Осы технологиялы тақталар маркердің электромагниттік белгілерін қабылдау арқылы жұмыс істейді. Электромагниттік интерактивтік тақталарды GTCO Calcomp, Promethean, ReturnStar, Sahara Interactive компаниялары шығарады.

Лазерлік технологиялы интерактивтік такталар жүйесіне екі  инфрақызыл лазерлік бұрыш белгілеу құралы кіреді. Бұндай тақталарда тек  маркермен ғана жұмыс істеуге болады. Лазерлік технологиялы тақталарды тек PolyVision компаниясы ғана шығарған. Осы тақталар үстіне қағаздар іліп те қолдануға болады.

Ультрадыбыстық инфрақызыл технологиялы интерактивтік тақталарда басқалардан айырмашылығы— тақтанын әрбір бұрыштарында ультрадыбыстық датчиктер бар. Бұл тақтаның кемшілігі электромагниттік, лазерлік технологиялы тақталардағыдай тек маркермен ғана жұмыс істейді. Бұндай тақталарды Hitachi және Panasonic компаниялары шығарады.

«Активті экран» бағдарламалық-техникалық кешенді Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында қолдану тәжірибесі бізге онын білім беру үрдісінде қолданудың жаңа дидактикалық тәсілдерін ашуға мүмкіндік береді. Бұл тақтаны педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқыту үрдісінде студенттерге оны таным құралы ретінде пайдаланып, оқуды бітірген сон да оларға сапалы білім беру ісінде педагог құралы ретінде қолдану мүмкіншіліктерін айқындауға жол ашатыны белгілі болып отыр.

«Активті-экран» бағдарламалық-техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану  барысында олардың негізгі қызметі — жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдын оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жана технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Бұл жерде: «Бұл мақсатқа жету үшін оқыту үрдісін қалай құру керек?»,- деген сұрақ туындайды.

Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік  тақтаны оқытушыға дәріс деректерін қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен студенттердін қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Дәрісті оқу барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет-ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске косу, CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б, әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Сабақты өткізу барысындағы  «Активті экран» бағдарламалы-техникалық кешенін пайдалану және негізгі  мүмкіншіліктерін орнату бойынша әдістемелік  кеңестерін қарастырайык.

Сабақты өткізу әдістемесі

Дәріс өткізу әдістемесі келесі түрде  өткізілуі мүмкін. Дәріс материалын PowerPoint презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тактаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді көрсете алады және өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, студентке, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Сонымен «Актив экран» бағдарламалық-техникалық кешенін қолдану барысында студентке дәрістің мәтінін жазу қажет емес екендігі анықталды.

Практикалық сабақты өткізу әдістемесі келесі түрде болуы мүмкін. Оқытушы алдын  ала дайындаған дәрісті немесе алдынғы өткен сабақты қайталауға және (студенттің) оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың басында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Оқытушы студентті тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардын көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.

Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген оқытушы мен студенттің орындаған   іс- әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

Семинарды өткізу әдістемесі бағдарламалық-техникалық кешенді қолданып келесі түрде жүргізуге болады. Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша әнгімелесу немесе дискуссия формасында өткізіледі. Оқытушы алдын ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды және сабақта белсенділікпен қызығушылықты тудыратын семинар тақырыбын түгелдей ашуға қажет акпараттық объектерді кірістіреді. Оқытушы сабақ барысын интерактивтік тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен қатар семинар сұрақтарын ұжымдық топтық әңгімелесу, талқылау түрінде ұйымдастыруға болады. Кейбір сұрақтарды толық игеру үшін студенттер графикалық акпаратты қолданады.

Сонымен, интерактивтік  тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өндеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары — презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектер — сабақтын жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жана дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

2  "Экономикалық білім негіздері" курсының ерекшеліктері

Экономикалық білім негіздерін мектепте оқыту мақсаты мен міндеттері

Қоғамдық сана және қоғамның әлеуметтік сұранысы республика мектептерінде "Экономикалық білім негіздерін" енгізу қажеттілігін көрсетіп отыр.

Экономика саласындағы білімге  деген сұраныстың болуы экономикалық білім берудің тарауының шапшандығын байқатады.

Экономикадан білім беру мақсаты мен міндеттері негізінде экономикалық білім негіздерін беру стандарты ұғымының мән-мағынасы анықталады.

Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерін, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларға экономикалық білім беру мазмұны ғылыми негізде анықталуда.

Экономикалық білім — жалпы  білім берудің құрамды бөлігі. Нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты елімізде білімі терең, мәдениеті жоғары, өмір талабына сай бейімделген жас ұрпақты экономикалық біліммен қаруландырып, тәрбиелеу — өте маңызды іс. Қазіргі кезде дүние жүзінің көптеген елдерінде мектептерде экономикалық білімді жүйелі де, сапалы түрде беруге баса назар аударылып отыр. Барлық мектептерде оқушыларға экономикадан белгілі бір дөрежеде білім берудің қажеттілігінен туындайтын сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарды кеңінен жүргізу, экономиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарларына енгізу — күн тәртібіндегі көкейтесті мәселе. Сондықтан да қоғам дамуының өркениетті сатысында мектептерде экономикалық білім беруді енгізу мәселелеріне баса назар аударылып келеді. Болашақ ұрпаққа қойылатын талап — қазіргі өмір талабына сай экономикалық білімді игере отырып, өз өмірінде, өз қызметінде осы білімді пайдалана білу. Экономикалық білімнің практикалық пайдасы — оның адам тәжірибесінде күнделікті кездесіп жүрген түсініктерді ұғынуға көмектесетіндігінде. Экономикалық білімді қолданумен тығыз байланысты мамандықтар экономикалық білімнің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді. Экономикалық білім берудің жалпы адамзаттың медениетін қалыптастырудағы, адамгершілікке, үнемділікке, іскерлікке үйретудегі үлесі зор. Экономиканы оқыту барысында оқушылардың бойында халық, ұлт, әлем алдындағы жауапкершілікті тәрбиелеу тиімді. Осы экономикалық білім беру арқылы егемен еліміздің экономикалық мәселелерді шешуде өзінің үлесін көрсете алатын азаматтар білім алып, тәрбиеленеді деп үміт етіп, экономикалық білім негіздері курсын мектептерге енгізу өте маңызды мәселе деп есептейміз.

Информация о работе Құқық және экономика негіздерінің сабақтарында оқытудың интерактивті және проблемалық әдісі