Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2015 в 22:05, реферат

Краткое описание

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі.Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан.
Табиғат пен адам қатар ұғым,табиғатсыз адам, адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес.Себебі , адам өз керектісін , қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1 Адамзаттың экологиялық байланыстарының тарихы
1.2.Қоғам мен табиғаттың өзара қарым қатынастарының кезеңдері
2.Адамзат қоғамындағы табиғаттың рөлі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

экология.docx

— 30.04 Кб (Скачать файл)

«Астана медицина университеті» АҚ

                    Жалпы гигиена және экология кафедрасы

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы                                

                         табиғаттың   рөлі

 

 

 

 

 

Орындаған: Байдулла З.Қ.

Топ:  104 ЖМ

Қабылдаған:  Мырзагалиева А.М.

 

 

 

Астана 2015 ж.

 

Жоспар

 

І.   Кіріспе

ІІ.  Негізгі бөлім

1.1 Адамзаттың экологиялық байланыстарының тарихы

1.2.Қоғам мен табиғаттың өзара қарым қатынастарының кезеңдері

2.Адамзат қоғамындағы табиғаттың рөлі

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

          Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі.Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан.

          Табиғат пен адам қатар ұғым,табиғатсыз адам, адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес.Себебі , адам өз керектісін , қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады.

          Адам өмірі үшін өсімдіктер дүниесінің , әсіресе ормандардың топырақ , су ресурстарын қорғауда, климатты реттеуде маңызы өте зор. Ормандарды есепсіз кесу, жиі болып тұратын орман өрттері нәтижесінде олардың көлемі күрт азайып кетті.

         Биосферадағы осы өзгерістердің  барлығы адам өмірі мен жануарлар  тіршілігіне зиянды әсер етеді, өйткені жануарлардың тіршілік  жағдайларының нашарлауы, олардың  популяцияларының азаюына әкеліп, ал бұл ең соңында адамзат  қоғамына кері әсерін тигізетіні  сөзсіз.

          Жалпы алғанда, табиғи орта қоғамға  тиімсіз бағытта өзгере бастады, соның нәтижесінде табиғат қазіргі  кезеңде апат қаупінде деуге  болады.Бүгінгі күні бүкіл адам баласын ойландырып отырған үлкен экологиялық мәселелер бар.Дүниежүзінде туындап отырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз.Семей полигоны мен Арал теңізінің құрғап кету мәселесін былай қойғанда, күнделікті ауа мен судың ластануы,ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі,тіпті, қоршаған ортаның көң-қоқысқа көмілуі – осының бәрі кезек күттірмейтін үлкен экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді әрі тығыз байланыста болғандықтан, аталған мәселелерді шешіп,өзі өмір сүріп отырған табиғат – үйіне қамқорлық жасауы тиіс. Осыған байланысты қазіргі кезде бүкіл адамзат қоғамының алдында тұрған аса маңызды міндет : тез арада табиғаттың апаттық жағдайын (экологиялық кризисті) болдырмауға арналған және оны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған шараларды жүзеге асыру.

 

 

 

 

 

 

         Жер ғаламшарының даму тарихын тәулікке тең уақыт аралығында қарастырсақ, онда адамның дамуы шартты тәуліктің соңғы екі секундында жүріп өтті.Бірақ, осынша қысқа өмірінде адам алдындағы 5 млрд. жылмен салыстырғанда орасан көп жердегі түрлердің санының жойылуының куәсі болып отыр.

         Әлеуметтік экологияның негізгі  заңдылықтарын анықтау үшін адам  мен қоршаған ортаның өзара  әсерін , өзара қарым-қатынасы мен  өзара байланыстарын білу қажет.

       Қазіргі  кездегі көзқарастар бойынша  қазіргі адам неандертельдықтардың  африкандық бұтағынан Homo sapiens  түрінің  түр тармағы- homo sapiens ретінде пайда  болды. Қазіргі барлық адамзат  шартты түрде бір еркек пен  бір әйелдің генотипінен тарайтын  тұтас генотиптен тұрады.Олар  шамамен 150 мың жыл бұрын Шығыс  Африка жерінде кездескен деген  болжамдар бар.

         Адамның ата- тегі бұдан ертеректе  африканың ағаштарда мекендеген  жоғары  дамыған тартанаулы маймылдарынан  бастау алады (дриопитек 22-21 млн. жыл бұрын).Дриопитектен жүретін адамға дейін (архантроп) эволюцияланған. Аталған эволюция  баспалдақтарының арасында бір қатар аралық формалар,мысалы  австролопитектер туысы (5-1 млн. жыл бұрын) болған.Адамның пайда болуы мен эволюциясын  тірі  табиғаттың эволюциясынан бөліп қарастыру мүмкін емес және ол көбіне Жердегі экологиялық өзгерістерді анықтады.

          Адам эволюциясының бірқатар  ерекшеліктерін бөліп қарастыруға  болады:

  1. Адамның маймыл тәріздес ата-тектерінде терең морфологиялық , физиологиялық және экологиялық мамандануы болған жоқ. Бұл эволюциялық жағынан жоғары бейімделушілік, бұтақтанған эволюцияға қабілеттілігінің болуына , мінез-құлқының бейімделгіштігі, әр түрлі экологиялық орталарды мекендеуіне мүмкіндік беретін еді.
  2. Адам эволюциясы эволюцияның жылдамдау ережесінің дәлелдемесі болып табылады.Ол ірі сүтқоректілер үшін жоғары жылдамдықпен сипатталады.
  3. Бейімделушіліктің жоғарылығы консервативті инстинктерінің толық аяқталған жиынтығының болмауы және алуан түрлі құралдармен қызмет жасау адамның ата-тегінде мінез-құлықтың жоғары түрлерінің дамуына, инстинкт үстілік сферасының және интеллектінің дамуын қамтамасыз етті.
  4. Антропогенездің соңғы кезеңдері мәдениеттің – материалдық байлықтарды жасау құралдарының, тілмен, белгілермен, ақпараттарды жеткізу, сигналдық естің жиынтығының қалыптасуымен сипатталады.Мәдениет адам эволюцияының басым факторына айналып, табиғи сұрыптау факторларының қысымын  кемітеді.Үйретуге байланысты іскерліктер, дағдылар мен білімдер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі, яғни мәдени мұра , дәстүрлер қалыптасады.Осы арқылы адам өзінің эволюциясында жүре пайда болған белгілерінің тұқым қуалауына табиғат салған тыйымды бұзды.Мәдениет, мәдени мұра қоғам мен өркениеттің пайда болуының басты көзі болып табылады.
  5. Қоғамдағы мәдениет пен ақпаратты игеру генетикалық ақпараттың тұқым қуалау арқылы берілуінен анағұрлым жылдам жүреді.Сондықтан қоғамдық прогрестің даму қарқыны мен материалдық мәдениеттің дамуы биологиялық эволюцияны басып озып қана қоймай табиғи сұрыпталудың әлсіреуіне байланысты оны баяулатады.

     Homo sapiens экологиясына әсер ететін антропогенездің негізгі факторларына мыналар жатады: адамның ата-тектерінің  ағашта өмір сүретін түрлерден шығуы, адамның төмендегі биологиялық ерекшеліктерін : денесінің вертикальды күйде болуы, иіс сезудің өзгеруі, түрлі-түсті көру мүшелерінің  өткірлігінің артуы, аналығының бір мезгілде өмірге келтіретін балалар санының кемуімен анықтады.Көздерінің фронтальды орналасуы көру мүшелерінің стереоэффект пен жақсы ара қашықтықты өлшеу функциясын қамтамасыз етті.Жоғары дамыған ұстау қызметі мен тактильді сезімталдылық  қолдың кейінгі конфункционалды  дамуын жеңілдетті.

         Шамамен 10 млн.жыл бұрын Африкадағы  тропиктік белдеудің ауа райы  айтарлықтай өзгеріп,үлкен кеңістіктегі орман саваннамен алмасты.Бұл біздің ата-тегімізді жер бетінде өмір сүруге және тік жүрудің қалыптасуына әкелді.Алдыңғы аяқтарының босауы еңбек құралдарымен жұмыс істеуге және құралдарды пайдаланудың дамуына әкелді.Экотоптың және қоректену сипатының  (тек өсімдіктермен қоректенуден аралас тамаққа көшу ) өзгеруі  қоректену территориясының артуына және тамақ өндіру кезінде көп қуат жұмсауға әкелді.Жануар текті азықпен қоректенудің артуы  ас қорытудың, зат алмасудың өзгеруіне, дене мөлшерінің және агрессивтіліктің артуына әкелді.Жетілген құралдарды қолдану отты, жануарлардың сүйегі мен терісін пайдалануға әкелді.

         Ашық кеңістіктердің экотоптарын  меңгеру мен қоректену территриясының  ұлғаюы архантроптардың топтарының  әлеуметтік ұйымдасуын өзгертті.Антропогенезде  репродуктивті функцияның және  жыныстық қатынастардың өзгеруі  ерекше орын ала бастады.Бұл  отбасының пайда болуының алғы  шарты болды.

           Аталған барлық факторлар ең  алдымен, құралдармен жұмыс істеу, эмоцианалдық сфераның көбеюі ,ойлаудың  жақсы дамуына әкелді.Осының негізінде  сөз пайда болды.Бұл саналық  жағынан  жаңа ақпараттық ортаны жасап,ми арқылы өңделетін ақпараттың көлемін арттырды.

           Антропогенездің соңғы кездері  мен  адамның таралу процесі ауа райының ауытқуымен сай келді.Солтүстік жарты шардағы мұздық кезеңдердің алмасуы.Тамақтың жетіспеуі және бәсекелестіктің артуы Homo erectus-тің таралуын жылдамдатты. Оның ертедегі формалары Африкадан Оңтүстік Азияға енді.300 мың жылдан бұрын архантроптар Солтүстік Африка мен Оңтүстік Еуропада пайда болды. 100 және 40 мың жыл бұрын ертедегі адамдар қоңыржай белдеуде,содан соң Еуразияның солтүстік бөліктерінде, шамамен 50 мың жыл бұрын Австралияда таралып, ал 30 мың жыл бұрын Берингия және Полинезия арқылы Америка континентіне өтті.

             Адамның таралуы нәсілдік және  ұлттық полиморфизмнің , ұлттардың  пайда болуымен қатар жүрді.

             Қазіргі жағдайда адамның табиғат  факторларына тәуелділігі бірнеше  есе артты,  себебі , табиғатқа  экспонинциалды түрде артып келе жатқан әсер табиғаттың өзін де өзгертеді, олай болса адамның өмір сүру жағдайлары да өзгереді. 

             Адамзаттың тарихы – адамдардың  табиғатпен өзара қарым-қатынастарының  тарихы болып табылады.Әр түрлі  дәуірлер бір-бірінен табиғатқа адамның қатысымен, оны меңгеру ерекшеліктеріен сипатталады.

            Қоғам мен табиғаттың өзара  қарым-қатынасының тарихында бірқатар  ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге  болады.(1- сурет)

 

 


 

 


 

 


 

 

 

 

 

1-сурет

Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының төрт кезеңі

 

(Н.М.Мамедов, И.Т.Суравегина бойынша)

 

           Бірінші кезеңді  палеолит дәуірі деп атайды. Бұл кезде қарапайым алғашқы қауымдық құрылыстың өмір салты болған. Аталған кезеңді көбінесе биогенді кезең ретінде сипаттайды.Адам бұл тарихи кезеңде табиғатпен бірге еді,оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан құралды.Палеолиттің ұзақтығы 2 млн.жылдан астам уақытты алып жатыр және ол адам мен табиғаттың өзара әсерлерінде ең көп уақытты алып жатқан кезең.

           Адамның табиғатқа , биосфераға әсері  осы кезеңнің өзінен көріне  бастады.Ол негізінен өсімдіктер  жабынының өзгеруімен және жануарлардың  жекеленген түрлерінің  жойылуымен  сипатталады.Палеолит дәуірінде адамдардың жекелеген ірі шөп қоректі жануарларды (мамонт,алып,бұғылар,түктікерітер,т.б) толық жойып жібергені дәлелденді.Аңшылық өнімдері адамдар үшін негізгі азық және шаруашылық қызметінде негізгі шикізат көзі болған.

 

           Екінші аграрлық кезеңге адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталған неолит дәуірі  жатады.Бұл дәуір өнеркәсіптік өндірістің қалыптасуына дейінгі кезеңді,яғни б.э.XVII ғасырына дейінгі уақытты алып жатыр.

          Неолит дәуірінен бастап,егіншілік  пен мал шаруашылығының дамуына  байланысты қоғам биосфераға  кұшті әсер ете бастады.Ормандарды  кесу,шалғындық далаларды жырту, үй жануарларын жою нәтижесінде  ғаламшардың орасан үлкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға айнала бастады.Археологиялық және палеоботаникалық зерттеулер қазіргі кездегі шөлдер Гоби,Қарақұм,Қызылқұм, Сахара шөлдерінің территориясын бір кезеңде гүлденген өркениетті елдер алып жатқанын көрсетті.

           Аграрлық кезеңнен бастап тарихтағы  техногенді дәуір басталады,яғни  адам белсенді түрде биосфераны  өзгерте бастады, табиғаттың заңдылықтарын  өзінің мақсатына бағытталған  түрде пайдалана бастады.Сондықтан  егіншілік технологиясы, мал шаруашылығының  технологиясы туралы осы кезеңнен  бастап айтуға болады.

          Аграрлық кезеңнің соңы кеме  қатынасымен,Жаңа дүниенің, Тынық  мұхиты аралдарының ашылуымен,еуропалықтардың  Үндістан мен Қытайға,Африка мен  Орталық Азияға, Шығыс Сібірге  енуімен сипатталады.Аталғандар  Жердің табиғаты туралы,оның орман, топырақ, су ресурстары, минералдық  байлықтары туралы түсініктерді  өзгертті және оларды пайдаланудың  жаңа мүмкіндіктерін енгізді.

            Кеме қатынасының дамуы теңіз  кәсіпшілігінің кеңеюіне, ең алдымен  киттер мен басқа да теңіз  жануарларын аулауға алып келді.

            Үшінші индустриалды кезең қоғам мен табиғаттың өзара қатынасындағы техногенді дәуірдің шарықтау шыңы болды. Ол  XVII ғасырдан бастап  XX ғасырдың ортасына дейінгі уақытты алып жатыр.

            Өнеркәсіптің дамуына байланысты  қоғамның табиғи ортаға әсері  жаңа сипатқа ие болды.Кен өндіру  салалары мен металлургия қарқынды  түрде дами бастады.Отын ресурстарын  жағу арқылы қуат өндіру бірнеше  есе артты. Жаңа заттарды жасау, ластаушы заттардың үлкен территорияларда  таралуына және ауыл шаруашылығының  химияландырылуына байланысты адамның  биосфераға химиялық әсерінің  сапасы өзгерді.

             Алғашқы кездегі табиғаттағы  өздігінен реттелу процестері  биосфера экожүйелерінің бұл  әсерлерге төтеп беруіне мүмкіндік  берді.Бірақ, өндірістік іс-әрекеттің  қарқыны мен көлемінің артуы  экожүйелердің өздігінен қалпына  келу қабілетін біртіндеп жойды.Биосфераның  биологиялық ,химиялық, физикалық көрсеткіштерінде  айтарлықтай өзгерістер байқала бастады.

             ХХ ғасырдың ортасына қарай  өндірістің қоршаған табиғатқа  әсері кеңейіп, ғаламдық сипатқа  ие болды.Нәтижеде табиғи ортаның  сарқылуына байланысты өндірістің  одан әрі дамуы мүмкін болмайтын  жағдай қалыптасты, яғни экологиялық  дағдарыс байқалып отыр.

             Қазір қоғам мен табиғаттың  өзара қатынасында  индустриалдық  кезеңнен ақпараттық-экологиялық (постиндустриалдық) кезеңге өту байқалып отыр.Бұл кезең ғаламшар ресурстарының (биосфераның көптеген зақымдануларды қалпына келтіру мүмкіндігінің ) шектеулі екендігін түсінумен сипатталды.Сонымен қатар ғылым мен техниканың жоғары дәрежеде дамуы техника мен өндірістік технологияның биосфераға зиянсыз негізде дамуына мүмкіндік бере алады.Жалпы алғанда, осы кезеңнің нәтижесі адамзаттың болашағын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

            Табиғат – адамзатпен біртұтас дүние.Адам қоғамын біз табиғаттан бөліп , бөлек қарастыра алмаймыз.Адам ежелгі заманнан табиғаттан өзіне керек материалдық заттарды алып жатыр.Мысалы,ағаш кесу,мұнай,пайдалы қазбалар,табиғи ресурстарды пайдалану және т.б.

Информация о работе Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі