Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 06:48, реферат

Краткое описание

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.

Вложенные файлы: 1 файл

Мадени мура.docx

— 56.83 Кб (Скачать файл)

       Жүздеген  жазба ескерткіштер Еуропа мемлекеттерінің  кітапханалары мен дипломатиялық  мұрағаттарынан табылды. 

       Шет  елде Орталық Азиядағы көне  көшпелі халықтардың шаруашылық  құрылысы мен антропологиялық  түріне, олардың тілдерінің өзара  ықпалына және өзара қарым-қатынастарына  қатысты этнологиялық деректердің  табылуының маңызы айрықша зор. 

       Қожа  Ахмет Иассауи кесенесі мен  Тамғалы археологиялық кешені  сияқты екі ғажайып ескерткіш  ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұралар  Тізіміне енді. Аталған тізімге  ұсынылған келесі ескерткіш ежелгі  Отырар қаласы болып отыр.

       Мемлекеттік  бағдарлама аясында 230 аталым  кітап жарық көрді, арасында  тарих, археология, этнография жөніндегі  аса құнды сериялар, жаңа энциклопедиялық  сөздіктер бар. Мысалы, "Бабалар  сөзі" сериясы жүздеген жылдар  бойы жасалған қазақ халқының  бай ауыз әдебиетін жинақтауға  мүмкіндік берсе, "Қазақтың ата  заңдары" жинағы қазақ халқының  құқықтық санасының даму тарихын  ашып көрсетеді. 

       Мемлекеттік  бағдарлама ТМД елдерінде ғана  емес, сонымен қатар алыс шетелдерде  де аса жоғары бағаланды. 2006 жылғы  сәуірде Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның  Штаб-пәтерінде оның тұсаукесері  табысты өтті.

       Оны  іске асыруға мемлекеттік бюджеттен  2,7 миллиардқа жуық теңге бөлінді. 

       Мемлекеттік  бағдарлама тарихи-мәдени мұраны  қайта қалпына келтірумен ғана  шектелмейді. Оның басты мақсаты  - қоғамдық санада оң өзгерістерге  қол жеткізу және нақ осы  тұрғыда ол маңызды идеологиялық, жалпымемлекеттік мәнге ие.

       Біріншіден, мемлекеттіліктің аса маңызды  рухани негізі болып табылатын  ұлттың тарихи санасының көкжиегін  кеңейту және рөлін күшейту  туралы сөз болып отыр.

       Мемлекеттік  бағдарламаны әзірлеу барысында  зерттеулер жүргізу  ауқымын  тарихи диапазонын концептуалды  түрде анықталды. Ол қола дәуірінің  соңынан бастап темір дәуіріне  дейінгі екі мың жылдан асатын  кезеңді қамтиды. 

       Нәтижесінде  Еуразия кеңістігіне атты көшпелілердің  шығуы және осы оқиғаның әлемдік  діндер пайда болған "осьтік  дәуірге" әсері, далалық өркениет  пен қазақ хандықтарының жарқын  әрі драмалық тағдыры, Ұлы Жібек  жолы бойында қалалардың пайда  болуы, олардың гүлденуі, құлауы  мен қайта өркендеуі, отарлану, империя құрамында болу, егеменді  мемлекет ретінде болашаққа жол  іздеу сияқты іргелі тарихи  оқиғалар назарға алынды.

       Екіншіден,  Мемлекеттік бағдарлама ұлттық  сана-сезімнің қалыптасуы және  нығаюына байланысты сұрақтарға  жауап болды. 

       Үшіншіден,  Мемлекеттік бағдарламаның іске  асырылуы елдің жаңа тарихи-мәдени  ландшафтының қалыптасуына игі  әсерін тигізді. 

       Төртіншіден,  Мемлекеттік бағдарламаның іске  асырылуы қазақстандықтардың өз  тарихына және мәдениетіне қызығушылықтарын  арттыра түсті. 

       Бесіншіден, Мемлекеттік бағдарламаның елдегі  этносаралық өзара түсіністіктің  артуы мен ұлтаралық қатынастардың  үйлесімділігі тұрғысынан алғандағы  зор әлеуетін де атап көрсету  қажет. 

       Жалпы  алғанда, Мемлекеттік бағдарлама  бойынша өте қомақты нәтижелерге  қол жеткізілді, ол елдегі және  шетелдік зиялы қауым тарапынан  жоғары бағаға ие болды. 

       Елдің  мәдени мұрасын зерделеуге, сақтауға, қалпына келтіруге және тиімді  пайдалануға бағытталған шаралар  кешенін іске асыруды қамтамасыз  ету мақсатында, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы  N 1203  қаулысымен  2007 - 2009 жылдарға  арналған "Мәдени мұра" салалық  бағдарламасы бекітілді, ол Мемлекеттік  бағдарламаның қисынды жалғасы  болып келеді.

       "Мәдени  мұра" салалық бағдарламасын іске  асырудағы 2 жыл ішінде (2007 - 2008 жж.) 16 тарих және мәдениет ескерткіштерінде  жаңғырту жұмыстары аяқталды, 39 қалашық,  қоныс, тұрақ пен қорғанда маусымдық  археологиялық зерттеу жұмыстары  жүргізілді. Ұлттық мәдениет үшін  айрықша маңызы бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштерінде 8 қолданбалы ғылыми зерттеулер  жүргізілді, Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениетінің  мәселелері жөніндегі басылымдардың  жаңа серияларын әзірлеп шығару  бойынша жұмыстар жалғастырылды. 

       Салалық  бағдарламаны іске асыруға 2007-2008 жылдары мемлекеттік бюджеттен  3,2 миллиардқа жуық теңге бөлінді. 

       Сонымен  қатар, Мемлекеттік бағдарламаны  іске асыру тәжірибесі қысқа  мерзім ішінде рухани-мәдени, гуманистік  әлеуетті толығымен ашып жүзеге  асыруға мүмкіндік бермейтін  бірқатар тенденциялардың бар  екендігін де көрсетті.

       Егер  Мемлекеттік бағдарламаның алдағы  кезеңі негізінен аса ауқымды  мәдени мұраны, соның ішінде, фольклор, салт-дәстүрлерді зерделеу, ұлттық  мәдениет үшін маңызы айтарлықтай  зор тарихи-мәдени және сәулет  ескерткіштерін қалпына келтіру,  ұлттық әдебиет пен жазудың  көпғасырлық тәжірибесін жинақтау  бағытындағы игі істермен сипатталса, оны одан әрі іске асырудағы  мақсат - мол тарихи-мәдени мұраны  қоғам игілігіне айналдыруды  қамтамасыз ету болып табылады.

 

3. Тарихи-мәдени мұра  саласындағы мемлекеттік саясат - егеменді Қазақстанның тұрақты  дамуының факторы 

 

       Егеменді  Қазақстанның бүгінгі өмірі мен  оның жан-жақты даму перспективаларын  мәдени мұрасыз елестету мүмкін  емес. Мәдени мұра сана-сезімді  қалыптастыру негіздерінің бірі, ізгілік пен отаншылдық құндылықтар  сабақтастығын орнықтыруда зор  әлеуетке ие.

       Мәдени  мұраның экономикалық ресурсын  жұмылдыру - елді қайта жандандырудың  негізі. Тарихи ортаның сақталуы  республикамыздың инвестициялық  тартымдылығын қамтамасыз етеді.  Ол, сонымен қатар, бүкіл қазақстандық  қоғамдастықтың игілігіне айналар  жанама артықшылықтардың шеңберін  кеңейтуге де алып келеді.

       Мәдени  мұраны сақтау саласындағы мемлекеттік  саясаттың базалық қағидаты - бұл  жұмыстың мемлекетіміздің экономикалық  және әлеуметтік дамуы аясында  ғана тиімді болатындығына негізделген  кешенді көзқараспен қарау. Мәдени  мұраны сақтау орнықты даму  стратегиясының шешуші элементі  болуға тиіс.

       Қазақстан  өз экономикасының маңызды саласы  бола алатын және болуы қажет  туризм индустриясын дамыту үшін  қуатты мәдени әлеуетке ие. Туризм  тарих және мәдениет ескерткіштерін  кең танытуға септігін тигізеді, республикамыздың ел ішіндегі, сондай-ақ  шет елдердегі биік беделін  нығайтады. 

       Мәдени  мұраның туризмді дамытудағы  артықшылықтарын пайдалануға негізделген  мәдени туризмнің қазақстандық  моделі ұмытылып кеткен дәстүрлер  мен өнер түрлерін жаңғыртуға, туристік қызығушылық тудыратын  жаңа орталықтар ашуға, ерекше  бағыттар түрлерін ұйымдастыруға  бағытталуы тиіс. Туристік-экскурсиялық  жұмыс тәуелсіз Қазақстанның  мәдени мұрасының бар әлеуетін  пайдалана алады. 

       Кешенді  сақтау қағидатына мемлекеттік  басқару органдарының жұртшылықпен  және мемлекеттік емес сектормен  серіктестік қарым-қатынастарды  дамытуда бастамашы, қадағалаушы  және үйлестіруші функциялары  да енеді. Мәдени мұраны барлық  қолжетімді ресурстарды пайдалана  отырып сақтау ісіне деген  ведомствоаралық көзқарасты да  қолдау қажет. Сақтау міндетін  тек орталық атқарушы органдар  ғана емес, жергілікті атқарушы  билік органдары да шешуге  тиіс.

       "Мәдени  мұра" стратегиялық ұлттық жобасын  жүзеге асыру барысында мәдениет  жөніндегі мемлекеттік саясатты  жүргізуге деген жаңа сапалы  көзқарастарды айқындап бергендігін,  Қазақстанның зор рухани, тарихи-мәдени  және гуманитарлық әлеуетін паш  еткенін атап өту қажет. 

 

4. Тұжырымдаманың мақсаттары  мен міндеттері 

 

       Осы  Тұжырымдаманың мақсаты - рухани  және білім беру салаларын  дамытудың ғылыми, әлеуметтік-экономикалық  және ұйымдастыру-әдістемелік базасын  одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу.

       Қойған  мақсаттарға жету үшін күш-жігерді  мынадай негізгі міндеттерге  жұмылдыру қажет: 

       тарихи-мәдени  мұраны сақтап, одан әрі дамыту  үшін қолайлы жағдай жасау; 

       мемлекеттік  және салалық бағдарламалар іс-шаралар  жоспарын іске асырудың тиімді  тетіктері мен құралдарын әзірлеу; 

       Қазақстанның  бай тарихи және мәдени мұрасын  халықаралық деңгейде насихаттау;

       мемлекеттік  және салалық бағдарламаларын  іске асыру барысында жинақталған  жаңа және жүйеленген білімді  ғылыми айналымға енгізу жөнінде  ұсыныстар әзірлеу; 

       тарихи-мәдени  мұраны туризмді дамыту үшін  белсенді пайдалану, тарих және  мәдениет ескерткіштерін туризм  инфрақұрылымының маңызды бір  бөлігі ретінде қарастыру; 

       тарихи-мәдени  мұраны халыққа кеңінен тарату  мақсатында қоғамдық білім және  бұқаралық ақпарат салаларына  аудару жолдарын іздестіру; 

       Түркістан  қаласы мен Отырар қалашығындағы  бірқатар маңызды ескерткіштерді, Есік пен Берел қорғандары  және басқа да тарихи-мәдени  кешендерді заман талабына сай  қайта қалпына келтіру жөнінде  шаралар әзірлеу, олардың мемлекет  тарихындағы, елді біріктіруші  құндылықтар ретінде алатын орнын  айшықтайтын жүйелі іс-шаралар  жүргізу; 

       еуразиялық  кеңістіктегі көшпелі мәдениет  мұрагері ретінде қазақ мәдениетінің  ұлттық брэндін қалыптастыру  және оны халықаралық деңгейде  насихаттау;

       шетелдік  ғалымдармен, іргелі ғылыми орталықтармен  бірлесе отырып ұлттық мұраларды  кешенді түрде жан-жақты зерттеу,  олардың ғылыми айналымға түсуін  қамтамасыз ету. 

 

5. Тұжырымдаманың басым  бағыттары 

 

       Тұжырымдаманың  басым бағыттары: 

       1) ұлттық  рәміздерді қалыптастыру;

       2) мәдени  туризмді дамыту;

       3) ұлттық  тарихи-мәдени мұраны халықаралық  деңгейде насихаттау;

       4) өткен  бес жылда табылған тарихи-мәдени  мұраны кешенді зерделеу;

       5) жүйеленген  білімді оқу процесіне енгізу;

       6) саланы  дамытудың стратегиялық ресурсы  ретіндегі кадр саясатын іске  асыру. 

 

5.1. Ұлттық рәміздерді  қалыптастыру 

 

       Бағдарламаның  жаңа кезеңінде Есік, Берел қорғандары  және Түркістан қаласы мен  Отырар қалашығындағы бірқатар  маңызды ескерткіштер сияқты  мемлекеттілігіміздің асыл қазыналарын  қайта жаңғырту және оларды  ұлттық рәміздеріміз ретінде  орнықтыру жоспарланып отыр.

       Отырар - Ұлы Жібек жолында орналасқан  ірі сауда орталығы, мұнда әлемге  әйгілі ғұлама Әл-Фараби дүниеге  келді. Бұл - әлем тарихындағы  ірі кітапханалардың бірі орналасқан  рухани бесік. 

       Түркістанда  халқы үшін жан қиған, елі  мен жері үшін қасық қаны  қалғанша күрескен қазақ хандары,  батырлары мен билері жерленген.  Кеңес дәуірінде Есім, Тәуке, Жәңгір  хандардың, Қазыбек бидің, Бөгенбай, Жәнібек, Жауғаш және Қойгелді  батырлардың кесенелері мен зираттары  жойылды. 

       Аталған  объектілердің барлығы халықты  біріктіретін киелі рәміздер  мен қасиетті орындар болып  саналады.

 

5.2. Мәдени туризмді дамыту 

 

       Ұлы  Жібек жолының тарихи орындары  негізінде мәдени туризмді дамыту, олардың мемлекет тарихындағы  халықты біріктіретін құндылықтар  ретіндегі рөлін ашып көрсететін  жүйелі іс-шаралар өткізу мемлекеттің  негізгі стратегиялық бағыттарының  біріне айналуға тиіс. Бүгінгі  күнге дейін біздің мол рухани  қазынамыз әлемдік қауымдастық  назарына жеткілікті ұсынылмай  отыр, сол тұрғыда мәдени туризм  де белсенді дамымай келеді.

       Жоғарыда  көрсетілген ұлттық рәміздеріміз  негізінде мәдени туризмнің даму  жолдарын анықтау ұсынылады. Қазақстан  территориясын әлемге Ұлы Жібек  жолының негізгі тармағы ретінде  көрсету, соған орай нақты бағдарлар  жүйесін құру қажет. 

       Әр қорық-мұражайға  бөлек сипаттама беру мақсатында  Ұлы Жібек жолының магистральді  учаскілеріндегі қорық-мұражайлардың  дамуын анықтайтын Бас жоспар  құру жөнінде шаралар атқарылды. 

       Мәдени  туризмді дамыту мақсатында барлық  тарихи орындарды мұражайландыру  жүзеге асырылады. Әр мұражай  халықтың басынан өткен күрделі  тағдырды танытып, Қазақстан тарихын  кезең-кезең бойынша көрсететін  болады. Қорық-мұражайлар көшпелілер  тұрмысын өз дәуірінің рухына  сай көрсетуі тиіс.

 

5.3. Ұлттық тарихи-мәдени  мұраны халықаралық деңгейде  насихаттау 

 

       Әл-Фараби  және Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс  сияқты атақты тұлғалар ежелгі  қазақ жерінен шыққандығы тарихтан  белгілі. Біздің борышымыз - олардың  түрік мәдениетінің ажырамас  бөлігі екендігін әлемдік қауымдастыққа  таныту.

Информация о работе Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы