Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 06:48, реферат

Краткое описание

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.

Вложенные файлы: 1 файл

Мадени мура.docx

— 56.83 Кб (Скачать файл)

       "Тарих  ғылымы" топтамасындағы "Қазақстанның  тарихы жөнiндегi жазба деректер" жобасы Қазақстанның ежелгi уақыттан  бүгiнгi күнге дейiнгі тарихы бойынша  жазба деректердің мемлекеттік  тiлдегi бiрнеше дестелерiн басып  шығаруға дайындықты көздейдi, олардың  iшiнде Геродоттың, Птолемейдің еңбектерi, сондай-ақ аса маңызды араб, парсы,  түркi тiлдi, қытай, моңғол, орыс және  батыс жазба деректерi қамтылған.

       "Әлемдiк  тарихи ой-сана" дестесiне әлемнің  көрнектi ойшылдары мен ғалымдарының  адамзат өркениеттерiнің, мәдениетiнің,  елдер мен халықтардың даму  проблемаларына арналған трактаттары  кiредi.

       "Археология, тарих және мәдениет ескерткiштерi" топтамасында - "Тарих және мәдениет  ескерткіштерінің жинағы" кiтаптары  дестесiнде Қазақстанның археологиясы  мен тарихының майтын ескерткіштерiнiң  тарихи және көркемдік құндылығы,  сондай-ақ халықтың тарихы мен  қолөнерi суреттермен қысқаша  баяндала отырып, мол мәлiметтер  беріледi. Қазақ халқының тарихи  мұрасын зерделеудiң тұтастай  жүйесiн жасауға ықпал ететiн  альбомдар дестесi де қызығушылық  туғызады. Олардың арасында "Қазақстанның  археологиясы", "Қазақстанның  петроглифтерi" бар. "Мәдениеттану" топтамасында - "әлемдiк мәдениеттану  ой-санасы" жобасында мәдениеттанудың  "мәдениет" және "өркениет", "мәдени құндылықтар" және "мәдени  құбылыстар", "мәдениет субъектiсi" және "мәдени мұра", "мәдениеттегi  дәстүрлер мен жаңалықтар", "мәдениеттiң  типтерi" және басқалары секiлдi негізгi ұғымдарына арналған өткеннiң  ойшылдарының көптеген трактаттарының  аудармалары мен қазiргi ғалымдардың  монографиялары енген.

       "Этнография  және антропология" топтамасындағы "Қазақтың халық дәстүрлерi  мен әдет-ғұрыптары" суреттi кітап-альбомдар  дестелерiнде халықтың дәстүрлерi  мен әдет-ғұрыптары сипатталып, қазақтардың  мәдени құндылықтары мен қолөнерi  туралы мәлiметтер беріледi.

       "Заң  ғылымы" топтамасы - "Қазақтар  құқығының ежелгi дүниесi" кiтаптарының  дестесi белгiлi билердің қазақ  халқының бiрлiгiн және оның  аумағының тұтастығын сақтауға, қоғамды имандылық тұрғысынан  үйiруге үндеген шешендік сөздерi, нақылдары мен қарасөздерi жинақталған,  оларда адамды сүю, татулық  пен әділдiк қағидалары, сондай-ақ  қазақтар құқығы қағидаларының  жазбалары мен жинақтары беріледi.

       "Әлеуметтану"  топтамасындағы бұл бағыт "әлемдiк  әлеуметтану ой-санасы" дестесiнде  берiліп, ол қоғамда тұлғаның  қалыптасуы мен оның әлеуметтенуi, әлеуметтік институттардың қалыптасуы  мен әлеуметтік үдерiстердiң мәнi  мәселелерi жөнiндегi көптеген зерттеулерге, сондай-ақ әлеуметтану iлiмiнiң  қазiргi таңдағы теориялары мен  мектептерiне арналған.

       "Саясаттану" топтамасында - "әлемдiк саясаттану  ой-санасы" дестесiнде Ежелгi дүниенiң,  Орта ғасырдың, Жаңа және Жаңаша  уақыттың негiзгi саяси және құқықтық  доктриналары туралы мағлұмат  беретiн, сондай-ақ саяси-құқықтық  идеологияның даму сатыларын  оның дүниетанымдық негiздерiмен  және теориялық мазмұнымен бiрлiкте  бейнелейтiн түрлi дәуiрлердегi дүние  ойшылдарының мәтiндерi жинақталады.

       "Психология" топтамасындағы "әлемдiк психологиялық  ой-сана" дестесiнде жүздеген жылдар iшiндегi әлемдiк психологиялық ой-сананың  түп-негiзiн бейнелейтiн ғылыми  психологиялық ой-сананың аса  танымал өкiлдерінің еңбектерi қамтылады.

       "Экономика  ғылымы" топтамасындағы "Экономика  классикасы" кiтаптарының дестесi ғалымдар мен ойшылдардың экономика  жөнiндегi теориялық мұрасына арналады, ол қоғам дамуының, шаруашылық  жүргiзу нысандары мен экономикалық  идеялардың диалектикалық бiрлiгiн  бейнелейтiн әдiснамалық тәсiлге  негiзделген. Осы дестенің әрбiр  томы классикалық, кейнстiк, институционалдық, монетарлық және басқа да жетекшi экономикалық мектептердiң негiзгi қағидалары мен есiмдерi туралы  мағлұмат беретiн ақпараттық материалдар  мен мәтiндердi қамтитын болады.

       "Тіл  бiлiмi" топтамасындағы осы бағыттың  дестелерiнде қазақ әдеби тілінің  дамуы жөнiнде жан-жақты мәлiмет  беретiн және оның лексикасының  баюына ықпал ететiн қазақ тiлінің  түрлi түсіндiрме сөздiктерi, синонимдер  сөздiгi, диалектологиялық және этимологиялық  сөздiктер беріледi.

       "Мұрағат  және кiтапхана iсi" топтамасына  - "Қазақ зиялыларының хаттары  мұрасы" жинағына Қазақстан Республикасының  Орталық мемлекеттiк мұрағатында  және Ресей Федерациясының мұрағат  қорында табылған қазақ қоғамындағы  ел басқарушылардың - ұлттық ғылыми  және шығармашылық зиялы қауымның  көрнектi қайраткерлерiнің хаттарының  ауқымды кешенi енеді.

       "Энциклопедиялар"  топтамасындағы осы бағыттың  дестелерi қазақ мәдениетiнің тарихы, ерекше әдеби жанрлар мен өнердiң  бағыттары туралы мағлұмат беретiн  әдебиет, мәдениет және өнер  жөнiндегi энциклопедиялар мен энциклопедиялық  анықтамалықтардың алуан түрлі  ауқымын қамтиды. Қазақ, орыс  және ағылшын тілдерiндегi "Қазақстан  Республикасы" энциклопедиясы жан-жақты  сипаттамаларды, статистикалық материалдарды,  бай иллюстрацияларды, фотосуреттердi, схемалар мен диаграммаларды  қамтиды.

       "Бейнелеу  өнерi" топтамасындағы осы бағыттың  дестелерiнде Қазақстан бейнелеу  өнерiнің құнды үлгiлерi фото- және  бейнелеу альбомдарында көрiнiс  табады. "Қазақстан суретшілерi" атты жеке дестеде Ә.Қастеев,  О.Таңсықбаев, С.Калмыков және басқалар  секiлдi заманымыздың талантты шеберлерiнің  шығармашылығына арналған бейнелеу  альбомдары шығарылады.

 

4. Қажеттi ресурстар және  қаржыландырудың негiзгі көздерi

 

 

      Бағдарламаны  қаржыландыру республикалық бюджеттiң  есебiнен жүзеге асырылатын болады. Қаржыландырудың жалпы көлемi - 1933,6 млн. теңге, оның iшiнде: 2004 жылы - 641,65 млн.; 2005 жылы - 631,7 млн.; 2006 жылы - 660,2 млн.  теңге. Бағдарламаны қаржыландырудың  2005-2006 жылдарға арналған көлемi  тиiстi қаржы жылына арналған республикалық  бюджеттiң болжамды көрсеткіштерiнің  аясында нақтыланатын болады.

       Ұлттық  әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениеттің,  әдебиеттiң шығарылуы кейiнгi жылдарда  аяқталатын кең көлемдi дестелi басылымдарын  қаржыландыру мәселелерi белгiленген  тәртiппен қаралатын болады.

 

5. Бағдарламаны iске асырудан  күтiлетiн нәтижелер

 

 

      Бағдарламаны iске асыру ұлттың рухани-білім  беру және зияттық-мәдени деңгейінің  көтерiлуiне, өскелең ұрпақты әлемге  ортақ құндылықтар, қазақстандық  отаншылдық рухында тәрбиелеуге,  қоғамды одан әрі топтастыруға  ықпал етедi.

       Нәтижесiнде:

       тарих  пен мәдениеттің 30-дан астам  маңызды ескерткiштерi қайта жаңғыртылады;

       32 ежелгi  және орта ғасырлық археологиялық  кенттер мен қоныстарды ғылыми  зерттеу, тұмшалау, абаттандыру,  мұражайға айналдыру және туристік  мақсатта пайдалану жөнiнде жұмыстар  жүргiзiледi;

       мәдени  инфрақұрылым кеңейтіледi, тарихи-мәдени  құндылықтарды насихаттау мен  кеңiнен таныстыру жөнiндегi қызмет  жанданады;

       мәдени  мұраны зерделеудің тұтастай  жүйесiн жасау жөнінде шаралар  iске асырылады;

       Республикалық  ұлттық кiтапхана жанында Ұлттық  кiтап жәдiгерлерiн табу және  сатып алу, кiтаптар мен ежелгi  қолжазбаларды қалпына келтiру  орталығы, Қазақстан Республикасының  Орталық мемлекеттiк мұрағаты  жанында қазiргi заманғы жабдықтармен  жарақталған Мұрағат құжаттарының  сақтандыру көшiрмесiн жасау және  қалпына келтiру орталығы, Президенттік  мәдени орталық базасында ұлттық  тарих үшiн айрықша мәнi бар  мұражай қорын түзу мен қалпына  келтiру орталығы құрылады;

       16 бағыт  бойынша түрлi кiтаптар дестелерi шығарылады;

       Қазақстанның  мемлекеттiк тұтастығы мен халықтары  бiрлігінің нышаны - мүсiнтас тұрғызылады;

       деректер  базасы жасалады, ЮНЕСКО-ның күнiлгерi тiзiмiне енгiзiлген мәдени және  аралас мұра объектiлерiн күзетудiң  аумақтары мен өңiрлерінің шекарасы  белгiленедi;

       елдiң  қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында  сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың  фоножазбалары қалпына келтiрiлiп,  қазiргi заманғы аудиотаспаларға  көшірiледi.

 

      мақұлданған    

 

"Мәдени мұра" стратегиялық  ұлттық жобасының 

2009 - 2011 жылдарға арналған 

 тұжырымдамасы 

 

 Астана қаласы, 2008 жыл 

 

 Мазмұны 

 

         1.  Кіріспе 

         2.  Тарихи-мәдени мұраны зерделеу  мен сақтаудың қазіргі жай-күйін  талдау 

         3.  Тарихи-мәдени мұра саласындағы  мемлекеттік саясат - егеменді Қазақстанның  тұрақты дамуының факторы 

         4.  Тұжырымдаманың мақсаттары  мен міндеттері 

         5.  Тұжырымдаманың басым бағыттары 

         5.1.  Ұлттық рәміздерді қалыптастыру 

         5.2.  Мәдени туризмді дамыту 

         5.3.  Ұлттық тарихи-мәдени мұраны  халықаралық деңгейде насихаттау 

         5.4.  Өткен бес жылда табылған  тарихи-мәдени мұраны кешенді  зерделеу 

         5.5.  Жүйеленген білімді оқу  процесіне енгізу 

         5.6.  Саланы дамытудың стратегиялық  ресурсы ретінде кадр саясатын  іске асыру 

         6.  Тұжырымдаманың қағидаттары  мен тетіктері 

         7.  Тұжырымдаманы іске асырудан  күтілетін нәтижелер 

 

1. Кіріспе 

 

         Мәдени мұра - орны толмас құнды  рухани, мәдени, экономикалық және  әлеуметтік қазына. Мұра осы заманғы  ғылым, білім мен мәдениеттің  де қайнар көзі. Бұл, табиғи  байлықтарымен қатар, ұлттық өзін-өзі сыйлауы мен әлемдік қоғамдастықты мойындатуына басты негіз болып табылады.

       2009-2011 жылдарға  арналған "Мәдени мұра" стратегиялық  ұлттық жобасының Тұжырымдамасы  (бұдан әрі Тұжырымдама) Мемлекет  басшысының 2008 жылғы 13 маусымда өткен  "Мәдени мұра" бағдарламасын  іске асыру жөніндегі Қоғамдық  кеңестің отырысында берілген  тапсырмасын орындау мақсатында  әзірленген.

       Бұл  Тұжырымдамада 2004 - 2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік   бағдарламасын  (бұдан әрі - Мемлекеттік  бағдарлама) іске асырудың негізгі  аспектілері және 2007 - 2009 жылдарға  арналған "Мәдени мұра" салалық   бағдарламасының  (бұдан әрі - салалық бағдарлама) екі жылдық  нәтижелері талданып, оны алдағы  жылдары іске асырудың басым  бағыттары көрсетілген. 

       Тұжырымдаманың  өзектілігі Қазақстан халқының  тарихи-мәдени мұра құндылықтарына  деген мемлекет көзқарасын жүйелі  жетілдіріп отырумен айқындалады.  Өткен кезеңдердегі саяси және  әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді  қайта зерделеу мен бағалау  процесі барынша күшейіп келе  жатқан қазіргі уақытта ақиқатқа  объективті, нақпа-нақ және сындарлы  тұрғыдан қарап, мәдени мұраны  сақтау мен тиімді пайдалану  перспективаларын терең бағамдау  қажеттілігі туындап отыр.

       Осы  Тұжырымдама халықтың әлеуеті  мен ізгілік бағытын паш етіп, оның тарихи тәжірибесін байытқан  және ұрпақтар жалғастығының  сенімді тірегіне айналған стратегиялық  ұлттық жобаны одан әрі іске  асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға  арналған "Мәдени мұра" салалық  бағдарламасының іс-шаралар жоспарын  жасауға негіз болады.

 

2. Тарихи-мәдени мұраны  зерделеу мен сақтаудың 

 қазіргі жай-күйін  талдау 

 

       Мемлекеттік  бағдарламаны іске асыру Қазақстан  тарихындағы шын мәнінде теңдесі  жоқ, аса жемісті гуманитарлық  акция болды. Отандық мәдениет  пен ғылымды жоғары деңгейге  көтеруге мүмкіндік беретін жаңа  құнды тәжірибе алынды.

       Еліміздің  тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, айрықша маңызы бар тарихи-мәдени  және сәулет ескерткіштерін қайта  қалпына келтіру жөнінде ауқымды  жұмыс атқарылды. Бүгінгі күні  мемлекеттік мұражайларда екі  миллионнан астам мәдени құндылықтар  сақталуда. 

       Ұлттық  мәдениет пен жазудың сан ғасырлық  тәжірибесін қорыту, әлемдік ғылыми  ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің  үздік жетістіктері негізінде  гуманитарлық білімнің мемлекеттік  тілдегі толыққанды қорын құру  жөнінде жұмыс жүргізілді.

       Мемлекеттік  бағдарламаны іске асыру барысында  35 тарих және мәдениет ескерткіштерінде  жаңғырту жұмыстары, 30 қалашық, қоныс,  тұрақ пен қорғанда археологиялық  зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды.

       Қытай,  Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапон, Египет, Өзбекстан, Армения, АҚШ, бірқатар  Батыс Еуропа елдеріне ғылыми-зерттеу  экспедициялары ұйымдастырылып, ғылыми  ортаға бұрын белгісіз болып  келген Қазақстанның тарихы, этнографиясы, өнері туралы бес мыңға жуық  қолжазба мен баспа басылымдары  табылды. Экспедициялар барысында  тек Қытайдың өзінде ғана Қазақстанның  тарихы мен мәдениетіне қатысты  бұрын зерттелмеген үш жарым  мыңға жуық тың дерек табылды. 

       Осы  зерттеулердің нәтижесінде, қазір  Қазақстанда қазақ хандары мен  сұлтандарының Қытай, Қоқан, Хиуа  және де басқа шектес жерлердің  билеушілерімен хат алмасуы жөнінде  көптеген тарихи маңызды деректер  жиналды, бұрын белгісіз қыпшақ  жазбаларын иелендік.

Информация о работе Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы