Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 09:18, контрольная работа

Краткое описание

Қаржылық құқығының: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді.

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері.
2. Бюджет заңдары, бюджет жүйесі.
3. Салық құқығының түсінігі.
III Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

Қаржы құқығы.docx

— 40.86 Кб (Скачать файл)

7) басымдық принцип – бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік – эканомикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;

8) жауапкершілік принцип – бюджет процесіне қатысушыларды

Қазақстан Республикасының  бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту;

9) бюджеттердің дербестік принципі – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджнтттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шағастар жүктеуге жол берілмейтіндігі.

Қазақстан Республикасының  Бюджет жүйесі төмендегідей түрлері  мен деңгейлерге бөлінеді. Қазақстан  Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады:

- Республикалық   бюджет;

- Обылыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қала, астана бюджеті;

- Аудан(обылыстық маңызы  бар қала) бюджеті.

3.Салық құқығының түсінігі

 

Салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік  мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік  саясаттың жалпы республикалық  бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып  табылады. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан  Республикасының Заңымен бекітіледі.

Салықтық және басқа да түсімдер, есебінен қалыптастырылатын  және обылыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік  мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік – аумақтық бірлікте мемлекеттік  саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры обылыс бюджеті, республикалық  маңызы бар қала, астана бюджеті  болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған обылыстың бюджеті обылыс, республикалық маңызы бар қала, астана маслихатының шешімімен бектіледі.

Салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және ауданнның (обылыстық маңызы бар  қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік  мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (обылыстық маңызы бар  қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылғанақша қоры аудан бюджетті аудан маслихатының шешімімен бекітіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан  Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында негізіледі.

  Төтенше мемлекеттік  бюджетті бюджеттік жоспарлау  жөніндегі орталық уәкілітті  орган әзірлейді және ол Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленген  тәртіппен Қазақстан Республикасы  Призидентінің Жарлығымен бекітіледі. Қазақстан Республикасының бүкіл  аумағында төтенше немесе соғыс  дағдайын енгізу және оның  күшін жою туралы Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығы  төтенше мемлекеттік бюджетті  енгізуге және оның қолданылуын  тоқтатуға негіз болып табылады.

 Төтенше мемлекеттік  бюджеттің қабылданғаны туралы  Қазақстан Республикасының Парламенті  дереу хабардар етіледі. Төтенше  мемлекеттік бюджеттің қоладанылуы  уақытына тиісті қаржы жылына  арналған республикалық бюджет  туралы заңның және тиісті  қаржы жылына арналған барлық  деңгейлердегі жергілікті бюджеттер  туралы маслихаттар шешімдерінің  қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше  мемлекеттік бюджет төтенше немесе  соғыс жағдацы негізілген мерзім  ішінде қолданыста болады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің  қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық  және жергілікті бюджетттердің атқарылуы  тиісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңға және тиісті қаржы  жылына арналған барлық деңгейлердегі  жергілікті бюджеттер туралы маслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының жекеленген жерлерінде төтенще жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.

  Қазақстан Республикасының  бірнеше аймақтарының аумақтарында  бір  мезгілде төтенше жағдай  енгізу төтенше жағдайдың зардабы  ұлттық мүдделерге және республиканың  эканомикалық қауіпсіздігіне нақты  қатер төндіруі мумкін болатын  ретте ғана төтенше мемлекеттік  бюджет енгізуге негіз бола  алады.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкіндегі шотында шоғындырылатын, мемлекеттік қаржылық актив түріндегі, сондай–ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, эканомикалық мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. 

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау фукциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтермен өзге де мүліктің жинақталуын және тәуекелдің деңгейі бірқалыпты болған кезде  ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан  Республикасы Ұлттық қоры активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері өнімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану  дүниежүзілік және ішкі тауар мен  қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі  эканомикалық жағдай, республиканың  әлеуметтік эканомикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэканомикалық  және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан  Республикасы ұлттық қорының негізгі  мақсаттары мен міндеттері сақтала  отырып айқындалады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының  операциялар жөніндегі есебі  мен есептілігі ұлттық валютамен  жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды  Қазақстан Республикасының Ұлттық бакімен Қазақстан Республикасының  Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік  басқару туралы шарттың негізінде  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

  Салық дегеніміз мемлекет  біржақты тәртіппен заң жүзінде  белгіленген, белгілі бір мөлшерде  жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз  сипатта болатын бюджетке төленетін  міндетті ақшалай төлемдер.

 Салық құқығы салықты  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу  тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай–ақ мемлекет пен салық  төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін  орындауға байланысты қатынастарды  реттейді.

 Салықтар тікелей және  жанама болып бөлінеді. Тікелей  салық төлеудің субъектісі оның  ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей  оның мүлкінің, еңбек ақысының  азаюына әкеледі. Мысалы, тікелей  салыққа жеке табыс салығын  жатқызуға болады.

 Жанама салықтарға  қосылған құн салығы мен акциз  жатады. Жанама салықта төлеуші  салықты төлеудің ауыртпалығын  басқа бір тұлғаға жүктейді. Мысалы, заң жүзінде аталған салықтардың  төлеушісі тауарды сатушы, бірақ  негізінде салықтың сомасы осы  сатылған тауардың құнының ішіне  кіретіндіктен оны тауарды сатып  алушы өтейді.

 Салық және басқа  да міндетті төлемдердің сомалары  Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексіне және тиісті жылға  арналған республикалық бюджет  туралы заңдарда белгіленген  тәртіппен тиісті бюджеттердің  кірісіне түседі.

  Қазақстан Республикасында төмендегідей салық түрлері қолданылады:

1. Корпорациялық табыс салығы;

2. Жеке табыс салығы;

3. Қосылған құн салығы;

4. Акциздер,

4-1. Экспортталатын шикі  мұнайға, газ конденсатына рента  салығы.

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары мен арнаулы төлемдері.

6. Әлеуметтік салық.

7. Жер салығы.

8. Көлік құралдары салығы.

9. Мүлік салығы.

 Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Републикасының Ұлттық банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Респуликасының резидент заңды тұлғалары, сондай–ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылыжүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар ( бұдан әрі бөлім бойынша – салық төлеушілер) жатады.

Жеке табыс салығын төлеушілер салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар (резидент және резидент емес) болып табылады.

 Салық төлеушінің төлем  көзінен салық салынатын табыстарына:1) қызметкердің табысы; 2) бір жолғы  төлемдерден алынған табыс; 3) жинақтаушы  зейнетақы қорларынан берілетін  зейнетақы төлемдері; 4) дивидендтер,  сыйақылар, ұтыстар түріндегі  табыс; 5) стипендиялар; 6) жинақтаушы  сақтандыру шарттары бойынша  табысы жатады.

 Жеке тұлғалар табыстарының  мынадай түрлеріне салық салынуға  тиіс емес:1) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген мөлшерде  мемлекеттік бюджет қаражаты  есебінен төленетін атаулы әлеуметтік  көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;2) балаларға және асырауындағыадамдарға  алынағн алименттер;3) Жеке тұлғаның  өмірі мен денсаулығына келтірілген  зиянды Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан  жалақысына қатысты өтеуден басқа);4) жеке тұлғалардың қаржы рыногы  мен қаржылық ұйымдарды реттеу  және қадағалау жөніндегі уәкілетті  мемлекеттік органның лицензиялары  мен банктер мен банк операцияларының  жекеленген түрлерін жүзеге асыратын  ұйымдардағы салымдары бойынша  оларға төленетін сыйақылармен  борштық бағалы қағаздар бойынша  сыйақы; 5) мемлекеттік бағалы қағаздармен  және агенттік облигациялармен  жасалған операциялардан түскен  табыстар; 5-1) пайлық инвестиялық  қорлардың пайлары мен акционерлік  инвестициялық қорлардың акциялары  бойынша дивидендтер, сондай–ақ  инвестициялық қорды басқарушы  компания оларды сатып алған  кездегі осы қордың пайлары  бойынша табыстар) әскери қызмет  міндеттерін атқарған кезде әскери  қызметшілерге, белгіленген тәртіппен  арнайы атақ берілген, оны қызметтік  міндеттерін атқаруына байланысты  алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық  атқару жүйесі органдары мен  мекемелерін және мемлекеттік  өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне  берілетін төлемдердің барлық  түрі; 7) лотерея бойынша 5 айлық  есептік көрсеткіш шегіндегі  ұтыстар;8) тиісті жылға арналған  республикалық бюджет туралы  Қазақстан Республикасының заң  актісінде белгіленген ең төменгі  жалақы мөлшерінде мемлекеттік  бюджет және греаттар қаражаты  есебінен жүзеге асырылатын қоғамдық  жұмыстарды орындауға және кәсіби  оқуларға байланысты төлемдер; 9) гранттар қаражаты есебінен төленетін  төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден  басқа); 10) тұрақты жұмысы жолда  өтетін немесе жүріп – тұру  сипатында болатын не қызмет  көрсететін учаскілер шегінде  қызмет бабындағы сапалармен  байланысты жағдайларда Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленген  мөлшерде төленетін төлемдер; 11) Экологиялық апат немесе ядролық  сынақ полигонындағы ядролық  сынақтар салдарынан зардап шеккен  азаматтарды әлеуметтік қорғау  туралы Қазақстан Респуликасының  заңдарына сәйкес төленетін төлемдер.

 Қосылған құн салығы  ұғымы. Қосылған құн салығы  тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы  процесінде қосылған, оларды өткізу  бойынша салық салынатын айналым  құнының бір бөлігін бюджетке  аударуды, сондай–ақ Қазақстан Респуликасының  аумағындағы тауарлар импорты  кезіндегі аударымды білдіреді.  Салық салынатын айналым бойынша  бюджетке төленуге тиісті қосылған  құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін  төленуге тиісті қосылған құн  салығының сомасы арасындағы  айырма ретінде айқындалады.

Салық салу объектілері мыналар: 1) салық салынатын айналым;2) салық  салынатын импорт қосылған құн салығын  салу объектілері болып табылады.

Төлеушілер мыналар: Қазақстан  Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар: жеке кәсіпкерлер; мемлекеттік мекемелерді  қоспағанда, заңды тұлғалар; қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты  мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емемтер; 2) заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушілер ретінде  танылған құрылымдық бөлімшелер қосылған құн салығын төлеушілер болып  табылады.

Тауарлар импорты кезінде  қосылған құн салығын төлеушілер Қазақстан Республикасының кеден  заңдарынына  сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.

Қазақстан Республикасының  аумағында өндірілген және қазақстан  Республикасының аумағына импортталатын  тауарларға, сондай–ақ тізбесі төменде  көрсетілген қызмет түрлеріне акциздер салынады:

1. спирттің барлық түрлері;

2. алкоголь өнімі;

3. темекі бұйымдары;

4. құрамында темекі бар басқа бұйымдар;

5. бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) , дизель отыны;

6. жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа)

7. шикі мұнай, газ конденсаты акцизделетін тауарлар болып табылады.

Қызметтің акцизделетін түрлері  мыналар болып табылады: 1)ойын бизнес;2) лотереяны ұйымдастыру мен өткізу.

 Экспортталатын шикі  мұнайға, газ конденсатына рента  салығы: төлеушілер өнімді бөлу  туралы келісім – шарттар жасасқан  жер қойнауын пайдаланушыларды  қоспағанда, шикі мұнайды, газ  конденсатын экспортқа өткізетін  жеке және заңды тұлғалар экспортталатын  шикі мұнайға, газ кнденсатына  салынатын рента салығын төлеушілер  боып табылады.

Информация о работе Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері