Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 09:18, контрольная работа

Краткое описание

Қаржылық құқығының: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді.

Содержание

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері.
2. Бюджет заңдары, бюджет жүйесі.
3. Салық құқығының түсінігі.
III Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Вложенные файлы: 1 файл

Қаржы құқығы.docx

— 40.86 Кб (Скачать файл)

Қазақ-орыс халықаралық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау жұмысы

 

Тақырыбы: «Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері».

Пәні: Қаржы құқығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаушы: Сайлыбаева Асылжан  Қанатқызы

Тобы: Ю-каз 302-5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе қаласы

2013 жыл

 

 

 

Жоспар:

 

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері.

2. Бюджет заңдары, бюджет  жүйесі.

3. Салық құқығының түсінігі.

III Қорытынды:

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Қаржылық құқығының: түсінігі, белгілері, құрлымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистік құрамына жатады.

Қаржылық құқықтың маңызы әсіресе экономиканы нарықтық негізге  көшіру, түрлендіруге байланысты өсіп отыр.

Бірінші кезеңде бұл түрлендірулердің салық жүйесіне тигізген ықпалына байланысты барлық шаруашылық субьектілерінің  материалдық мүдделеріне тікелей  әсер етеді. Нарықтық инфрақұрылымның  күрделі элементі болып табылатын  банкілік және сақтандыру істерінің  де еліміздегі маңызы айтарлықтай өсіп отыр. 
Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға кµшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін төмендету сияқты келеңсіз кµзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы кµзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылатынын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік басқару жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз:

Біріншіден, мемлекет бұрын  да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде олар алуан қоғам мүдделіктерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығаруға болмайды;  
       Екіншіден, мемлекеттің экономика, рөлі күшейе бермек;

үшіншіден, мемлекет ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына себін тигізетін зор мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жөн;

Төртіншіден, нарықтық зіндік реттеу стихиялық процестер туындатады және ол процестер нарықтың бір қыры ретінде қаржылар және әлеуметтік-мәдени салаларындағы дәрежесі ұзақ жылдар бойындағы тарихи тәжірибелермен белгіленген. Әсіресе қазіргідей, қысылтаяң реформа кезеңінде мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың ауыздықталмаған қара күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан келеді;  
Бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық зіндік реттеу анархия мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық. Сондықтан нарықтық зіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңестіру қажет.

Қазіргі кезде осыған байланысты сонымен бірге µтпелі кезең, мемлекет, ғылым талаптарына сай болатындай аса ұтымды мемлекеттік басқару  жолдарын қалыптастыру мәселелері мына келесі сұрақтарды шешуді алға қойып  отыр: қаржылар саласындағы басқаруды  экономика аясындағы түрлендірулерді  және меншік құқығымен зара байланыстырып  талдау; есептеу және ұйымдастыру  техникасының, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін  экономикалық және әкімшілік әдістердің жиынтығын, яғни қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру; нарықтық экономика аясында жүзеге асырылып жатқан қаржылық қызметтің-мемлекеттің басқарушы қызметтің бір түрі екенін және оның құқықтық негіздері әкімшілік және қаржылық заңдар болып табылатынын теориялық тұрғыдан негіздеу; мемлекеттік басқару және атқарушы билік органдардың қызметтері нарық талаптарына сай заңдар негізде, жаңаша бағытта жүзеге асырылатыны жµнінде теориялық негіздеме бере отырып осы аяға ықпал ететін факторларды зерттеп, талдау: қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару, қаржылық қызметті жүзеге асыру процестерінің ерекшеліктерін, айырмашылықтарын зерделеп зерттеу және мемлекеттік реттеудің (мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік контракті, тіркеу, лицензиялау нысанындағы) мемлекеттік басқару функциясы ретінде жүзеге асырылу маңызы мен мәнін және механизмін жалпы мемлекеттік басқарушы-атқарушы органдар жүйесімен байланыстырып, ұйымдастырып кµрсету: мемлекеттің бюджет және салық жүйесіне, олардың нарықтық қатынстар жағдайындағы құқықтық режиміне назар аудару және олардың экономикалық табиғаты мен құқықтық маңызын қарастырып зерттеу арқылы жетілдіру жµнінде ұсыныстар енгізу: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында айқындалған мемлекеттік басқарушы-атқарушы билік жүйесін орталық, жергілікті атқарушы билік органдарын қайта құру жµніндегі қағидаттар мен ережелерді және осыған байланысты мемлекеттің қаржылық-фискальдық саясатының жетілдіруін кµздейтін жолдарды басшылыққа ала отырып, құқықтық тұрғыдан негіздеу.

 

1.Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері

 

Қаржы құқығы мемлекеттің  дамуының әрбір нақты кезеңінде  оның міндеттері мен қызметтерінің  үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету  үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың  жиынтығы.

Мемлекеттің қаржылық қызметі  түрлі әдістердің көмегімен іске  асырылады. Осындай әдістердің бірі ақщалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген  мерзім мен мөлшерде мемлекеттің  бюджетіне түседі. Бюджетке аталған  түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап  отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік  емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен  алымдар да міндетті түрде мемлекеттік  бюджетке түседі.

  Ақшалай қаржыны бөлу  мен пайдаланудағы негізгі әдістердің  бірі қаржыландыру мен несие  беру әдістері. Қаржыландыру ол  жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз  мемлекеттік бюджеттен берілетін  ақшалай қаражат, яғни бюджет  қаражатын алушыларға осы қаражатты  бөлу.

Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлары, мақсатты, ақылы және белгіленген  мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін  ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда  несие берудің мемлекеттік, банктік  және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие  бір мемлекеттің  басқа шет мемлекеттердің және олардың  жеке және заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай  қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде  болады. Банктік несие банктік  қарауына уақытша айналысатын бос  ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.

Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен  өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. Коммерциялық несие векселмен бекітіледі вексельді банктар есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктік несиеге ұласады. Сонда заңнамалар нормаларына сәйкес келетін вексель иесіне берілген жазбаша кепілдік болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық іс әрекет және қаржылық бақылаумен айналысытын  көптеген органдар бар. Оларға мемлекеттік  биліктің жоғарғы өкілетті және атқару органдары – Мәжіліс пен Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Санақ палатасы, қазыналық, салық  комитеттері, салық плициясы, басқа  да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрлі инспекциялар жатады.

Мемлекеттік емес кәсіпкерліктен басқа тірлікпен айналысатын  субъектілердің қаржылық – шаруашлық  жағдайын тексеруді мемлекеттік  емес тексеру – бақылау органдары  – аудиторлар жүзеге асырады.

Мемлекеттің қаржылық іс - әрекетінің барысында материалды және ұйымдастырушылық сияқты екі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады.

Материалды қаржылық қатынастар мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру және бөлу үрдісін, ақшалай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді. Бұл қатынастар нақты ақшаның төлеушілерден мемлекеттік қорға не болмаса, керсінше, мемлекеттік қордан оны алушыларға қарай бағытталуымен байланысты. Мысал ретінде мемлекеттік бюджетке түсетін салық, салық төлеушіден мемлекеттік бюджетке барса, керсінше мемлекеттік бюджеттен бөлінетін зейнеткерлерге төленетін зейнетақы, жетім балалараға төленетін көмек ақылар бюджеттен азаматттардың әлеуметтік мұқтаждықтарына бағытталады.

Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша, қаржы жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды, мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында қалыптасады. Бұл қатынастар эканомикалық сипатта болмағандықтан ақша қаржыларының қозғалысын жанамалайды. Бірақ, олар материалды қаржылық қатынастардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Егер материалды қаржылық қатынастардың негізгі нысаны ақша болса, ұйымдастырушылық қаржылық қатынастардың нысаны мемлекеттік қаржылық құрылым болып табылады.

Қаржылық бақылау мемлекеттің  қаржылық іс–әрекетінің ақша қаржы  ағымын, бюджеттің қазынасынқатаң сақтау мен бақылауға юағытталған маңызды  бір юөлігі.Қаржылық бақылау барынша  күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады: 1) бақылау  субъектісі; 2) бақылау объектісі; 3)бақылау  заты; 4) бақылаудың мақсаты; 5) бақылауды  іске асырудың әдістері.

Қаржылық бақылауды субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазмды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мемлекеттік органдар; 2) мемлекеттік заңды тұлғалар; 3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 4) азаматтар жатады.

Қаржы құқығының қайнар көздеріне Қазақтан Республикасының Конституциясы, сонымен қатар, төмендегі нормативтік құқықтық актілер жатады: Қазақстан Республикасының бюджет кодексі. 24 сәуір, 2004 ж;» Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусым; «ҚР – дағы Банктер және Банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңы; «ҚР–дағы Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңы.

  Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

 

 

 

2.Бюджет заңдары, бюджет жүйесі

 

Бюджет заңдары – бюджеттік  және бюджетаралық қатынастарды реттейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен  пайдалануының негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының  Конституциясына негізделген. Сонымен  қатар 2004 жылы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінен»  және өзге де нормативтік – құқықтық актілерден тұрады.

    Бюджет жүйесі  дегеніміз - бюджеттердің және  Қазақстан Республикасы Ұлттық  қорының, сондай–ақ бюджеттік  процесстермен қатынастардың жиынтығы.

    Бюджет жүйесі мынандай принциптерге негізделеді:

1) бірлік принципі – Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының біріңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде біріңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың біріңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;

2) толық принципі – Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу;

3) реалистік принципі – бекітілген ( нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік эканомикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағытттарына сәйкес келуі;

4) транспаренттілік принципі – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік–құқықтық актілерді, бекітілген бюджетттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізуі;

5) дәйектілік принципі – бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;

6) тиімділік және нәтижелік принципі – бюджеттерді бюджеттік

бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге  қол жеткізу қажеттілігін негізге  алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге  қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы  көлемін пайдалана отырып әзірлеу  және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік нәтижені қамтамасыз ету;

Информация о работе Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі, қайнар көздері