Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 17:00, реферат

Краткое описание

Ғылыми танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғыл.-теор. ұғымдарды эмпирикалық таным, тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым – адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз ету.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
• Ғылымның басталу мәселелері
• Араб ғалымдарының жаратылыстану дамуындағы рөлі және отырарлық ғалымдар
• Антикалық ғылым
• Ортағасырдағы дүниеге көзқарас
• Классикалық ғылымының ерекшеліктері
• Ғылымдағы жаңалықтар
• Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары
ІІІ Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ Ғылым философиясы және тарихы.docx

— 52.83 Кб (Скачать файл)


 

 

 

 


 

 

РЕФЕРАТ

 

Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи динамикасының негізгі  кезеңдері

 

 

 

Биотехнология мамандығы,        

магистрант 1-курс:


Бекебаева Мадина өмірханқызы

 

ЖОСПАР:

І  Кіріспе

 

ІІ Негізгі  бөлім

  • Ғылымның басталу мәселелері
  • Араб ғалымдарының жаратылыстану дамуындағы рөлі және отырарлық ғалымдар
  • Антикалық ғылым
  • Ортағасырдағы дүниеге көзқарас
  • Классикалық ғылымының ерекшеліктері
  • Ғылымдағы жаңалықтар
  • Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары

 

ІІІ Қорытынды

 
 

 

Ғылым философиясы – философияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір саласы.

Ғылыми танымды гносеология  және методология тұрғыдан зерттеу  тарихы әріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса  бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек  формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғыл.-теор. ұғымдарды  эмпирикалық таным, тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым –  адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен  қатар тарихын зерттеуге ден  қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді, олардың  қалыптасу үрдісін қарастыра  бастады.

 Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз екендігін мойындап, жаңа ғыл. білімнің табиғатында тәжірибесынақ арқылы дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың, методол. принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын, оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методол. ұстын – диалект. көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып, компьютерлік дүмпудің өркениет өресіне тікелей әсер етуі, сол арқылы ғылым функциясының кеңейіп, қоғамның өзге салаларымен, алуан текті мәдениет тұрпаттарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының алдына күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық-гносеология проблемаларымен қатар ғылымның әлеумметтік-философия және этика-этника мәселелерін зерттеуге тиіс. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі (негізін қалаушы Ж.Әбділдин мен Ә.Нысанбаев) отыз жыл бойы осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

ҒЫЛЫМНЫҢ БАСТАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ғылым қашан және қалай пайда  болды? Бул сураққа байланысты екі түрлі көзқарас бар. Бір көзқарас иелерінің пайымдауынша ғылым өте ертеде, яғни адамдар алғаш еңбек қаруын жасап, табиғат туралы абстрактылы білімі болған кезде дамыған деп айтады. Ал екіншілері ғылымның пайда болуы тәжірибелік жаратылыстану пайда болған кезде (ХУ-ХУІІ ғғ.) деп айтады.

Қазіргі ғылымтану бұған нақты  жауап бермейді, өйткені ғылымның өзін бірнеше аспектіде қарастырады. Негізгі көзқарас бойынша -ғылым  — білім жиынтыеы: ңоәамдық сананың  формасы; әлеуметтік институт; қоәамның негізгі қозеаушы күші; кәсіптік мамандарды дайындау жүйвсі тағы басқа.

 

Осы аспектілер бойынша ғылым:

- XIX ғасырдың  ортасынан  бастап  -  мамандар дайындаудың жүйесі;

- XX ғасырдың екінші жартысынан  — қоғамның негізгі қозғаушы  күші;

- Жаңа уақытта — әлеуметтік институт

- Ежелгі Грецияда — қоғамдық сананың формасы;

- Адам   мәдениетінің   бастауында   -  білім   жиынтығы   ретінде қарастырылады.

Әр уақыт бойында әр ғылымның қилы салалары пайда болды. Антикалық ғылым қазіргі әлемге математиканы берді, Жаңа уақытта -механика пайда болды, ал XIX ғасырда қоғамтану келді. Бұл процестерді дұрыс түсіну үшін біз тарихқа жүгінуіміз қажет.

Ғылым сан қырлы қоғамдық құбылыс, қоғамнан тыс ғылымның пайда болуы, дамуы мүмкін емес. Ал ғылымның өзі объективті жағдайлар туған кезде:

1) объективті білімге әлеуметтік қажеттілік;

2) осы қажеттілікті қамтамасыз  етуге қоғамнан ерекше бір дарынды адамдардың бөлініп шығуы;

3) білімнің жинақталуы, ғылыми жаңалықты символикалық турде кескіндеу немесе хабарлау (жазудың болуы) тағы басца болуы керек. Осындай жағдайлар б.э.д. VII-VI ғасырларда Ежелгі Грецияда пайда болды.

Ғылымның критерийлері:

1) теориялық;

2) ғылыммен  айналысатын  ерекше адамдар  тобының  болуы, қажетті материалдар мен технологияның болуы;

3)  рационалдық (тиімділік);

4)  жүйелілік.

Егер біз ғылымды 1 критерий бойынша қарастырсақ, сол кездегі Египет, Шумер цивилизациясында, жаңа білім алуға қажетті жағдайлар онша болған жоқ. Бул кезде математика, астрономия сияқты ғылым салалары бойынша аздаған білімнің алғашқы бастаулары болды.

Индия мен Кытайдағы білімнің дамуы күнделікті өмірге қажетті жэне діни ритуалдарды жүзеге асыру үшін ғана керек болды. Ежелгі шығыс цивилизациясындағы білімнің негізі және теория-лығы болмады. Шығыстағы дамыған астрономия әлемнің құрылысы мен аспан денелерінің қозғалысын зерттеу үшін емес, өзендердің тасу мен қайту уақытын анықтау үшін, гороскоп немесе жулдызнама қурастыру үшін қажет болды. Вавилондықтардың пайымдауынша аспандағы жулдыздар қудайлардың бет-бейнесі есебінде карастырылды, яғни олар жер бетіндегі өмірді бақылаумен болады деп есептеді.

АРАБ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОТЫРАРЛЫҚ ҒАЛЫМДАР

Араб ғылымы ескі грек және үнді ғылымынан нәр алумен қатар, мәдениетті жоғары басца елдердің Мысырдың, Шамның, парсылық, әсіресе Орта Азия елдерінің үздік ғылыми дәстүрлеріне негізделді. Ғылымның қадір-касиетін дұрыс түсіне білген бағдат халифалары Әл-Мансур, Һарун ар-рашид, әл-Мамундар (VІІІ-ІХ ғасырлар) ғылымды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді. Бағдатта және басқа қалаларда обсерваториялар салдырылады. һарун ар Рашид Даналық үйі («Вайт әл-хикма») деп аталатын, жолында жақсы жабдықталған кітапханасы бар, арнаулы аудармашылар орталығын құрады.

Аздаған уақыттың ішінде Үндістан астрономдарының және Гиппократ, Платон, Аристотель, Евклид, Архимед, Менелей, Аполоний, Птолемей сияқты грек ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбектері араб тіліне аударылып, шұғыл зерттеле бастайды.

Осындай ғылым тарихында үлкен мәні болған Бағдат мектебі құрылады. Бағдатқа жан-жақтан асқан білімпаз оқымыстылар шақыртылып топтастырылады.Ғылым дамуына, оның ішінде математика ғылымының дамуына арабтардың қосқан үлестері өте көп. Арабтар үнді математикасын меңгерді, .қазіргі кезде көп қолданылып жүрген сандарды жазу мен оқу тәсілдерін үнділіктер өте ертеде ойлап тапқан болатын, қазіргі математикада қолданып жүрген араб цифрлары — үнді математиктерінің жетістігі.

Бағдат обсерваториясы мен Даналық үйінің ғылыми жүмыстарының басты ұйытқысы Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан ғалымдар болғанын мақтанышпен айтамыз. Олардың ішінде әйгілі Мухаммед әл-Хорезми, Ахмед Ферғани, Ғаббас жауһари, Ахмад Мәруази және басқалары бар.

Бұлардың ішінен теңдесі жоқ улы ойшылдардың бірі, шоқтығы биік улы ғулама Әбу Нәсір әл Фарабидің есімі ерекше жарқырап көрінеді. Ол — «Шығыстың Аристотелі» атанған улы ғулама.

Әбу Нәсір өздігінек оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе улы устазы Аристотель еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Холликанның айтуына қарағанда Әбу Нәсір Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан. Әбу Нәсір Аристотельдің «Категория», «Бірінші және екінші Аналитика» сияқты фәлсафалық шығармаларына түсіндірмелер жазған. Өзі де «Кемеңгерлік меруерті», Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселенің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы» тағы басқа трактаттар жазған. Әл-фараби шығармаларының басым көпшілігі әлі де араб тілінен аударылмай, зерттелмей жатыр. Астрономия, логика, әуез жайлы еңбектері күні бүгінге дейін толық зерттеле қойған жоқ.

Америкадағы Питтсбург университетенің  профессоры Николас Решер көптен бері Әл-Фараби және оның шәкірттерінің  еңбектерін зерттеумен айналысып келеді.

Француз ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935 жылдары Әл-Фарабидің аса үлкен, әрі терең мағыналы «Әуездің үлкен  кітабы» атты трактатын француз  тіліне аударған.

IX ғасырда Хорезм қаласында математика  Мүхаммед бин Муса Әл-Хорезми  өмір сүрді. Ол арифметикалық  есептер мен теңеулерді шешудің  жалпы ережелері туралы кітап жазды. Ол кітап «Китаб әл-Джебр» деп аталып, қазіргі алгебра ғылымының атына негіз болды.

973-1048 жылдары улы астроном, тарихшы, географ Бируни өмір сүрді. Әл Хорезми ғаламшарлардың қозғалу кестелерін жасап, аспан шарларының түрған орындарын анықтауға көмектесетін астролябия аспабын жасады. Бируни жердің шар тәрізділігін қолдап, оның шеңберінің узындығының шамасын анықтады.

Сонымен, араб ғылымының жаратылыстану  ғылымдары тарихындағы алатын орыны  ерекше, олар ғылым эстафетасын ежелгі гректерден алып, оны бірнеше ғасырлардан  кейін Европаға берді.

АНТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ

Сонымен нағыз ғылымның бастауы  ежелгі Грецияда б.э.д.. VIІ-VI ғасырлардан  басталды делінеді.

Яғни б.э.д. VII ғ. Шығыс Азиядағы грек колонияларында жер өңдеу экономиканың басты саласы болудан қала бастайды. Кәсіпшілік, теңізде жүру, сауда, ақша қатынастары жылдам дами бастады, қул  иеленушілік құрылыс негізгі  болып саналды, партиялар арсында  күрес, заң күш ала бастады, жазба  заң түрлері шықты. Билік басына жаңа әлеуметтік топ келді.

Құл иеленудің дамуы гректерді  барлық еңбек құралдарымен, шаруашылық бағытындағы нәрселермен байланысты жағдайлардан аулақтатты, өйткені азат еркін адамның айналысар істері саясат, соғыс, өнер деп есептелінді.

Ғылым кәсіпшіліктен аулақ болды, бұл бір жағынан танымның бір  әдістемесі эксперимент, тәжірибе екендігін  жоққа шығарды. Дегенмен, бұл өз пәні, өзінің танымдық және зерттеу әдістемелері, өзіндік дәлелдемелері бар ғылым  болып дами бастады.

Алғашқы ғылыми программа Пифагор  ұсынған, кейіннен Платон дамытқан математикалық программа болды. Бұл программа басқа да антикалық ғылыми программалар сияқты, Космосты алғашқы заттар дүниесінің белгілі бір тәртіппен орналасқан қатары деп қарастырды. Пифагор оны сандармен салыстырды, және оны дүниенің ең алғашқы негізі деп санады. Пифагоршылар теориясы бойынша әлемнің картинасы өз үндестігімен таңдандырды, денелер геометриялық заңдылықпен, аспан денелері қозғалысы математикалық заңдылықпен, ал адам денесінің жеке органдарының бір-бірімен тамаша байланысы Поликлет каноны бойынша белгілі бір математикалық заңдылыққа бағынды.

Математикалық программа Платон философиясымен аяқталады. Онда ол әлемнің үлкен картинасын береді, яғни біз өмір сүрген әлем өлі материядан жаратушы туғызған белгілі бір заңдылық арқылы да-миды, оның өзі математикалық заңдылықтар арқылы жүреді. Заттар-дың өздерінің сыртқы пішіндері геометриялық фигураларды береді деп есептеді (от — өткір әрі қозғалмалы, яғни пирамида, ауа — сегіз жақты көпбурыш тағы басқалар).

Антикалык дәуірдегі екінші ғылыми программа атомизм програм-масы болады. Ол грек философиясы ғурыптарының қорытындысы болды, элеаттар философиясына кетеді. Оның негізін салушылар Левкипп пен Демокрит болды. Бір қарағанда атомизм ілімі аса күрделі де емес. Табиғаттағы мүмкін барлық өзгерістердің механикалық себебі — атомдар қозғалысымен түсіндіріледі. Табиғи қүбылыстардың себебі, табиғаты физикалық жағдайлар, оны жер бетінен іздеу керек деп қарастырды. Бұл ойлау тарихында бүтін нәрсенің жағдайын жеке бөлшектер қасиеті арқылы тусіндіретін ғылыми программа болды. Яғни барлық өзгерістер себебі атомдар қозғалысы делінді. Жаңа уақыттағы барлық әлеуметтік, психологиялық, физикалық теориялар осылай түсіндірілді.

Аристотельдің континуалдық деп аталатын программасы үшінші ғылыми программа болды. Ол дәуір аяғына таяу пайда болды. Ол Де-мокриттің де, Н.Пифагордың да, Платонның да көзқарастарын жақтамады. Ол заттарға математикалық идеялардың қатысын да, заттардың атомдардан қуралатынын да қуаттаған жоқ. Аристотель дүниенің 4 түрлі себебін үсынады: олар формалды, материалдық, қазіргі кездегі және мақсаттық. Аристотельдің атақты «Органон» трактаты логика бойынша жазылған оның үлкен еңбегі болып табылады.

Антикалық дүниенің негізгі үш ғылыми программасы осындай. Ғылымның әрі қарай өзгеруі мен дамуы осы үш программамен байла-нысты болды. Бул программада табиғи заңдардың математиканы қолдануы болмады, олар жеке-жеке дамыды, табиғи қубылыстарды қайталап көрсете алатын тәжірибе жетілмеді.

Гректердің жаратылыстануы абстрактылы  — түсіндірмелі ғана болды, жасаушы, әсер етуші компоненттер болмады.

ОРТАҒАСЫРДАҒЫ ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС 

Орта ғасырдағы ойлау жүйесі көбінесе мораль мен діннің ау-мағында  болды. Кез келген дүниедегі мәселелер  тек қасиетті жазудың түсіндіруімен  қабылданды.

Тіршіліктегі, қоршаған ортадағы құбылыстарға, таңғажайып дүниелерге қызығушыльщ  орта ғасырда антикальщ уақытпен салы-стырғанда мүлдем басқаша болды. Егер аз уақытында Аристотель табиғат  таңғажайыптарына таңдана біліп, олардың  себептерін іздеуге тырысса, ал орта ғасырлық ғалымдар, мысалы, Августин Блаженный  біздің біліміміз шектеулі екендігін, нағыз таңғажайып дегеніміз — ол дүниені Құдайдың жаратуы екендігін уағыздады.  

 

Орта ғасырлық дүниетанымдағы Құдайдың дүниені жоқтан жара-туы туралы догма  антикалық уақыттың дүниетанымына  қарама-қайшы келді. Ерте орта ғасырлық уақытта ғылым антикалық уақыттағы мәнін жоғалтты. Бүдан келіп ортағасырлық ғылымның негізгі бір сипаты -моральдық символизм пайда болды. Яғни табиғат, табиғи құбылыстар ғылыми гипотезалар, ғылыми қортындылар арқылы түсіндірілмей, олар моральдық және діни нәрселердің символы ретінде қарастырылды. Ай — шіркеудің символы, жел — рухтың, аруақтың об-разы тағы басқалар. Орта ғасырлық символизм теориясы иерахизм идеясымен тығыз байланысты. Барлық заттар бір-біріне бағынышты деп қарастырылды.

Информация о работе Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері