Ұжымдық шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2014 в 18:19, реферат

Краткое описание

Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны ретіндегі Ұжымдық шарттың өзіндік тарихы бар. Алғашқы Ұжымдық шарттар 19 ғ-дың ортасында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Еуропаның басқа да елдерінде, Солт. Америкада пайда болды. 1-дүниежүз. соғыстан кейін аталған елдерде заңнамалық құқықтық күшке ие болды. 20 ғ-дың 60-жылдары кәсіподақтар жұмыс берушілерден Ұжымдық шартпен реттелетін мәселелердің шеңберін кеңейтуге қол жеткізді.

Содержание

Кіріспе…………3
І бөлім. Ұжымдық шарт……………4
1.1. Ұжымдық шарт туралы түсінік……………..4
1.2. ұжымдық келісім шартының маңызы………..5
1. 3. ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар……….7
1.4. ұжымдық келісімге отыру тәртібі…………9
1.5. Ұжымдық келісім-шарт дауларын қарастыру…….10
Қорытынды………………16
Қосымша…………………20
Қолданылған әдебиеттер…………24

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіподақ ұйымы.docx

— 91.20 Кб (Скачать файл)

2012ж. кәсіподақ жұмысының жоспары

 

 

2012 жылға

А.М. Горький атындағы №2 ОМ

әкімшілік және кәсіподақ ұйымының

бірлескен жұмысының жоспары

 

 

1

·                  «Батыр» БЖК базасында теннис бойынша жарыс  («Мұғалім – 2012» қалалық спартакида аясында).

·                  2011 ж. жасалған жұмыс туралы есеп.

·                  2012 ж. жұмыс жоспарын бекіту.

 

 

 

Қаңтар

2

·                  Номенклатуралық іс, еңбек қорғау және ТҚ тексеру.

·                  Мектептің мрейтойы.

Ақпан

3

·                  8 Наурыз – Халықаралық Әйелдер Күнін тойлау бойынша іс-шаралар.

·                  Наурыз – мейрамы мерекелеу.

·                  «Мұғалім – 2012» қалалық спартакиаданың ашылуы

·                  Пневматикалық бұрандадан волейбол, дартс, атудан жарыс.

·                  Спартакиаданың жабылуы.

 

 

 

Наурыз

4

·                  Дәрігерлік қарауға мектеп қызметкерлерінің тізімін дайындау.

·                  Еңбек қорғау бойынша қоғамдық инспектордың оқуы.

Сәуір 

5

·                  Соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету.

·                  1 жарты жылдыққа орындалған ұжымдық келісім бойынша есептік кәсіподақ кеңесі.  

·                  Кезекті еңбек демалысы туралы сұрақты қарастыру.

·                  Мектепалды лагерінің қызметкерлерін дәрігерлік қарау.

Мамыр

6

·                   Жазғы демалысты ұйымдастыру және қызметкерлер мен балалардың сауықтыруы.

·                   Мектеп қызметкерлерінің дәрігерлік қарауы (кесте бойынша).

Маусым

Шілде

7

·                   Мектеп қызметкерлерінің дәрігерлік қарауы (кесте бойынша).

·                   Тамыз айының кеңесі.

·                   Педагогикалық еңбектегі мерейтой иелерін тізімін дайындау.

Тамыз

8

·                   Білім күні.

·                   ТҚ, ӨҚ және еңбекті қорғау бойынша нұсқама жүргізу.  

Қыркүйек

9

·                   Мұғалімдер Күнін мерекелеу аясында педагогикалық еңбек ардегердеріне құрмет көрсету.

·                   Мұғалімдер Күнін мерекелеу.

·                   «Қайрымдылық» айлығы.

·                   «Әділет Дауысы» газетіне жазылу.

Қазан

10

·                   Шахмата бойынша жарыс.

·                   «Әділет Дауысы» газетіне жазылу.

Қараша

11

·                   2 жарты жылдыққа есептік кәсіподақ кеңесі.

·                   2013 ж. арналған жұмысты жоспарлау.

·                   Мұғалімдердің балалары үшін кәсіподақ шыршасы (БШҮ).

·                   Ұжымда жаңа жылдық құттықтау.

Желтоқсан


 

 

 

КК төрағасы                   Е. Подмогаева

Жоспары

Кіріспе…………3

І бөлім. Ұжымдық шарт……………4

1.1. Ұжымдық шарт туралы түсінік……………..4 
1.2. ұжымдық келісім шартының маңызы………..5 
1. 3. ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар……….7 
1.4. ұжымдық келісімге отыру тәртібі…………9 
1.5. Ұжымдық келісім-шарт дауларын қарастыру…….10

Қорытынды………………16 
Қосымша…………………20 
Қолданылған әдебиеттер…………24

Загрузка...

Кіріспе

Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны ретіндегі Ұжымдық шарттың өзіндік тарихы бар. Алғашқы Ұжымдық шарттар 19 ғ-дың ортасында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Еуропаның басқа да елдерінде, Солт. Америкада пайда болды. 1-дүниежүз. соғыстан кейін аталған елдерде заңнамалық құқықтық күшке ие болды. 20 ғ-дың 60-жылдары кәсіподақтар жұмыс берушілерден Ұжымдық шартпен реттелетін мәселелердің шеңберін кеңейтуге қол жеткізді. Жалақы мөлшері, жұмыс уақытының ұзақтығы және оны бөлісу мәселелерімен қатар жалдау, жұмыстан ауыстыру, босату, демалыс ұзақтығы, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу шарттары, еңбек жанжалдарын қарау тәртібі, жұмысшылар өкілдігі органдарының құқықтары, т.б. Ұжымдық шарт арқылы реттеле бастады. Дамыған елдерде ғыл.-тех. ілгерілеушіліктің жеделдеуі және жабдықтың жаңа технол. негізде жаңартылуы, тиісінше кадрлардың кәсіптік-біліктілік құрылымының неғұрлым серпінді түрде өзгеруі Ұжымдық шартқа жұмыс күшінің босауымен, оны қайта даярлаумен, әлеум. қорғаумен, т.б. байланысты жаңа мәселелерді енгізу қажеттігін туғызды. Кәсіподақтардың талап етуімен жұмыстан босату, жұмыстан босатылғандарға әлеум. кепілдіктер беру (кәсіпорын есебінен кәсіптік қайта даярлау, қосымша жәрдемақы төлеу, т.б.) жөніндегі қатынастарды реттеуге байланысты мәселелер енгізілді. Қызметкерлердің мүдделілігін арттырудың жаңа нысандары да талап етіліп, пайда мен капиталға қатысу, басқарудың бірқатар атқарымын тікелей орындаушыларға беру кеңінен таралған құбылысқа айналды. Бұлардың бәрі Ұжымдық шартта көрініс тапты. Қазіргі кезде Ұжымдық шарт неғұрлым әлеум. тиімді еңбек үдерісіне мүдделі екі тараптың келісімшарты нысанына ие болып отыр. Ұжымдық шартта елдің еңбек заңнамасының нормалары нақтылана түсуде. Көптеген дамыған елдердің заңдарында Ұжымдық шарттың ережелері жеке еңбек келісімі бойынша тек қызметкерлердің пайдасына өзгеруі мүмкін міндетті ең төмен нормалар ретінде мойындалады. Ұжымдық шарт барлық салалар үшін де, жергілікті жер үшін де, сатыластық бойынша және деңгейлестік бойынша жасалады және жұмыс істеушілердің бәріне қолданылады. Жұмыс беруші Ұжымдық шарттың қайсыбір бабын орындаудан бас тартқан жағдайда қызметкерлер оны сот арқылы орындатуға құқылы.

Кәсіподақ: мұғалімдер қауымының мүддесі

21 қаңтар 2010 | 1 пікір

Күні кешегі өтпелі шақта еңбекақының, зейнеткерлік жарналар мен әлеуметтік жәрдемақылардың кешіктірілуі секілді шиеленістер мұғалімдерді де айналып өткен жоқ. Сірә, өзінің отыз жылғы тәжірибесінде Ақтөбе қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының талай тығырыққа тірелген тұсы осы шығар. Шүкір, ол күндер кейінде қалды. Бірақ қазірде де арқаны кеңге салудың реті және жоқ. Себебі, қазіргі таңда аталған комитетке  қала аумағындағы 69 мектеп пен  34 балабақша, 24 мектептен тыс ұйым қарайды. Атқарылар шаруалардың тіпті де аз болмайтыны осы цифрлардан-ақ байқалады.

Білім беру қызметкерлерінің бары мен жоғын түгендейтін, мәртебесі мен мақсатын ойлайтын кәсіподақ ұйымының бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Осы орайда ұйымның төрағасы Лидия Оралбаевамен тілдескен едік.

Келісім-шарт — кепілдік құжаты

— Кәсіподақтың қолға алуымен білім беру қызметкерлерінің мәртебесін мемлекеттік деңгейге көтеру мақсатында бірқатар жұмыстардың  атқарылғаны белгілі. Осы орайда соңғы жылдары кейбір  заңдарға өзгерістер де енді. Әңгімемізді осыдан бастасақ…

— Иә, бұл ретте алдымен айтарым, «Еңбек  кодексінде» «Азаматтық қызметкер» мәртебесі бекітілді. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогикалық қызметкерлер «Азаматтық қызметкер» деп аталып келеді. Сондай-ақ білім беру қызметкерлері ҚР «Еңбек кодексінің» 239-бабы негізінде еңбек демалысына шығарда қызметтік жалақы көлемінде денсаулығын түзетуге байланысты жәрдемақы алатын болды. Оқу демалысы бұрын «Еңбек туралы» заңның 112-бабында жай оқу демалысы болып қарастырылса, ал қазір жұмыс беруші  «Еңбек кодексіне» сәйкес, мамандығы бойынша оқып жатқан қызметкерлерге емтихан тапсыру үшін ақылы оқу демалысын береді.

Былтыр ақпан айында Жезқазған қаласында Елбасымыздың бастамасымен барлық жерде ұжымдық келісім-шарт жасау міндеті қойылғаны белгілі.  Шарт тек мемлекеттік қана емес, жекеменшік мекемелерде де құрылуы тиіс. Қазіргі күні қаладағы білім беру мекемелерінде бұл талап жүз пайызға орындалды.

Ұжымдық келісім-шарт — ұжымды да, жұмыс берушіні де қорғайтын  және кепілдік беретін құжат. Ұжым жұмысының тұрақтылығы келісім-шарт мазмұнының қаншалықты нақты және сапалы жасалуына байланысты. Мәселен, еңбек ақы, жұмыс күндік нормативі, емдеу-сауықтыру, еңбек демалысы, осының барлығы да ұжымдық шартта көрсетіледі. Осы келісім-шартта кәсіподақ қандай кепілдеме бере алатыны нақты айтылады.

Тағы бір соңғы ерекшелік, ұжымдық келісім шарттың барлығын облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінен мониторнигтен өткіздік. Департамент заңгерлері құжатты тексеріп, тіркеуге алды. Шарттың бір данасы — аталған департаментте, екіншісі — кәсіподақта, үшіншісі мекеменің өзінде қалады. Себебі, мекемеден арыз-шағым түскен жағдайда біз ең әуелі ұжымдық шартқа жүгінеміз. Егер бұл мәселе шартта қаралмаса, «Еңбек кодексіне», «Білім туралы» заңға жүгінеміз.

Директорлар мен деректер

— Дегенмен, бұндай шарттарға қарамастан, мектеп басшыларының заңсыздықтарға жиі баратыны айтылады. Жалпы, биыл мектеп директорларының тарапынан осындай оқиғалар орын алды ма?

— Биылғы оқу жылының басында мектеп директорларына қатысты заңсыздықтар №33, №42, №51 мектептерде орын алды. Мәселен, №33 мектептің директоры мұғалімді қызметінен заңсыз босатқан. Яғни, мұғалімнің жазбаша түсініктемесі алынбастан-ақ қатаң сөгіс беріліп, суреті мұғалімдер бөлмесіне ілінген. Және екі аптадан кейін жұмыстан шығарылыпты. Жалпы,  кез келген сөгіс түрі азаматтан жазбаша түсініктеме алынғаннан кейін, оның мазмұнына қарай берілуі тиіс. Мектеп директоры бұны ескермеген. Ал мұғалімнің кінәсі — облыстық білім басқармасының бұйрығымен Алматыға екі аптаға оқуға кеткені. Мектеп басшысы оқуға барып келуге рұқсат бере отырып, осындай түсініксіз әрекетке барған. Кәсіподақ жәбірленуші мұғалімнің құқығын қорғады, сөйтіп сотта мұғалім  жеңіп шықты. Алайда мектеп директоры өзінің заңсыз іс-әрекетін мойындамай, облыстық сотқа шағымданғанымен, бұл іс те  мұғалімнің пайдасына шешілді. Мұғалім моральдық және материалдық зиян шеккені үшін мектеп директорынан айыппұл өндіріп алды. Жарайды, іс әділ шешіммен аяқталды делік. Дегенмен, мен қарамағындағы қызметкердің конституциялық құқын әдейі бұза отырып, оған моральдық шығын келтірген басшының қызметінде қалуын жөн санамаймын. Бұл мәселені қалалық мәслихаттың және  қалалық білім бөлімінің алдына да қойғанмын, бірақ әзірге шешілген жоқ.

Ал №51 мектепте білім ордасының әкімшілігі мен  мектеп директорының қолға алуымен мектеп басшысының екі орынбасары жұмыстан шеттетілген. Шеттету сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда ғана жүргізілуі тиіс. Бұл мәселені де сотқа жеткізбей, бұрынғы қалпына келтірдік.

Тағы бір дерек. №42 мектептегі мәселе мектеп директорының жемқорлыққа жол бергеніне қатысты қозғалды. Тексеру кезінде 4 мұғалімнен басқа барлық ұстаздар мектеп директорын қолдап, оның бұндай әрекетке бармайтынын алға тартты. Яғни, тексеру кезінде мектеп басшысына жазықсыз жала жабылғаны белгілі болды. Ал кінә тағушы 4 мұғалім «оқушыларды 10 минут ерте жіберіп едім, ескерту алдым» немесе «менің сабақ жазбаларымды тексереді» дегенді айтты. Бұл жерде мектеп директорының мұғалімге ескерту жасауы орынды. Себебі, мұғалім оқушыны ерте жіберіп, «Еңбек туралы» заңды бұзып отыр. Ал директор білім ордасының басшысы ретінде  өз қарамағындағы азаматтардың әрекетіне жауап беруі тиіс. Қазіргі таңда осы білім ордасында тоғызыншы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Негізінде дау-шар 1-2 рет комиссия барғаннан кейін шешілуі керек. Өйткені комиссия неғұрлым ұзақ жұмыс жасаған сайын әріптестер арасында түрлі алаауыздықтар туындайды.

Жалпы, біз көп жағдайда бұндай мәселелерді қалалық білім бөлімімен бірігіп, құрған комиссия арқылы сотқа жеткізбей шешуге тырысамыз.

Мүдде мен мүмкіндік

— Ұстаздар қауымы қандай мәселелермен жиі хабарласады?

— Сұрақтардың басым бөлігі еңбек дауы, еңбек ақысы, жұмыс орындарының қысқаруы, еңбек кітапшаларының дұрыс жүргізілмеуі және мекеме басшыларының заңды білмеуі салдарынан орын алған оқиғаларға байланысты болады. Сондай-ақ еңбек дауы және аттестацияға байланысты шағымдар да көп түседі.

Соңғы жылдары сұраныстың жоқтығына байланысты мектепке дейінгі мекемелерге маман даярлау тоқтатылып, осының салдарынан тәрбиешілер жетіспеді. Олардың орнына бастауыш сыныптың немесе педагогика, психология пәндерінің мұғалімдері еңбек етті. Осы кезде еңбекақы төлеу мәселесінде түрлі түсініспестіктер туындады. Сондай-ақ категорияны бастауыш сынып бойынша алып,  тәрбиеші ретінде жұмыс істеген қызметкер категориясын бекіттіру кезінде қиындықтарға тап болды. Кәсіподақ, міне, осындай даулы мәселелерді қызметкердің мүддесіне қайшы келмейтіндей етіп тиянақтауға белсене араласты.

— Ал сауалдар қайткенде азаяды?

— Біздің қарамағымызда сегіз мыңға жуық кәсіподақ мүшесі бар, яғни, жоғарыда айтқанымдай, білім беру мекемелерінің барлығында кәсіподақ бөлімдері жұмыс істейді. Олар өз мекемелерінде тоқсан сайын жоспар бойынша және жоспардан тыс жиналыстар өткізіп, жылына бір рет ұжым мүшелерінің алдында есеп береді. Біз оның барлығын қадағалап отырамыз.

Қай кезде де кәсіподақ мүшелерінің көкейлерінде жүрген сауалдар назардан тыс қалған емес. Мәселен, күніне оннан астам  сұрақ түседі. Сондықтан біз арнайы семинарлар өткізіп тұрамыз. Биыл облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментімен бірлесе отырып, №38 және №23 мектептерде  екі тілде арнайы семинар-кеңестер өткіздік. Кеңесте қаралған сұрақтарды жазбаша түрде әр мектептің  сайтына жарияладық. Қатысушыларға арнайы әдістемелік құралдар, яғни кітапшалар таратылды. Бұндай  жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес. Қазір азаматтар қарапайым қағидаларды нақты біледі.

— Кәсіподақ қызметкерлердің білім беруден тыс кезгі тіршілігін де назардан сырт қалдырмайтыны белгілі…

— Қысқы, күзгі каникул кездерінде білім беру ұйымдарының  қызметкерлері арасында қалалық спартакиада өткізу дәстүрге айналды. Спартакиаданың мақсаты — дене шынықтырумен белсенді айналысу, педагогтар тұрмысына салауатты өмір салтын енгізу. Сайыста  үздік танылған мектептер бағалы сыйлықтармен марапатталады. Биылғы жарысқа  69 мектептен 50 команда қатысты. Жуырда қорытынды кезеңді өткіземіз. Үздік командалардан құрама команда даярлап, наурыз айында өтетін облыстық спартакиадаға қатысамыз. Кәсіподақ тарапынан жол және өзге де шығындарға арнайы қаражат қарастырылады. Соңғы бес жылда қалалық құрама команда бірінші орынға ие болып жүр. Бұған қоса білім ордаларының мерейтойлары мен ұстаздардың шығармашылық кештеріне де белсене қатысып, марапаттау рәсімдерін жасаймыз. Жалпы, Ұстаздар күні мен өзге де атаулы мерекелерде бұндай шаралар жиі өтіп тұрады.

Информация о работе Ұжымдық шарт