Психология тарихы ғылым ретінде. Психология тарихының кезеңдері. Этникалық және мәдени психология. Тұлға және этнос. Тұлғаның психология-

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 22:41, лекция

Краткое описание

1. Психология тарихы ғылым ретінде.
2. Психология тарихының кезеңдері.
3. Этникалық және мәдени психология.
4. Тұлға және этнос.
5. Тұлғаның психология-педагогикалық диагностикасының саласындағы зерттеу ерекшелігі.

Вложенные файлы: 1 файл

психология.docx

— 32.08 Кб (Скачать файл)

10-11-12 Бөлімдер. Психология  тарихы. Этнопсихология. Психология-педагогикалық  диагностика 
 
Глоссарий: 
 
Атомдар – Демокриттің философиялық жүйесінде әлемнің негізі болып табылады.  
 
Анимизм – латынның «жан» деген сөзі. Алғашқы қоғамда адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқада нәрселлердің бәрінде жан болады деген қияли түсінік. Алғашқа қоғам мен діни нанымдардың барлық түрлеріне тән ерекшелік.  
 
Антроморфизм – «антропос»-грекше «адам» және морфе-«түр», «форма» деген екі сөзден құралған. Табиғат құбылыстары мен жануарларды, құдайларды адам сипатында елестететін түсініктер.  
 
Апперцепция – латынша ап- префикс, сөз алды, қосымша, перцепция-қабылдау. Психологияда қабылдау процесінің адамның бұрынғы өмір тәжірибесіне, білім қорына, рухани тіршілігі мен жан дүниесінің жай-күйіне тәуелді болады.  
 
Ассоциация-1.Белгілі заңдылықтарға сәйкес психикалық құбылысчтардың байланысты болуы. 2. Адамдардың өзара бірлесіп, әртүрлі іс-әрекеттері арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын тобы.  
 
^ Ассоциациялық психология – психологияның мән-жайын философиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ассоциациялық принциптерге негіздейтін бағыттардың жиынтығы. Ассоциация латын сөзі. Психологиялық мағынасы белгілі жағдайда екі не бірнеше психикалық құрылымдардың өзара байланыстылығын білдіреді. 
 
^ Аффект –«жан толқуы» деген латын сөзі.  
 
Детерминизм принципі – философиялық және методологиялық ұстаным бойынша табиғат пен психологиялық құбылыстардың барлығы материалдық себептер мен заңдардың әсер етуінен пайда болады.  
 
Ұлттық өзіндік сана – адамдардың нақты бір этникалық қауымдастыққа жататындықтарын саналы түсіну және оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орыны. 
 
Ұлттық мінез – қандай да бір этникалық қауымдастық өкілдерінің тұрақты психологиялық сипаттарының тарихи қалыптасқан бірлігі; 
 
Ұлттық темперамент – адамдардың ерекше мінез-құлықтық сипаттамалары; 
 
Ұлттық сезім және көңіл-күй – адамдардың өздерінің этникалық қауымдастықтарына, қызығушылық-а, басқа ұлттар мен құндылықтарға эмоционалды қатынасы. 
 
Ұлттық дәстүрлер мен дағдылар – нақты бір этникалық қауымдас-қ өкілінің күнделікті өмірінде бекіп қалған, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әрекет пен қ-қ-ң нормалары мен стериотиптері; 
 
Ұлт психологиясының динамикалық жағы – біріншісіне қарағанда, ұл.п.құб. көріну ерекшеліктерін нақты анықтауға, түсінуге мүмкіндік береді. 
 
 
15-тақырып. Психология тарихы ғылым ретінде. Психология тарихының кезеңдері. Этникалық және мәдени психология. Тұлға және этнос. Тұлғаның психология-педагогикалық диагностикасының саласындағы зерттеу ерекшелігі. 
 
^ Дәріс мақсаты: Студенттерде психология тарихы, психология тарихының кезеңдері, этникалық және мәдени психология, тұлға және этнос, тұлғаның психология-педагогикалық диагностикасының саласындағы зерттеу ерекшелігі туралы білімдерін тереңдету.  
 
Қарастырылатын сұрақтар: 

  1.  
    Психология тарихы ғылым ретінде. 
  2.  
    Психология тарихының кезеңдері. 
  3.  
    Этникалық және мәдени психология. 
  4.  
    Тұлға және этнос. 
  5.  
    Тұлғаның психология-педагогикалық диагностикасының саласындағы зерттеу ерекшелігі.

 
Дәріс тезисі. 
 
1.Психология тарихы ғылым ретінде. Психология адам жайлы ең негізгі ғылымдардың бірі. Оның пайда болуы адамға және оның іс-әрекетіне деген қызығушылықпен шартталған. Алғашқыда психология діни наным-сенімдермен, мифтер, аңыздармен байланысты болған. Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім-нанымдармен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің иесі де, себепшісіде. Жан туралы осындай жалған түсініктің болуы алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауына байланысты болды.  
 
Психология психологияға қатысты және оның салаларына қатысты теориялар негізін қарастырады. Бұл оның психология ғылымындағы орыны мен ролін айқындайды. Психология бұл жүйенің жалпы теориялық, методологиялық бөлімі. 
 
Психология психологияның бір бұтағы ретінде қарастырылады, бірақ жалпы психология психологияның бағаны болып табылады. 
 
Психика ежелгі грек сөзі «жан» деген мағананы білдіреді. Тек қана жан емес, сонымен бірге «тұлға» деген мағананы білдіреді. 
 
Психика – ішкі дүние процестерінің қалыптасуы (сырқы дүниенің моделі). 
 
Психика - ішкі дүниенің мазмұны және процестердің жандануы. 
 
Психика - әрекетті ұйымдастыру, жүзеге асыру, басқару процесі. 
 
Психология мектептері шеңберінде психологияның зерттеу пәні бір келкі емес. Карл Юнг бойынша: «Психика, ғылыми бақылау және бағалау объектісі бола отырып, оны бағалауды жүзеге асыратын субъектісі, құралы да болады». 
 
^ 2.Психология тарихының кезеңдері. Адамзат мәдени тарихында оның негізін салып, қалаған адамдардың есімдері қалған.  
 
Гиппократ, одан кейін Гален темперамент жайлы теориялардың іргесін салушылар. 
 
Платон және Аристотель адамды қоғам өмірін ұйымдастыруда белгілі орыны бар азамат бейнесі ретінде сипаттап берді. 
 
Теофраст – адамның қоршағандармен байланысын көрсетті. 
 
Платон біздің заманымызға дейін сақталып келген, психиканы: ақыл, сезім, ерікке бөліп берді. 
 
Аристотель ежелгі жан туралы ілімдерді қарастырып, жүйеледі. Оның «Жан» туралы шығармасы адам психикасын жалпылап көрсеткен теория болды. 
 
«Психология» термині ХVІ ғасырдың аяғында пайда болды. 1590жылы ГОКЛЕНИУС-тың алғаш «психология» атты кітабы жарық көрді. 1594 жылы оның шәкірті Гасман осы атаумен екінші кітап шығарды.  
 
Параллелді түрде басқа ғылымдар шеңберінде: философия, дінтану, тарих, заңтану, экономикада психология жайлы білімдер жинақталып жатты. Көптеген философтар сонымен қатар психологта болды. Олардың қатарында Френсис Бэкон, Джон Локк, Бенедикт Спиноза, Иммануил Кант, Георг Гегель және т.б.  
 
Олардың кейбіреулері психологиялық жұмыстар жазды:  
 
Георг Гегель- «Жан феноменологиясы және жан философиясы»; 
 
Иммануил Кант- «Прагматикалық көзқарастағы антропология»; 
 
Адам Смит – «Адамгершілік сезімдер теориясы» атты психологиялық тамаша еңбектер жазды. 
 
Басқа ойшылдар мысалы, Рене Декарт тек қана психологиялық шығармалар мен ғана емес, сонымен бірге психологиялық даму жолдарын анықтау идеяларымен де танымал болды.  
 
Рене Декарттың әсерінен психология Зигмунд Фрейдке дейін сана психологиясы ретінде дамыды.  
 
Психологиядағы эмоция теориясының дамуында Бенедикт Спинозаның еңбегі де орасан зор. 
 
ХІХ ғасырда психология ғылымы қарқынды дами бастады. Осы кезеңде психология бойынша көптеген кітаптар мен құралдар жарық көрді. 
 
1834жылы Ресейде аймақтық «Адам сипаты» атты 677беттен тұратын Александр Иванович Галичтің психологиялық еңбегі жарық көрді. 
 
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап психологияда эксперимент орын алады. Алғашқы психологиялық экспериментті неміс психофизиологтары Эрнст Вебер және Густав Фехнер 1840 жылдан 1855 жыл аралықтарында жүзеге асырды. Олардың тәжірибелерінің негізінде қабылданатын сигналдардың күші мен түйсінетін түйсіктің қарқындылығының сандық тәуелділігі анықталады. 
 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология ғылымының кең көлемді дамуын ғылыми психологияның негізін салушылардың бірі, неміс психологы Вильгельм Вунд ұсынды. 
 
Оның жоспары зерттеудің екі бағытын қамтыды: 

  1.  
    Индивидуалды сана талдауы «зерттелушінің эксперименталды бақыланатын өзіндік бақылауы);
  2.  
    Мәдениет, миф, әр халықтың адамгершілігінің психологиялық аспектілерін зерттеу.

 
Зерттеудің бірінші бағыты: «Физиологиялық психология», екінші бағыты «Халықтар  психологиясы» атауларына ие болды. 
 
В.Вундттың еңбектерінің қатарына 1879 жылы Лейпциг қаласында Әлемдегі алғашқы психологиялық лабораторияны ашуы жатады. Ол соңынан ғылыми зерттеу институтына айналды. Онда көптеген атақты психологтар, соның ішінде атақты Ресей психологы және психиатры Владимир Михайлович Бехтерев білім алды. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап психологияда бірнеше ғылыми мектептер пайда бола бастады. 
 
Ең алғаш психологияның пәні мен міндеттерін басқаша қойған психоанализ немесе Фрейдизм болды. Психоанализ психологияның пәні ретінде адам психикасының санасыздық механизмдерін зерттеді. Фрейдтің ойынша,адамдар иррационалды және аморалды күштермен басқарылады. Олардың мінез-құлықтары ішкі күштермен : инстинкттер, түрткілер, қажеттіліктіліктермен басқарылады. Бұл түрткілер санасыз. Бұлардың арасында үнемі өздігінен шеше алмайтын қақтығыстар болады. Адамның мінез-құлқын өзгертудің негізгі әдісі психотерапия. Психоанализ тұжырымдамасы бойынша адам кемелденбеген, азап шегуші. Фрейдизмнің базасында тереңдетілген психология қалыптасты: 
 
Альфред Адлер – индивидуалды психология; 
 
Карл Густав Юнг – аналитикалық психология; 
 
Эрих Фромм, Карен Хорни – неофрейдизм және т.б. 
 
ХХ ғасырдың екінші жартысында тағы да бір психологиялық мектеп – бихевиоризм – мінез –құлық психологиясы қалыптасты. Мектептің негізін салушы Джон Уотсон бақылау және эксперимент арқылы мінез-құлық заңдылықтарын ашу мақсатын қойды. Адамның мінез-құлқы толығымен сыртқы ортамен басқарылады деген постулат қойылды. Адамның неге талпынатынын және неден қашқақтайтынын - осы сыртқы орта белгілейді. Адам мінез-құлқының құрылымы белгілі мөлшерде сыртқы орта құрылымының көшірмесі болып табылады. 
 
Қазіргі бихевиоризм өкілі Беррис Скинердің ойынша, адам мінез-құлқы генетикалық қаныққандық, физикалық орта және әлеуметтік ортамен байланысты. Адамның ішкі жағдайы терістелмейді және мінез-құлықты талдау үшін қажет екендігі ескеріледі. 
 
Беррис Скинердің тұжырымдамасы: « Адам қоршаған басқарылады, бірақ.... орта толығымен адаммен қалыптасады», яғни, мінез-құлық өзінің нәтижесімен қалыптасады және тұрақталады.  
 
Егер әрекет нәтижесі адам үшін маңызды болса, ол адамның мінез-құлқын басқарады. Әрекет нәтижесінің келесі мінез-құлқына әсер етуі, «нығайту» деп аталады. Адамға әлеуметтік орта әсер етсе, әлеуметтік ортаны өзгерте отырып, адамға әсер етуге болады. Қоршаған ортада адамға әсер ететін оң бағыттау көп болуы қажет. 
 
ХХ ғасырдың ортасында психологияның үшінші мектебі когнитивті психология қалыптасты. Когнитивті психология психиканы танымдық операциялар жүйесі ретінде, ал адамды- ақпаратты өңдеуші субъект ретінде қарастырды. 
 
Когнитивті психологияның негізін салушылар Фриц Хайдер – танымдық тепе-теңдік теориясы, Леон Фестигнер- когнитивті диссонанс теориясы, Джордж Брунер - әлеуметтік қабылдаудың перцептивті болжамдар теориясы, Джордж Келли – тұлғалық конструкттар концепциясы, Герман Виткин – тұлғаның когнитивті стилін зерттеу.  
 
Біздің кезімізде әр түрлі психологиялық мектептер арасында жақындасу тенденциялары байқалады. Мектептер арасында қарама –қайшылықтар шыдамдылыққа ауысып, кейбір идеялар мен концепцияларға қатысты ортақ көзқарастар туындауда. 
 
^ 3.Этникалық және мәдени психология. Этнопсихология грек тілінен аударғанда (ethnos -ру, ел) деген мағына береді. Этнопсихология ғылыми-теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспкетілері. ХІХ ғасырда этнопсихологиялық идеялар «халықтар психологиясы» ағымында дамыды. Олардың өкілдері М.Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вунд болған. 
 
Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – ЭТНОС. Этнос бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар.  
 
Қандай да бір этносқа тән адамдарда өздеріне тән өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты-психологиялық-әлеуметтік стериотиптері бар. Этностың барлық шығу тегімен байланысып жатқан мүшелері тірі макроорганизм жасайды. 
 
Этностың ең алғашқы даму сатыларында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни, өзіндік қорғаныс инстинкті айтады, солайша санасыз жүреді, әр-кім өздерінің жанұясының қауіпсіздігімен қолайлылығын қамтамасыз етеді, солайша олар этностың толығымен өмір сүруін қамтамасыз етеді. Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын басынан кешіреді- сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді. 
 
В.Г. Крысько б/ша этнопсихология пәні- әр-түрлі этникалық қауымдастықтар өкілдері психикаларының көріну ерекшеліктері. Бірақ, бұл ғылым әр-түрлі көзқарастар әсерінен мазмұны мен негізгі феномендерін өзгерте жүріп, қалыптасты. 
 
Ұзақ уақыт бойы этнопсихологияның жалпы категориясы – күнделікті өмірден алынатын психологиялық жиналымдар болды. Ұлттық психологиялық жиынтығы-жетістігі түрде талданатын анықтамаларға жатады, дейді; Г.М. Андреева. 
 
Сондықтан этнопсихологияда бұл ұғымды ашатын эквиваленттерді табу жолдары қарастырылуда, өйткені ұлттардың психологиялық жиынтығы ұғымына синоним ретінде-ұлттық мінез, ұлттық сана-сезім, ұлттық психология. 
 
Нақты бір мазмұны бар этнопсихологиялық құбылыстардың құрылымы екі тенденция әсеріне ұшырайды. Бірінші-бұл құрылым элементтеріне жалпы және әлеуметтік психологиямен байланысқан компоненттерден тұрады. Қандай да бір ұлттың мінез, темперамент, сезім, ерік және т.б ерекшеліктері. Екінші этнопсихологиялық феномендердің мазмұны мен формасын құрайтын адамдардың ұлттық мінезі, ұлттық психикасының жалпы және ерекше сипаттарын зерттеуді білдіреді. 
 
Бұл екі тенденция да өте күрделі. 
 
Этнопсихология деген не? Деген сұраққа көптеген адамдар бұл эностар мен халықтардың психологиясын зерттейтін ғылым деп жауап береді. Біріншіден «этнос» терминінің мағынасын бір мағыналы емес, яғни психологияның бүкіл түрі нені зерттейтінін білесіз. Екіншіден: көптеген авторлар психологияның сипаттамасын этноспен емес, мәдениетпен байланысты зерттеуді қалайды, сондықтан мәдениет деген не екенін нақты саналау керек. Үшіншіден этнопсихология терминінің өзі әлемдік ғылымда жалпы қабылданған болып табылмайды. Осы ғылымдағы көптеген мамандар өздерінің «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы-мәдени психология» зерттеушілеріміз деп есептейді. 
 
«Этнос» - халық, «психология» - жан туралы ғылым. Этнопсихология этнология мен психология деген ғылымдардың біреуініен пайда болған. 
 
Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған: 
 
1. антропологиялық психология; 
 
2. кросс-мәдени психология. 
 
Антропологиялық этнопсихология халықтардың териториясына байланысты қарастырады.  
 
Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады. 
 
Этнопсихология ғылыми теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері. 
 
XIX ғасырда этнопсихологияняң идеялары «халықтар психологиясы» соңына таман дамыды. Олардың өкілдері М. Лацарус, Х. Ентейнталь, В. Вундт болды. 
 
Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – этнос. Этнос бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған. Сақтанып қалған дәстүрлері, жалпы зіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизім болып табылады. Бұл тарихи қалыптасуын, тұрақты жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрақтылығы, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты климат географиялық жері бар.  
 
Қандай да бір этносқа тән адамдар да өздеріне тән, өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты психологиянң - әлеуметтіңстереотиптері бар. Этностың барлық шығу тегі мен байланысып жатқан мүшелері – тірі макроорганизім жасайды. Этностың алғашқы даму сатылапрында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни өзіндік қорғаныс инстинкті не айтады, солайша санасыз жүреді, әркім өздерінің жұмысының қауіпсізігімен қолайлығын қамтамасыз етеді.  
 
Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын басынын кешіреді, сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді. 
 
Этнопсихологияның пәні әртүрлі этникалық қауымдастықтар өкілдері психикаларының көріну ерекшеліктері. Бірақ бұлғылым әртүрлі көзқарастар әсерінен мазмұны мен негзгі феномендерін өзгерте жүріп, қалыптасты.  
 
Ұзақ уақыт бойы этнопсихологияның жалпы категориясы – күнделікті өмірден алынатын психологиялық жиналымдар болды. Ұлттың псхололгиялық жиынтығы – жеткілікті түрде талданатын анықтамаларға жатады дейдің. 
 
Этнопсихологияның ғылыми ретіндегі міндеттері: 
 
1 Нақты этникалық қауымдастықтың өкілдерінің ұлттың психологиялық ерекшеліктерін қалыптасуының факторлары мен шығу кездері туралы мәліметтердің жан-жақты, жалпыласу. Оның негізінде ұлттар мен халықтардың әлеуметтік – саяси, экономикалық, тарихи және мәдени дамуының ерекшелігін анықтау. 
 
2. Адамдардың ұлттың психикасының мотивациялық сферасын, оның көрінуіне алдау және жалпылау мақсатында ерекшелігін зерттеу. Бұл ерекшеліктер нақты этникалық болып табылады. 
 
^ 4.Тұлға және этнос. Негізгі мәселелер: ұлттық психика түсінігі, ұлттық психика адамдардағы мазмұны, ұлттық – психологиялық құбылыстардың қалыптасу факторлары, ұлттық психологиялық ерекшеліктер мазмұны. Адамзат, адамдар қауымдастығы, топ, этнос, ұлт, ұлттық сана, ұлттық қызығушылықтар мен құндылықтар, ұлттық мәдениет, ұлттық тіл, ұлттық қатынас, «Біз » және «Олар», этносы психологиялық қорғау; 
 
^ Этникалық қауымдастық – тарихи даму бірлігі, территориясы, тілі, мәдениеті сияқты белгілнрімен бірлескен адамдар бірлестігі. Этникалық қауымдастық болуы толықтылықтың «Біз» ұғымының «Олар» ұғымымен ашылатын саналы қабылдануы. 
 
Ұлттық психика – адамдардың қоғамдық санасының негізгі бөлімі. Қоғамдық психологияның ең маңызды компоненті. Ол адамдардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде шынайы түрде көрінеді – олардың санасының барлық формаларын жинақтайды саясатты, құқық, мораль, дін, ғылыми, шығармашылық және философиялық. 
 
^ Этникалық психология – адамдардың этникалық психикасын зерттейтін әлеуметтік психологияның бөлімі. 
 
Объектісі - әр-түрлі этникалық қауымдастықтар. 
 
Пәні - әр-түрлі этникалық қауымдастықтардағы ұлттық психологиялық құбылыстар мен процес-ң көріну ерекшеліктері. 
 
Ұлттық психиканың қалыптасу факторлары – психиканың пайда болуы мен функционалдануын негіздейтін ерекшеліктері. 
 
Категориялары – зерттейтін нақты құбылыстар мен процестер. 
 
Ұлттық психика ұлттық бағдарлар мен ұлттық стериотиптер механизм-н көрінеді. 
 
Ұлттық – психологиялық феномендерде нақты қасиеттері болады. Олар заңдылықтардың көріну ерекшеліктерін бейнелейді: 

  •  
    барлық басқа психикалық құбылыстарға детерминация жасай алу қабілеті; (әрбір ұлт-қорш.) 
  •  
    күрделі әр-түрлілік ( әр қауымдас-а құб-р, процес-ң, жағдай-ң,өзара әрекеттің, өзара қатынас ерекше сипаттамалары бар, оларды қаб-у, зерттеу, түсіну, өте күрделі).
  •  
    Олардың әр-түрлілігін бір жалпыға әкелу мүмкін емес ( әр-түрлі қауым-ң өкілдерінің психиканы көрсетуде өз ерекш-і бар).
  •  
    ҰПҚ зерттеу принциптері - олардың дамуында тарихи жағдайларды есепке алу принципі; әлеуметтік топ, басқа кластарда оларды талдау принципі, олардың әр-түрлілігінің көрінулерін есепке алу принципі;

 
^ 5. Тұлғаның психология-педагогикалық диагностикасының саласындағы зерттеу ерекшелігі. Психодиагностика – психологиялық диагнозді өңдеу және қою мәселесімен айналысатын ғылым. Психодиагностика – адам психикасын «құралды» бағалауға мүмкіндік беретін тесттер жиынтығы.Психодиагностика – тұлға тұтастығының индивидуалды ерекшеліктеріне белгілі заңдылықтардан баратын ойлаудың ерекше формасы.  
 
Сонымен, психодиагностика диагноз қою және болжамдау үшін қажет, яғни белгілер қатары бойынша психолог қандайда бір мінез-құлықтың себебі болған психикалық қасиеттерді анықтайды.  
 
Психологияда психодиагностикалық әдістемелердің көптеген классификациясы бар.  
 
С.Л. Рубинштейн классификациясы: 
 
Негізгі зерттеу әдістері: 

  1.  
    Бақылау:
  •  
    тікелей (адамды), 
  •  
    жанама (адам іс-әрекетінің нәтижесін),
  •  
    сыртқы (объективті). 
  1.  
    Эксперимент:
  •  
    лабораториялық (модельденген); 
  •  
    табиғи (кәсіби іс-әрекет барысында); 
  •  
    қосалқы (анкета, әңгімелесу); 
  •  
    үйрету бойынша. 

 
Зерттеудің  ерекше түрлері: 

  1.  
    Генетикалық (әртүрлі жасерекшелік топтар арасындағы салыстыру);
  2.  
    Салыстырмалы (норма және патология арасында).

 
Б.Г. Ананьев классификациясы: 

  1.  
    Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі ( әрқандай топты жасы, қызметі және т.б. бойынша салыстыра зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектіні жан – жақта, әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.
  2.  
    Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер:бақылау мен өзіндік бақылау, эксперименталды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу әдістері; шығармашылық, іс әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянымен танысу әдістері.
  3.  
    Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау ) әдістері.
  4.  
    Реттеу – түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу – үйрету әдісі.

 
Психодиагностикалық әдістерді келесідей бөлінеді: 

    •  
      жауап формасына қарай – ауызша және жазбаша;
    •  
      зерттелушілер санына қарай – индивидуалды және топтық;
    •  
      міндеттердің біржақтылығына қарай – гомогенді және гетерогенді;
    •  
      бағыттылығы бойынша – жылдамдыққа, күштілікке, тұлғааралық қатынастарды диагностауға;
    •  
      кешенділігіне байланысты – жалғызілікті және тесттік батареяларға;
    •  
      тағайындалуы бойынша – жалпы диагностикалық, кәсіби жарамдылыққа;
    •  
      алынған нәтижелерге диагносттың әсері бойынша – объективті және субъективті. 

 
1921жылы Роршах психодиагностика  терминін енгізді. Қазіргі психодиагностиканың  тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан  басталады. Білімін жетілдіру  клиникалық кезеңінде ашылған.  Бұл кезде адамдар жайлы эмпирикалық  психологиялық білімдерді талдау  жасауда негізгі шешуші рөлді  дәрігерлер алады. Бұған дейін  бұл мәселелермен философтар  және жазушылар айналысқан. Сол  жылдары дәрігерлерді әлемде  кең тараған ауруды емдейтін  невроз және жан ауруларына  шалдыққан адамдардың ауруының  шығу тегі және себептерін  табу қызықтырды. Дәрігер психиатрлар  Европа клиникаларында ауруларға  жүйелі бақылау жасап, оның  нәтижесін талдай бастады. Сол  кезде психодиагностикада бақылау,  сұрақтама, құжаттарды талдау  сияқты әдістер шыға бастады.  Психодиагностиканың сандық әдістері XIX ғасырдың екінші жартысында  шыққан деп есептеуге болады. Сол кезде алғаш рет неміс  психологы В. Вундттың басшылығымен  бірінші рет эксперименталдық  психологиялық лабаратория ашылды. Онда техникалық құралдар қолданыла  бастады. Негізгі психологиялық  процестерге байланысты адамның  жағдайының құрылысы қазіргі  психодиагностикалық әдістердің  негізінде жүргізіледі. Бұл кездерде  математикалық мүмкіндік теориясы  аймағында психодиагностикалық  әдістер қолданыла басталды. Бірінші  және екінші статистикалық өңдеуден  өткен эксперименталды мағлұматтар  дәл осы жылы шыға бастады.  Кейіннен факторлық анализ қолданылады.  Ол алғашқыда психодиагностикада  жеке тұлғаның ерекшелігі келбеті  мен интелектуалды жетелеу деңгейімен  байланысты болды. Алғаш психологиялық  экспериментсіз арнайы психометрикалық  мекеме Англияда Гальтонның басшылығымен  ашылды. 1874 жылы ол антропометрикалық  лабараторияның негізін салды.  Ондағы негізгі мақсаттың бірі адамның іскерлігімен статистикалық мәліметтер алу болды. Гальтон 1877 жылы психологияда психокоррекция әдісін ұсынды. Бұл пікірмен ол математик Пирсон және Фишердің назарын өзіне аударды. Фишер дисперсоналдық талдау жасап шығарды. Бұл еңбектің нәтижесі 1904 жылы Спирменнің еңбегінде жарық көрді.  
 
Кейінннен Айзенк және Кеттел психодиагностика жеке тұлғаның ерекшелігі үшін факторлық талдауды қолданды.  
 
1905-1907жылдары француз ғалымы А. Бине ең алғаш рет интелектінің статистикалық қалыптасқан тестерін жасап шығарды. Кейіннен Симон бұл тестті жетілдіріп, психодиагностикаға Бине –Симон тесті ретінде енгізді. XX ғасырдың екінші жартысында әр түрлі процестерді, қасиеттерді зерттейтін тесттер шыға бастады. Олар әлеуметтік зерттеулермен байланысты болды. Бұдан кейін психологияда үлкен дағдарыс болып соған байланысты әдістемелер саны арта түсті

Информация о работе Психология тарихы ғылым ретінде. Психология тарихының кезеңдері. Этникалық және мәдени психология. Тұлға және этнос. Тұлғаның психология-