Қарахан мемлекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 21:18, лекция

Краткое описание

Қарахан Әулетінің мемлекеті Қарахан қағанатының билеушілері. Қарахан Әулетінің шығу тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі әр түрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет «ислам тарихы материалдарында» Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімімен сәйкестендірілетіндігін де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі – қарлұқтардың билік жүргізуші тобы» деп қарайды.

Вложенные файлы: 1 файл

9 дәріс.doc

— 128.50 Кб (Скачать файл)

№9 дәріс. Қарахан мемлекеті

Қарахан Әулетінің мемлекеті Қарахан қағанатының билеушілері. Қарахан Әулетінің шығу тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі әр түрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет «ислам тарихы материалдарында» Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімімен сәйкестендірілетіндігін де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі – қарлұқтардың билік жүргізуші тобы» деп қарайды. Қарахан Әулетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бұғра Қарахан ( Әулие Ата). Ол өлген соң билік Мұсаға (Мұса ибн Абд әл-Кәрім) тиді. 998 ж. оның ұлы Әбілхасан Әли ибн Мұса таққа отырды. 1041 жылы Қарахан қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Қарахан қағанатында Әли ибн Мұса ұрпақтары, Шығыс Қарахан қағанатында Хасан Боғра хан ұрпақтары билік жүргізді. Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін жалғасты.

Мемлекет  құрылуы

Қарахан мемлекетінің құрылуы. X ғасырдың орта шенінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың кептеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинақтаған Қарахан мемлекеті пайда болды. Мемлекеттің басында болған түрік әулетінің этникалық атрибуциясы әлі де толық айқындалмай қалып отыр, ал алғашқы Қарахандар туралы әңгімелер жартылай аңыз сипатында болып келеді. Қарахан мемлекетінің құрылуында және алдыңғы тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор рөл атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге жікілдер мен яғма кірді. X ғасырда яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуда, Нарыннан оңтүстікке таман мекендеді. Кейінірек, XI ғасырда яғма анағұрлым солтүстікке таман — Іле өзенінің алқабын- да өмір сүрді. Ал осы алқапта Ыстықкөл өңірінің солтүстік аудандарынан кәшіп келген жікілдер қоныстанды. Жікілдер Тараз маңында, Құяста, Барсхан сыртында, Жікіл мекенінде және т.б. өңірлерде шоғырлана қоныстанған бірнеше топ болды.

Қарахан мемлекетінің құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан-байтақ аумақта болған саяси оқиғалармен, сондай-ақ Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді. Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың, жікілдердің, яғмалардың Саманилерге қарсы, сондай-ақ шығыстан дүркін- дүркін шабуыл жасаған тоғыз-ғұздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қазақстан аумағының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы түрік тайпалары тобының этникалық-саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде қарлұқтар басты рөл атқарды. 840 жылы қарлұқтардың жетекшісі, Испиджабты билеуші Білге Кұл Қадырхан қаған атағын қабылдап, сол арқылы жоғарғы өкіметті алуға хақысы барын мәлімдеді. Нақ сол жылы Саманилер Испиджабты бағындырды. Білге Құл Қадыр-хан өлгеннен кейін қағанаттағы билік ушін күресте оның екі баласы суырылып шықты: Базыр Арслан-хан Баласағұнды, ал Оғұлшақ Қадыр-хан Таразды билей бастады. Таразды саманилік Исмаил ибн Ахмад басып алғаннан кейін (893 ж.) Оғұлшақ, тегінде аз уақытқа Қашғарға баруға мәжбүр болса керек, одан 904 жылы ол Саманилер иелігіне шабуыл жасады. Оғұлшактың немере інісі Сатұқ Боғра-ханды (915—955) Қарахан әулетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғра-хан Оғүлшаққа қарсы шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашғарды бағындырды; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды.[1] Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қаға- наттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астана каласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек, тегінде, Баласағунды иеленсе керек. Бұл өңірді оның баласы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан-ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі әулеттің — Әли Арслан- хан мен Хасан (Харун) Боғра-ханның ұрпақтары арасындагы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (әлилер) ұрпағының ықпа- лы күштірек болды, ал кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына (хасанилерге) көшті. Қарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан (915—955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды.

Ұсақталғандық

Қарахан мемлекеті  шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары  зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30 жж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталығы Бұқарда болған, қарауына Ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі — қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.

Арслан хан кезіңде Қарахан мемлекеті одан сайын бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады. 1056 ж. Қадыр ханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барыс хан әміршісімен болған соғыста қаза табады.

Осыдан кейін Шығыс  қағанатын 15 жыл бойы (1059—1074) Қадыр ханның балалары Юсуф Тоғрул хан мен Боғра хан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді.

Тоғрұл қайтыс болғаннан  кейін оның еншілігі Боғра хан Харунның (1075—1102) — Қашғар, Баласағұн мен Хотан қожасының қол астына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжық сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады.

1102 ж. Боғра хан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадыр хан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118—1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады. Бұған бас себебі — Қарақытай мемлекетіінің құрылуы және оның жүргізген сыртқы әскери саясаты болып табылады.

Ыдырауы

Үлесті жүйеде негізі қаланған Қарахан мемлекеті  шығыс және батыс иеліктерінен тұрды. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс иелігіне, Мауараннахр батыс иелігіне кірді; шығыс иелігінің саяси орталығы Баласағұнға жақын мандата Орда (Қара Орда, Күз Орда), содан соң Қашғар, батыс иелігінің орталығы Үзкент, кейінірек Самарқан болды. Екі иелік бертін келе жеке-жеке мемлекетке — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғасырдың басында Туған-хан билеп тұрды. Онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадыр-хан Жүсіп бәсекелес болды (араб тіліндегі кейбір деректемелерде Қадыр-хан Хотанды иеленді деп көрсетілген). 1005 жылы Қадыр-хан Жүсіп Қашғардан Туған-ханды тықсырып, қаланы қаратып алды.

12 ғ. екінші жартысында қарақытайлар Батыс қағандығына қауіп төндіре бастайды. 1141 ж. Қарахан — Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді.

1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж. Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды.

Саяси құрылысы

Қарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес, біртіндеп, жаулап алған жерлерде Қарахан шонжарлары билігінің орнығуына қарай қалыптасты. Қарахандар өздері бағындырған жергілікті халықтардың көптеген мемлекеттік дәстүрлерін мұра етіп алды, оған ежелгі түрік мемлекетінің, Түргеш, әсіресе Қарлұқ қағанаттарының терең ықпалы болды. Қарахан мемлекетінде басқару құрылымьша, тегінде, Қарахан бірлестігінін құрамына енген көшпелі және жартылай көшпелі тайпалардың қоғамдық институттары, ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы барысында өзгеріске ұшыраған әдеттегі құкық (тору) нормалары елеулі ықпал жасауы ықтимал. Газневилер сияқты, Қарахандар да Саманилердің мемлекеттік құрылысының кейбір сипаттарын қабылдады, алайда бұл ауыс- түйіс атүсті болған жоқ. Қарахан мемлекетіндегі билік құрылымы — жоғарыда аталған үш негізгі бастаудың диалектикалық жиынтығы. Қарахан державасындағы жоғарғы билік тек сырттай ғана патриархаттық (рулық-тайпалық) шапанын жамылды, ал шын мәнінде ол феодалдық иерархия принципіне негізделді. Зерттеушілердің екі тайпалық федерация: жікіл және яғма шонжарлары арасында саяси билік қатан бөлінді деген пікірінің шындыққа қаншалықты сәйкес келетіндігін дәлме-дәл айту әлі де қиын. Соған қарамастан, егер көшпелілер құрган басқа мемлекеттерге ұқсастық бойынша пайымдайтын болсақ, онда Қарахан мемлекетінде, қалай болғанда да оның тарихының ерте кезеңінде жеңіп алған өңірлерге билік жүргізу нақ сол ең ірі және күшті этникалық-саяси бірлестіктер басшыларының, бірінші кезекте жікіл және яғма көсемдерінің қолына шоғырланған деп жорамалдауға болады. Бұл «арслан» («арыстан») және «богра» («бура») құрметті атақтарымен атанған жоғарғы Қарахан билеушілерінің атақтарымен дәлелденеді. Арслан, дәлірек айтқанда, арслан хан (арслан қара-хақан) атағын жікілдердің билеушісі, ал боғра (богра кара-хақан) атағын яғма көсемі алды. Арслан қара-хақан басты билеуші деп саналды немесе сондай билеуші болуға дәмеленді, ал боғра қара-хақан, тегінде онымен бірге билік еткен болуы мүмкін. Атақтар иерархиясында әр түрлі кезенде қолданылатын атақтардың жалпы жиынтығы бірдей болмады, жекелеген атақтардың маңызы өзгеріп тұрды. Барлық жер билеуші әулеттің меншігі болып есептелді және оның ыдырауына дейін бүкіл мемлекетті көбіне тамғаш-хан атанған «хандардың ханы» биледі. Қарахандар мемлекеті құрылымының негізі өзінің мәні жағынан феодалдық үлестік жүйе болды. Мемлекет өз билеушілері басқарған бірқатар ірілі-ұсақты өңірлерге — үлестік жерлерге белінді. Олардың көпшілігі, әдетте ірі үлестік жерлерді иеленушілер билеуші әулеттерден болды. Округтердің орталықтары болған Тараз, Испиджаб және Баласағұн ірі үлестер еді. XI ғасырдың басында Баласағүн жоғарғы қағанның үлесі, ал Тараз бен Испиджаб олардың жақын тумаларының қолында болды.

Шаруашылығы мен мәдениеті

Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды.

Мемлекеттік дін  ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды

941-1130 жылдары үстемдік етіп, Шығыс  Түркістан, Жетісу және Мауераннахрдың  едәуір бөлігін қамтыды. Аттары  аталған аймақтарда антикалық  дәуірде Қаңлы, Үйсін мемлекеттерінің  орнына орналасқан мемлекет. Оның  этникалық құрамалары жергілікті  түркі тайпаларынан құрылған: қарлұқ, қаңлы, шігіл, яғма және оғыз. Бұлардың бәрі аты аңызға айналған түріктердің атақты патшасы Афрасиабтың әулеті екенін                   

 М. Қашқари жазып кеткен: «Оғұлшақтың  немере інісі Сатұқ Боғра-ханды  (915-955) Қарахан әулетінің негізін салушы есептейді. Исламды қабылдаған». Қарахан әулеттері Саманилер мемлекетін құлатып, Мауераннахрды түгел иеленеді. Нәтижесінде, Қарахан мемлекеті Орталық Азияда феодалдық күшті мемлекетке айналып, оның экономикасы және мәдениеті алға өрледі.

Қарахан мәдениеті кезінде түріктер ислам өркениетін жоғары сатыға жеткізіп, әлемге әйгілі ұлы тарихи тұлғаларды әкелді. Олардың ғылыми еңбектері кейінгі ұрпақтарды тәрбиелеуде ғасырлар бойы үлгі болып келе жатыр.

Жоғарыда  біз қысқаша тоқталып өткен ертедегі орта ғасырда өмір сүрген мемлекеттермен қатар, оғыздардың, қыпшақтардың, Хорезмнің мемлекеттері болған. Олардың қысқаша тарихы «Қазақстан тарихының» екінші томында жазылған.

Ертедегі  орта ғасырдағы Орталық Азияның  үлкенді-кішілі феодалдық мемлекеттерді 1218 жылы Шыңғыс хан басқарған Моңғол мемлекеті жаулап алып, оларды Моңғол империясының құрамына кіргізді.

«Қазақстан  тарихындағы» «Моңғолдардың жаулап алуының зардаптары» атты бөлімінде: «Шыңғыс хан әскерінің шапқыншылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ауыр апат болды; ол көптеген халықтардың экономикалық, мәдени, саяси және әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақытқа тоқыратты. Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндірістік күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті; ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнер иелері құлдарға айналды».

Келтірілген үзінді сын көтермейді. Себебі, ұзақ жылдар бойына айтылып келе жатқан «орайлық, еуропалық» көзқарас. Шыңғыс хан бастаған моңғолдардың шапқыншылығын мейлінше бұрмалаған. Бұндай пікір шындықтан алшақ жатыр. Шыңғыс хан алдымен өзіне Батыс Қытайды бағындырып, 1218 жылы Орталық Азияны басып алу мақсатымен шығыстан батысқа қарай жорық жасады. Жаулау жорығы кезінде қарсыласқан күштерді қиратып, бағындыру үшін бар күшін аямай жұмсады. Бұл барлық басқыншылық соғыстарға тән оқиға. Әйтпесе, соғыс болама? Осы жорыққа күш көрсеткен Отырар, Көне-Үргеніш (Хорезмнің астанасы) сияқты қалаларды бүліншіліктерге ұшыратты. Жолындағы үлкенді-кішілі елді мекендерді, Ұлы Жібек жолындағы Жаркент, Алматы, Мерке, Құлан, Тараз, Испиджаб (Сайрам), Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Мерв және т.б. қалаларды олардай қиратқан жоқ. Осындай жағдай моңғолдардың бағындырған аймақтарында, елдерінде болды. Жергілікті тұрғындарды шетінен қырған жоқ. Орталық Азияны толық жаулап, оны Шыңғыс хан Төлей, Үгедей, Шағатай, Жошы деген балаларына бөліп берді. Олар өздеріне берілген аймақтарда билік жүргізді. Моңғолдар әр аймақта жоғарғы басқарушы органдарда отырғанымен, олардың қол астындағы төменгі басшылар жергілікті халықтардан таңдалды. Сан жағынан моңғолдар басып алынған жерлерде өте аз болған соң, жергілікті түріктер көп болған. Моңғол әскерінің басым көпшілігі түріктерден құрылған. Тек олардың жоғарғы әскери басшылары моңғолдардан қойылғанымен, төменгі командирлері түріктерден дайындалған. Түріктердің ержүрек жауынгерлерін Шыңғыс хан толық пайдаланып, өзінің империясын құруда үлкен күшке айналдырған. Алдыңғы Азия мен Еуропадағы басып алынған елдер Моңғол империясының вассалы болған.

«Адамдар  жаппай қырылды» деген сөздердің  қисыны жоқ. Керісінше, Орталық Азия, Алдыңғы Азия, Еуропаның біршама  елдері Моңғол империясында үш ғасырға  жақын өмір сүрген кезде, жергілікті халықтардың арасында салыстырмалы тыныштық орнап, халықтар экономикасында,  мәдениеттерінде бірқатар алға өрлеушілік болғанын мойындауымыз керек. Осы империяда 200-ден астам жаңа қалалар бой көтерсе, көне шаһарлар үлкейіп, өскені байқалады. Жалпы, Моңғол империясы жергілікті халықтардың дамуына айтарлықтай тосқауыл жасамаған. Орталық Азияның автохтонды этникалық құрылымдары әрбір аймақта бірлесіп, қандастық жағынан рулар, тайпалар арасында халық болу процестері жүріп жатқан. Үш ғасыр деген тарихи аз уақыт емес, сол кезде Моңғол империясының ішіндегі түріктер бөлшектеніп, жер жағынан, тіл жағынан, экономикалық жағынан жақындары халық дәрежелеріне дейін көтерілген. Сондай-ақ, империя көлемінде халықтардың этникалық процесі дамып, қандастық жағынан жақын этностар халық болып қалыптасқан. Осы күнгі түрік тілдес халықтардың өз алдарына ел болуына негіз салынған.

Информация о работе Қарахан мемлекеті