«E-Learning» электрондық оқыту негіздері. Электрондық оқыту әдістері. «E-Learning» ортасында қашықтықтан оқыту курстарын құрудың қазіргі технолог

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2014 в 17:32, реферат

Краткое описание

Интернетте бұл жүйе оқушылар мен студенттер, мұғалімдер, өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар, ата-аналар, әкімшілер, тьютерлер және де басқа білім беру үдерісіне қатысушылар пайдаланатын өзіндік Интранет ретінде қызмет етеді. Олардың әрқайсысының өз логині мен паролі болады. Жүйеге кіргенде пайдаланушы өзінің жеке кабинетіне, яғни өзінің жеке меншік кеңсесіне кіреді, бұл оқушылар мен студенттерге – копьютерлік бағдарламалар бойынша оқуға, басқарушыларға – қашықтықтан басқаруға, ата-аналарға – өз балаларының оқу жетістіктерімен танысуларына мүмкіндік береді. Бұл – қашықтықтан мобильдік өзара әрекеттестік жағдайында білім беру үдерісіне қатысушылардың жаңа қарым-қатынасы түзілетін, ең негізгісі, барлық үйренушілерге тең мүмкіндік берілетін оқытудың жаңа парадигмасы болып табылады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.«E-Learning» электрондық оқыту мүмкіндіктері, негіздері
2. Электрондық оқытудың мәні мен маңызы
3.Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы.docx

— 557.64 Кб (Скачать файл)

ҚР БҒМ-нің осы күнгі іске асырылып отырған бағдарламасы бойынша мектептер мен колледждердің серверлеріне барлық пәндер мен әрбір тақырыптар бойынша цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) орнастырылады. Бұл тек Ұлттық Ақпараттандыру Орталығының (ҰАО) дайын ресурстары ғана емес, мұғалімдердің, оқушылар мен студенттердің өздерінің дербес талдаулары, ең маңыздысы – шетелдік педагогтардың ресурстары. Биылғы жылы мектептерге арналған 6 пән және колледждердің 38 пәндері бойынша 7043 ЦБР-ы әзірленді. Қазір ЦБР-ы тек отандық қана емес, әлемге әйгілі мына «СИВЕКО-Румыния», «With Education –Англия», «Young Digital Planet – Польша» компанияларымен бірге әзірленді.

Шетелдік компанияларды тарту педагогикалық тұрғыдан дәлелденген, себебі біздің бағдарламамыз бойынша олардың әзірлеген ресурстарымен бірге мектептерге жаңа оқыту әдістемесі келеді. Ал олардың елеулі айырмашылықтары бар, онда практикалық бағыттылық, интерактивтілік басым түрде беріледі де, түсіндірме-иллюстративтік тәсіл деңгейі азырақ.

Егер де біз осы елдерге жүздеген мұғалімдерді олардың тәжірибесін үйренуге жіберсек, мұндай нәтиже болмаған болар еді. Қысқа мерзімде жаңа әдіснаманы меңгеруге, біреудің әдістемесін өзінің жұмысына ендіруге мұғалімнің бәрі бірдей қабілетті емес. Бұл үдеріс көп зерттеушілікті, уақыт пен жігерлілікті талап етеді.

Бұл жағдайда біз, ресурстармен бірге біздің мектептердегі сабақтарға жаңа оқыту әдістемесін, мысалы, профессор Раду Джугуреанудың (Румыния) математиканы оқыту әдістемесін енгіземіз. Тағы бір маңыздысы, авторлық ұжымды таңдау ҚР БҒМ-нің бастамасымен Астана қаласында 2012 жылғы 16 наурызда құрылған цифрлық білім беру контентін әзірлеушілердің халықаралық консорциумында жүзеге асырылды.

Электрондық оқыту жүйесінің цифрлық білім беру контентін енгізудің алғашқы нәтижелері

2011 жылы ҚР БҒМ Астана, Алматы және Қарағанды облысының 44 мектептері, кәсіптік лицейлері  мен колледждері негізінде пилоттық  жобасын жүргізді. 2012 жылы электрондық  оқыту жүйесіне 537 мектеп пен колледждер  қосылды.

«Электрондық оқыту жүйесі (e-learning)» платформасын әзірлеу мен жабдықтарды жеткізумен «Жаңа ақпараттық технологиялар» АҚ, Жүйені пайдалануға мұғалімдерді даярлаумен – «Өрлеу» педагогтардың біліктілігін арттыру орталығы айналысады. «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің еншілес кәсіпорны Ұлттық ақпараттандыру орталығы (ҰАО) цифрлық білім беру ресурсын әзірлеумен айналысады. Сондықтан контентті пайдалану нәтижелеріне толығырақ тоқталып кетемін.

Өткен жылы ҰАО-ның ұжымы Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының қызметкерлерімен, Павлодар мемлекеттік университетінің ақпараттық технологиялар кафедрасы мен Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика кафедрасы, Алматы және Өскемен қалаларының тарих пәнінің үздік мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін мектептер үшін «Қазақстан тарихы» пәні бойынша цифрлық ресурстар әзірледі. Қазақстан тарихы пәні бойынша мемлекеттік бағдарламаның мазмұнын толық жабатын 5-11 сыныптар үшін барлығы 468 ЦБР-ы әзірленді.

Біздің орталық пилоттық мектептердің мұғалімдері мен оқушыларына сауалнамалар өткізді. Олардың алғашқы пікірлері бізді қуантты. 5267 оқушының 3837-і мұғалімнің түсіндермесін тыңдаған және сабақта ЦБР-рын пайдаланып өздігінше жұмыс істеген аса ұнайтынын айтты. 4405 оқушы білім алу едәуір қызығырақ болғанын, 4344 оқушы тарихи оқиғалардың маңызын жақсырақ түсініп қалғанын, тарихи мезгілдерді әлдеқайда жақсырақ есте сақтай алатындарын атап өтті. Тиімділіктің көрсеткіштері олардың үлгерімдерінің жақсарғаны болып табылады: егер бұрын сұралған оқушылардың 1304-і сабақта «бестік» алса, енді олардың саны 2369 болды, жақсы баға алған оқушылардың саны бұрынғы деңгейінде қалды, себебі олардың қатарына бұрын «үштік» бағаға оқыған балалар қосылды, ал «үштік» бағаға оқығандар бар болғаны 435 болып қалды, бұрын олар 1104 болатын. Міне, осындай статистика! «Үштік» бағаға оқығысы келетін балалар болмайды. Жағдай жасау керек, оны оқытудың жаңа жүйесі іске асырады.[2]

 

 

 

III.Қорытынды

Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол – білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Пайдаланылған әдебиеттер

  1. http://reftrend.ru/1049995.html
  2. http://dep.edualmaty.kz/kz/e-learning
  3. www.yandex.kz

 

 

 

 


Информация о работе «E-Learning» электрондық оқыту негіздері. Электрондық оқыту әдістері. «E-Learning» ортасында қашықтықтан оқыту курстарын құрудың қазіргі технолог