Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2015 в 19:56, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.
Осы мақсатқа жетудегі міндеттер:
- Инвестициялық саясатының жалпы түсінік ретінде экономикалық мәнін ұғу;
- «Қазагро» Ұлттық басқарушы холдингі мысалы ретінде инвестициялық саясатын талдау;
- Қазақстан Республикасында инвестицияларды қаржыландыру ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстандағы жағымды инвестициялық климаттың қалыптасуына әсер ететін жағдайларды қарастырып, перспективаларын анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ
І. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің инвестицялық саясаты түсінігі және оның мәні
1.2 Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясатының қалыптасу көздері
ІІ «ҚАЗАГРО» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЫСАЛ РЕТІНДЕ
2.1 «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің инвестициялық жобаларды жүзеге асыру
2.2 Қарағаднды қаласының аылшаруашылық өндірісін дамытудың инвестициялық саясаты
ІІІ ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Инвестициялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі.docx

— 3.10 Мб (Скачать файл)

1993 жылдың қарашасында  теңгенің айналысқа шығарылуы  біздің жас тәуелсіз республикамыздың  жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың  бірі болып табылады. Ол еліміздің  тәуелсіздігін нығайту жолындағы  түбегейлі әлеуметтік-экономикалық  реформаларды жүргізу үшін қажетті  тарихи қадам болды. Төл теңгеміз  пайда болғалы жүргізіліп келе  жатқан мемлекеттің тізбекті  қаржылық саясатының арқасында  елімізде нарықтық институттар  макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады. Өйткені  Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі  басқа елдерге қарағанда елеулі  бірқатар ерекшеліктері бар. 90-шы  жылдардың ортасы мен аяғында  іске асырылған әлеуметтік-экономикалық  даму жобалары ел әлеуетін  қалпына келтіруге мүмкіндік  бергенімен, Қазақстанның Орталық  Азиядағы көшбасшылық жағдайын  орнықтыра түсу үшін өңірлік  интеграция қарқынын жеделдету  қажет болды.

Жалпы қолайлы инвестициялық климатты құру жөніндегі мәселелермен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында түрлі жобаларды іске асыру жөніндегі трансұлттық компаниялар үшін эксклюзивтік жағдайлар жасалынды. Ол үшін шетелдік инвесторлармен жұмыс істеуді ынталандырушы іскерлік кешенін, сол сияқты институционалдық тетіктерін қосатын тікелей инвестицияларды тарту жөніндегі тұтас жүйені құру іске асты. Инвестицияларды ынталандыру жөніндегі шаралар пакетін қолданудың әртүрлі үш-деңгейі қолданысқа енгізілді. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін: «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделетін инвестициялық артықшылықтар; шұғыл және өтеусіз негізде шетелдік мамандар үшін кіру визаларын берудің арнайы тәртібі енгізілді.

Арнайы экономикалық аймақтарда іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін — ең үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, салық салудың айрықша тәртібі болды. Жеңілдіктер бағдарламаның басымдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған өлшемдер бойынша іріктелген кәсіпорындарға берілді. Бұл орайда шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік іске қосылды. Сөйтіп белгілі шетелдік инвесторлар, трансұлттық компаниялардың қатысуымен ең ірі және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шараларын көздейтін жекелеген инвестициялық келісімдер жасалды. Жоғарыда айтылған салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтар, гранттық негізде инвестициялар бөлігінің өтемақысы, оны кейіннен өңдеу не ірі өндірушілерден шикізаттың осы түрін жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында шикізаттың шығу орнын басым тәртіппен ұсыну жүзеге асырылды. Одан әрі ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырысты орналастыру мен ынталандырудың басқа қаржылық және қаржылық емес шаралары ойластырылды.

Инвестициялық келісімдер шеңберінде қолдаудың бұл өлшемдері бойынша шешім Үкімет-деңгейінде қабылданатын болды. Әрбір әлеуетті деген инвестормен жеке келіссөздер жүргізілді. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жеке тәсілді іске асыру көптеген маңызды іс-шараларды қамтыды. Соның ішінде, бәрінен бұрын, трансұлттық компаниялардың арасынан әлеуетті мақсатты инвесторлар іздеу және айқындау қажет еді. Бұл орайда әрбір нысаналы инвестормен «Жол картасы» бойынша жұмысты әзірлеу және іске асыруды қоса алғанда, бизнес ашу және оны бастап әкетуге байланысты қажетті шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу және басты саяси көшбасшылар және жетекші компаниялармен кездесуді ұйымдастыру мен Инвестициялық жобаны әзірлеуде, сол сияқты оны іске асыру сатысында консультациялық қызметтер көрсету аса қажет еді. Жеке көзқарасты іске асыру үшін шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл жасаудың институционалдық тетіктері жетілдіруді қажет етті.

Бұл орайда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитетін шетелдік инвесторлар үшін «алғашқы өтініш жасау терезесі» қағидаты бойынша үйлестіруші орган ретінде күшейту қолға алынды. Аталған министрлік «Қазақстанның инвесторларға көмек көрсету орталығы» ЖШС-ні беру мүмкіндігі қарастырылып, халықаралық желіні құру шетелдерге, елшіліктерге дипломатиялық өкілдіктерінің, сауда өкілдерінің, құрметті консулдар институтының, сондай-ақ инвестициялар, сауда және технологиялар мәселелері бойынша өкілдер институтын құру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің ұсынысы бойынша тағайындалатын Кеңесші — елші және жекеленген елдерге Қазақстан елшілігіндегі атташенің дипломатиялық өкілдері құрамындағы штаттық бірлікті айқындау мәселелері есебінен қамтамасыз етілетін болды. Олардың қызметіне рейтингтік бағалау енгізілу көзделді.

Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту және шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің қызметін үйлестіру және бақылау мақсатында Премьер-министрдің басшылығымен шетелдік инвестициялар арқылы тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды. Комиссия шетелдік инвесторлар үшін «омбудсмен» рөлін атқаратын болды.

Осы комиссия жобаларды қарап, ірі жобаларды іске асыру кезінде әрбір жеке инвесторлармен жекелеген жағдайларда жеңілдіктер пакеті мен артықшылық беруді айқындауды, оның ішінде, инвестициялар бөлігін өтеу мүмкіндігін көздейтін арнайы экономикалық аумақтардан тыс жобаларды іске асыру үшін инвестициялық келісімдер жасалатын болды. Ірі инвестициялық жобалар мен шешімдерді іріктеуді Үкіметі қабылдайды. Инвесторлық имиджін алға бастыру жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылды. ең бастысы серіктестерді іздеуде, іскерлік байланыстарды орнатуда, қажетті, ақпаратты беруде инвесторларға жәрдемдесу күн тәртібінен түспеді. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты мен инвеститция тартудағы жасалған қадамдарды тізе отырып, Орталық Азиядағы осы саладағы саясатқа да тоқталмай болмайды. Өйткені Орталық Азия өңіріне қатысты өзінің іс-қимыл стратегиясын қалыптастырып отырған әлемдік державалар мен халықаралық ұйымдардың белсенділігі айтарлықтай артты. Бұған американдық «Үлкен Орталық Азия» тұжырымдамасы, Еуроодақтың өңірге қатысты стратегиялық әзірлемес, «Жапония+Орталық Азия» және «Корея+Орталық Азия» сухбат алаңдарының пайда болуы кепіл бола алады. Сондықтан көлік дәліздерінің қиылысында орналасқан Орталық Азия елдері орасан зор шикізат қорларын, кең ауқымды көліктік-коммуникациялық желіні, айтарлықтай инвестициялық тартымдылықты иеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттарына келер болсақ, оларды төмендегідей қарастыруға болады.

• Заманауи технологияларды қолдана отырып, жаңа жұмыс орны, өндірістер құруға;

• Бұрын жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңарта кеңейтуге;

• Шағын кәсіпкерліктің рөлін арттыруға;

• Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге;

• Әлемдік экономикалық дағдарыста торықпауға;

• Мемлекеттік және қаржы секторын дамытуға;

• Отандық кадарлардың біліктігін арттыруға;

• Кеден одағына қатысушы мемлекеттер мен кеден баждарын бекітуге бағытталуына байланысты іске асырылуы болып табылады. Сондықтан инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестицияларды іске асыру үшін инвестициялық преференциялар қарастыру, инвестицияларды ынталандыру арқылы дамыту шараларын іске асыруды ұйымдастыру қажеттілігін бүгінгі таңда талап етуден басталады. Ол осы тұрғыда салық, түрлі төлемдер мен алымдардың ерлежерін, есептеу әдіс-тәсілдерін, іске асыру механизмдерін жетілдіру инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасаудан басталады.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімге салу керек. Мұндай капиталдық салым – бүгінгі қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы ақшаның сақталуына немесе құнның артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Сондықтан капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандарын пайдалану керек. Олар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке, қарыздық міндеттемелерге опциондар мен акцияларға, шағын немесе үлкен тәуекелмен, қысқа немесе ұзақ мерзімге, тікелей және жанама нысандарымен атқарылуы болып табылады.

Инвестициялық процесс оның жоспарын анықтау, талдау, өмір сүру циклінің сатылары, жалпы даму стратегиялары, инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы, құралдардың салу обьектісі ретіндегі инветициялық тартымдылық, оларды жетілдіру жолдары мен инвецтициялық тиімді жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық процесінде жүзеге асырылуы. Бүгінде инвестицияға қатысты, АҚШ, Жапония, Швейцария, Италия, Франция, Оңтүстік Корея, Қытай және т. б. шетелдік компаниялар қатысатын ірі жобаларды атап өтуге болады. Олар бойынша бірнеше млрд.-тан астам, АҚШ доллары сомасында бірлесекен жобаларды іске асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Сөйтіп Қазақстан Республикасы алға қойған инвестициялық саясат толығымен жүзеге асып, оны одан әрі өрістетуге, өзге елдерге үйретуге мол тәжірибе жинақталды. Ал мұның пайдасы біздің еліміздің болашағы үшін, ұрпағымыздың әлем елдерімен қабырғасы тең құқылы өмір сүруі үшін берері көп болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың  дамуы туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға өтуге байланысты   инвестицияларды тартумен тұрақты дами бастады. Бұл еліміздегі жүргізілген инвестициялық саясатының нәтижесі деуге болады. Осы бағыттағы шаралар барысында ол дағдарыстан шығудың нақты тұтқасына айналып, экономиканың өсуі және оны  қайта құрылымдаудың негізгі шарты болғанын күнделікті өмір көрсетіп отыр.

Одан басқа «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың бағдарламасына» сәйкес, таяудағы онжылдықта  инвестициялаудың жалпы көлемі 6,5триллион теңгелік 162 жобаны іске асыру болып отыр, ал бұл елдің ІЖӨ 40%-дан астамы, олар бізге таядағы үш жылда ғана 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын тікелей ашуға мүмкіндік береді» [1].

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі- Қазақстан экономикасына келетін инвестициялар ағынын әртараптандыру болып табылады» деп инвестициялық саясаттың қазіргі бағыттарына назар аударған  болатын [2].

Осыдан қазіргі ҚР үкіметінің инвестициялық саясатының мақсаты – экономиканы дамыту және заманауи технологияны қолдану арқылы іс жүзіндегі өндірісті кеңейту мен жаңарту, бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа орындарды  ашудағы, қоршаған ортаны қорғаудағы инвестицияны ынталандыру.

Жалпы инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау. Ол күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс жүргізілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды.

Елдегі инвестициялық саясаттың  даму деңгейін елдің әл-ауқатының артуынан көруге болады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында отандық нарыққа шетелдік инвесторларды тарту инвестициялық саясаттың басымдылығы болып табылды. Ал инвестициялардың ішкі көздері не құнсызданды, не назардан тыс қалып отырды. Сондықтан рыноктік реформалардың алғашқы жылдарында отандық инвесторлардың қаражаты нарықтық қайта құру үдерістеріне тартыла алмады. Сонымен қатар, ол кезде орын алған отандық өндірістің үздіксіз құлдырауы ішкі жинақтар көлемін төмендетті. Академик У. Баймұратов өз  еңбегінде былай деп жазады:  «теріс сипаттағы экономикалық фактордан басқа, нәтижесінде елде жемқорлықтың күшеюін алып келген өзге де желілік емес санаттар іске асып отырды. Жемқорлық, несиелік мүмкіндіктердің шектен тыс қол жетімсіздігі мен шектеулігі, шетел инвестицияларын тиімсіз пайдалану, заңнамадағы кемшіліктер, нормативтік базаның әлемдік стандарттарға сай еместігі осы кезеңдегі инвестициялық ахуалға кері әсер тигізді» [3].

Инвестициялық сұраныс пен жиынтық сұраныстың төмендеуі мен құнсыздануы экономиканың тұрақсыздануына алып келді.

Осы жағдайларда ескере отырып алдағы уақытта  Қазақстанның экономикалық жүйесінде инвестициялық саясатты жетілдіру арқылы ел экономикасын дамыту алға қойылды. Қаржыландыру көздерінде инвестициялардың үлесі арта бастады. 1998 жылдан бастап инвестициялардың ЖІӨ үлесі 8,4%-дан 2006 жылы 43,0% дейін тұрақты өсу үрдісіне ие болды [4]. Сонымен бірге елімізге шетелдік инвестицияларды тартудың құқықтық   заңнамалық базасы да құрыла бастады.

Нәтижесінде шетелдік инвестициялау көмегімен Қазақстанда дағдарысты тежеуге, экономиканы қаржылық тұрақтандыруға мүмкіндік құрды және тапшылықпен күрес, құрылымдық қайта құрулар, экономиканың технологиялық және басқарушылық сияқты макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге ықпалын тигізді. Яғни, осындай факторлар сыртқы капиталдық салымдарды тарту және пайдалану маңыздылығын дәлелдейді.

Республикаға шетел инвестицияларын тартудың негізгі нысаны бірлескен кәсіпорындар (БК) мен 100% шетел капиталы бар еншілес кәсіпорындар болғаны белгілі. ҚР Ұлттық статистика агенттігінің мәліметтері бойынша  шетел фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың көбі Түркия, Ресей, Қытай, Германия, АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және басқа елдермен бірлесе отырып құрылған. Олардың ішінде «Филипп Морристің» қатысуымен «Табако К.» АҚ, «Шеврон Оверсиз К.» (АҚШ), «Теңізмұнайгаз» «Теңізшевройл» БК және АВN Амrоваnк, Теxакаваnк, Альфабанк және тағы басқалар.

Одан басқа рынокке өтпелі кезеңде өндірістік сектордағы төмен инвестициялық сұраныс негізгі қорлардың тозуын күшейтті. «2001 жылдың өзінде негізгі қорлардың тозу деңгейі жалпы халық шаруашылық бойынша 38,7%, оның ішінде өнеркәсіпте — 43,2%, электр энергетикасында — 19,1%, қара  металлургияда — 47,9%, құрылыс материалдары өнеркәсібінде  — 43,5%  құрады». Осыдан жабдықтар мен технологиялар түріндегі капиталдың ескіруінің жоғары деңгейі, еңбек пен капиталдың төмен өнімділігі көзге түседі. Бұл мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптастыруда, инвестицияларды өндірістік күштерді қайта құрылымдаудың факторы ретінде қарастыруды алға қойды. Себебі қазіргі күнгі өндірістік күштер жүйесі бәсекеге қабілетті емес, қажетті өсу әлеуеті жоқ, бұл экономиканың шығындық сипатына, ғылыми-техникалық үдерістен  кеш қалуға байланысты болды. Ғалым М.Б. Кенжеғозиннің пікірі бойынша, «өндірістік күштерді жаңартудың, жетілдірудің мүмкіндіктері мен стратегиялық бағыттарын жоғалтып алсақ, бір сәттік мақсаттар мен ағымдағы шығындардан шыға алмасақ, дағдарыстан шыға алмаймыз, кейінгі үдерістерге іліге алмаймыз. Өндірісті мұндай жаңарту қажеттілігін ескеретін шаралармен күшейтілген нарықтық жолға қою республиканы шикізат пен арзан жұмыс күшін жеткізетін елдер қатарына қосуы мүмкін» [5].

Информация о работе Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясаты