Қазақ публицистикасының бастаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:33, курсовая работа

Краткое описание

Бұл жұмыста қазақ публицистикасының бастаулары болып табылатын Орхон-Енисей ескерткіштері, батырлар жыры, жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын қарастырылады.

Содержание

I. Кіріспе..............................................................................................1-3
II. Негізгі бөлім
Көне жазба ескерткіштері — публицистика бастаулары........4
1.1. Күлтегін ескерткіші.............................................................5-6
1.2. Тоныкөк ескерткіші.............................................................6-7
Батырлар жыры — ауызекі публицистика үлгісі........................7-9
2.1. Батырлар жырындағы публицистикалық сарын....................9-11 2.2. Қобыланды батыр жыры...........................................................11-14
3. Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын......14-17
3.1. Асан қайғы.......................................................................17-19
3.2. Қазтуған Сүйінішұлы...........................................................20
3.3. Доспамбет жырау............................................................20-22
3.4. Шалкиіз Тіленішұлы.......................................................22-23
III. Қорытынды.............................................................................24-26
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................27

Вложенные файлы: 1 файл

Курсовая.docx

— 65.24 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

I. Кіріспе..............................................................................................1-3

II. Негізгі бөлім

  1. Көне жазба ескерткіштері — публицистика бастаулары........4

1.1. Күлтегін ескерткіші.............................................................5-6

1.2. Тоныкөк ескерткіші.............................................................6-7                                     

  1. Батырлар жыры — ауызекі публицистика үлгісі........................7-9

2.1. Батырлар жырындағы публицистикалық сарын....................9-11 2.2. Қобыланды батыр жыры...........................................................11-14

3. Жыраулар  поэзиясындағы публицистикалық  сарын......14-17

3.1. Асан қайғы.......................................................................17-19

3.2. Қазтуған Сүйінішұлы...........................................................20

3.3. Доспамбет  жырау............................................................20-22

3.4. Шалкиіз  Тіленішұлы.......................................................22-23

III. Қорытынды.............................................................................24-26

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі – сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз. «Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз - осылай шығарған сөз...» [1,147-148 б.б.] - деп жазыпты Ахмет Байтұрсынов. Публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес.

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекеттік  тіл туралы бір толғанысында: «...Дауға  салса алмастай қиған, сезімге салса  қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай  балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана  тілінен артық қазақ үшін бұл  дүниеде қымбат не бар екен!?" [2,38 б.] - деп тебіреніпті. Сол туған  тіліміздің барлық қадір-қасиетін бойына сіңірген қазақ публицистикасы еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді. Жұрт қиналса, демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, биік белестерді бағындыруға шақырды. Сөйтіп, қазақ публицистикасы  ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды. Оның ғажаптығы - публицистика белгілі бір кезеңдегі болған белгілі бір нақтылы оқиғаны айна-қатесіз бүгін көз алдымызға әкеледі. Сол кезде не болды, қалай болды, кімдер өмір сүрді, олар қандай әрекет, мінез көрсетті? Міне осы сауалдардың бәріне публицистикалық шығармалардан жауап таба аламыз. Өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жалғап тұрған ақиқат көпірін көргіңіз келсе — ол публицистика өнері.

Қазақ халқының этникалық түп-тамыры мен азаматтық  тарихы қай дәуірден басталып баяндалса, бұл халықтың әдебиеті мен тілі сол кезден бастау алуға тиіс деген тұжырымдаманы ұстансақ, онда байырғы жазба мұраларды да ертедегі әдебиеттің қайнар көзі ретінде қарастыруға әбден болады. Қазақ топырағында туындаған ежелгі жазба мұраларға мазмұндық тұрғыдан назар аударса, публицистика сарыны аңғарылады. Жалпы публицистиканың табиғатына тереңірек үңілсек, оның  жалпы   адамзат  дамуының   алғашқы  дәуірлерінде екі   түрі болғандығы белгілі. Оның бірі – ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізілген ауызекі публицистика. Екіншісі –  жазу, сызу пайда болғаннан кейін қолданысқа енген жазба публицистика. Бұл жұмыста батырлар жыры да ауызекі публицистика үлгісі түрінде   қарастырылды.    Батырлар   жырының   негізінде   халықтың шындық өмірі жатқандығы біз үшін маңызды болды. Сонымен қатра орта ғасырлардағы жыраулар поэзиясы да өз заманының елеулі қоғамдық мәселелерін өзек етті. Жыраулар поэзиясының өз заманын-дағы дәуір үнін жеткізумен қатар, мемлекетті баскару құралы болғандығы да публицистика функцияларымен қабысып жатыр.

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: Публицистика – ақиқат өмірдің суреті және оның негізгі арқауы – шындық. Публицистикалық шығармада өмірлік деректер мен құбылыстардың бәрі дерлік талғаусыз алынбайды, белгілі бір мақсатқа қызмет ететін айғақ-деректер ғана кәдеге жарайды. Қай заман болсын өмір құбылыстары мен оқиғаларын сол дәуірдің әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан сипаттайды. Оны біз қазақ публицистикасының бастауларын талдау кезінде анық көре аламыз. Публицистиканың қыр-сырына толық қанық болу үшін, оның шеберліктерін меңгеру үшін, алдымен публицистиканың пайда болу тарихына үңіліп, ұлттық публицистиканың терең тамырларын айқындап алу қажет.

Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері:

- публицистика табиғатын айқындау;

-  көне     жазба    ескерткіштердегі     публицистикалық    белгілерді анықтау;

- қазақ публицистикасының фольклорлық дәстүрін аңдату; 
-  батырлар  жырындағы   ауызекі   публицистикаға  тән   белгілерді талдап-таразылау; 
-  жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарындарды кеңінен саралау; 

Тақырыптың  зерттелу деңгейі: Публицистиканы толығымен танып білуге құлшынысы бар адам міндетті түрде тарихқа үңіліп, оның тамырын зерттеуден бастайды. Публицистика туралы іргелі зерттеулердің басым бөлігі кеңестік кезеңде туды. Сондықтан публицистикаға кеңестік жүйе қалыптастырған таным тұрғысынан баға берілді. Қазақ публицистикасы да тамыры жоқ бұтағы бар күйінде, тар шеңбер ауқымында қарастырылуы заңды мәжбүрлік еді. Бүгін өткенііз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Соған орай бүгінгі таңда қазақ публицистикасының бастаулары жан-жақты, тереңнен зерттелуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

1. Көне жазба ескерткіштері — публицистика бастаулары

Түркологиялық әдебиеттерде негізгі үш топқа бөлінетін  көне түркі ескерткіштерінің қай-қайсысы  да өз дәуірінен, сол дәуірдегі қоғамдық мөселелерден хабардар етеді. Енисей өзенінің жоғарғы сағасы мен Тува, Якутия, Монғолия жерлерінен табылған Енисей ескерткіштері, Талас ескерткіштері, VII ғасырдың соны мен VIII ғасырдың бас кезіндегі Құтлығ Қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, т.б. тасқа кашалған тарихи мұралардың басын біріктіретін Орхон ескерткіштерінін әрқайсысы ерте ғасырларда өмір сүрген түркі тайпаларының сол кездегі қоғамдық құрылысы, мәдениеті мен тілі, әдет-ғұрпы мен тұрмысы, әскери жорықтары мен елбасылары хақынан нақтылы деректер беретіндігімен де құнды. Нақты деректерге кұрылған, өмір шындығынан хабардар ететін, дәуір тынысын, заман ағысын сездіретін болғандықтан да бұл тарихи ескерткіштерді – алғашқы публицистикалық жазбалар ретінде атауымызға толық негіз бар. 
Көне түркі ескерткіштеріндегі жер-су аттары, ру-тайпа аттары мен өмірде болған тарихи тұлғалы адамдардың аттары аталуының өзі - бұл мұраларды публицистикалық жазбаларға жақындата түседі. Бумын Қаған, Ілтеріс каған, Білге қаған, сияқты түркі мемлекеті қағандарының, үш түркі қағанының кеңесшісі Тоныкөктің, әскер қолбасшысы Күлтегіннің, Түргес тайпасының бегі Күлі-Чордың, Түркі бегі Есбараның, сондай-ак, Тінесі, Тоқра-Сүміг, Иамтар, Күлбілге, Оғузбілге, Ынанчы-Чор, т.б. өмірде болған кісі аттарының аталуы да кене түркі ескерткіштерінің бүгінгі қазак, публицистикасына бастау болғандығын айғақтайтын дәлелдер болса керек. Бұл мұраларды бізге жақындататын:

1) Енисей  бойынан табылған ескерткіштердің  көне түркі руна алфавитімен жазылғандығы.

2) Бүл - жалпы саны 85 жазба-үланғайыр даланы мекен еткен көне түркі тайпаларының тарихы.

3) Әр ескерткіште  нақты өмірде болған түрк көсемдерінщ, батырларының, қолбасшыларының аттары мәңгі ешпестей ойылып жазылған. [3,55-61]

Бір айта кетерлік жайт - Енисей аңғарынан табылған ескерткіштер болсын, Монғолиядан табылған жазбалар болсын бізге жат емес. Бір замандарда ұланғайыр территорияны мекен еткен бабаларымыздан қалған мұра ретінде ол жәдігерлердің қазақ халқына да еш жаттығы жоқ. Бұл ескерткіштер бүкіладамзаттық ғажайып асыл казынаға айналып кеткен, түрік тектес халықтардың ортак, рухани байлығы.

1.1. Күлтегін ескерткіші

Орхон ескерткіштерінің ішіндегі мазмұны мен көлемі жағынан  өзгеше саналатын жазба - Күлтегінге арналған ескерткіш. Жазбада өмірде болған тарихи оқиға баяндалады. Оны жазған Иоллығ тегін атты жазбагер. 
Күлтегін жазбасы тарихи тұрғыдан да, әдеби шығарма ретінде де зерттеліп жүр. Ал жәдігердегі публицистикалық белгілерге назар аударсақ, ең алдымен ескерткішті публицистикаға жақындататын - жазбада көне түріктердің қоғамдық-саяси өмірі туралы нақты дерек, дәйектердің келтірілуі дер едік. Жырдың бастауында-ақ аттары аталатын Бумын қаған да, Істемі қаған да өмірде болған адамдар. Олар - түрік мемлекетін алғаш құрған елбасылар.

Күлтегін  жазбасындағы назар аударатын жайт - сол уақытта жаугершілік заман болғандығын, "Төрт бүрыштағы халықты көп алған, бөрін бейбіт еткендігін", "Ілгері - Қадырқан қойнауына дейін, кері - Темір қақпаға дейін жайлағандығын" аңғарамыз. Осындағы Қадырқан койнауы, Темір қақпа сол кездегі жер аттары. Тағы бір публицистикалық сарын "Бектерінің, халқының ымырасыздығынан табғаш халқының алдауына сенгендігінен, Арбауына кенгендігінен..." түркі мемлекетінің ыдырағандығы туралы тұтас көрініс. Бұл да тарихи шындық. Көршілес Қытай мемлекетіне бек ұлдары құл болды, пәк қыздары күң болды. Ол заман да өтті. Осы тасқа қашалған рухқа толы өршіл сөздер - бүгінгі ұрпақты бабалар қателіктерімен тәрбиелеп тұр, сабақ болатындай саяси ахуалды баян етіп тұр. Жазбадағы келесі бір бетбұрысты кезең Елтеріс қағанның ел басына келуімен байланысты сипатталады. Публицистикадағы "факт" терминінің баламасы "окиға" деген түйіндер айтылып жүр. Күлтегін жазбасындағы публицистикалық белгілердің бірі - "осы оқиғалар". Жазбада бірнеше оқиға бірінен кейін бірі хронологиялық нақтылықпен жалғасын тауып отырады. Онда Бумын қаған, Естеми қаған, Елтеріс қаған, Білге қаған, Күлтегін ерліктері уақыттық жағынан кезек-кезегімен, өмірдегі билік кұру уақытымен кезеңдестіріліп баяндалады.

Жазба ескерткіштегі тағы бір назар аударарлық тұс - өмірде болған Күлтегін батырдың ерлігінің дәріптелуі. Күлтегін шайқастары оның жасы өскен сайын, шын мәнінде күшейіп, әрі қарай жалғаса береді. Бүл баяндардан байқайтынымыз - Култегін батырдың өмірде болған адам екендігі, сол кезде өмір сүрген халықтардың нақты аттары, жер-су аттары жиі кездеседі. Күлтегін шайқастары бейнеленетін тұстар — нағыз публицистикалық сарынды байкатады. Публицистикада – ой, идея басты рөл атқаратындығы белгілі. Күлтегін ескерткішінде ғасырлар бойы нұр шашып тұрған негізгі жәуһар ой, асыл идея -түркі халқын ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыру, ата-баба дөстүрін берік ұстау болып табылады. Күлтегін жазбасы - ҮІ-ҮІІ ғасырлардағы түркі қағанатының қоғамдык-саяси өмірін, жаугершілік замандағы ел басқарған хандар мен қол бастаған батырлар хақындағы, шындық деректерге сүйенген, елдің тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын дәл бейнелеп берген өлмес ескерткіш. Шындық өмірді, ақиқат болмысты көрсеткен жазба - көркем шығарма, тарихи жәдігер болумен қатар, қазақ публицистикасының да қайнар бастауының бірі деп батыл тұжырым жасауға болады.

1.2. Тоныкөк ескерткіші

Орхон жазба  ескерткішінің ішіндегі бізге жеткен үлкен қазынаның бірі – "Тоныкөк жыры". Күлтегін жырының авторы Иоллығ тегін болса, Тоныкөк жырының авторы – Білге Тоныкөктің өзі деген жорамал бар. 
Жырдың басты қаһарманы Тоныкөк - хандардың ақылшысы, дана адам ғана емес, бүкіл түркі елінің тағдырын ойлайтын абыз қарт, жасында қолына кару алып жауға шапқан батыр да, калың түркі еліне жол көрсеткен жолбасшы, қол бастаған қолбасшы. Тоныкөк жазбасының өзіндік ерекшелігі ретінде мына жайтты айтпай кету мүмкін емес. Оқиғалар тізбесі, жойқын шабуылдар мен түркі мемлекеттігін сақтап қалу жолындағы жанталас ұрыстар басты кейіпкер Тоныкөктің атынан баяндалғанмен, мұнда - түркі халқы бастан кешірген канкешті күндер мен жанкешті жылдар көрініс табады. Әскері аз, бытыраңқы түркі елі тізе қосып жауға бірігіп аттануы керек болды. Әйтпесе, төрт бұрышты жайлаған басқа халықтар түркі халқын мүлдем жойып жіберу қаупін туғызды. Яғни сол көне дәуірлердегі ең басты мақсат - түркі мемлекеттігін қалай да сақтап қалу еді. Тоныкөк жазбасының да - негізгі көтерген қоғамдық-әлеуметтік мәселесі де, түпқазық, алтын арқау жемісі де осы. [7,145-152]

2. Батырлар жыры — ауызекі публицистика үлгісі

 Публицистика түрлі пішінде ерте заманнан пайда болды. Бір ескеретін жайт — публицистика өмірдің өзінен, қоғамдық пікірге, қоғамдық санаға, оны басқаруға ықпал етуге қажеттіліктен туды. Бұл тұрғыдан қарағанда, публицистика ғылыммен, өнермен бірге дамып келеді деуге де болады.

Қазіргі публицистиканың қайнар көзі жазба әдебиетінен де бұрын пайда болған. Белгілі бір тайпаның көсемі өз сарбаздарының алдында сөйлеп тұрып, оларды ерлік көрсетуге шақырды, батырлық пен батылдықтың нұрын септі, яғни жауынгерлерінің жеңіске деген пікірін қалыптастырды. Елді, жерді қорғауға публицистикалық тұрғыдан әсер етті. Бұл әрине әлдеқайда кешірек пайда болған, кәсіби публицистика емес. Бірақ бүгінгі публицистиканың бастау алған тұстары - сол кездер деп айта аламыз. Ауыз әдебиетінің бір үлкен саласы — батырлық жырлар. Эпос немесе батырлар жыры ерлікті, батырлықты аңыздап жырлайды. Оны әдетте жыраулар қобызға, домбыраға қосып, белгілі бір мақаммен немесе күй сарынымен орындайды. Эпикалық жырларда бірнеше ерлік ісімен көзге түскен және жауын жеңіп шыққан батырлар жайы әңгімеленеді. Бұл жеңістер арқылы батыр өз руын және көршілес рулар мен тайпаларды басқыншылардың зорлығынан босатып, халықты ауыр халден құтқарады. Эпоста халықтағы ең жақсы қасиеттер жырға қосылады. Эпоста халықтың өмірдегі арманы, күткен мақсаты өте көтеріңкі рухта жырланады, ондағы суреттелінетін батыр өз руының мүддесін жүзеге асыру жолында қандай бөгеттер болса да жеңіп шығады. Өз жерін қорғау, халыққа зорлық көрсетушілерді жазалау, бейбітшілік орнату — эпикалық жырлардағы батырдың ең басты міндеті болып табылады. Халық өміріндегі батырлықты көрсету — эпикалық жанрдың ерекшелігі. Онда халық тарихы еске алынып жырланады. Алайда, эпостың тарихқа байланысы өзінше болып келеді. Эпос тарихи фактіні дәлме-дәл етіп айтып беретін мұрағат құжаттары емес. Эпикалық жырларда жыршылар көркем тілмен халықтың өткен өмірін баяндайды. Тарих "эпостағы әр дәуірден құралған кезең" деп аталатын шеңберде ғана суреттеледі. Басқаша айтқанда, жырларда әр ғасырлардағы тарихи оқиғалар (фактілер) араласып келеді. Мәселен, Қалмақ-монғол шапқыншылығы қазақ эпосында ерекше із қалдырған. Сол күреске дейін айтылып келген аңыз-өлеңдерге қалмақ жаугершілігі тың тақырып болып қосылады да, ол күрестегі қазақ батырларының ерлігі жырланады.

Ертедегі қазақ рулары мен тайпаларына  қарайтын елдерге жәбір көрсетушілерге қарсы тұрғанда, өзара таласы, елді "найзаның ұшымен, қылыштың күшімен" билемек болған хандарға қарсылық көрсеткендер және қалмақ басқыншыларымен күресіп, тамаша ерлік жасағандардың батырлық істерінен есте қалғандары жиналып, біртұтас образ жасалынады. Сөйтіп, эпоста "әр дәуірден құралған кезеңнен" алынған батырлар бейнесі туады.

Информация о работе Қазақ публицистикасының бастаулары