XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 01:45, реферат

Краткое описание

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызметінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағазары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.

Содержание

Кіріспе
1. XIX ғасырдың екінші жартысында іс қағаздар тілі
2. Граматикалық ерекшеліктері
3. Қазақ өлкесіндегі әкімшілік орындарындағы бұйрық жарлықтардың қалыптасуы
4. XIX ғасырдың екінші жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

реферат 1.doc

— 126.50 Кб (Скачать файл)

МИНИСТЕРСТВО  ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 

ИМ. К.И. САТПАЕВА

 

Институт  ИИ и ТТ

Кафедра Автоматизация и Управление

 

 

Реферат

Тема: XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы

 

Качество выполнения работы

Диапазон оценки

Проценты

1

Не выполнено

Отсутствие  на занятиях без уважительных причин

0%

 

2

Выполнение  и активность обучающегося

0-50%

 

3

Оформление  работы

0-20%

 

4

Умение пользоваться справочниками, технической литературой, учебно-методическим комплексом дисциплины, конспектами лекции

0-5%

 

5

Умение пользоваться техническими средствами

0-5%

 

6

Защита работы

0-20%

 
 

Итого:

0-100%

 

 

 

                                                  Преподаватель: Күмисбекова Г.Д.

                                                       Студент: Куанышева А.К.

                                                                             Специальность: 5В070200

                                                                             Группа: АуБ-10-1р

 

 

 

Алматы 2011

 

Жоспар

Кіріспе

1. XIX ғасырдың екінші жартысында іс қағаздар тілі

2. Граматикалық ерекшеліктері

3. Қазақ өлкесіндегі әкімшілік орындарындағы бұйрық жарлықтардың қалыптасуы

4. XIX ғасырдың екінші жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

Қазақ тілінің  мемлекеттік тіл ретінде қызметінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағазары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарды. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттық табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.

Іс қағаздары  – басқару қызметіндегі негізгі  бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында  шығарған түрлі шешімдері, басқару  істері, атқарған істері іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу – басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу – мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.

Құжаттау дегеніміз  кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс  та, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен  жұмыс та, сырттан келген құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.

Адам өмірі  тікелей құжаттармен байланыты. Адам дүниеге келгенде оған алғашқы құжат – тууы туралы куәлік жазылады. 16 жасқа келгенде жеке басын растайтын құжат – жеке куәлік алады. Мектепті бітіргендігі – орта білім туралы аттестатпен расталады. Жоғарға оқу орнына түсу үшін түрлі үлгідегі іс қағаздарын жазады. Жоғарғы оқу орнын бітірген шақта диплом беріледі. Жұмысқа орналасу барысында да арыз, резюме, жеке іс парағы т.б. іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы еңбеккітапшасына жазылады. Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат, қолхат жазуға, еңбек келісімін жасауға, өмірбаян мен мінездеме жазуға, жеделхат, телефонхат, факс жіберуге тура келеді.

Ресми іс қағаздарының қолданылуы, түрлері, мазмұны, мақсаты  қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдаймен  тікелей байланысты болғандықтан қай  кезеңнің болмасын іс қағаздарын қарастырғанда сол кезеңдегі қазақ даласының ішкі, сыртқы саяси экономикалық, әлеуметтік  жай- күйіне де шолу жасап отырдық.

XIX ғасырдың  екінші жартысында қазақ даласында  болған арнайы бөлім беріледі. Есте ұстайтын бір жайт, іс  қағаздарын қарапайым жұрттың  бәріне түсінікті ауызекі тілде жазылмайды. Ол әдеби тілдің күрделірек, ресми, саяси, экономикалық сипаттағы нұсқасы десе де болады. Оның өзіне тән қалыптасқан терминдері, сөз орамдары, мәнер-нақышы, белгілі бір стандарты бар. Іс қағаздары өркениетті елдің бәрінде осындай.

Іс қағаздарындағы көптеген терминдер орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген. Олардың көпшілігінің қазақшаланған  нұсқасы бар. Кейбірінің орыс тіліндегі  нұсқасы да қазақшаланған нүсқасыда  қатар қолданылып жүр. Курстық жұмыста осындай нұсқалардың әлі қалыптасып, үлгермегендерін екі тілде қатар беріп отырдық. Мысалы резолюция-бұрыштама, резюме-түйіндеме т.б. Протокол терминінің аудармасы ретінде осы уақытқа дейін мәжіліс хат, хаттама сөздері қатар қолданып келді. Соңғы уақытта «хаттама» сөзі термин ретінде қалыптасып, курсттық жұмыста хаттама үлгісін алдық. Хаттаманың қолға берілетін белгілі бөлігін (выписка из протокола) осыған дейін хаттамадан көшірме де деп атап келдік. Енді осындағы көшірме сөзі копия сөзінің аудармасы және оның мағынасын дәл беретіндіктен және копия мен выписканы бір-бірінен шатастырмас үшін хаттамадан көшірме емес, хаттамадан үзінді деп алдық. Біріншіден, екі терминді бір өзбен атағанша, әрқайсының өз атауы болғаны дұрыс, екіншіден, копия мен выписка бір нәрсе емес, үшіншіден, үзінді сөзі хаттамадан үзінді (выписка из протокола) деп аталатын құжаттың мағынасын көшірмеге қарағанда дәл ашады. Шынында да хаттамадан көшірме деп атап жүрген құжатымыз хаттаманың бүкіл құжатының бүкіл мазмұнының көшірмесі емес, тек белгілі бір қажетті ғана үзіндісі.

Іс қағаздарын қазақша жүргізуді қалыптыстыру үлкен де жауапты іс. Бұл қалыптасып, бір ізге түскенше іс қағаздарының түрлі нұсқалары, түрлі сөз қолданыстары белең алуы мүмкін. Оны жүйеге түсіру үшін де біраз уақыт керек болады. Біздің мақсатымыз іс қағаздарын жазудағы, оның стандарт нұсқаларын қалыптастырудағы өркениетті елдер тәжірибесіне сүйене отырып, ана тілінің заңдылықтырын сақтап, өз мүмкіншілігін сарқа пайдалана отырып ұлттық іс қағаздарын қалыптастыру.

 

  1. XIX ғасырдың екінші жартысында іс қағаздар тілі

Қазақ даласының  саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени өмірінде XIX ғасырдың II жартысының орны ерекше. XIX ғасырдың II жартысынан бастап қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды. Ол қазақ әдеби тілінің  жаңа сатыға көтеріліп, ұлттық сипат алу дәстүрі еді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдеби тіл, біріншіден, бұдан бұрын да дамып келе жатқан әдеби тілдің заңды жалғасы болса, екіншіден, бұл кезде оның әрі қарай дамуында үлкен өзгеріс, күрт бетбұрыс, жаңа құбылыс болғандығын байқаймыз. Бұл әрине әдеби тілдің бір тармағы ресми іс қағаздар тілінен де анық байқалады. Бұл өзгерістің өзіндік ерекшеліктері мынадай жағдайлардан көрінеді: XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияға қосылу процесі толық аяқталды. Россияда толық капиталистік  қатынастар дами түсүімен байланысты қазақ жері шикізат көзі ғана емес, өндіріс орындарына да айналды. 

XIX ғасырдың  екінші жартысында қазақ жері  орыс патшалығының үш үлкен  әкімшілік территориясы болғаны  тарихтан белгілі. Осыған орай жергілікті халықпен қарым-қатынасты нығайту үшін және отаршылдық саясатты пәрменді түрде жүргізе беру үшін патша үкіметі әрбір әкімшілік бөлікте екі тілді (орысша-қазақша) газеттер шығара бастады. Олар:

  1. «Түркістан уалаятының газеті» Ташкент, 1870-1882 жылдар.
  2. «Дала уалаятының газеті» Омбы, 1888-1902 жылдар.
  3. «Торғай газеті» Троицк, 1895ж.

Бұл газеттер қазақ  даласының көптеген аймақтарына  таралды, патша өкіметінің жергілікті әкімшеліктерінің органы болды. Аталған  газеттер қазақ әдеби тілін дамытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, ресми іс қағаздар стилін одан әрі жетілдіруде үлкен роль атқарды.

Бұл кезеңде  қазақ жерінде білім көздері  пайда бола бастайды. Орынбор, Омбы, Троицк, Орал, Қазалы, Перовск, Торғай қалаларында  қазақ балалары үшін орыс-қазақ мектептері ашылады.  XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 100 шамалы екі кластық уездік және бір кластық болыстық мектептер ашылып, оларда 4000-ға жуық бала оқыды. Таза қазақ тілінде кітап шығару ісімен баспасөз органдары да осы кезеңде пайда болды. Қазақтың жаңа жазба әдебиеті қалыптасты.

Осы кезеңдегі  тіл практикасын танытатын нұсқалардың  біріне патша өкіметінің әкімшілік  органдары мен жергілікті әкімдердің қазақ тілінде жазған ресми іс қағаздары да жатады. Олардың бірқатарын төменде келтіріп отырмыз.

  1. Ш. Уалиханов «Сот реформасы жайында хат»
  2. 1852 ж. Орынбор шекара коммисиясының жергілікті қазақ әкімдеріне жолдаған қатынас қағазы.
  3. Ы. Алтынсаринның Н.И. Ильминскийге жазған хаттары.
  4. 1856 ж Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүзбасы Қазанғапов бидің өзіне алтын кенішінен кен өндірумен айналысуға рұқсат ету туралы Батыс Сібір генерал губернаторы Гасфорт мырзаға өтініші.
  5. 1867 ж. Коммисияның қазақ даласында басқару ережелерінің жобасы жөніндегі түсіндірме жазбасы.
  6. 1867 жылғы 11 шілде Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ереженің нұсқасы.
  7. 1868 жылғы 21 қазан Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарындағы басқару ісі туралы уақытша Ереже. 
  8. 1891жылғы 25 наурыз Ақмола, Семей, Жетісу, және Сырдария облыстарын басқару туралы Ереженің жобасы.
  9. 1860 жылдан бері Семей облысының былғары және сабын қайнату зауыттары туралы ведомость.
  10. 1862 жылғы 23 ақпан Ішкі Орданың басқару жөніндегі Уақытша кеңестің жөнелтілетін жерін көрсете отырып жасаған малдың саны мен құны және мал шаруашылығы шикізаты туралы ведомосы.
  11. 1883 ж. Ы. Алтынсариннің Баядил Кейкинге жазған хаты.

    XIX ғасырдың екінші жартысында қазақша ресми іс қағаздарының өз алдына стилі болды. Ол едәуір өзгерісі бар ретінде танылады. Бұл дәуірде патшалық Россияның әкімшілік орындарының қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспа жүзінде жарияланып отырды. Тағы бір ерекшелігі, бұл дәуірдегі ресми қағаздар өткен дәуірдегідей хан, аға сұлтан сияқты жеке адамдарға емес, көпшілікке жариялайтын мазмұнда болды.

Ресми іс қағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Ең алдымен патша үкіметі тарапынан жазылған бұйрық-жарлықтар (указы, распоряжения, приказы), ережелер (положения) терминологиясы, стилдік құрылымы және қалыптасқан сөз орамдарымен өзге ресми құжаттардан біраз ерекшеленеді. Екінші топты заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама т.б. құрайды. Үшінші топқа жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері жатады

  1. Граматикалық ерекшеліктері

Орфографиялық ерекшеліктері. Араб графикасымен жарияланған текстерде қосымшалардың қазақ тіліне тән фонетикалық варианттары кейде еленбейді, нәтижесінде көптік жалғау тек –лар түрінде, табыс септік –ны, ілік септік –ның, жатыс –қа, шығыс –нан түрінде беріледі. Мысалы, хазратдар, қазақдар, қазақлар, адамлар, арызлар, халықдық т.б. Бұл кезеңде сонымен қатар сөз басында ж дыбысы келетін жерлерде й әрпін жазу, мысалы, йыл, йаш, йазұлады, йахшы, йаман, ш әрпінің орнына ч-ны қолдану, мысалы, барча, чақлы, үчун кездеседі. Бұл қолданыстарда бірізділік  жоқ, аталған сөздердің дыбыс ауысып қолданған варианты да, ауыспаған варианты да қатар қолданылады.

Ал орыс графикасымен берілген құжаттарда мұндай орфографиялық  ерекшелік жоқ. Мұнда қазақ сөздерінің ауызша айтылудағы фонетикалық заңдылықтары мейлінше сақталған. Сондықтан мәтіндердің жазылуында дыбыс үндестігі де, ерін үндестігіде орын алады. Орыс тілінен енген сөздерді жазуда қазақша сөйлеу тілінде қалыптасқан түрде жазу да, орысша орфограммасымен сақтап жазу да қатар жүреді. Мысалы, Штрап, болус, уез, кандилат, песир, нагрет т.б. Ал төмендегі сөздерде орыс орфограммасы сақталған: военный, губернатор, начальник, закон, волостной съезд, чиновник т .б.

Морфологиялық  ерекшеліктері. Құжаттар тілінде өткен  шақ есімшенің қыпшақтық –ған тұлғасының орнына оғыздық –мыш вариантын қолдану орын алған. Мысалы, отырмыш, айтылмыш, шығармыш. Етістіктің III жақтағы –ды қосымшасының орнына –дүр тұлғасын қолдану орын алған. Мысалы, етіләдүр, көрінәдүр. Етістіктің III жақ көпше түріне –лар жалғауының жалғануы кездеседі. Мысалы, бардылар, қойсалар. Тұйық етістіктің –у жұрнағының –ғу варианты да беріледі. Мысалы, жазғучы, тұрғучы т.б. Сонымен қатар есімшенің –тын,-тұғын жұрнақтарының орнына тұрған сөзін келтіру орын алған. Мысалы, жаза тұрған. Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздар стилінде бұл келтірілген тұлғалар жүйелі түрде қолданылмайды.    

Информация о работе XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы