Ұйымның қаржы-экономикалық қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 15:05, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың негізгі міндеті - аудитор растаған қаржылық есеп-қисаптар жалпыға қол жетерлік болуға тиіс (орта мерзімді перспективада): Қаржылық есеп-қисаптардың бүкіл жинағына, соның ішінде оларға ескерімдерге жаппай қол жетерлікке талаптың бірнеше себепке байланысты үлкен маңызы бар.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбекақы құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Вложенные файлы: 1 файл

3. Негізгі құралдардың аудиті.doc

— 325.00 Кб (Скачать файл)

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым жетекшісінің өкімімен тағайындалған аудитор әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектілерге қатысты құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, ұйым жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, аудитор қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін ұйым дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен ұйымның есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ға дейінгі сомасы алынады.

Негізгі құралдардың  кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екінші данасы тапсырушы цехта қалады.

Негізгі құралдарды ақысыз беру кезінде акт екі дана етіп жасалынады.     Негізгі құралдарды басқа ұйымдарға сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші ұйымда қалады, үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі. 

Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты  адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалынады.

 

2-кесте 

Негізгі құралдар келіп түсүінің шоттар корреспонденциясы

 

Шаруашылық  операцияларының мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

Негізгі құралдарды кәсіпорын ішінде ауыстыру

2411-2415

2411-2415

2

Негізгі құралдар басқа  заңды немесе жеке тұлғадан алынды:

  • келісім шарттық құнына
  • ҚҚС сомасына

 

 

 

2411-2414

 

1420

 

 

 

4110

 

4110

3

Құрылтайшылардың кәсіп-орын жарғылық қорына салған салымдарына салған негізгі құралдары кіріске алынды

 

2411-2415

 

 

5020

4

Негізгі құралдар серіктестік, туелді және бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар-дан  алынды:

  • баланстық құнына
  • ҚҚС сомасына (16%)
  • беруші жақтың есептеген тозу сомасы

 

 

 

 

2411-2414

1420

2411-2414

 

 

 

 

3320,3330,3340

3320,3330,3340

2421-2423

5

Тегін алынған негізгі  құралдар кірістелді:

  • баланстық құнына
  • берілген күніне дейін есептелген тозу сомасы

 

 

2411-2414

2411-2414

 

 

6130

2421-2423

6

Түгендеу барысында  есепке алынбаған негізгі құралдар анықталды:

  • негізгі құралдардың эксперттік жалмен анық-талған қалдық құнына
  • негізгі құралдардың эксперттік жолмен анық-талған,бірақ есепке алынбаған тозу сомасына

 

 

 

 

2411-2414

 

 

 

2411-2414

 

 

 

 

6130

 

 

 

2421-2423

7

Кәсіпорынның өзі дайындаған негізгі құралдары:

  • негізгі өндіріс цехында
  • көмекші өндіріс цехында

 

 

 

2411-2414

 

2411-2414

 

 

 

8011

 

8031


 

Бұл мүліктерді бір карточкада есепке алуға рұқсат етіледі.

Бұл мүліктік карточка бухгалтерияға  келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа  құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметері қайталанбайды. Негзгі құралдарды басқа ұйымға тапсыру  кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерінің ұйым ішінде орын ауыстыру кезінде “Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі” ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға “Негізгі құрал объектілерін есептен шығару актісі” негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін “Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері” негізінде жазылады. “Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы” бөлімінде негізгі объектінің тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай-ақ объектінің техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін неғұрлым маңызды екі-үш сапалық көрсеткіштерімен шектеліп, оған қатысты маңыдзы құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады. Негізгі құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге жеке бермей-ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілердің тобына тұтастай береді [11].

Егер де объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері  айтарлықтай өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін, ал ескі мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады.

Бухгалтерияда толтырылған  мүліктік карточкалардың негізінде негізгі құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге тіркейді, ол негізгі құралдардың жіктемесі бойынша бір данада жасалады.

Тіркеу кезінде карточкалардың нөмірлейді, содан кейін негізгі  құралдарды жіктік топтары бойынша  сақтайды, ал бұл топтар ішінде – қолдану орындары мен материалдық жауапты адамдар және негізгі құралдар түрлері бойынша көрсетіледі. Картотека, әдетте мынадай бөлімдерден тұрады: ”Қолданыстағы негізгі құралдар”, сондай-ақ “Ағымдағы  айда келіп түскені”, “Ағымдағы айда шығып кеткені”, “Ішкі орын ауыстырудағы”, “Жөндеудегі”, “Қордағы”, “Тоқтап тұрғаны”, “Жалға берілген негізгі құралдар”, “Ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар”, “Жалға алынған негізгі құралдар”, “Архив”.

Ай ішінде “Түскендері”, “Есептен шыққандары” және “Ішкі  орын ауыстырғандары” бөлімшелерінің карточкалары 2420-“Негізгі құралдар”  бөлімшесінің шоттарында есептелген айналымдармен  салыстырылғаннан кейін, картотеканың тиісті бөлімдерінде орналастырылады. Негізгі құралдар жөндеуден немесе жалға алушылардан оралғаннан кейін, тоқтап тұруы біткеннен кейін, қордан қолданысқа өткізілгеннен, т.с.с. кейін бұл объектілердің карточкалары картотеканың тиісті бөлімдерінде салынады. Шығып кеткен негізгі құралдар бойынша картотекаларды “Архив” бөлімшесіне орналастырады. Картотеканың дұрыс жүргізілуі негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысының дұрыс есептелуіне және тиісті бақылау жасалуына септігін тигізеді.

Ұйымның материалдық  жауапты адамын бекітілген негізгі  құралдардың барлығы бөлімдер бойынша негізгі құралдардың мүліктік тізімдемелеріне енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда сақталады және жедел мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі құралдардың құны туралы тізімдердегі және мүліктік карточкадағы мәліметтер сәйкес келуі керек. Пайдалану орны бойынша негзгі құралдардың есебі мүліктік карточкалардың бухгалтериядан жазылып алынған екінші данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның карточкаларындағы мәліметтер негізгі құралдар қолданылатын жердегі мәліметтермен бірдей болулары керек.

Ұйым қолданып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік  құралдары мен құрал-саймандарды  басқа ұйымдарға беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға  беруге, сондай-ақ баланстан шығрып тастауына болады.

Негізгі құрал-жабдықтарды  есептен шығару: табиғи және моралдық тозуына байланысты жою қажет  болған жағдайда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа  да объектілерді техникалық қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табағи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.

  Объектіні қайта жабдықтау және жаңалау кезінде олар толық немесе ішіннара жойылады. Ұйымның балансынан жою тәртібіне сәйкес, пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және аппаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалпына келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа ұйымға беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.

  Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ қажетті құралдарды дайындау үшін басшының бұйрығымен аудитор құрамы тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе ұйым жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі бар тұрақты жұмыс істейтін аудиторлар құрылады. Негізгі құрал-жабдықтардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады.

Тұрақты жұмыс істейтін аудиторлар есептен шығарылатын қажетті объектілермен тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығын, есептен шығару себептерін, қажетті жағдайда объектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлі тұлғаларын, кейбір тораптардың, тетіктер мен материалдың пайдаланылу мүмкіндіктерін және олардың бағасын анықтайды, негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Аудитор актілерді дайындағанда төл құжаттарын, этаптық жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және тағы басқа қолда бар құжаттарды пайдаланады.

Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшекері  тозғанда, қайта қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда, тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар – тек негізгі тетіктері, тораптары мен агрегаттарының көпшілігі істен шыққанда, көп жылдық ағаштар – биологилық өсіп-өнуі біткенде, өндірістік мәнін толығымен жойғанда, сондай-ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне көз жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде ұйымдар үйлерді, ғимараттарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа мүлікті қалыптық пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды, апаттар мен зіл-заланың нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарады [9].

Есептен шығаруға жұмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды бұзғаннан, құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық құндылықтардың бағасы актінің “Объектіні есептен шығару нәтижелерінің есебі” деген бөлімінде қарастырылады.

Басы артық, пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті, жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады [13].

Негізгі құрал-жабдықтарды  бір кәсіпорыннан екінші бір кәсіпорынға  беру кезінде екі дана етіп акт  дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі  құрал-жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.

 

3-кесте 

Негізгі құралдардың  есептен шығарылуы жөніндегі  шоттар корреспонденциясы

 

 №

Шаруашылық  операциялардың мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

2

3

4

 

А. Негізгі  құралдардың барлық түрін жою

1

Негізгі құралдарды есептен  шығару актісі негізінде өндіріс  құрал-жабдықтары есептен шығарылды:

  • объектіні пайдалану кезіндегі есептелген тозу сомасына
  • объектінің баланстық құнына

 

 

 

 

 

2422

 

7410

 

 

 

 

 

2412

 

2412

2

Объектіні бөлшектеу үшін еңбек- ақымен қоса аударымдар бірге есептелінді:

  • есептелген еңбекақы сомасы
  • аударылған әлеуметтік салық пен зейнетақы қорына

 

 

 

 

7410

 

7410

 

 

 

 

3350

 

3140

3

Жойылған объектіні  тасымалдағаны үшін автокөлік шаруашылығының шоты акцептелінді

 

 

7410

 

 

3310

4

Негзігі құрал-жабдықтар  объектісін жоюдан түскен материалдар  кіріске аланды

 

1314

 

6210

5

Жыл аяғында кіріс  пен шығыс “Жиынтық табыс” шотына жатқы-зылды:

  • негізгі құрал-жабдықтарды жою шығындары
  • негізгі құрал-жабдықтарды жоюдан түскен табыс

 

 

 

 

 

 

6210

 

 

 

7410

 

 

 

Ә. Негізгі  құрал-жабдықтарды сату

1

Құрал-жабдықтарды сату кезінде жинақталған сомасына

 

2422

 

2412

2

Сатылған құрал-жабдықтардың баланстық құнына

 

7410

 

2412

3

Сатылған құрал-жабдықтар үшін, сатып алушыларға ұсынылған төлем  шоты:

  • келісм шарттық құнына
  • ҚҚС сомасына (16%)

 

 

 

2110

 

2110

 

 

 

6210

 

3130

 

Б. Негізгі  құралдардың шаруашылық ішінде орын аустыруы

1

Негізгі құрал-жабдықтар  бір цехтан екіншісіне берілді

2411-2415

2411-2415

 

В. Негізгі  құралдар басқа кәсіпорынға тегін  берілді

1

Негізгі құралдар басқа кәсіпорын-ға тегін берілді:

  • есептелінген тозу сомасы
  • берілген объектінің баланс-тық құнына
  • берілген объектінің құнынан алынатын ҚҚС

 

 

2422

 

7410

 

7440

 

 

2412

 

2412

 

3130

 

Г. Негізгі  құралдардың жетіспеушілігі

1

Негізгі құралдардың  жетіспеу-шілігі анықталды:

  • есептелінген тозу сомасына
  • баланстық құнының өтелуі талап етілді ҚҚС-ның сомасына
  • бұрын зачетқа жатқызылған сомасы қызыл жазумен жазылды
  • қызылмен жазылған ҚҚС со-масы шығынға жатқызылды

 

 

2422

 

2181, 2182, 2184

 

3130

 

 

 

7440

 

 

2412

 

2412

 

 

1420

 

 

 

1420

2

Егер де кінәлі адам табылмаса  немесе сот шешімі бойынша іздестірілуі тоқтатылса

 

7440

 

 

2181,2182, 2184

3

Кінәлі адам табылса,ондаол бухгалтерлік есепте келесі-дей жазба  бойынша көрініс табады:

     - объектінің  баланстық құнына 

-    ҚҚС-ның сомасына (16%)

  • кем болған мүлік сомасы өтелді

 

 

 

 

1040, 1010, 3350

 

 

 

 

2181,2182,2184

3110

 

 

Д. Негізгі  құралдар басқа да шаруашылық серіктестіктердің  жарғылық қорына қосқан үлесі

1

Кәсіпорынның басқа  да шаруа-шылық серіктестіктерінің жарғы-лық қорына негізгі құралдар түрінде қосқан үлесі:

  • берілген негізгі құралдардың баланстық құнына
  • қосқан үлесіне дейін есептелген тозу сомасына
  • қабылданған негізгі құрал-дардың келісім-шарттық құнына

 

 

 

 

 

7410

 

 

2422

 

 

2310

 

 

 

 

 

2412

 

 

2412

 

 

6210


 

Негізгі құралдарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға келіп түседі және ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу үшін негіз болады, ал ол 12”Негізгі құралдар”бөлімшесіндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі. (ХҚЕС бойынша 2400 ”Негізгі құралдар”бөліміндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі).

Негізгі құралдардың  аудиті бағдарламасының құрамдас элементері болып келесі тексерістер табылады:

  1. негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітабының мәліметтерімен сәйкестігі;
  2. негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;
  3. мүлік  негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша ттоптастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;
  4. негізгі құралдардың түсуі мен  істен шығуы жөнідегі операциялардың есебінде бағаланудың, рәсімдеудің және көрсетудің дәлелдігі;
  5. негізгі құралдардың тозуы мен жөндеу есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі
  6. бухгалтерлік есеп пен есептіліктің регистрлеріне негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысытуралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі;
  7. негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі және т.б. [11].

 

2.2. Материалдық емес активтер есебінің аудиті

 

Материалдық емес активтер деп - белгілі бір нақтылы  табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат  түрінегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға  бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруге, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп  тұратын активтерді айтады.

Кәсіпорындарда  материалдық емес активтердің қатаына жататындар:

Лицензиялық келісімдер - белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бірзаңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол маериалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орандайды.

Материалдық емес актитердің «Программамен жабдықтау» деп аталатын түрі кәсіпорынның алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттармен мәлеметтерді айтады.

«Патент»  деп аталатын меатериалдық емес актив жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаналығын мемлекеттік тұғыдан мойындапжәне ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз айдасына(жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады.

Информация о работе Ұйымның қаржы-экономикалық қызметі