Акциз салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 13:42, дипломная работа

Краткое описание

Салық теориясында ғалымдар мен зерттеушілердің жанама салықтар туралы пікірі әр түрлі. Жанама салықтар соның ішінде акциздердің жетіспеушілігі ретінде, олардың тұтынушылардың салық ауыртпалығын күшейтетіні, олардың төлем қабілетін азайтатындығы, бұл салықты салудың белгілі бір шығындарды қажет ететіні көрсетілді. Ал акциздердің тікелей салықтардан артықшылығы олардың фискалдық ролі деген тұжырымдама туындаған.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................4

1
Акциз салығын салудың экономикалық қажеттілігі және теориялық-әдістемелік аспектілері......................................................................................7
1.1
Салық жүйесіндегі акциз салығының экономикалық табиғаты және пайда болу тарихы............................................................................................................7
1.2
Жанама салық ретіндегі акциз салығының атқаратын қызметтері...............11
1.3
Қазақстандағы акциз салығын төлеушілер және акцизделетін тауарлар түрлері...................................................................................................................15

2
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу механизмдерін зерттеп-талдау............................23
2.1
Қазақстан аумағында өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарларға салық салу негіздерін талдау...................................23
2.2
Акциз салығын есептелуі мен төлеу процедурасын зерттеп-талдау..............29
2.3
Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн тауарлардан түсетін бюджет түсімдерінің тиімділігін бағалау.............................................41

3
Қазақстанда өндiрiлген немесе оған импортталған акцизделетiн тауарларды бақылау және акциз салығын салу қатынастарын жетілдіру жолдары.............................................................................................51

Қорытынды..............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................63
Қосымшалар............................................................................................................66

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМ Акциз.doc

— 778.00 Кб (Скачать файл)

Кесте 1.

Акциз салығының ставкалары

Рет №

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетін

тауарлардың

түрлері

Акциз

ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1.

2207-ден

80 көлемдiк пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттiк медицина мекемелеріне берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/

литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100% спирт

750 теңге/

литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

60 теңге/

литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт

75 теңге/

литр

5-1.

3003, 3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100 % спирт 500 теңге/литр

6.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)

100% спирт

500 теңге/

литр

7.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа)

100% спирт

325 теңге/

литр

       
 

1-кестенің жалғасы

8

2208

Отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди

100% спирт

170 теңге/

литр

9

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/

литр

10

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан басқа)

170 теңге/

литр

11

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын шарап материалы

20 теңге/

литр

12

2203 00

Сыра

26 теңге/

литр

13

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра

0 теңге/

литр

14

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

1960 теңге/ 1000 дана

15

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

1200 теңге/ 1000 дана

16

2402-ден

Сигариллдер

2400 теңге/ 1000 дана

17

2402-ден

Сигаралар

190 теңге/ дана

18

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хорхорлы және өзге де темекі

2450 теңге/ килограмм

19

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/ тонна

20

8702-тен

микроавтобустарды, автобустар мен 100 троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын моторлы көлiк құралдары

100 теңге/текше см.

8703-тен

двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және                    өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

8704-тен

двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

Ескерту – ҚР СК негізінде автормен құрастырылған.


 

Кесте 2.

ҚР аумағында өндірілетін, бензинді (авиациялықтан басқа) және дизель отынын, көтерме және бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды  және жеке тұлғалар сататын бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынына арналған акциз ставкалары

Рет №

Тауарлардың атауы

1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен)

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)

(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 11410 0-

2710 11590 0)

Дизель отыны

(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 3100-2710 19 490 0)

1.

Өндірушілердің өз өндірісіндегі бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

4500

540

2.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

0

0

3.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

5000

600

4.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

500

60

5.

Импорт

4500

540

Ескерту – ҚР СК негізінде  автормен құрастырылған.


 

Бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) бөлшек саудада өткiзген кезде көлемнiң өлшем бiрлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады [21]:

 

     

М =

V х 0,730

 

(1)

 

1000


 

 

Мұндағы:

М – өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) тоннадағы көлемi;

V – өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) литрдегi көлемi;

0,730 – бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) барлық түрлерi үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.

 

Дизель отынын бөлшек саудада өткiзген кезде көлемiнiң өлшем бiрлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады [21]:

 

     

М =

V х 0,769

 

(2)

 

1000


 

 

Мұндағы:

М – өткiзiлген дизель отынының тоннадағы көлемi;

V – өткiзiлген дизель отынының литрдегi көлемi;

0,769 – дизель отыны үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.

 

Сондай-ақ, тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен де, болмаса тауар атауымен де айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Елден өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын акцизделетiн  тауарларға салық салу механизмдерін  зерттеп-талдау

2.1

Қазақстан аумағында  өндiрiліп, өткiзiлетiн және импортталатын  акцизделетiн тауарларға салық салу негіздерін талдау


Акциз – бұл, Қазақстан  аумағында өндіріліп, өткізілетін  және елімізге импортталатын, сондай-ақ Салық кодексінің 279-бабында анықталған тауарларға салынатын салық. Атап айтсақ, акциздерді бүгінгі күні көбінесе тауарлары сұранысқа ие, бағаларын тұрақты деңгейде ұстап тұрған монопольды тауарлар өндірушілер төлейді.

Қазақстан Республикасында  өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу объектісі  болып келесілер табылады [25]:

1) акциз төлеушінің өзі шығарған, өндірген және ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

- акцизделетін тауарларды өткізуі;

- акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі;

- алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;

- жарғылық капиталға жарнасы;

- заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;

- өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

- өндірушінің жасап шығарған, өндірген және ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;

- өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;

2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;

3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;

4) конкурстық массаны, тәркіленген немесе иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;

5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;

6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты.

Сондай-ақ, акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының  Салық кодексінде көзделген ережелерге сәйкес келесілерге акциз салынбайды:

1) белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына;

2) этил спиртін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі этил спирті:

- өндірушінің аталған өнімді өндіру құқығына арналған Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдік және фармацевтік препараттарды дайындау үшін;

- тиісті лицензиясы болған кезде мемлекеттік медицина мекемелеріне босатылатын этил спиртіне;

3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз салудан босатылады.

Операция жасалған күн болып келесілер саналады:

1. Барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды алушыға тиеп жөнелтілген немесе берілген күні.

2. Өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн.

3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн.

4. Алыс-беріс шикізатынан акцизделетін тауарлар дайындаған кезде дайындалған акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың талаптарына сәйкес айқындалады, сонымен қатар алыс-беріс шикізатын есепке қабылдаған немесе тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауы тиіс.

Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзімінен асқан жағдайда Салық кодексінде көзделген ставкалар бойынша келісімшарттың талаптарына сәйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады. Алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкелу-әкету жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін әкету-әкелу туралы міндеттеме, сондай-ақ оның уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысанда және мерзімде орындалуын ұсынады.

5. Акцизделетін тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн.

6. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекен-жайынан ауыстыру кезінде акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстырған күн.

7. Акцизделетін өнім, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін өнімді (акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн.

8. Акцизделетін тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетін тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн.

9. Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан акцизделетін тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн.

Сонымен қатар, көзделген мақсаттар үшін импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кіріске алған күн болып табылады.

Спирттің барлық түріне және шарап материалына әртүрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.

Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спирт пен шарап материалын этил спиртін және алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт пен шарап материалы бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрі, сонымен қатар шарап материалы үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиіс. Қайта есептеуді және акциз төлеуді спирт пен шарап материалын алушы жүргізеді.

Емдік және фармацевтік препараттар шығару және медициналық қызмет көрсету үшін сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Емдік және фармацевтік препараттарды шығарушылар мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушілер болып табылады.

Информация о работе Акциз салығы