Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 17:10, реферат
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. 1870[1] ж. наурыздың 5[2] бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргіҚарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестіңшешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы.
1.Кіріспе
1.1. Өмірбаяны
2.Негізгі бөлім
2.1.Қоғамдық саяси әрекеттері
2.2.Алаш Орда
3.Қорытынды
3.1.Ғылыми еңбектері
Абайдың рухани мұрасы(Әлихан Бөкейханов)
Жоспар
1.Кіріспе
1.1. Өмірбаяны
2.Негізгі бөлім
2.1.Қоғамдық саяси әрекеттері
2.2.Алаш Орда
3.Қорытынды
3.1.Ғылыми еңбектері
Әлихан Нұрмұхамедұлы
Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының,
қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы
аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қ
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда
Ә. Бөкейханов Ресей
империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық
саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан,
марксизмнің экономикалық қағидаларымен
қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері
мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан
біршама тәжірибесі бар саяси күрескер
болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың
саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене
араласады.«Народная
свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына
өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің
арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады.
Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне,
кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері
әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы
және көсемі ретінде танылуына, саяси
күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері
ерекше ықпал етеді.1905 жылдан
бастап Ресей
конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер)
мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда,Семейде жиын
Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ аутономиясы құрылмақ болады.Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша,1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс жағрапиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды. Әлихан «Россия. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды.1911-14 жж. Әлихан Бөкейханов «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.Әлихан Бөкейханов — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.
Информация о работе Абайдың рухани мұрасы(Әлихан Бөкейханов)